- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
Электронды оқыту «e-learning»
E-learning - (Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің мүмкіндіктерін қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с);
«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;
Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;
Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;
Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;
Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?
Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.
Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
