Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
996.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары

  1. Логика дегеніміз:

  1. Адам ойлау түрлері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым;

  2. Ақпарат заңдылықтарын зерттейтін ғылым

  3. Табиғат заңдылықтарын зерттейтін ғылым

  4. Есептеу құрылғысын зерттейтін ғылым

  5. Күрделі жүйелердегі басқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым

  1. Логика алгебрасы дегеніміз:

  1. Адам интеллектілік қызметін машиналық үлгілеу мәселелерін зерттейтін бөлімі

  2. Информатиканың мамандандырылған ақпараттық жүйелердің негізінде қалыптасатын ақпараттық технологиялардың белгілі бір түрін зерттейтін бөлімі

  3. Әртүрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын анализдеу, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселелерін зерттейтін бөлімі

  4. Күрделі логикалық тұжырымдар құрылымын және алгебралық әдістерінің көмегімен олардың ақиқаттылығын орнату әдістерін зерттейтін математикалық логиканың бөлімі

  5. Информатикадағы математиканың математикалық логика саласына негізделген бөлігі.

  1. Логика алгебрасындағы негізгі ұғым _____ болып табылады:

  1. Сөйлем

  2. Пікір

  3. Теорема

  4. Есеп

  5. Аксиома

  1. Пікірлер ____ және ______ болып екі түрге бөлінеді:

  1. Аралас және құрмалас

  2. Позициялық және позициялық емес

  3. Бірікккен және ажыратылған

  4. Жай және күрделі

  5. Қарапайым және күрделі

  1. Логика алгебрасы формулаларында айнымалылар логикалық болып табылады және олар тек екі мәнді ғана қабылдайды –

  1. 0 немесе 1

  2. Қосылған немесе ажыратылған

  3. "жалған" немесе "ақиқат"

  4. ток бар немесе ток жоқ

  5. магниттелген немесе магниттелмеген

  1. Логикалық (бульдік) айнымалы _______екі мәнін ғана қабылдай алатын х шамасы:

  1. х = {0,1}

  2. х = {0,2}

  3. х = {-1,1}

  4. х = {0,+∞}

  5. х = {-∞,+∞}

  1. Егер пікір ақиқат болса, онда кез келген пікірді х символы арқылы белгілеуге және _____ болады:

  1. х=2

  2. х=0

  3. х=-1

  4. х≠1

  5. х=1

  1. Пікір абсолютті ақиқат болады, егер оған тиісті логикалық шама кез келген шарттарда _____ мәнін қабылдаса

  1. х=2

  2. х =1

  3. х=0

  4. х=-1

  5. х≠1

  1. Пікір абсолютті жалған болады, егер оған тиісті логикалық шама кез келген шарттарда _____ мәнін қабылдаса

  1. х =1

  2. х=2

  3. х=0

  4. х=-1

  5. х≠1

  1. Бульдік амалдардың қайсысы дұрыс жазылған?

  1. 1 "және" 1=1

  2. 0 "және" 1=1

  3. 1 "және" 0=1

  4. 0 "және" 0=1

  5. 0"және"1=0

  1. Бульдік амалдардың қайсысы дұрыс жазылған?

  1. 0 "және" 0=1

  2. 1"немесе"0=1

  3. 0 "және" 1=1

  4. 1 "және" 1=0

  5. 0"немесе"1=0

  1. «Емес» жалғауы қандай амалға тең?

  1. Логикалық көбейту

  2. Логикалық қосу

  3. Логикалық терістік

  4. Логикалық бөлу

  5. Логикалық азайту

  1. Инверсия ақиқат болады, егер пікір _______ болса:

  1. ақиқат

  2. жалған

  3. ақиқат та, жалған да

  4. абсолютті ақиқат

  5. дұрыс жауабы берілмеген

  1. Инверсия жалған болады, егер пікір _______ болса:

  1. жалған

  2. ақиқат та, жалған да

  3. ақиқат

  4. абсолютті ақиқат

  5. дұрыс жауабы берілмеген

  1. «Және» жалғауы қандай амалға сәйкес келеді?

  1. Логикалық көбейту

  2. Логикалық қосу

  3. Логикалық бөлу

  4. Логикалық азайту

  5. Логикалық терістік

  1. «Немесе» жалғауы қандай амалға сәйкес келеді?

  1. Логикалық көбейту

  2. Логикалық терістік

  3. Логикалық азайту

  4. Логикалық қосу

  5. Логикалық бөлу

    1. Екі логикалық пікірдің конъюнкциясы сонда және тек қана сонда ақиқат деп аталады, егер пікірлердің екеуі де………………..

  1. жалған болса

  2. ақиқат болса

  3. абсолютті жалған болса

  4. ақиқат та, жалған да болса

  5. дұрыс жауабы келтірілмеген

    1. Екі логикалық пікірдің конъюнкциясы сонда және тек қана сонда жалған деп аталады, егер пікірлердің ………………..

  1. Бірі немесе екеуі де ақиқат болса

  2. Екеуі де ақиқат болса

  3. Бірі немесе екеуі де жалған болса

  4. Барлық жауаптар дұрыс

  5. Дұрыс жауабы келтірілмеген

        1. Импликация амалы қандай таңбамен белгіленеді?

        1. Теңбе-теңдік амалы қандай таңбамен белгіленеді?

        1. Конъюнкция амалы қандай таңбамен белгіленеді?

        1. Дизъюнкция амалы қандай таңбамен белгіленеді?

  1. ;

  2. ;

  3. ;

  4. ;

  5. .

Дұрыс жауаптар коды

Сұрақ нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жауабы

A

D

B

D

C

A

E

B

C

A

B

Сұрақ нөмірі

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Жауабы

C

B

C

A

D

B

C

A

B

C

D

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]