Төменнен жасалатын соққылар
Төменнен жасалатын соққылар да боксшының басқа соққылары сияқты ұзын, тіпті өте қысқа болуа да мүмкін. Қарсыласын басты нысанаға алып, бірақ жұдырығын денеге дарыта алмаған кезде ұзын соққылардың пайдалану керек. Ал қарсыласын өзіңнен қысқа немесе аяқтарын бүгіп, төмен тұрса, онда басты ұзын соққылармен нысанаға алған абзал.
Қысқа төмен соққылар жақын қашықтықтарда пайдаланылады. Оны екі қолмен бірдей денеге де, басқа да дарытуға болады. Сонымен қатар қарсыластың шабуылы кезінде қорғаныспен ұштасқан қарсы соққылар ретінде де қолданылады. Егер бәсекелесің тік тұрса еш уақытта шабуылды қысқа соққылармен бастауға болмайды. Қарсылас мұндай соққылардың алдын алып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа төмен соққылар қарсылас боксшы еңкейген сәтте ғана пайдалынылады.
Қысқа төмен соққылар қолданған кезде дене түзеледі. Кейде еңкейіп тұрған боксшының шалқаюы да мүмкін. Дененің осындай қозғалысы соққыға күш қосады. Мұндай соққыларды жүзеге тез асыру қажет. Осындай тездік және дененің тез өзгерісі соққының күшін молайтып, қарсыласты қын жағдайға қалдырады. Жекелеген төмен соққылар кезінде бос қолмен басты, денені қарсыластың қарсы шабуылынан қорғап жүрген абзал.
Сол қолмен басты төменнен соғу (12-сурет). Бұл соққы қарсылас алға қарай еңкейіңкіреп тұрған кезде пайдалынылады. Қысқа соққылардың түзу бағытталуы да, қапталдан болуы да мүмкін.
Ұзын соққылар қарсыластың тұрысын өзгертуге мәжбүр ету үшін қолданылады. Егер қарсылас еңкейіп тұрсағ онда оған шабуылдау қиын болады. Сондықтан ұзын соққылар оны тік тұруға мәжбүр етеді. Тік тұрған адамды шабуылдау да, одан басымдылық көрсету де оңайлау болады.
Егер қарсылас оң жақ қапталыңда болса қысқа төмен соққыларды бір орында тұрып та немесе қысқа қадам жасап та орындауға болады. Бұл кезде дененің салмағы оң аяққа түседі. Соққы жасаған кезде дене оңға қарай кілт бұрылады және сәл еңкейеді. Шыңтақ тұсында сүйір бұрыш жасап бүгілген қол төменнен жоғары қарай нысанаға бағытталды.
Егер қарсылас бетпе-бет тұрса, сол қолмен басқа төменнен соғуға да дененің салмағын сол аяқтан оң аяққа алмастыруға да болады. Дененің осындай қозғалысын нысанаға сілтеген қолдың қозғалысымен байланыстыру да қажет. Осындай соққыларды жүзеге асырғаннан кейін дененің салмағын түгелдей оң аяққа ауыстырады. Мұндай қимыл шабуылды жалғастыруға мүмкіндік болмаған сәтте қарсыласпен арақашықтықты ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сол қолмен денені төменнен соғу (13-сурет). Сол қолмен төменнен жасалатын басқа соққыларға қарағанда мұның ерекшелігі көп. Ұзын және қысқа соққыларды алыс және жақын арақашықтықтарда жүзеге асыруға болады. Бұл соққыларды орындау да басқаларынан жеңілдеу. Денені қорғап тұратын қарсыластың оң қолын басқа бағытталған соққымен кей кезде алдауға да болады. Қарсылас оң қолымен басын түгел жапқанда сол қолдың бағытын өзгертіп соққыны денеге дарыту керек.
Сол қолмен денеге төменнен жасалатын соққыны осы қолмен басқа жасалатын соққыдан бағыты ғана өзгеше. Ұзын соққыда сол қол шынтақ тұсында жазық бұрыш, ал қысқа соққыда сүйір бұрыш жасайды. Бұл соққыларда мұнан басқа ерекшелік жоқ.
Сол қолмен денеге төменнен соққы жасалған кезде арқа қарын аяқ және соққы жасалған бұлшық еттері қатаяды. Бұл соққының күшін біршама арттырады.
Оң қолмен басты төменнен соғу (14-сурет). Бұл соққы боксшы қарсыласына бетпе-бет тұрған сәтте және оның оң қолы соққыға кедергі жасай алмайтын кезде ғана жасалады. Мұндай жағдайда қарсылас боксшының басына немесе денесіне оң қолымен соққы жасаған кезде ғана душар болады. Осы кезде оң қолмен басқа төменнен қарсы соққы беру және оны қорғаныспен ұштастырып немесе соққы бергеннен кейін тез шегіну дұрыс.
Осындай шабуыл қарсылыс еңкейген сәтте ғана жасалады. Соққы жасаған кезде дененің бар салмағы сол аяққа түсу керек. Ал оң қолмен басқа төменнен соққы дарыту үшін дайындық жасаған жөн. Сол қолмен жасалатын көптеген алдамшы соққылар шабуылдар қарсыластың назырын аударып қорғанысын әлсіретуге тиіс.
Жекпе-жек кезінде басқа төменнен жасалынатын қысқа соққылар бір орында тұрып та, бір қадам ілгері аттап та жасалады. Бұл боксшылардың ара қашықтығына байланысты. Бір орында тұрып соққы жасаған кезде тізе сәл бүгіледі, дене оңнан солға бұрылады, оң иық алға шығады түйілген жұдырықтың саусақ жағы өзіне қарайды. Сол қолдың жұдырығы басты, ал шынтақ дененің сол жақ бөлігін қорғайды.
Оң қолмен басқа төменнен жасалған қысқа соққыны бір қадам аттап орындаған кезде, дененің барлық салмағы алға аттаған сол аяққа түседі. Ал орындалуы жағынан жаңа ғана жоғарыда айтылған соққыдан ешқандай өзгешелігі жоқ.
Оң қолмен денені төменнен соғу 15-сурет. Бұл соққыны жиі қолдану өте қиын. Себебі, қарсыластың сол қолы бұл соққының жүзеге асуына мұмкіндік бермейді. Ол үшін қарсыластың сол қолын көтеруін күту керек. Тіпті осындай кез туғанда да өте сақ болған дұрыс. Абайсызда соққы қарсыластың шынтағына тиюі мүмкін. Ал мұндай жағдайда көбіне саусақтар жарақаттанады.
Егер қарсылас тік тұрса онда соққы үшін нысана да көбірек болады. Мұндай соққыны жүзеге асырған кездегі дене мен аяқтың қозғалысында соққыны басқа бағыттаған кездегіден ешқандай өзгешелік жоқ.
