Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАЗМНЫ 7.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2.2 Топырақ жағдайлары

Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының басты ерекшеліктері - облыс жері көбінесе сұр топырақты болып келеді. Олар көп жағдайда суды жақсы өткізетін сары топырақ пен сары топырақ тәріздес жыныстардан құралады және олар бойына ылғалды, қоректік заттарды мол жинайды. Сондықтан, топырақтың алуан түрлі болып қалыптасуына әкеп соғады.

Шөлді аймақта Сырдарияның сол жақ жағалауындағы орманды жазықтар суармалы егіншілікті ұйымдастыру үшін қолайлы. Суару үшін мейлінше болашағы зор жерлері Қызылқұм мен Сырдария өзенінің аралығына орналасқан, Шардарадан Түркістанға дейінгі сазды шөлдің кең алқабы.

Топырақтың беткі қабаты - тақыр тәрізді сұр топырақ, сортаңдау, ішінара ашық түсті сұр топырақ және шалғын сұр топырақ.

Суармалы егіншілік аймағындағы мақта егісі басым, бұл аймақ Сарыағаш, Ордабасы және Түркістан аудандарының көп жерін қамтиды.

Топырақтың беткі қабаты негізінен алғанда оңтүстіктегі ашық түсті және әдеттегі сұр топырақтан құралады.

Бұл аймақтың жерінен Сырдария өзенінің мейлінше ірі тармақтары Келес, Арыс және Қаратаудың батыс беткейлеріндегі өзеңдер ағып өтеді. Олардың бәрінде де өтпелі судың едәуір қоры бар.

Аймақтың айрықша жағдайлары: судың көп қоры және жылу молшылығы, суаруға қолайлы ірі алқаптар (Келес, Төрткөл далалары), жылуды жақсы көретін дақылдарды, мақта егісін, жеміс ағаштарын, жүзім және басқаларын өсіруге өте қолайлы.

2.3. Зерттеу әдістемелері

Егістің арамшөптермен залалдануын есептеу «Методика полевых и вегетационных опытов с хлопчатником в условиях орошения» СоюзНИХИжәне «Методические указания по проведению регистрационных испытаний гербицидов, дефолиантов, десикантов и регуляторов роста растений»әдістемеліктерімен, сонымен қатар «Правила проведения регистрационных испытаний и государственной регистрации пестицидов (ядохимикатов) в Республике Казахстан» тақырыбындағы нұсқамамен жүргізілді.

Мақта дақылын еккенге дейін немесе дақылдың өскіні жер бетіне көктеп шықпай ендіріліген гербицидтердің арамшөптерге әсерін бақылау өңдеуден 30 күннен кейін бірінші есепте, 60 күн өткеннен кейін екінші есепте және өсіп-өну кезеңінің соңында үшінші есепте жүргіздік.

Ал мақта дақылының өскіні жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, өсіп тұрған арамшөптерге ендірілген гербицидтердің арамшөптерге әсерін анықтау үшін, гербицидтермен өңдемес бұрын (бастапқы ластануы), (гербицидтер ендірілгеннен 20 күннен соң және мақта дақылын жинар алдында есептер жүргізілді.

Арамшөптермен ластану мөлшері 0,25 м2 (125 х 20 см) көлемдегі есеп алаңқайларында сандық-салмақтық әдіспен жүргізілді.

Әр нұсқаның көлденең диагоналы бойынша төрт жерден қазықшалармен белгіленіп есеп алаңқайлары орналасты. Әрбір есептеулерде арамшөптердің санының төрт қайтарымдағы орташа саны шығарылып отырылды дана/м2.

Арамшөптердің түр құрамын анықтау мақсатында 0,25 м2 көлемдегі шектеулер (рамкаларды) пайдаланылды. Шектеулерді пайдаланып, көлденеңі бойынша бірдей қашықтықтардан, 50 га дейінгі өндірістік алаңдардан 10 нүктеден, 50-ден 100 га дейінгі алаңдардан 15 нүктеден және 100 га үлкен алаңдардан 20 нүктеден сынамалар зерттелініп, арамшөптердің түр құрамы анықталды.

Арамшөптердің зияндылығы ВИЗР ғалымдарының ұсынған әдістемелігі арқылы анықталды.

Арамшөп тұқымдарының топырақтағы қорларының есебі, 0-10, 10-20, 20-30 және 30–40 см топырақ қабаттарында, Л.Н. Киселев әдістемесімен көктемде тұқымды себер алдында жүргізілді. Топырақ сынамалары топырақ бұрғысымен алынды. Алынған топырақтар електер жиынтығында жуылып кептірілді, тұқымдар бұрғының ауданына есептелінді (дана/м2).

Дақылдың дамуына фенологиялық бақылаулар Л.Л. Балашов әдістемесі, ал мақтаның өнуінің есебі, бас сабақтың биіктігінің өлшемдері және мақтаның гүлдеуі мен пісіп жетілуі, өнімділігі БМШҒЗИ әдістемелігі бойынша жүргізілді. Өлшемдер маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының басында, әр мөлдектің көлденеңінен белгіленіп алынған 25 өсімдіктен жүргізілді. Мақта өнімділігін математикалық өңдеумен дисперсиялық талдау Б.А. Доспехов әдістемелігімен жүргізілді.

Қолданылған гербицидтердің әсерлі затының топырақтағы және өсімдіктердегі қалдықтарын талдау, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының экотоксикология зертханасында жұқа қабаттық сұйық газдың хромотография әдістерімен атқарылды.

Гербицидтерді қолданудың экономикалық тиімділігінің есебі В.А. Захаренко, Н.Р. Гончаров және т.б.ғалымдар ұсынған әдістері бойынша жүргізілді.

Өндірістік сынақтың экономикалық тиімділігі шаруашылықтарда қабылданған шығындардың нәтижесінде анықталды.

Мақта егістігінде жүргізілген агротехникалық шаралар

Мақта егістігіндегі агротехникалық шараларды дер кезінде уақтылы әрі сапалы жүргізу мақта шикізатының өнімділігін арттырушы алғы шарттардың бірі болып табылады. Ғылыми негізделген агротехникалық шараларды дұрыс және уақытылы жүргізу мақтаның жақсы өсіп-өнуіне, одан мол және сапалы өнім алуға жағдай жасайды.

Сор шаю.Сор шаю жұмыстарын аумағы 0,15-0, 25 гектардан аспайтын шағын танаптар бойынша жүргізілген дұрыс. Мұндай кезеңдерде сор шаюға кететін судың мөлшерін топырақтың физикалық қасиетіне, оның қаншалықты дәрежеде сортаңданғанына қарай белгілеген жөн. Қандай жағдай болған мен де, ағымдағы жылы көктемде сор шаюда әр гектарға жұмсалатын су мөлшерін 2000 текше метрден асырмаған дұрыс. Сонымен қатар, сор шаю танаптарында суды ұзақ мерзімге ұстап тұрудың қажеті жоқ. Ал керісінше, суды жаппай танаптарда ұзақ мерзімде ұстау, жер асты суы деңгейінің бірден көтерілуіне алып келіп, онсыз да уақытынан кешеуілдеп келе жатқан агротехникалық шараларды тіптен де кешеуілдетуі мүмкін. Жалпы сор шаюды жүргізілетін аудандарда 7-10 күн аралығында жылдам аяқтау ұсынылады.

Ал солтүстік, Ордабасы, Түркістан аудандарында көктем мерзімінде топыраққа ыза суы арқылы ылғал беру үшін гектарына 800-1200 текше метр мөлшермен суару ұсынылады, бұл іс-шара наурыздың 5-ші жұлдызынан бастап наурыздың 20-шы жұлдызына дейін аяқталуы тиіс.

Топырағы сортаңданбаған орталық аймақтарда, егін егер алдында суару топырақтағы ылғалды толықтырып, арамшөптердің өсуіне және олардың тұқымдарының өнуіне дем береді. Келесі өңдеулерде арамшөптер жойылып, көпке егістік одан таза болады.

Агротехникалық тұрғыдан егін егер алдында ылғал жинау үшін суару анағұрлым тиімді. Бұл жағдайда егінді егер сәтке қарай ылғал мол сақталады, суаруға уақыт және су аз қажет болады, біркелкі өскіндер алуға қолайлы жағдай туындайды.

Сүдігер жырту.Сапалы сүдігер жыртуға оның тереңдігі 35-40 сантиметр болғанда қол жеткізуге болады. Мұның өзі жерді әсіресе екі ярусты түренмен жырту кезеңінде оңай. Терең етіп жыртылған танаптарда қозапая айдалған жердің топырағының астында толық қалады, көктемде арамшөптердің саны азаяды, топырақта ылғал мол жиналады және ұзақ сақталады, жер қыртысындағы қара шірінді қабаттарының құрылымы дұрыс түзіледі, қозаның зиянкестері мен түрлі ауру көздері азаяды. Жер жыртуды топырақтың шектен тыс ылғалдылығы жағдайында жүргізуге тиым салынады, себебі бұл кезеңде ауыр техникаларымен жер жырту, топырақтың агрофизикалық қасиетіне кері әсер етеді. Мұндай топырақтарда мақта өскіндері алынғанмен, вегетация мерзімінде дақылдың өсуі, өнім топтау кезеңдері баяу жүреді.

Ұйымдастыру тұрғысында сүдігер жыртудың баға жетпес мәніне оның көктемгі егіс жұмыстарындағы қарбаласты азайтатыны, сөйтіп тұқым себуді ең қолайлы агротехникалық мерзімде өткізуді қамтамасыз ететіндігі жатады.