Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАЗМНЫ 7.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.Көктемгі егіс алды топырақты өңдеу.

Ағымдағы жылы сүдігерді ерте көктемде мүмкіндігінше тез тырмалау керек. Бұл жұмысты өте қысқа мерзімде-3-5 күнде аяқтау қажет.

Көктемнің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ерте көктемдегі тырмалау жұмыстарын кейде бір емес, екі рет, тіпті оданда көбірек жүргізу керек болады. Егер көктем ерте шығып, жауын-шашын жиі жауатын болса, сөйтіп топырақтың қалың қабыршақтанып, қатып қалуын күшейтсе, арамшөптердің көптеп өсуіне жағдай жасалса, онда тырмалау жұмыстарын қайта жүргізуге тура келеді.

Көктемгі егістен алдын өңдеу іс-шарасы ретінде, соңғы жылдары қарқын алып келе жатқан, алқаптағы топырақтың тракторлар мен агрегаттардың көп жүріп өтуінен шектен тыс тапталуының алдын алатын егістен алдын үнемді өңдеу технологиясын ұсынамыз. Бұл технология негізінде көктемгі егістен алдыңғы барлық агротехникалық іс-шаралар кешенді агрегеттардың алқаппен бір реттік жүріп өту кезеңінде атқарылады. Бұл технологияда егістен алдыңғы топырақ өңдеуге кететін жанар-жағар май шығындары 20% ға, ал топырақты өңдеуге кететін қаржылай шығындар 15-20% төмендейді. Және ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайда ең бастысы, топырақты егістен алдын өңдеуде уақыт үнемделеді. Тракторлық агрегаттардың егістен алдын алқаптан жүріп өту санын қысқарту топырақтың көлемді салмағын 1,25 г/см3 көрсеткішке дейін төмендетеді, ол өз кезегінде ерте өскін алып өнімді көбейтуге оң әсерін тигізеді.

Тұқымды себуге дайындау.

Ағымдағы жылдағыдай ауа-райының қолайсыз жылдарында, тұқымдық шиттің өніп шығу қабілеті мен өскін ретінде өсіп-жетілу қуатын оны күн көзінде қыздыру арқылы арттыруға болады. Жылу мен ауа тұқымдық шиттің сапасын жақсартатын және өніп шығу қабілетін күшейтетін аса маңызды екі фактор болып табылады.

Тұқымдық шитті күн көзіне қыздырып өңдеу кезінде ол құрғақ алаңқайларға жайылады және бұл шара 6-8 күнге созылады. Тұқымдық шитті күн көзіне қыздыру таңертең күн сәулесі түсе бастаған кезден күн батқанға дейін жүргізіледі де түнге ортаға үйіп жиналады.

Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, тұқымдық шитті себер алдында бұлай қыздыру оның өніп шығу қабілетін 6-10 пайыз арттырады, жас өскіндер жер бетінде мерзімінен 1-2 күн бұрын бой көрсетеді. Мақтаның пісіп-жетілу мерзімі 2-3 күнге қысқарады және өнімділік 5-7 пайызға артады.

Тұқым себудің тиімді мерзімдері.

Мақта тұқымын себу мерзімін анықтағанда тұқым себуге дейінгі кезеңде аймақтар бойына жинақталған ауа райы жағдайларын ескеру қажет екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Топырақтың температурасы түкті жалаңашталмаған тұқымдық шиттер 10-120С жеткенде, ал түксіз жалаңашталған тұқымдық шиттер 12-140С градусқа жеткен соң өне бастайды. Күн салқын болса тұқымның өнуі кешігеді. Сондықтан шитті себуді орташа ауа температурасы кемінде 20-230С, топырақтың жоғарғы қабаты температурасы 140 С градусқа жеткенде себу жұмыстарын бастаған жөн.

Әрбір аймақтың өзінің тұқым себу үшін неғұрлым қолайлы мерзімдері болады. Бұл мерзімдер күнтізбелік мерзімдерде ауыстырылуы, тіпті көктемдегі ауа райының жағдайларына байланысты белгілі бір жағына қарай 5-6 күнге тіпті 15-20 күнге жиі ауысып отыруы мүмкін.

Әрбір аймақ үшін тұқым неғұрлым қысқа мерзімде себілгенде ең қолайлы жағдай туады. Тұқымды мұндай мерзімде сепкенде ол 6-8 күнде көктеп шығады да көк балауса өскіндер жаппай қаулап, біркелкі және берік болып өседі.

Аймақтар бойынша тұқым себе бастаудың тұрақты күнтізбелік мерзімдерін белгілеу мүмкін емес, өйткені, тұқым себу мерзімі жыл сайын дерлік сол жылдың көктемінің ауа райы жағдайына қарай дәлдеп түзетіліп отырылады. Шит себу мерзімін анықтауда ауа-райының жағдайымен бірге топырақтың агромелиоративтік жағдайына да көңіл бөлген дұрыс. Сортаңданған жерлерде температураның жоғарлауын күтіп отыру өте қауіпті, себебі ауа-райы ысыған жағдайда, жер асты сулармен бірге зиянды тұздар топырақ бетіне тез көтеріледі және соның есебінен топырақтың жоғарғы қабатында тұз мөлшерінің жоғарылауы мүмкін.

Бұл өз кезегінде шиттің мүлде өніп шықпауына немесе өніп шыққанның өзінде, 4-5 жапырақ болғанда қурап қалуына алып келеді. Сондықтан сортаңдаған жерлерге шитті себу мерзімдерін анықтау кезінде топырақтың температурасы 140С градусқа көтерілген соң, кейінгі күндерде ауа-райы жоғарылауы күтілгенде бастаған жөн.

Бұл кезеңдерде топырақ ылғалдылығы жетерлік болып, ал сортаңдаған жерлерде зиянды тұздар топырақтың төменгі қабаттарында жатады. Сонымен бірге бұл уақытта мақта қозасының аурулары мен зиянкестері баяу жетілетін мезгіл. Жер асты суларының деңгейі жоғары, ауыр және сазды топырақты жерлерге шитті кештеу себуге тура келеді, себебі бұл топырақтар кеш қызып, және жауын шашын болғанда топырақ беті қатып қалуы мүмкін, бұл өз кезегінде шиттердің шіруімен бірге жас өскіндерің тамыр шірігі ауыруына шалдығуына алып келеді. Шит себу жұмыстарын жүргізгенде себу мөлшерімен тұқымды тиімді себу тереңдігін дәл анықтаудың маңызы үлкен. Себу мөлшері шиттің сортына, сапасына және өніп шығу пайызына байланысты. Мақтаарал сорттарының себу мөлшерін, олардың өніп шығу пайызын және 1000 дана шиттің салмағын анықтау арқылы белгіленеді.

Мақта тұқымын себу тереңдігі.

Шиттің себу тереңдігін анықтауда, сол себу кезеңінде ауа райының жағдайына, топырақтың түрі және ылғалдылығына қарап анықтаған дұрыс. Топырақ керекті дәрежеде қызса (түкті жалаңашталмаған тұқымдық шиттер үшін 10-120С, ал түксіз жалаңашталған тұқымдық шиттер үшін 12-140С), ылғалдылығы жоғары жерлерге 3-4 см тереңдікте шитті тастаған жөн.

Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік аудандарында шитті 5-6 см тереңдікте тастауға болады, ал жер асты суларының деңгейі жоғары жатқан Оңтүстік аудандарда (Мақтаарал, Шардара) бұл көрсеткішті 3-4 см тереңдікке жеткізсе жеткілікті.