- •5В011300 - мамандығы «Биология»
- •5В011300-мамандығы - «Биология»
- •Әдебиетке шолу
- •1. Зерттеу жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары, зерттеу әдістемесі
- •2.2 Топырақ жағдайлары
- •2.3. Зерттеу әдістемелері
- •3.Көктемгі егіс алды топырақты өңдеу.
- •8. Мақта тұқымының себудің тиімді мөлшерлері.
- •Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары.
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •Мақта өсімдігінің негізгі зиянкестері және олармен күрес әдістері
- •Ауруға қарсы күрес шаралары
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •6.1 Мақта егістігіндегі арамшөптермен күресуде глифосатты препараттарды күзде қолданудың тиімділігі
- •Пайдаланған әдебиеттер
6.1 Мақта егістігіндегі арамшөптермен күресуде глифосатты препараттарды күзде қолданудың тиімділігі
Қозаны күтіп баптауда әлі күнге дейін, негізінен қол еңбегіне сүйенетін Қазақстанның оңтүстігі жағдайында гербицидтерді бір жылдық және көп жылдық арамшөптермен күресте тиімді қолдану өзекті іс-шара болып табылады. Құрамында глифосаттары бар препараттар арамшөптердің барлық биологиялық түрлерімен күресудің тиімді құралы болып есептеледі.
А.М. Давыдов, Т.Н. Вечтомов және Г.Г. Базунованың [193] мәліметтері бойынша, жалпылама жойғыш гербицидтер өсімдіктерге жер бетіндегі бөліктері, ең бастысы жапырақтар арқылы еніп, тамыр жүйесіне қарай оңай жылжи отырып, өздерінің жоғары әсерлілігін көп жылдық сояу тамырлы және тамыр атпалы арамшөптерге де қарсы білдіреді.
Құрамында глифосаты бар гербицидтермен бүрку күзде өсіп-өніп түрған арамшөптерге, мақтаның даму кезеңінің соңында жүргізілді.
Бақылаулар көрсеткендей, арамшөптердің әлсіреуінің алғашқы белгілері өңделгеннен 5-10 күннен кейін білінеді, олар арамшөптің жер үсті бөлігінің солуынан, сарғаюынан, солғын тартып қоңырқайлануынан байқалады. Келесі 2 – 4 апта ішінде әсерлі зат фотосинтез өнімдерімен бірге тамыр жүйесі мен, тамыр сабақтарына, тамыр өскіндеріне бағытталып, сонымен қатар өсуінің жер асты нүктелеріне жылжудың нәтижесінде жасушалардың өмір сүруінің бұзылуы байқалып, ол қайтымсыз өгерістер мен бір жылдық және көп жылдық қос жарнақты арамшөптердің жойылуына алып келеді.
Тәжірибе жағдайларындағы ауа-райының салыстырмалы түрдегі, әсіресе түнгі уақытта ылғалдылығының жоғары болуы және күндізгі мезгілдерде ауа температурасының жылы болуы, физиологиялық үдерістердің белсеңділігін арттыра түседі.
Мына жайтты айта кетуіміз керек, объективті себептер мен фермерлердің егістік жерлерінің арасындағы 2 метрлік шекаралардың болуына байланысты мақта егістерін жалпылама жойғыш гербицидтермен өңдеуді препараттардың дақылға кері әсері болмайтындай кезеңде, алғашқы қол терімнен кейін өткізу керек. Алайда бұл кезеңге бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арамшөптердің басым бөлігі тұқым шығарып, өздерінің бүкіл өмірлік кезеңдерінен өтіп кеткен болады. Дегенмен көптеген арамшөптер, сондай-ақ қыстап шығатын түрлері тұрақты аязды күндерге дейін өсіп-өнуін жалғастыра береді.
Оныншы кестені талдау зерттелініп отырған глифосаты бар гербицидтердің бірдей биологиялық тиімділікті көрсеткендігін байқатып отыр. Бұған қоса, глисолдың да, ураган фортенің де жоғары мөлшерлеріне, биологиялық тиімділіктің барынша жоғары көрсеткішке сәйкес келуі, оларға жүргізілген есептің үш жылдың орташа нәтижелері бойынша тиісінше 94,1 және 96,4% құрады.
Үш жылдық тәжірибелік мәліметтердің негізінде, біз қазіргі уақытта пестицидтер нарығында көп жылдық қос жарнақты арамшөптерді жоюға қабілеті бар препараттардың болмауына байланысты мақта егістерінде бірінші терімнен кейін жалпылама жоюшы гербицидтерді гектарына 3,5 – 4,0 л мөлшерде қолдану керек деп есептейміз.
Шолу мен есептеулер көрсеткендей, құрамында глифосаты бар препараттарға сезімталдығы жоғары, олар: қалуен, салалы қарашағыр, құмай, бақша көкбегі, далалық сәлемшөп пен дала шырмауығы арамшөптері болып табылады.
Міне осылайша, глисол, 36% с.е. және ураган форте 500, с.е. гербицидтері тікелей әсерін де, келесі дала маусымына тигізетін кейінгі әсерінде де тиімді гербицидтер болып табылатындығы анықталды.
