- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
Техникалық тапсырмалар
Техникалық тапсырмаларды әзірлеу принциптері
Бизнес-үрдіс дегеніміз ақырлы нәтижені алуға ммүкіндік беретін амалдардың жиынтығы. Аталған бағыт негізінде ақпараттық жүйе құрастыру кезінде маңызды болып бизнес-үрдістерді ерекшелеу қажет, олар өз кезегінде келесі кластарға бөлінеді: негізгі, қосалқы немесе көмекші, ілеспе.
Негізгі бизнес-үрдістер дегеніміз кәсіпорынның (тауар немесе қызметтің) өмір сүруі үшін құрылған қажетті негізгі үрдістер. Көптеген жағдайларда олар өнімді шығару және соңғы тұтынушыларға қызмет көрсету, материалды-техникалық жабдықтау, өндіріс, дайын өнімді шығару, сатудан кейінгі қызметтер және т.б. бейнелейді.
Көмекші бизнес-үрдістер басқарушылық қызметке сәйкес келеді: жоспарлау, есепке алу, қоймадағы үрдістер, маркетинг, қаржылық қызмет және т.с.с.
Ілеспе бизнес-үрдістер дегеніміз негізгі және қосымша үрдістердің өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған үрдістер. Мысалы, кадрларды қамтамасыз ету үрдістері, заңнамалық қамтамасыз ету және т.с.с.
Бизнес-үрдістер АЖО (АРМ) көмегімен орындалатын бизнес-амалдардан тұрады. Әрбір бизнес-үрдіс уақыт бойынша анықталған басы және соңы арқылы, басқа үрдістер интерфейсімен, бизнес амалдардың тізбекті орындалуымен, сонымен қатар бизнес-үрдістің иесімен, яғни оны орындауға жауапты тұлғамен сипатталынады.
Оларды ерекшелеу және үйлестіру кәсіпорынның көпдеңгейлі бірыңғай бизнес-үлгісін алуға мүмкіндік береді, яғни құжаттармен, ақпарат ағындарымен және ұйымдастырушылық нұсқамалармен байланысты құрылымданған үрдістер мен амалдардар желісінің графиктік сипаттамасы.
Құжаттармен, ақпарат ағындарымен және ұйымдастырушылық ұйғарыммен байланысты үрдістер мен амалдар желісінің құрылымды графикалық сипаттамасы кәсіпорынның бірыңғай көпдеңгейлі бизнес-үлгісі деп аталады:
Бизнес-үрдістерді үлгілеу барлық бизнес-амалдарды тізбектей бейнелеп көрсетуден тұрады. Мысалы, материалды сатып алу үрдісі есепті алу, оны төлеу, жөнелтпе құжат арқылы материалды қабылдау және оларды қоймаға кіріске алудан тұрады. Көмекші бизнес-үрдістердің көпшілігі тура сол сияқты амалдардан тұрады. Бизнес-үрдістерді басқару бизнес инжинирингісі деп аталады. Басқарушы қызметкерге барлық бизнес-үрдістер жағдайы туралы ақпарат қажет, сондықтан барлық бизнес-үрдістерді тура басқару үшін оларды бір тізбекке байланыстыру қажет. Сол үшін арнайы технологиялар жасалынған, олар «жұмыс ағындары» (Workflow) атауымен танымал болып келеді.
Мұндай түрдегі технологиялар жалпыға танымал халықаралық стандарттар негізінде бизнес-үрдістерді бірыңғай сипаттауға, әр түрлі бағдарламалық жүйелерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Workflow технологияларының көмегімен бизнес-үрдістерді шоғырландыру барлық үрдістердің барысын тұтастай бақылауға мүмкіндік береді. Бизнес-үрдістерді тұтастай қалпына келтіру мүмкін болу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес оларды жалпылай қолданылатын ережелерге сай сипаттау қажет. Қазіргі уақытта бизнес-үрдістерді ұсынудың кең таралған әдістерінің бірі мәлімет ағындарының диаграммасы (МАД) (DFD) — Data Flow Diagrams) деп аталады. Оның көмегімен шынайы үрдістер мен объектілер арасындағы қызметтер мен байланыстарды, мәліметтер және олардың арасындағы өзара байланыстарды, жүйенің мінез-құлқын қалпына келтіруге болады.
Техникалық тапсырмаларды әзірлеу принциптері
Техникалық тапсырма барлық жобаның және тапсырыс беруші мен әзірлеушінің барлық өзара қарым-қатынастарының негізі болатын құжат болып табылады. Ірі интернет-жобалар (электрондық дүкендер, аукциондар, тапсырыскерлерге қызмет көрсетудің электрондық жүйесі) маңызды жобалық зерттеуді талап етеді.
Негізгі тапсырмалардың жайы толық белгілі болған соң және тапсырыс берушінің нені қалайтыны мәлім болғаннан кейін техникалық тапсырманы анықтау қажет.
Бұл кезеңде:
Сайттың құрылымы (сайтта қандай тақырыптық парақтар енгізіледі);
Негізгі бағдарламалық модульдер (форум, чат, кері байланыс, тауарлар каталогы тізбегін шығару, тапсырыскерлерді тіркеу);
Қандай технологиялар қолданылады (бағдарламалау тілдері, арнайы аспаптар);
Хостинг түрі (фирма, ерекшеленген сызық, жекелеген сервер);
Сервердің бағдарламалық және аппараттық қамсыздандырылуы;
Жүйеге қойылатын талаптар (орындаушының жұмысты тапсыруға қойылатын талаптары).
Осы сұрақтардың барлығына анық және айқын жауап табылған кезде ғана техникалық тапсырманы жазуға кірісуге болады. Техникалық тапсырмада кезеңдердің әрқайсысы жазылады,сонымен қатар әрбір кезеңнің басында тапсырыс берушіден не алынуы тиіс және соңында (жұмыс істеп тұрған жүйе, бағдарламалық код) не шығуы қажет екендігін көрсету қажет.
Әрбір кезеңнің соңында көрсетілетін тармақтар бойынша жұмысты қабылдау жүргізіледі.
Техникалық тапсырманы дайындау кезінде келесі принциптерді басшылыққа алу қажет. Бұл жоба бойынша жұмыстарды сипаттауды үстірт қараудан, сондай-ақ кеңесші мен тапсырыскердің мүддесін реттеуге көмектеседі.
Бірлескен жұмыс
Нәтижені толық сипаттау
Жобаны барысын бақылау механизмі және тапсырыскерлердің біліктілігі
Нәтижені келісу
Икемділік
