Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бокс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Соққыны қайыру

Қорғаныстың бұл түрі негізінен төте соққыларға қарсы қолданылады. Қарсыластың соққы берген қолы нысанаға жетпей, негізгі бағынатын басқа жаққа қарай бұрылып жіберіледі.

Мұндай қорғныстың ең басты екі түрі бар. Қарсыластың соққы берген қолын ішке немесе сыртқа қарай қағуға болады.

Ішке қарай қаққанда қорғаныстағы оң қол-оңнан солға ұарай немесе сол қол-солдан оңға қарай қозғалады. Ал сыртқа қарай қаққанда қорғаныстағы қолдың қозғалысы керісінше болады. Кейде осы екі әдісте де қарасыластың соққы берген қолы ішке де, сыртқа да емес, жоғары қарай қағылуы мүмкін.

Көп жағдайда қарсыласты соққы берген оң қолдан сол қолмен қағады. Кей кездерде ғана оң ұолды-оң ұолмен, сол қолды-сол қолмен қағатын жекелеген сәттер де болады. Міне, дәл осы кезде қорғаныстағы боксшының бос қолымен қарсыластың басын нысанаға алуына мүмкіндіе туады. Екі боксшының бетпе-бет келгендегі қарсы қолдары үнемі біріне-бірі қарсы қимыл жасауы керек. Бұл қорғаныстың жақсы болуына мүмкіндік береді. Бос қол қарсы соққыға дайын жүреді. Соққы берген қолды бір жағына қағып үлгеру қарсыластың іле-шала екінші соққы беру мүмкіндігін айырады.

Соққы берген қолды ішке қарай қаққанда дененің салмағы сол аяққа салуға да немесе оң аяққа ауыстыруға да болады. Бұл екі боксшының арақашықтығына байланысты. Арақашықтық қарсы соққылар беруге жарайтын болуы тиіс. Соққы берген қолды ішке қарай қаққан кездегі дененің бұрылысы қарсыласты екінші соққы беру мүмкіндігін біржола айырады. Оның есесіне бұл қорғаныстағы боксшыға жауап соққылар жасау үшін ыңғайлы.

Сыртқа қарай қаққанда оң қолдың білегімен қарсыластың соққы берген қолын оңға қарай қағады. Дәл осы кезде артта ауыстырады. Қорғаныстағы қолдың қозғалысына дененің қарсыласқа қарай жылжуы қосылады. Сөйтіп бұл екі қозғалыс бірігіп, қорғанысты нығайтады. Сонымен қоса кеудеде қарсыластың қағылған қолын дарытпау үшін сол қағылған қолға қарай бұрылады. Дәл осы кезде боксшының бос қолымен қарсыласына соққы беруге толық мүмкіндігі болады.

Қарсыластың соққы берген қолын ішке қағудан, сыртқа қарай қақпайлау қиын. Бұл асқан ептілікті, дәлдікті керек етеді. Боксшы өзінің әр қимылын есептеуі керек. Мұндай соөөыдан кейін іле-шала қарсы соққы жасауға міндетті екенін үйреткені абзал. Соққының әрі тез, әрі қатты болғаны жөн.

Боксшы сол қолымен қарсыластың оң қолың сыртқа қарай қаққанда қауіпсіз болу үшін оңға қисаюы керек.

Соққыдан жалтару

Бұл қорғаныстың өзіндік ерекшелігі бар. Қарсыластың соққысы кезінде біо жағына қарай жалтарып, соққыны басқа дарытпау қажет. Осы кезде қарсыласқа соққы беру үшін боксшының екі қолы да бос болады. Көптеген боксшылар мұндай қорғанысты жақсы көреді осыдан. Ал шабуыл кезіндегі мұндай қорғаныс қарсыласпен қажетті арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ шабуылды әлсіретпеуге жағдай жасайды.

Еңкейіп қорғануда жақсы үйренген және осы жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатын боксшы қарсыласының соққысын тигізбейді, жұдырығын басынан асырып жібереді. Қателескен қарсыласы қорғаныссыз ашық қалады. Осы кезде оған қатты соққы немесе соққылар тізбегін беруге болады. Сол қолмен де, сондай-ақ оң қолымен де басқа берілген соққыдан оңға қарай еңкейіп қорғану керек. Бұл кезде қарсыластан көз айырмаған жөн. Еңкейе бастаған сәтте сол қолмен қарсыласқа жауап соққы береді. Пл еңкейгеннен кейін соққыны екі қолмен біреуге де мүмкіндік береді.

Соққыны басқа бағытталғанда ғана еңкею керек. Басқа жасалған төте соққы кезінде боксшы бір жағына қарай еңкейеді. Ал қапталдан немесе төменнен жасалған кезде еңкеюге де немесе тізені бүгіңкіреп шалқаюға да болады. Сол қолмен де сондай-ақ оң қолмен төте соққы берілген кезде оңға қарай қисаю керек. Бұл қарсыласты бос қолмен екінші соққы беру мүмкіндігінен айырады. Егер соққыдан жалтарып құтыла алмайтын болса, онда сол жалтаратын жаққа қарай бір қадам жасау керек.

СҮҢГИ ҚОРҒАНУ

Сүңги қорғану- қапталдан жасалатын соққыдағы негізгі қорғаныс. Бұл қорғаныстың негізгі мақсаты-денені тез жинап, қарсыластың қапталдан жасаған соққысынан басты қорғау.

Бұл әдісте боксшы тез қимылдауы керек. Ол тізесін сәл бүгіп, басын иеді, кеудесі қарсыластың соққы беретін қолына қарай иіледі. Содан кейін қарсыласының әр қимылын назардан тыс қалдырмай тік тұрады.

Сүңги қорғануға үйрену бастапқы қалыптағы тұрыстан басталады. Боксшының бұл қорғаныста көп бұғынуының қажеті жоқ. Тек басын қарсыласының соққысы бағытынан төменіріек әкетсе болғаны. Ал бойды қайта жазғанда бас соққы берген қолдың тұсынан барып көтеріледі. Осы қимылда бас жарты шеңбер жасайды. Бокс ережесі бойынша мұндай қорғаныс кезінде ілгері ұмтылуға болмайды. Себебі қарсыласта баспен соғып жіберу мүмкін (22-сурет).

Қозғалыс бүкіл денемен, жылдам және дәл жасалуы керек. Дененің бұлшық еттерін тез босату ғана босату ғана боксшы қозғалысына жылдамдық береді. Қорғаныс сәтті өткеннен кейін арқа мен аяқтың бұлшық еттері тез қатайтылып, дене бұрынғысынша түзу қалпына келеді. Қорғаныс кезінде боксшы нық тұруы керек. Ол қорғаныс кезінд де, денені қайта жазғанда да, қарсылыққа қарсы соққы бере кезде де боксшыға көмектеседі.

Мұндай қорғаныс кезінде берілетін қарсы соққылар екіге бөлінеді. Оның біріншісі-боксшының бұққан кезінде жасайтын қарсы соққысы да, екіншісі-денені жазғаннан кейін жасалатын жауап соққы. Бұл соққыларды қарсыластың кеудесіне де, басына де беруге болады.

ШЕГІНІП ҚОРҒАНУ

Осы қорғаныста қолданған боксшының негізгі міндеті-өарсыластың соққысы жететін жерден бір немесе бірнеше қадам жасап шегініп кету. Шегініп қорғану аяқтың тез қозғалына байланысты. Оның рингтегі жай қазғалатын ешбір айырмашылығы жок. Бірақ мұнда уақытты және арақашықтықты дәл есептеп білу қажет.Қорғаныстан кейін боксшы жауап соққылар беру үшін жеңіл және жылдам қимылдап, алғашқы орнына қайтып келуі керек.

Осы қорғанысты пайдаланған кездерде қарсы шабуылды ойластыру және ұйымдастыру қажет. Қорғаныстың артықшылығы да осында жатыр.

Кейін шегінгендігі негізгі мақсат-қарсыласпен арақашықтықты алшақтау. Бұл қорғанысты барлық соққыларға қарсы пайдалануға болады. Оның соққысын дарытпау үшін кейін қарай шегіне салу қиын да емес. Шегініп қана емес, бір жағына тайқып кетіп қорғану да кеңінен пайдаланылады. Мұнда да соққы дармымайтындай жерге кету керек. Бұл қозғалысты бір соққыдан құтылу үшін емес, қарсыластың үздіксіз шабылуылының астында қалмау үшін қолданды. Әсіресе, жақын арақашықтықтағы жекпе-жекті сүйетін боксшыны рингтің бұрышына немесе арқанға тықсырмақ болған қарсыласқа қарсы қолданған пайдалы.

Мұндай қорғаныстың үш әдісі бар.

Бірінші әдіс. Жан-жағына қарай бір аттайды. Осы қадамнан кейін боксшы созған аяғын өзіне тартрады да, жекпе-жекті жалғастыруға дайын қалпына түседі.

Екінші әдіс. Қадам жасағанда кеуде де сол қадам жасаған жаққа қарай өоса бұрылады. Қадам оң жаққа қарай жасалса, дененің бір салмағы ұшымен ғана тіреліп тұрған оң аяққа түседі. Дәл осы кезде сол аяқ денені серпеді. Сонда кеуде сәл бұрыла бастап, оң жаққа қарай қисаяды. Серпу тез болса, бұрылыс та шапшаң болады.

Солға қарай қадам жасап қорғануға да болады. Бірақ қарсыластың оң қолының соққысына тап болмас үшін соққы беріп, оң қолға қарай қадам жасай алады.

Үшінші әдіс. (23-сурет). Мұнда қадам жасалмайды. Боксшы алға ұмтылады. Осы кезде дене ұмтылған жағының қарсы жағына бұрылады. Дене бұрылып кеткенде қарсылыстың соққысы дарымайды да, боксшыға қарсы соққы беруге мүмкіндік туады. Оң аяқ алғашқы қалпына перпендикуляр келіп, еденге ұшымен ғана тіріледі. Дененің салмағы да тез ауыстырылады. Сол аяқты тез серпіп, дененің салмағын оң аяққа ауыстыру керек. Сонда сол аяқ орнынан сәл жылжиды. Ашық оң алақанды алға қарай созып, беттің тұсына әкеледі. Сол қолмен берілген жауап соққыдан кейін оң аяқ дененің салмағын қабылдауға дайын болады.

Қарсыластың үздіксіз шабуылы кезінде шегінгеннен соң, жан-жаққа қарай тығы бір қадам жасаған абзал. Екінші қадам көбіне қарсыластың соққы жасайтын қолына қарай жасалады. Бұл қарсыластың келесі соққысын тигізбеуге де көмектеседі. Егер қарсылас сол қолмен соққы жасаса, қорғаныстағы боксшы екінші қадамды оңға қарай жасайды. Бұл боксшыны қарсыласының сол қырынан шығарады, ол қарсы шабуыл жасауға ең қолайлы жағдай.

Оң аяғымен кейін шегініп (бұл кездн сол аяқ созылады), сосын оңға қарай жылжығанда дененің салмағы оң аяққа түседі. Жауап соққы берген боксшы оң аяғын жазып, денесін қарсыласына қарай жақындатады.

Ішкі жаққа қарай, қарсыластың соққы берген қолының бағытына қарай кетуге де болады. Бірақ бұл қауіпті. Қарсылас бос қолмен екінші соққы жасауы мүмкін. Ішке қарай кетерде, алдын ала қарсы соққы беру қажет. Бұл қарсыластың шабуылдауына мүмкіндік береді.