- •5В011300 - мамандығы «Биология»
- •5В011300-мамандығы - «Биология»
- •Әдебиетке шолу
- •1. Зерттеу жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары, зерттеу әдістемесі
- •2.2 Топырақ жағдайлары
- •2.3. Зерттеу әдістемелері
- •3.Көктемгі егіс алды топырақты өңдеу.
- •8. Мақта тұқымының себудің тиімді мөлшерлері.
- •Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары.
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •Мақта өсімдігінің негізгі зиянкестері және олармен күрес әдістері
- •Ауруға қарсы күрес шаралары
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •6.1 Мақта егістігіндегі арамшөптермен күресуде глифосатты препараттарды күзде қолданудың тиімділігі
- •Пайдаланған әдебиеттер
Мақта өсімдігінің негізгі зиянкестері және олармен күрес әдістері
Мақта өсімдігін (қозаны) әртүрлі көптеген организмдер-шыбын-шіркейлер, кене, тағы басқа омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганиздер уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді.
Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация, мақтаның биттері, темекі бітесі, мақта көбелегі, күздік көбелек және т.б. болып табылады. Әр жылдары бұлардың әр түрі көбейіп кетеді. Мысалы, 2003-2005 жылдары мақта көбелегінің кұрттары күрт көбейіп, бірқатар шаруа қожалықтарында көсектердің зақымдануынан мақтаның түсімі гектарына 4-6 центнерге дейін, Мақтаарал ауданы бойынша 14,1 центнерге дейін кемісе, ал 2012-2013 жылдары мақта битінен бөлініп шыққан шіреден, мақтаның көптеп ластануы, соның нәтижесінде мақта шикізатының сапасының төмендеуі байқалды.
Қоза көктеп шыққанан толық пісіп жетілгенге дейін, бүкіл өсіп даму кезеңі бойынша әртүрлі зиянкестерден зақым көре береді. Өсімдік дамуының алғашкы кезеңінде-ақ, яғни өне бастаған тұқымы мен бүр жарған өскінін күздік көбелек зақымдап үлгереді.
Зиянкестер ауыз аппаратының құрылымына қарай өсімдіктің сөлін сору арқылы (сорушылар) немесе жапырағын, тіні мен бұтақшаларын, көсек салушы органдарын кеміріп (кемірушілер) қореқтенеді.
Сорушы зиянкестердің негізгілеріне мыналар жатады:
Өрмекші кене - бунақ аяқты, уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы - 0,3-0,6 мм, еркегінің ұзындығы - 0,2-0,3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш-жасыл, күзге салым — қызғылт сары-қызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, дернәсілдің (личинка) 3 жұп аяғы болады(1-сурет).
Сурет 1.Өрмекші кенесі
Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап, оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады.
Кене мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға, шілдеде зақымдаса — 25-40 пайызға, тамызда зақымдаса — 5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұталар мүлде өнім бермейді.
Өрмекші кене өте тез өсіп-өніп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде, жағдай қолайлы болса, 100-140 жұмыртқа салады, кейде мұнан да көбейтеді. 2-3 күннен кейін жұмыртқадан алты аяқты қуыршақ-кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін-ақ жетіліп қалады. Осыдан соң қуатына еніп, ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады, олардан айырмасы — тұрқының қысқалығы ғана. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенеге айналады, ал ұрғашылары жұмыртқа салуға кіріседі.
Өрмекші кененің бір ұрпағының жазда өсіп-жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күнге, ал көктем мен күзде 15-20 күнге созылады. Бір маусымда кене облыстың оңтүстік аймағьнда 18-20 рет, ұрпақ өрбітеді. Бір ұрғашы кененің өзі маусымның аяғына дейін үш жүз миллиард ұрпақ шашып үлгеруі мүмкін.
Ұрықтанған ересек ұрғашы кенелер күзде өздері өсіп-өнген алқаптарда топырақтың үстіңгі қабатында, көсектердің, өсімдік қалдықтарының, тұт ағаштарының қуыстары мен жарықтарында, жапырақ шірінділерінің астында қыстан шығады. Олар аязға өте төзімді келеді. Ылғалды жерлерде, тіпті 25° суықтың өзінде ұрғашы кенелердің жартысына дейіні аман қалады. Олар аяздың температурасы 29-30° градусқа жеткенде және одан асқанда ғана қырылады. Ерте көктемде, күн 5-10°-қа жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, қоза егістіктерінің төңірегіндегі арамшөптерге ауысады да,сонда жаппай көбейеді. Содан соң жол бойы мен аралықтардан мақта егістігіне ауысады.
Кене ауа ағыстарымен, желмен, құлаған жапырақтарды алып кететін арық-атыздардағы сумен таралады. Қоза атыздарының төңірегіндегі тұт ағаштарын қырыққан, бұтаған адамдардың өздері де олардың таралуына себеп болады.
Алқаптың кенемен зақымдануы алғашқыда ошақтық сиптатта болады – қозалықтың әр жерінде жеке-жеке зақымданған өсімдіктер пайда болады. Мұндай ошақтар зақымдаушы көзге жақын жатқан алқаптың шет-шетінде жиірек кездеседі. Жағдай қолайлы болса, мұндай ошақтар тез жайылады да, өзара қосыла келе бүкіл алқапты жайлап алады.
Суық түсуі және жауын-шашын зақымдануды тежей тұрғанымен, оны тоқтата алмайды.
Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер, құрт-құмырсқалар (насекомдар) қатысады. Олар — стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс (біте), жыртқыш бүрге және жарқырауық зерқоңыз. Бұл жыртқыш насекомдардың қомағайлығы сансыз кенені қырып-жоюға себеп болады. Мысалы кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп тауысады. Жыртқыш насекомдар да мақталық кене мекендері алғаш пайда болысымен шыға бастайды да, соларды қорек етудің арқасында тез көбейеді.
Өрмекші кенеге қарсы күрестің тиімді жолы — оларды қыстаған жерінде жою болып табылады. Бұл үшін бос жатқан жерлерді жыртады, палдарды, телім аралықтарындағы үйінділерді жояды, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін енгізеді.
Мақта егістігінің тікелей өзінде жүргізілетін агротехникалық шараларға жататындар: қозапаяны жинап алу, күздікті терең жыртып, көктемде тамыр жая бастаған арамшөптерді құрту және ылғал сақтау үшін тырмалап-малалау, қыста суару.
Бұл шаралар қыстап шыққан кенені қорегінен айырады және егіс алдындағы кезеңде қырып жояды.
Кенеге қарсы күресудің химиялық шараларына мыналар жатады:
Түп ағаштарын және телім аралықтары мен алқап жиектерін 2,0 проценттік минеральды-майлы эмульсиямен, 0,8 проценттік калъцийлі содаға 0,2 процент сабын қосылған ерітіндімен, 15 проценттік карболинеуммен, 5 процентгік нитрофенмен бүркіп өңдеу.
Қоза аяққабын төмендегі улы химикаттармен бүрку ұсынылады (гектарына литр есебімен):
Би-58, 40% Э.К. (эмульсия концентрациясы), (1,5-2,5).
Вертимек, 18% Э.К. (0,3)
Данитол, 10%Э.К. (1,0-1,5)
Демитан, 10% С.К (суспензия концентрациясы), (0,6)
Золон, 35% Э.К (2,5-3,0)
Каратэ, 5% Э.К (0,5)
Митак, 20% Э.К. (2,0)
Неорон, 50% Э.К (1,5-2,0)
НуреиД,Э.К. (1,5)
Омайт, 57% Э.К. (1,5-2,0)
Омайт, 30% Ү.С. (үнтақ суспензиясы), (2,5-3,0)
Ортус, 5% С.К (0,5-0,75)
Пегас, 50% С.К. (0,8) .
Талстар, 10% Э.К. (0,6)
Осы жерде айта кететін жәйт, препараттардың нәтижелі әсер етуі көбінесе, мақтаның жағдайына байланысты.Мысалы ылғалды жердегі өсімдіктер шөлдеп тұрған қозаға қарағанда улы дәрілерді өзгерттіріп, клеткаларынан жақсы өткізеді және зиянкестер үшін улы болып қалады.
Мақта биті — ұзындығы 1,5-4,0 мм болатын ұсақ жәндік (насеком). Тұрқы — домалақ. Аяқтары үш жұптан тұрады. Қарнының етек жағында безі бар, оны құйрықша дейді, ал арқа тұсында екі безінен (сөлдік түтікшелері) жабысқақ сұйық зат шығарады. Ауыз құрылғысы жіңішке тұмсықша түрінде болады. Ересек биттердің қанатты және қанатсыз түрлері бар(2-сурет).
Сурет 2. Мақта биті
Биттер әдетте өсімдіктің ең нәзік, ұлпалы жеріне — үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына орнығып алады да, оларды үшкір тұмсығымен тесіп, қозаның нәрлі сөлін сорып қоректенеді. Осының салдарынан жапырақтар бүрісіп, түсі де өзгере бастайды, сабағы бұралып кетеді, арасы тым жақын бунақтар мен айырықтар пайда болады, өсімдіктің дамуы тежеледі, қоза түйіншелері мен көсектерін төгеді. Зақымданған қозаның өнімі орта есеппен 15-20%, кейде,тіпті 50% және одан да көп мөлшерге азаяды.
Бит бөліп шығаратын сұйықтық қозаның жапырағына, ал көсектері ашылған соң мақта талшығына жайылады да оны желімдеп тастайды. Талшықтың бұлайша былғануын қусырылу (заширение) дейді. Қусырылған талшыққа көбінесе қаракүйе туседі.
Биттер өте тез өсіп-көбейеді. Қанатсыз ұрғашы биттің әрқайсысы күніне 5-10 личинка табады, ал бүкіл тіршілігінде мұны 150-ге дейін жеткізеді. Қанатты ұрғашы бит күніне 1-2 личинка табады. 7-10 күн өткен соң бұл личинкалар үлкен битке айналады. Бір маусымда бір ұрғашы биттің өзі 26 ұрпақ бере алады. Осы кезеңде одан тараған биттің жалпы саны бірнеше миллиярдқа дейін жетуі мүмкін.
Биттердің бұлайша өсіп-көбеюіне олардың көпшілігін қырып-жоятын сансыз пайдалы жыртқыш жәндіктер бөгет жасайды. Қанқызы, жарқырауық-зерқоңыздар, ызылдақ шыбындар күн сайын өсімдік битін мың-мыңдап қырады.
Жаз бойы биттер ұрықтанусыз көбейеді. Күзге қарай олардың көпшілік түрінде еркектері пайда болады. Ұрықтанған ұрғашы бит жұмыртқа салады, қыстап шығатындары да солар.
Қозалықта биттердің бірнеше түрі тіршілік етеді. Олар — бақша биті, жоңышқа биті, мақтаның үлкен биті. Сондыктан биттердің түрлерін және тіршілік ету ерекшеліктерін ажырата білудің маңызы зор.
Олармен күресудің қолданылатын агротехникалық шаралары өрмекші кенеге қарсы күресумен бірдей. Қозалық зақымдана бастаған алғашқы кезенде, яғни зиянкестер әлі қаулап көбеймей тұрғанда, оны химиялық жолмен өндеу керек. Бұл үшін өрмекші кенеге қарсы қолданылатын жүйелі және қоспалы фосфорлы-органикалық химикаттар қолданылады. Қолдану ережесі де, мөлшері де дәл солай болады.
Мақта (бақша) битіне қарсы қолданылатын жаңа химиялық улы заттарға мыналардың кез кежені жатады (л/га): Арриво, 25% Э.К. (0,2) Би-58, 40% Э.К. (1,5-2,5)
Данитол, 10% Э.К (1,0-1,5) Децис, 25% Э.К. (0,4) Золон, 35% Э.К. (2,5-3,0) Каратэ, 5% Э.К. (0,5) Митак, 20% Э.К. (2,0) НуреиД,Э.К. (1,5) Ровикурт, 25% Э.К. (0,4) Талстар, 10% Э.К. (0,3) Устад, 10% Э.К. (0,5) Циракс, 25% Э.К. (0,2) (30).
Темекі трипсі — мақталықта трипстің бірнеше түрі кездеседі, бірақ оған тек темекі трипсі ғана үлкен зиян келтіре алады(3-сурет).
Сурет 3.Темекі трипсі
Бұл - ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрдей, табаны буылтық-буылтық, ұзынша қылшықтар көмкерген қылтанақтай қанаттары бар, тез қозғалатын жәндік. Тұрқының түсі сарғыштау келеді. Ұрғашысы өсімдіктің жапырақтарына бүкіл тіршілігінде 100-ге тарта жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан личинкалар пайда болады.
Личинкалар 4-9 күн бойы қоза жапырақтарының сөлін сорып тіршілік етеді. Содан кейін жерге еніп, қуыршақтарға айналады. 2-5 күн аралығында осы қалпында болады. Бір ұрпағының бүкіл өсіп-жетілуі 12-20 күнге дейін созылады. Жаз бойы мақталықта трипстің 8-10 ұрпағы өсіп-жетіледі
Трипстер әсіресе көктемті кезде өскіндер мен жас өсімдіктерге көп зиян келтіреді. Үстіңгі бүртікке, болашақ жапырақтың қабыршықтарына жабысьш алып, жас өскіннің сөлін сорып алады.
Қыркүйек айында трипстер қыстауға кіріседі. Ересектері топырақта көсектер және жерде қалған шөп-шаламның астында қыстайды. Қыстап болған соң, шамамен наурыз айының орта тұсынан аяғына дейін ересек трипстер әуелі жоңышқа мен арамшөптерде тіршілік етеді де, қоза көктеп шыға бастасымен мақталық алқаптарына ауысады.
Мұнда ол күзге дейін күнелтеді, бірақ бастапқы кезеңде ғана елеулі зиян келтіреді.
Мақтаның кеміруші зиянкестеріне мыналар жатады:
Мақта көбелегі (көсек құрт) — алдыңғы қанаттарында дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары түсті көбелек; ақшыл-сары түсті артқы қанаттарының орта тұсында қара қоңыр жолы және аяқ шегінде қарақоңыр жолағы болады. Тұрқының ұзындығы 12-18 мм.Мақта көбелегі 14-27 күн тіршілік етеді, осы мерзімнің орта тұсында күніне 25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің барысында ұрғашысы нашар жетілген жылдарында 300-400, ал жаппай көбейген жылдарында 1000 және одан да астам жұмыртқа салады. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде, диаметрі 0,5 мм болып келеді. Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке шашылып жатады.
Сурет 4. Мақта көбелегі
5-7 күннен кейін жұмыртқадан түсі сұп-сұр, арқасының бойында қара қоңыр жолағы бар жұлдыз құрт шығады. Бұның өсіп-жетілуі 25-30 күнге созылады. Осы уақытта 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 мм-ге жетеді.
Жұмыртқадан шыққан алғашқы күндерінде жұлдыз құрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп қоректенеді, дөңгелектеп қуыс жасап алады. Өзінің дамып-жетілу кезеңінде әрбір жұлдыз құрт 6-дан 20-ға дейін жемістік органды зақымдайды.
Мақта көбелегі қуыршақ кезінде, соңғы таралымның жұлдыз құрттары қоректенген алқапта қыстайды. Көктемде көбелектердің ұшып шығуы ұзаққа созылады, дегенмен көпшілігі 10-15 күн аралығында жаппай ұшып шығады (бірінші ұрпақ). Бұл қозаның алғашқы түйін салуы кезіне тура келеді.
Сурет 5. Мақта көбелегінің қуыршағы
Көбелектер мақтаның, қызанақтың (помидор), тағы басқа өсімдіктердің гүлінің шырынымен қоректенеді. Ұшқаннан соң 1-2 күннен кейін олар жұмыртқа сала бастайды.
Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы әдетте шілденің екінші жартысына тұстас келеді. Бұл жолы олар алдыңғыға қарағанда шамамен он есе көп жұмыртқалайды. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыздың аяғында басталады.
Мақта көбелегінің көбеюін алдын ала анықтау әдістері: Қазіргі уақытта мақталық алқаптарға мақта көбелегінің түскенін шамалап білу әдістері жасалынған. Әдістеме бойынша, қыстап шыққан ұрпақ көбелектері ауаның орташа он күндік температурасы 110 –тан асқанда және топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 16 0 –тан көтерілгенде ұша бастайды. Айдың осы он күндігінен бастап пайдалы температура жиындысын есептеуге кірісіледі. Пайдалы температура 550 0 болғанда буын беру аяқталады және келесі ұрпақ басталады , осылайша жалғаса береді.
Осы әдістемеге қарағанда, орташа он күндік температура 25 0–тан төмендегенде және мақта ашылғанда, қыстайтын зиянкеске айнала бастайды. Зиянкестің қыстауға қаншалықты дайындалғандығы, сонымен қатар оның келесі жылда көбейе алуы, қолайсыз экологиялық жағдай басталғанынша, осы популяцияның өткізген пайдалы температура жиындысына қарап анықталады.
Егер бұл көрсеткіш кемінде 3050–қа тең болғанда (құрттық стадиясының толық дамуы үшін керекті температура жиынтығы пайда болғанда) зиянкес жақсы қыстап шығады.
Сонымен, мақта көбелегінің пайда болуын (қысқа мерзімге) шамалап анықтауға, мақта зиянкесіне қарсы күресті тиімді жүргізуге жәрдем береді.
Күрес әдістері
Мақта көбелегіне қарсы күресудің агротехникалық шараларына жататындар: жерді толық тереңдікте жырту, қыста суару. Сүдігердің (зябь) өзінде қуыршақтардың 80%-тен астамы қырылады, ал оған қыста суаруды ұштастырған жағдайда 90% дейін қырылады.
1.Зиянкестің санын келесі жылы азайтуға бағытталған ұйымдастыру шараларына, мақта көбелегінің қыстауға кететін соңғы ұрпағына қарсы химиялық дәрілеу шараларын ұйымдастыру.
2. Егіс алқаптарын тегістеу, ол егістердің тегіс суарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кейбір алқаптарда су жиналып қалмайды, яғни мақта көбелегінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалмайды.
3. Мақта көбелегіне қарсы күрес алып баруда зиянкестердің ошағы болған алқаптарда егістерді тәртіпсіз орналастыруға жол бермеу керек. Жүгері, помидор сияқты зиянкес ең жақтыратын азықтары болып саналатын дақылдарды мақталық алқаптардан шеттеу егіп, оларда агротехникалық қыру амалдары орындалуы тиіс.
4. Зиянкестің жаппай жұмыртқалауы мен бірінші жастағы кіші жұлдызқұрт кезеңінде қозаның ұшын қолда шырпып, өсу ұштарын қапшықтарға жинап, даладан алып шығып көміп тастау керек. Жүргізілген анықтауларға қарағанда бұл шара мақта көбелегінің тұқымдары мен жас құрттарын 40-55 %-ға жоюға жәрдем береді.
Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай инсектедцидтер қолданылады (л/га):
Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32),
Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (2,0),
Децис, 2,5% Э.К. (0,7), Золон, 35% Э.К (2,5-3,0),
Каратэ, 5% Э.К (0,5), Кинмикс, 5% Э.К. (0,6),
Маликс, 35% Э.К. (2,0-2,5), Митак, 20% Э.К. (2,0),
Нурел Д Э.К. (1,5), Ровикурт, 25% Э.К. (0,8),
Суми-Альфа, 5% Э.К (0,5), Талстар, 10% Э.К. (0,3),
Устад, 10% Э.К. (0,5), Фьюри, 10% Э.К. (0,3),
Циракс, 25% Э.К. (0,2), Шерпа, 25% Э.К. (0,32).
Карадрина -ұзындығы 11-13 мм келетін кішкене көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт-қоңыр түсті, дөңгелек қызылкүрең таңбасы және ашық қоңыр түспен жиектелген бүйрек тәрізді таңбасы бар. Артқы қанаттары ақ түсті, сыртқы жиегінде қарақоңыр жолағы бар. Жұмыртқаларын топ-тобымен, бірнеше данадан 250 және одан да көп етіп салады да, тұтасқан жұқа ақ жабынмен жауып қояды. 3-5 күннен кейін жұмырткадан ашық жасыл, басы қара жұлдыз қүрт шығады оның арқасын бойлай жатқан екі қатар жіңішке қарақоңыр жолағы болады, бұл жолақты да жиегінен ашық түсті жалпақ жолақтар жанап өтеді. Ересек жұлдыз құрттардың арасында ашық жасыл түстілерімен бірге қызғылт-сұрлары да кездеседі.Ересек жұлдыз құрттың ұзындығы 27 мм-ге жетеді.
Сурет 6. Карадринаның жұлдызқұрты
Жұлдыз құрттың жетілуі 16-35 күнге дейін созылады, бұдан кейін олар топырақтың үстіңгі қабатына шығып алады да, қуыршаққа айналады. Жазда 7-10 күннен кейін, қыркүйекте 26 күннен кейін бұл қуыршақтардан көбелек ұшып шығады.
Карадринаның бір ұрпағының өсіп-жетілуіне орта есеппен 25-30 күн кетеді. Бір маусымда ол 5-6 ұрпақ береді. Карадрина көбелектері де басқа көбелектер секілді өсімдікке зиянсыз, олар гүлдердің тозаңымен қоректенеді. Зиянды жұлдыз құрттар тигізеді, олар көптеген өсімдіктердің жапырағын қорек етеді.
Жұлдыз құрттар қозаның жапырақтарымен қоса түйнекшелерін де жейді, көсектері мен жас қауашақтарынъң қабыршақтарын кеміреді, ал көктемде жаңа шыққан өскіндерге ауыз салатын кездері де аз болмайды. Жасырақ кезінде олар жапырақтың жұмсағын үңгіп аладыда, сыртқы қабыршағына тимейді. Осының салдарынан жапырақта кіші тор көздер пайда болады. Ересек жұлдыз құрттар жапырақтың жіп талшықтары арасын толық тесіп жейді де, шеттерін жырымдап тастайды. Ересектеу және ересек жұлдыз құрттардың көпшілігі күннің ыстық мезгілінде жерге түсіп, өсімдіктің астында немесе топырақтың үстіңгі қабатында жатады.
Жаппай көбейген жылдары жұлдыз құрттар азық іздеп, топ-тобымен алқаптан-алқапқа көшіп жүреді, жол-жөнекей мәдени дақылдарды да, арамшөптерді де зақымдап кетеді.
Қозаға әсіресе жұлдыз құрттың екінші және үшінші ұрпақтары (маусым және шілде айларындағы) көбірек зиянын тигізеді.
Карадринаның даму кезеңдеріне болжам жасау
Қысқа мерзімдік анықтауларға қарағанда, көбелектер көктемде алғашқы пайдалы температура жиынтығы 170-180 0 -қа жеткеннен кейін өсе бастайды (карадрина үшін пайдалы температура деп, орташа бір күндік температурадан 10 0 ты алып тастасталған температура айтылады). Біздің жағдайда пайдалы температура қосындысы 220 0 –қа барғанда көбелек ең көп ұшады. Зиянкестің көбейген жылдарында бұл жағдай 15-20 күнге созылады.
Зиянкестің санына байланыссыз, оның кейбір стадияларының өту мерзімдері сонымен қатар қайсы ұрпақтың дами бастауы төмендегіше есептеп шығарылады: зиянкестің тұқымнан бастап көбелек ұшып шыққанша керек болатын 350 0 –тан тұратын бастапқы пайдалы температура жиынтығы 220 0 алынған ай санынан басталып топталады. Әр бір 350 0 –тік жиынтық, яғни ұрпақтың басталғанын көрсетеді.
Карадринаның көбею мерзімі және оның ұрпақтарының санына байланысты анықтаулар қара күзгеше, шегара болып есептелетін орташа он күндік температура 10 0 –ға жеткенше, жалғаса береді.
Егер соңғы және соңғыдан алдыңғы ұрпақ көбелектері ұшып жатқан мезгілде ауаның орташа он күндік температурасы 13,5 0 тан жоғарырақ болып тұрған болса, бұл жәйт карадрина әле көбеюін жалғастырып жатқандығын және қыстамайтын стадиялары, демек қыстауға дайын емес, жұлдызқұрт, қуыршақ және көбелектер пайда болып жатқандығын көрсетеді.
Карадрина 13,5 0 тан жоғары температурада көбейе береді, дегенмен бірдестен суық (минусты) температурада ол барлық стадияларда қырылады және келесі жылы жаппай көбейіп кетуі күтілмейді.
Егер ақырғы ұрпағынан (бір бөлігі ақырғысынан алдынғы ұрпағынан) шыққан көбелектердің ұшу температурасы 13,5 0 тан төмен болуына тура келгенде, бұл жағдай карадринаның көбелек фазасында сақталып қалуынан және келесі жылы көбеюінен хабар береді.
Әр жылдық анықтаулар, соңғы ұрпақ көбелектері температура 13,5 0 тан төмен болғанда ұшу үшін қолайлы келетін жағдайлар, қатарынан неше жыл қайталануын анықтауға мүмкіндік береді. Біздің байырғы суармалы жер жағдайында, карадрина келесі жылы қатты көбейіп кетуі үшін осындай 2-3 жыл болуы жеткілікті. Бұндай жағдайларда өмір сүру қабілеті соншалықты көбейеді, тіптен ұрғашылары 2000 –ға дейін тұқым қояды және көптеп тірі шығады, олардың саны әр 1 м2 -та 300 –ге дейін жетуі мүмкін.
Карадринаға қарсы күресте де мақта көбелегіне қарсы пайдаланылатын агротехникалық және химиялық шаралар қолданылады.
Күздік көбелек — кеудесі мен қарыны жуан, әрі түкті болып келеді, ұзындығы 18-22 мм көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт топырақ түстес, әр қанатында бір-бірден дөңгелек, бүйрек тәрізді және сына тәрізді теңбілдері болады. Артқы қанаттарының түсі ашық, тіпті ақ деуге келеді.
Көбелек күйінде бір айға дейін өмір сүреді, гүлдердің шырынын қорек етеді. Өз өмірінің бойында олар 500-800 аралығында, тіпті 1800-ге дейін жұмыртқа салады (күн сайын 20-30 дана), олар қозаның, жоңышқаның, тағы басқа өсімдіктердің жапырағына бір-бірден шашыратып тастайды. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде болады.
3-5 күннен кейін жұмыртқадан арқасында қарақоңыр жолағы бар сұрғылт-жасыл жұлдыз құрт пайда болады. Оның өсіп-жетілуі 25-40 күнге дейін созылады. Осы уақыттың ішінде жұлдыз құрт 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 мм жетеді. Ересек жұлдыз құрттың түсі сұрғылт-жасыл келеді, жалтырап тұрады. Түртіп қалған жағдайда олар бүктетіліп қалады да, біразға дейін қыбырсыз жатады.
Жазғы кезенде күздік көбелек 3 мәрте ұрық шашады. Жұлдыз құрты алғашқы кездерде негізінен жерде тіршілік етіп, қозаның жапырағымен қоректенеді, дамуының 2-3 кезеңінен бастап күндіз топыраққа жасырынып жатады да, түнде ғана жер бетіне шығады.
Жұлдыз құрттардың бірінші ұрпағы ғана зиян келтіреді. Бастапқыда олар себілген шиттің жарнағын толық тесіп кеміреді, кейінірек көктеп шыққан өсімдік сабағын да кеміріп тастайды.
Ересек жұлдыз құрттар жерде 25 см-ге дейінгі терендікте қыстап шығады. Көктемде, наурыз айында олар қуыршаққа айналады да, 15-20 күн өткеннен кейін, сәуір-мамыр айларында одан көбелек болып ұшып шығады. Көбелектің өсіп-жетілуі 40-45 күнде аяқталады.
Тіптен көбейген жылдарда жұлдыз құрттар мақтаның өскіндерін қатты сиретіп тастайды, кейде қайтадан шит себуге тура келеді..
Бұл зиянкеспен күресудің агротехникалық шараларына күзде жерді терең жырту, қыста суару, телім аралықтары мен арық жағаларынқазып аудару, жүйектерді шауып отыру сияқты тәсілдер жатады.
Жұлдыз құрттар пайда болған бастапқы кезде алқапты мынадай улы химикаттардың бірімен бүрку тиімді болады (л/га):
Децис, 2,5% Э.К. (0,7)
Диазинон, 10% Г. (0,50)
Ровикурт, 25% Э.К. (0,6)
Устад, 10% Э.К. (0,8)
Цимбуш, 25% Э.К. (0,32)
Шерпа, 25% Э.К. (0,32)
Күздік көбелектің даму кезеңдеріне болжам жасау
Күздік көбелектің даму кезеңдеріне байланысты болжамдар жақын жерде орналасқан метеостанция немесе агрометрологиялық бекеттердің күзетулерінен алынған мәліметтер нәтижесінде түзіліп шығарылады.
Зиянкестің дамуына негізделген ұзақ және қысқа мерзімді болжамдар негізінде күздік көбелектің мақта және басқа егістерге түсу қаупі анықталады.Зиянкес көбелектерінің көктемде пайда болуы және даму мерзімдері пайдалы температуралар жиындысына қарап анықталады,ол ауаның орташа он күндік температурасы есебінен есептеп шығарылады.
Алғаш көбелектердің ұшу уақытын ауа температурасының көрсеткіштеріне қарап анықтау,олардың негізгі ұшатын кезеңін өз уақытында белгілеу үшін маңызды.20-30 күн ішіндеорташа он күндік температураға жақын не одан көп болғанда көбелектердің негізгі бөлігі ұшады.
Күздік көбелектің екінші және одан кейінгі ұрпақтарының көбелектері ұша бастауын анықтау үшін,ілгері ұрпақ көбелектерінің ұша бастаған мезгілінен бастап есептелген пайдалы температура қосындысы есептеп шығарылады.Пайдалы температура жиынтығы 550 гр болуы жаңа ұрпақ көбелектерінің ұша бастауын көрсетеді.
Ұзақ мерзімді болжамдарды белгілеуде күзде бірінші жас құрттар үшін ауаның орташа он күндік пайдалы температурасы 25 гр төмен болған жиындысына көңіл бөлінеді.Біздің жерлердің жағдайында бұл кезеңдер әдетте тамыз айының үшінші он күндігінде басталады.Құрттық стадиясының жақсы аяқталуы үшін қажет пайдалы температура жиынтығы 400 гр және одан жоғары болуы,қыстауға келіп жатқан зиянкестің қауіпті екендігінен ақпарат береді.Температура жетіспеген себепті тойып азықтанбаған құрттар топырақтың беткі қабатында қалады және суық түскенше қоректенуді жалғастырады.Олар көбінесе ауруға шалдығады немесе энтомофогтарға жем болады.
Мақтаны қорғаудың биологиялық әдісі
Ауыл шаруашыльғы зиянкестеріне қарсы күресте химиялық әдіспен және қозалық алқапты алдын-ала өндеуде мақташылар мұнымен қатар неғұрлым арзан, қолы жетімді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз биологияляқ күрес әдісін де қолданьп келеді. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл әдісі ерте бастан, олар жаппай таралып кетпей тұрғанда қолданылады.
Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі дегеніміз - ауыл шаруашылық зиянкестерінің санын көбейтпеу және олардың санын шаруашылықтың егістігіне елеулі зиян келтірмейтіндей мөлшерде азайту үшін тірі организмдерді пайдалану болып табылады.
Бұл әдістің мәнісі – ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен олардың паразиттерінің, жыртқыш жәндіктердің арасында қалыптасқан бітіспес қарама-қайшылығын мақсатты түрде пайдалану.
Биологиялық әдісі дегеніміз — пайдалы жәндіктерді қолдан өсіру арқылы көбейтіп, оларды табиғат аясына — мақта егістігіне жіберу.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігіндегі ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте трихограмма және габрабраконды пайдалану неғұрлым кеңінен тарап отыр.
Трихограмма кеміруші және жер үстінде тіршілік ететін көбелек-құрттардың жұмыртқаларына қарсы қолданылады. Тұрқының ұзыңдығы 0,3-0,4 мм. 5-9 мұрт кылшасы жеке орналасқан, қанаттарының жіп-талшықтары жеңіл. Еркектері көбінесе қанатсыз немесе қанаты жетілмеген болып келеді.
Трихограмма зиянкестің 200-ден астам түрінің жұмыртқасын бүлдіреді. Мұндай паразиттікпен тек личинкалары айналысады. Ересектері гүл шырынымен қоректенеді. Ұрғашылары жұмыртқаларын басқа жәндіктің жаңа қалдырған жұмыртқасының ішіне салады. Трихограмманың жұмыртқадан шыққан личинкасы бірден мақта көбелегінің, тағы басқа зиянкес жәндіктердің жұмыртқасымен қоректеніп, соның ішінде өсіп-жетіледі. Мақта көбелегінің зақымданған жұмыртқасы қарайып кетеді, кейде қаракөк түске енеді. Трихограмма басқа жәндік (мақта көбелегі) жұмыртқасының ішінде қуыршаққа айналады. Осы қуыршақтан шыққан ересек трихограммалар жұмыртқаны кеміріп теседі де, жарыкқа шығады. Ұрғашы трихограммаларжыныстық жағынан жетіліп шығады да, бірден еркектерімен шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі.
Трихограмманың өсіп-жетілуінің ұзақтығы ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты, 7 күннен 35 күнге дейін созылады. Ересектері 3-18 күн аралығында өмір сүреді. Осы уақыт ішінде бір ұрғашысы 25-тен 92-ге дейін жұмыртқа салады. Мұның көпшілігін өмірінің алғашқы күндерінде табады. Табиғи жағдайда трихограмма 14-15 ұрпақ береді. Личинка және қуыршақ кезінде басқа жәндіктің жұмыртқасы ішінде қыстап шығады.
Мақта егістігіндегі кеміруші көбелектердің тұқымдарымен күресу үшін ересектрихограмманы әр гектар алқапқа, алқаптағы зиянкестің санына байланысты, 200 мыңғадейін әрбір ұрпағының жұмыртқаларына қарсы үш рет көбейтіп шығару ұсынылады. Трихограмманы өсіріп шығаруды зиянкес көбелектің жұмыртқа салуының алғашқы кезеңіне тұстас келтірген, ал егістікке күн қызақоймағантаңертеңгі немесе кешкі мезгілде жіберген дұрыс. Олар егістікке біркелкі тарау үшін 1 гектарға кемінде 100 жерден, яғни әр 10 метрден кейін жіберіледі.
Трихограмманы биологиялық лабораторияларда, қамба зиянкесі — астық күйесінің жұмыртқасында көбейтеді.
Мақта көбелегінің санын азайтуда габрабракон едәуір роль атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр күйесі сияқты зиянкес жәндіктердің жұлдызқұрттарының денесіне өз жұмыртқаларын салады. Аз уақыттан кейін залалданған жұлдызқұрттың денесінен жас бракондар шығады (7-сурет).
Сурет 7. Габробраконнан залалданған мақта көбелегінің жұлдызқұрты
Габрабраконның тұрқының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны сабақты болып келеді. Ұрықтанған ұрғашы габра бракондар оралып қалған жапырақтарда, ағаш қабығының астында, т.с.с. қуыстарда қыстайды. Жұлдыз құрттың денесіне жұмыртқасын саларда оны өлтіріп тастайды. Бір ұрпағының дамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде 12-16 күнге созылады.
Мақта егістігінде пайда келтіретін жәндіктерге бұларға қоса жарқырауық зердеқоңыздар, қанқызыл қоңыздар, кене қоректі трипс т.б. жатады.
Мақта көбелегінің көбеюін бақылау мақсатында феромон тұтқыштарды кеңінен пайдалануға болады. Мұнда, егер ұрпақ дамуының басында әр бір тұтқышқа бір тәулікте 3-4 көбелек түссе, трихограмма жіберу үшін белгі болып саналады. Тұтқыштарға бір тәулікте 15-тен көп көбелек түссе және бұл жағдай 3-4 күнге созылса, осы алқап бірінші кезекте бақылауға алынып, керек болған жағдайда басқа жою амалдары орындалады, өйткені көбелектердің мұндай көлемде ұшуы егістікте көптеп тұқым және кіші жастағы құрттар пайда болып жатқандығынан хабар береді.
Қозаның өнімдік элементтерін сақтап қалу - мақташылардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, агротехникалық тұрғыдан күтіп-баптауы төмен, қозаның салған өнімдік элеменнтері, түрлі зиянкес жәндіктер мен аурулардың зардабынан ысырапқа ұшырайды.
Осы жерде сөз болған агротехникалық, биологиялық, химиялық әдістермен оларға қарсы жүргізілетін күрес шаралары мен олардың алдын ала сақтандыру әрекеттері шаруа қожалықтары үшін мақта шаруашылығы практикасындағы аса пайдалы көмек құралы бола алады.
