- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
Матрицалық принтерлердің қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 20 – 60 секундта бір бет қағаз (секундына 20 – 400 символ) көлемінде.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, түрлі-түсті пайдаланып, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді.
Лазерлік принтерлер– ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Мұның таңбалар сапасы мен жылдамдықтары жоғары – орташа есеппен секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады. График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әр түрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі-түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.
Қосымша құрылғылар
Сканер – қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген ақпарат графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек – 50000 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.
Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жай қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-модемдер жай модемдерден өте қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол.
Қазіргі кездерде ДК-нің мультимедиа мүмкіндігі жайында көп айтылып жүр. Мультимедиа – ақпаратты бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ДК-нің барлық сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен СD-RОМ дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды, түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған. Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейнемагнитофондарды, бейнекамераларды қосуға арналған бейнелік тақшамен жабдықталады.
«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны қалай аталады?
Есептеу жүйесі
Есептеу желілері
Есептеу техникасы
Цифрлық компьютерлер
Аналогты компьютерлер
Бір-бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны қалай аталады?
Есептеу жүйесі
Есептеу желілері
Есептеу техникасы
Цифрлық компьютерлер
Аналогты компьютерлер
Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы деп нені атаймыз?
Жүйелік блок
Электронды есептеу машинасы
Есептеу желілері
Процессор
Цифрлы автомат
Мәліметтерді өңдейтін және есептеулер жүргізетін, сол сияқты символдармен өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алатын бағдарланған электрлік құрылғыны атаңыз?
Жүйелік блок
Есептеу желілері
Компьютер
Процессор
Цифрлы автомат
Мәліметтерді екілік кодтар түрінде өңдейтін компьютерлерді қалай атаймыз?
Дискретті компьютерлер
Аналогты компьютерлер
Цифрлы компьютерлер
Бинарлы компьютерлер
Сервер
Үздіксіз өзгеріп отыратын физикалық шамаларды өңдейтін компьютерлер _______________ деп аталады.
Дискретті компьютерлер
Аналогты компьютерлер
Цифрлы компьютерлер
Бинарлы компьютерлер
Сервер
Компьютерлер қандай негізгі екі класқа бөлінеді:
Есептеу жүйесі
Hardware,. software
Аналогты, дискретті
Цифрлы, дискретті
Цифрлы, аналогты
ЭЕМ _______________ деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығын және олардың бір-бірімен байланысу сипатын айтады.
құрылымы
архитектурасы
конструкциясы
арифметикалық-логикалық құрылғысы
схемасы
Құрылғылардың функционалдық схемасы бір-бірімен байланысқан көптеген _______________ блоктардан тұрады.
үшбұрышты
төртбұрышты
бесбұрышты
төртқырлы
алтықырлы
Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын терминді атаңыз?
құрылым
интегралдық схема
функционалдық схема
конструкция
жүйе
Өңдеуге болатын түрге келтірілген бастапқы информация қалай аталады?
Алгоритм
Бағдарлама
Сигнал
Хабар
Мәлімет
Барлық функционалды бөліктері бір бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шина арқылы байланысқан дербес компьютер қандай архитектуралық топқа жатады?
Классикалық архитектура
Көп процессорлы архитектура
Көп машиналы есептеуіш жүйе
Параллельді процессорлы архитектура
Бір машиналы есептеуіш жүйе
Бірнеше арифметикалық-логикалық құрылғының және бір басқару құрылғысының басшылығымен жұмыс жасайтын компьютерлер қандай архитектуралық топқа жатады?
Классикалық архитектура
Көп процессорлы архитектура
Көп машиналы есептеуіш жүйе
Параллельді процессорлы архитектура
Бір машиналы есептеуіш жүйе
Есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болатын компьютерлер қандай архитектуралық топқа жатады?
Классикалық архитектура
Көп процессорлы архитектура
Көп машиналы есептеуіш жүйе
Параллельді процессорлы архитектура
Бір машиналы есептеуіш жүйе
Компьютерлердің басым көпшілігі жұмыс жасайтын негізгі ортақ принциптер қай жылы негізделді?
1937 ж.
1945 ж.
1949 ж.
1975 ж.
1981 ж.
Компьютерлердің басым көпшілігі жұмыс жасайтын негізгі ортақ принциптерді қай ғалым негіздеді?
Блез Паскаль
Джон Атанасов
Чарльз Беббидж
Джон фон Нейман
Герман Холлерит
Қандай принцип бойынша компьютердегі бағдарлама бұйрықтар тізбегінен құралып, белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалады?
Бағдарламалы басқарылу принципі
Бағдарламаны жадта сақтау принципі
Адрестік принцип
Екілік кодтау принципі
Кезектесу принципі
Бағдарламалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір _______________ бірнеше рет қайталап пайдалану болып табылады.
деректі
құжатты
бағдарламаны
мәліметті
анықтаманы
Қай принцип негізінде трансляция тәсілдері — бадарламау тіліндегі бұйрықтарды нақты компьютер тіліндегі бұйрықтарға түрлендіру жасалады?
Бағдарламалы басқарылу принципі
Бағдарламаны жадта сақтау принципі
Адрестік принцип
Екілік кодтау принципі
Кезектесу принципі
ДК модульдік құрылымды, оның барлық модульдері _______________ арқылы байланысқан.
жүйелік магистраль
жүйелік блок
слоттар
контроллер
регистрлер
RAM немесе жедел есте сақтау құрылғысы дегеніміз:
информацияны тұрақты сақтау үшін арналған арнайы жады
компьютер өшірілгенде берілгендері өшпейтін сыртқы жады
компьютер өшірілгенде берілгендері өшірілетін сыртқы жады
информацияны тұрақты сақтау үшін арналған сыртқы жады
берілгендерді уақытша сақтайтын ішкі жады
Контроллер дегеніміз:
Жазу және жаңадан өндіру құрылғысы
Компакт дискілердегі берілгендерді оқуды қамтамасыз ететін құрылғы
Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерден мәлімет алмастыратын құрылғы
ДК құрылғыларын басқаратын электрондық схема
Ақпаратты өңдейтін және барлық есептеулерді орындайтын электрондық схема
Ақпаратты өңдеп және барлық есептеулерді орындайтын электрондық схема:
Тышқан
Микропроцессор
Дисковод
Адаптер
Қатты дискі
Микропроцессор — бұл:
Принтердің жұмысын басқару үшін арналған программа
Логикалық операцияларға арналған негізгі тақша
Ақпаратта арифметикалық операцитяларды орындау үшін арналған аналық тақшаның орталық блогы
Ақпаратта арифметикалық және логикалық операцияларды орындау үшін және машинаның барлық блоктарының жұмыс істеуін басқару үшін арналған дк-дің орталық блогы
Ақпаратта арифметикалық операцияларды орындау үшін арналған бағдарлама
Микропроцессор разрядтылығы дегеніміз:
логикалық операциялар арқылы шақырылған жағдайлар
информацияның ең кіші өлшем бірлігі
процессор операцияларының есептегіші (микропроцессорда біртұтас қабылданатын биттер саны)
информацияның ең үлкен өлшем бірлігі
1 секундта орындалатын операциялар саны
Микропроцессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші:
Жедел жад
Көлемі
Бейнежад (видеопамять)
Тактілік жиілік
Қатты диск
Дұрыс жауаптар коды
Сұрақ нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Жауабы |
C |
A |
B |
C |
C |
B |
E |
B |
B |
C |
E |
A |
D |
Сұрақ нөмірі |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
Жауабы |
C |
B |
D |
A |
C |
B |
A |
E |
D |
B |
D |
C |
D |
