- •5В011300 - мамандығы «Биология»
- •5В011300-мамандығы - «Биология»
- •Әдебиетке шолу
- •1. Зерттеу жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары, зерттеу әдістемесі
- •2.2 Топырақ жағдайлары
- •2.3. Зерттеу әдістемелері
- •3.Көктемгі егіс алды топырақты өңдеу.
- •8. Мақта тұқымының себудің тиімді мөлшерлері.
- •Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары.
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •Мақта өсімдігінің негізгі зиянкестері және олармен күрес әдістері
- •Ауруға қарсы күрес шаралары
- •Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері
- •6.1 Мақта егістігіндегі арамшөптермен күресуде глифосатты препараттарды күзде қолданудың тиімділігі
- •Пайдаланған әдебиеттер
8. Мақта тұқымының себудің тиімді мөлшерлері.
Тұқымның класына және репродукциясына қарап ағымдағы жылы біз оңтүстік, орталық және солтүстік мақта өсіретін аймақтарға төмендегідей шит себу мөлшерін ұсынамыз.
- бірінші репродукция тұқымы гектарына, түксіз жалаңашталған шиттер үшін 20-23 кг, ал түкті жалаңашталмаған шиттер үшін 35-40 кг;
- екінші репродукция тұқымы гектарына, түксіз жалаңашталған шиттер үшін 23-25 кг, ал түкті жалаңашталмаған шиттер үшін 40-45 кг;
-үшінші репродукция тұқымы гектарына, түксіз жалаңашталған шиттер үшін 25-27 кг, ал түкті жалаңашталмаған шиттер үшін 45-50 кг.
Бұл көрсеткіштер 2013 жылдың қолайсыз ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты есептелген.
Егер ауа температурасы төмендеу болса, аталған мөшерлерді 5-10%-ға арттыру керек болады. Сонымен бірге баяу қызатын, ауыр сазды топырақты жерлерде тұқымның себу мөлшерін 8-10 %-ға көбейткен жөн.
Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары.
Арамшөптің өніп өсуіне қолайлы жағдай, негізінен суару жүйелерінің жағасы мен егістік аралықтарындағы шегара бөліктерде туындайды. Көбінесе агрофирмалардың егістерінің арасы 1,5-2,0 м шегаралармен бөлшектелген. Бір айта кететін жәйт бұл бөлшектер аз өңделеді, немесе тіптен өңделмейді және көбінесе ылғал жеткілікті жағдайда болады. Бұл жерлер арамшөптердің тұқымдарын көбейтетін қорлардан басқа ештеңе де емес. Мақтаның өніп өсу кезеңінде, арамшөптердің тұқымдары желмен, сумен және басқа да жолдармен егіс алқаптарына тарайды, қайта өнеді. Біздің жинаған мәліметтер бойынша, 1 м2 аумақтағы арамшөптердің тұқымдарының ең көп мөлшері суару жүйелері мен егістік алқаптардағы шегараларда жинақталады (1-кесте).
1-кесте-Суару жүйелері мен егістік аралық бос жерлердегі арамшөп тұқымдарының салмағы, г/м2.
№ |
Арамшөп түрлері |
Жылдар |
|||||
Егістік аралық бос жерлер |
Суару жүйелерінің жағасы |
||||||
2013 |
2014 |
орта. |
2013 |
2014 |
орта. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Қызылша гүлтәжі |
9,08 |
7,51 |
8,29 |
8,36 |
8,52 |
8,44 |
2 |
Тауық тарысы |
8,11 |
7,68 |
7,89 |
9,45 |
8,84 |
9,14 |
3 |
Ақ алабота |
3,21 |
4,05 |
3,63 |
5,77 |
4,86 |
5,31 |
4 |
Жатаған бидайық |
3,47 |
2,35 |
2,91 |
6,21 |
6,43 |
6,32 |
5 |
Үлкен жолжелкен |
0,52 |
0,61 |
0,56 |
2,46 |
1,62 |
2,04 |
6 |
Көк итқонақ |
1,38 |
1,67 |
1,52 |
0,97 |
1,36 |
1,65 |
7 |
Дәрілік бақбақ |
0,35 |
0,42 |
0,38 |
0,74 |
1,68 |
1,21 |
8 |
Кәдімгі жұмыршақ |
1,34 |
0,28 |
1,62 |
0,11 |
0,63 |
0,37 |
9 |
Кәдімгі қамыс |
5,85 |
4,59 |
5,22 |
8,92 |
7,18 |
8,05 |
10 |
Алеп құмайы |
4,92 |
4,39 |
4,65 |
3,13 |
3,46 |
3,29 |
11 |
Саусақты қара шойыр |
1,72 |
1,63 |
1,67 |
0,98 |
1,76 |
1,37 |
12 |
Егістік шырмауық |
0,95 |
0,78 |
0,86 |
1,16 |
1,33 |
1,24 |
13 |
Түйе жантақ |
1,26 |
1,09 |
1,17 |
6,12 |
5,79 |
5,95 |
|
Басқа түрлер |
4,46 |
3,91 |
4,18 |
8,54 |
6,18 |
7,36 |
|
Барлығы: |
46,6 |
40,9 |
43,8 |
63,2 |
59,6 |
61,4 |
Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде егістік аралық бос жерлер мен суару жүйелерінің бойында көбінесе: қызылша гүлтәжі, тауық тарысы, кәдімгі қамыс, алеп құмайы, ақ алабота, жатаған бидайық және саусақты қара шойыр арамшөптерінің тұқымдары кездесті. Әр жылы ең көп тараған арамшөптердің тұқымдарының саны азды көпті өзгеріп отырғанымен, олардың саны басым күйінде қалды.
Жалпы алғанда егістік аралық бос жерлердегі арамшөп тұқымдарының саны: 2007 жылы-46,6 г/м2; 2008 жылы – 40,9 г/м2 құраса, ал суару жүйелерінің жағасындағы арамшөптердің тұқымдарының саны 2007 жылы 63,2 г/м2; 2008 жылы 59,6 г/м2-ты құрады.
Жоғарыда көрсетілген көлемдегі арамшөптердің тұқымдары егістік алқаптарға тарап оны мейлінше залалдайды. Топырақтың беткі қабатына түскен арамшөптің тұқымдары, егістіктің жыртылатын қабаттарының тұқымдармен ластануына себепші болады. Олар көбінесе көктей отырып, егістіктің негізгі арамшөптермен ластануының көзі болады.
Біздің байырғы суармалы жер жағдайындағы топырақта айтарлықтай мөлшерде арамшөптердің тұқымдары қордаланған. Дегенменде топырақтағы арамшөптердің тұқымдарының саны тұрақты емес: бір жағынан олар тұқымның бір бөлігінің өнуінен, әр түрлі жәндіктерден және табиғи жойылудан топырақ үздіксіз өздігінен арамшөптердің тұқымдарынан тазаланса, ал екінші жағынан мақтаны жинағанға дейінгі және одан кейінгі арамшөптердің тұқым шашуынан, тұқымдардың сырттан келуінен, соның ішінде өңдеу құралдары арқылы да топырақтағы арамшөптердің тұқым қорлары толықтырылып отырылады. Топырақтағы арамшөптің тұқым қорларының мөлшері ластану көздерінен келген тұқым мен мақта егістігіндегі тұқым қалдықтарынан құралады.
Топырақтағы тұқым қорлары жайындағы мәліметтер көбнесе әр түрлі болады. Ол арамшөптердің түр құрамын және өнімділігін белгілейтін топырақ-климат жағдайларына, сонымен қатар олардық санын анықтау әдістерін өз уақытында жүргізуге байланысты. Дегенменде топырақтың арамшөп тұқымдарымен ластануы салыстырмалы түрде үздіксіз жүріп отырады.
Институт ғалымдары 2007-2008 жылдары мақталық алқаптардағы арамшөп тұқымдарының топырақтағы қорларына зерттеулер жасады. Зерттеулер мақтаның вегетация кезеңінде арамшөп тұқымдарының жинақталуын, сонымен қатар олардың бұрынғы қорларын білу мақсатында күзде және ерте жазда жүргізілді. Ол үшін 4 қабаттан 120 сынақ алынды.
Мақта егістігіндегі арамшөп тұқымдарының ең көп мөлшері топырақтың беткі қабатында шоғырланған (242 млн.дана/га), ал тұқымдардың аз мөлшері төменгі қабаттарда жатты (730 млн.дана/га). Арамшөп тұқымымен ластану, топырақ қабаттарына байланысты белгілі заңдылықпен өзгеріп отырады. Күзгі және қысқы негізгі өңдеулердің салдарынан арамшөп тұқымдарының орны ауысып отырғанымен, бұдан тұқымның өміршеңдігі өзгермейді. Тек қана әлсіз немесе толық жетілмегендердің есебінен тұқымдардың саны аздап кемеюі мүмкін.
Мақта агрофитоценозындағы арамшөптер мониторингі
Екпе өсімдіктердің егістерінде арамшөптер болмай қоймайды. Олар екпе өсімдіктермен жарық, су, минералдық азық элементтері және т.б. үшін бәсекеге түсе отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының бәрінің дерлік өнімділігін елеулі түрде төмендетеді.
Суармалы егіншілік жағдайындағы агрофитоценоздарда мәдени өсімдіктер мен арамшөптер арасындағы бәсекелестік қарым–қатынас ерекшелігінде белгілі бір өзгерістер бар.
Күтіп бапталатын алуан түрлі дақылдар, олардан жоғары және тұрақты өнімнің алынуы үшін, нақты тек соларға ғана тән агротехникалық іс-шаралардың қолданылуын талап етеді. Алайда, бұл шаралар арамшөптердің алуан түрлілігіне біркелкі ықпал етпейді. Негізгі және жүйекаралық өңдеу, сондай-ақ, ауылшаруашылық дақылдарын суару жүйесі, арамшөптердің жалпылама санының азаюына алып келеді, алайда мұндай жағдайда кейбір түрлері, әсіресе ылғалдың жеткілікті болған жағдайында дамып жетіле түседі.
Ауыл шаруашылық дақылдары егістерінде арамшөптермен күресудің химиялық іс-шараларын жүзеге асыру, егістерді арамшөптердің әртүрлі биологиялық түрлерінің басуының сипатын жан-жақты біліп алған жағдайда, мүмкін болмақ. Осы ерекшеліктерді айқындап алу, арамшөптердің таралу ошақтарын да айқындап алуға мүмкіндік береді.
Нақты мәліметтер мен түрлік және сандық құрамды жалпылау, арамшөптермен күресте әртүрлі агротәсілдер мен химиялық іс-шаралар арқылы ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан тиімді амалдарды айқындап береді.
Әсіресе, арамшөптердің дамуы үшін қолайлы жағдай суару жағдайында қалыптасады. Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы егістік жерлерінде олар кездейсоқ жиынтықты емес, осында өсетін түрлердің арасындағы (соның ішінде мәдени өсімдіктердің) бәсекенің нәтижесінде қалыптасқан кәдімгі заңды түрдегі қауымдастықты білдіреді.
Егістердің арамшөптермен ластану жағдайын зерттей келе, кейбір зерттеушілер мынаны атап көрсетеді: алуан түрлі агротехникалық тәсілдер мен дала жұмыстарының жоғары дәрежеде механикаландырылуы, мақта егістеріндегі арамшөптердің түр құрамы мен санының өзгеруіне, ең бастысы көп жылдық және бір жылдық түрлерінің санының арақатынасына ықпал етеді.
В.В. Туганаев, Б.М.Миркин [183] және Э.Л.Алхасьянцтың [184] мәліметтері бойынша, бұрынғы посткеңестік кеңістігінде арамшөптердің 1500 түрі, Өзбекстан мен Тәжікстанда – 269 түрі, мақта егістіктерінде -74 түрі болады екен. Сондықтан, әрбір республикадағы мақта өндірушілері агротехника мен климаттық ерекшеліктеріне қарай, гербицидтерді қолдану тиіс. Автор, мақта егістерінде көбірек таралған бір жылдық - күрмек тары (куриное просо-Echinochloa crus galli (L.)); ақ алабота (марь белая- Chenopodium album L.); қара алқа-(паслен черный-Solanum nigrum L.); бақша қараоты (портулак огородный-Portulaceae oleracea L.); қызылша гүлтәжі (ширица запрокинутая-Amaranthus retroflexus L.) және т.б. секілді, сонымен қатар көпжылдық – құмай (гумай-Sorghum haleptnse (L.) Pers); салалы қара шойыр (свинорой пальчатый-Cynodon dactilon (I.) Pers); дала шырмауығы (вьюнок полевой-Convolvulus arvensis L.); домалақ сәлемшөп (сыть круглая-Cyperus rotundus L.) секілді арамшөптер болатындығын анықтады.
В.В.Никитиннің [185] мәліметтері бойынша, Орта Азияның арамшөптері келесідей түрлерден тұрады: олар көп жылдық – құмай (гумай- Sorghum haleptnse (L.) Pers); кәдімгі қамыс (тростник обыкновенный- Phragmites austalis (Cav.)); домалақ сәлемшөп (сыть круглая-Cyperus rotundus L.); түйе жантақ (верблюжья колючка-Alhagi pseudalhagi Desv.); дала шырмауығы (вьюнок полевой-Convolvulus arvensis L.); және үлкен жолжелкен (подорожник большой-Plantago major L.) бір жылдық: күрмек тары (куриное просо-Echinochloa crus galli (L.)); көкшіл мысыққұйрық (щетинник сизый-Setaria glauca (L.) Beauv); жасыл мысыққұйрық (щетинник зеленый-Setaria viriкdis (L.) Beauv); қызылша гүлтәжі (ширица запрокинутая, Amaranthus retroflexus L.), бақша қараоты (портулак огородный-Portulaceae oleracea L.); үш қатарлы бөрітарақ (гибикус тройчатый-Hibiscus trionum L.) және қара алқа (паслен черный-Solanum nigrum L.).
Арамшөптермен күрестің тиімді тәсілдері олардың әрбір нақты егістіктегі түр құрамы мен сол егістіктің арамшөптермен ластану дәрежесі туралы мәліметтердің негізінде мүмкін болмақ. Қазақстанның оңтүстігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен мақта егістіктерінің олармен ластану дәрежесін анықтау үшін 2011-2012 жылдары гербологиялық мониторинг жүргізілді.
Мақтаның агрофитоценоздарына гербологиялық мониторинг жүргізілген кезде арамшөптердің атаулары Халықаралық жіктеу (код ВВСН) бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінде,К.Линней бойынша латын тілінде және орыс тілінде келтірілген.
Тексерулердің нәтижесінде мақта егістігінде арамшөптердің 13 ботаникалық тұқымдастарына жататын 25 басым түрі анықталды.
Олардың 7 түрі қоңырбас тұқымдастарға, 4 түрі күрделі гүлділер тұқымдастарына жатады. Қалған 11 тұқымдастары 1-2 түрімен белгілі болды. Арамшөптердің 25 түрінің 68 %-н (17 данасы) біржылдықтар және 32%-н (8 дана) көпжылдық арамшөптер құрайды.
Мақтаның өсіп-өнуінің бастапқы кезеңінде егістерді ластандырушы дамуы кешеуілдеп басталатын бір жылдық түрлер - соның ішінде, ластану дәрежесі 2-4 балға жететін-қызылша гүлтәжі (ширица запрокинутая-Amaranthus retroflexus L.), күрмек тары (куриное просо-Echinochloa crus galli (L.)), бақша қараоты (портулак огородный-Portulaceae oleracea L.), қара алқа (паслен черный-Solanum nigrum L.), көкшіл мысықұйрық (щетинник сизый -Setaria glauca (L.)), кәдімгі ошаған (дурншник обыкновенный - Xanthium strumarium L.) және үш қатарлы бөрітарақ (гибиcкус тройчатый - Hibiscus trionum L.) болып табылады. Бұл арамшөптердің қауіптілігі, мақтамен салыстырғанда жылдам өсуімен (1,5-2 рет) арта түседі, бұған қоса ошағанның қауіптілігі мақта шикізатын машинамен жинаған кезде тікенек тұқымдарымен ластануымен артады. Кәдімгі қамыс (тростник обыкновенный-Phragmites Phragmites communis Trin.) ол да мақтаны көбірек дәрежеде (4 баллға дейін) ластайды.
Тамыр сабақты көп жылдық арамшөптерден мақтаның егіс алқаптарында ең көп кездесетіндері; құмай (гумай - Sorghum haleptnse (L.) Pers.), салалы қарашағыр (свинорой пальчатый -Cynodon dactilon (I.) Pers.) және домалақ сәлемшөп (сыть круглая-Cyperus rotundus L.). Бұл арамшөптермен ластану 4 баллға дейін жетеді. Салалы қарашағыр мен домалақ сәлемшөп әдетте шым түзеді, мұнысымен мақтаны сиреп кетуге, қысылып өсу мен оның өнімділігінің төмендеп кетуіне душар ете отырып, үлкен ошақтар болып өседі.
Атпа тамырлы көп жылдық арамшөптерден дала шырмауығы (вьюнок полевой - Convolvulus arvensis L.), өте көп таралған. Ол мақтаны орап ала отырып, оны қысып тастайды, ал өзінің жапырақтарымен машиналы терімнің сапасын төмендетіп, мақтаны өте қатты ластайды. Түйе жантақтың (верблюжья колючка - Alhagi pseudalhagi) таралуы 3 баллға дейін жетеді.
Ерте дамитын аз жылдық арамшөптердің арасында мақта егістігін татар көкпегі, ақ алабұта көбірек ластайды. Бұл арамшөптердің қаулап өсуінің дәрежесі 2-3 баллды құрайды.
Гербологиялық бақылау көрсеткендей, тәжірибелі алқаптардың үш жылдық көрсеткішіндегі жалпылама ластануы шаршы метріне 64-84 дана болды. Бұл жерде аз жылдық арамшөптердің саны шаршы метріне 45-55 дананы құраса, көп жылдық арамшөптер 19-29 дананы құрады.
Орташа есеппен алғанда үш жылдың ішінде, аз жылдық арамшөптердің мөлшері шаршы метріне 52 дананы құрады. Олардың ішінде дара жарнақтылардың үлесіне 16 және қос жарнақтылардың үлесіне шаршы метріне 36 дана тура келді. Дара жарнақты жаздық арамшөптер 3 түрмен келтірілген олар: күрмек тары (Echinochloa crus galli (L.), көкшіл мысықұйрық (Setaria pumila (Poir.) Schult.), жасыл мысықұйрық (Setaria viridis (L.) Beauv). Қыстаушы қос жарнақтылар 2 түрмен келтірілген олар: жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris (L.) Mediuc) және жабайы ассүттіген (Lactuca serriola (L.)). Қос жарнақты жаздық арамшөптер 11 түрімен сипатталған, олар: кәдімгі сасық меңдуана (Datura stramonium L.), бақша қараоты (Portulaceae oleracea L.), үш қатарлы бөрітарақ (Hibiscus trionum L.), қызыл таспа таран (Polygonum aviculare L.), Теофраст бұйда кендірі (Abutilon theophrasti Medic.), арам кененшөп (Cannabis ruderalis Jan), татар көкпегі (Atriplex tataricum L.), ақ алабота (Chenopodium album L.), қара алқа (Solanum nigrum L.), қызылша гүлтәжі (Amaranthus retroflexus L.) және кәдімгі ошаған (Xanthium strumarium (L.)).
Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобы 14 дара жарнақты және 10 қос жарнақты түрлерден тұрды. Дара жарнақтылар негізінен тамыр сабақтылардың 5 түрімен келтірілген, олар: салалы қара шағыр (Cynodon dactilon (I.) Pers.), құмай (Sorghum haleptnse (L.) Pers.), кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin.), жатаған бидайық (Elytrigia repens (L.)), домалақ сәлемшөп (Cyperus rotundus L.). Қос жарнақтылар атпа тамырлылардың 3 түрін құрады - олар: егістік қалуен (Cirsium arvense (L.) Scop), дала қалуені (Sonchus arvensis L.) және түйе жантақ (Alhagi pseudalhagi (Bieb)). Өзек тамырлы арамшөптерге бір түр – дала шырмауығы (Convolvulus arvensis L) жатады (11-сурет, Б, В, Г қосымша).
Мақта агрофитоценозындағы арамшөп түрлерінің таралуы
Қос жарнақты аз жылдықтар
Қос жарнақты көп жылдықтар
2013-2014 жж. мақта егісіндегі арамшөп топтарының арақатынасы.
