- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «мирас» университеті
- •«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»
- •050113-Биология мамандығының студенттеріне арналған
- •Шымкент-2011
- •Лекция № 1 Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi
- •Лекция № 2 в.В. Докучаев және т.Б. Ғалымдардардың еңбектері
- •Ірілігіне қарай топырақ бөлшектерін топтарға бөлу
- •Топырақтарды механикалық құрамына қарай топқа бөлу
- •4 Апта: Лекция 7. Топырақтың химиялық құрамы
- •11 Апта: Лекция 21. Топырақ және оның құнарлылығы
- •Лекция 24. Фосфорлы, калий тыңайтқыштар
- •13 Апта: Лекция 25. Микротыңайтқыштар, аралас, органикалық
- •Лекция 26. Бактериалы тыңайтқыштар
- •Лекция 27. Егістік дақылдардың классификациясы
- •Лекция 28. Дәнді бұршақты дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 29. Майлы дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 30. Мал шаруашылығы негiздерi
- •Бақылау сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
11 Апта: Лекция 21. Топырақ және оның құнарлылығы
Жоспар:
1.Құнарлылық
2. Табиғи және жасанды құнарлылық
1. Құнарлық- топырақтың негізгі сапасы, ол топырақпен бірге құралып және бірге дамиды. Топырақтың құнарлығы дегеніміз оның өсімдіктерді сумен, қоректік заттармен және ауамен бір мезгілде қамтамасыз етуі, сондайақ өсімдіктердің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар туғызу қабілеттілігі. Топырақ құнарлығы табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Тың топырағының жарамды құнарлылығы болады да және егіншілікке пайдаланғаннан кейін ол біртіндеп жасанды құнарлылыққа айналады. Табиғи құнарлылық топырақ құралу процесінде адамның әрекетінсіз, қоршаған ортаның факторларының әсерінен пайда болады. Жасанды құнарлық тек адамның ұдайы өндіріс әрекеті арқылы жасалады. Мұндай жағдайда бұл еңбек жемісі болады және өсімдікті егіп өсіру үшін игеріген топырақтағы қажетті қасиеттері арқылы бағаланады. Жасанды құнарлылық әрқашанда жарамды құнарлылықтан жоғары.
Бұл екі түрлі құнарлылық бір-бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырады. Өсімдіктер тіршілігінің барлық факторына ықпал ететін агротехникалық және басқа шаралар жинағы жүзеге асырылғанда ғана топырақтың құнарлылығын арттыруға болады. Бұлар топырақты агробиологиялық, агрохимиялық және мелиорациялық жағынан жақсарту шаралары. Агротехникалық осы шаралар дұрыс және мезгілінде жүргізілсе, мәдени топырақ құнарлылығының кемімеуін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. «Топырақ құнарлылығының кему заңы» -буржуазиялық реакцияшыл теория, бұған сәйкес, ауыл шаруашылығына кейінгі жұмсалған еңбек пен капиталдың кез-келген шығыны бұрынғыдан гөрі әлдеқайдаөнімсіз болады. Мысалы, «Топырақ құнарлылығының кеми беру заңын» алғаш рет ХVIII ғасырдың аяғында француз экономисі А.Р.Ж. Тюрго, бұдан біраз уақыт кейін ағылшын экономисі Э. Вест пен заңмен түсіндіруге тырысты. Шындылығы келсек, бұл тенденция капиталдың органикалық құрамының, демек, еңбек өнімділігінің төмендеуі емес, өсуіне байланысты болады.
Бақылау сұрақтар:
1.Д.Н.Пряниковтың т.б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы.
2.Құнарлылық
3.Табиғи және жасанды құнарлылық
4.Топырақтану және егіншіліктің негізгі заңы
5.Топырақ құнарлылығын реттеу
Лекция 22. Топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың, гербицидтердің әсері
Жоспар:
1.Топырақтану және егіншіліктің негізгі заңы
2. Топырақ құнарлылығын реттеу
Егіншілік жүйесі бір аймаққа тікелей байланысты қалыптастырылады. Ғылымға негізілген егіншіліктің интенсивті жүйесін жүргізуге топырақтың пайда болуы мен топырақ құнарлылығының құралу заңдылығын игеріп, оны одан әрі пайдалану шешушу шарттардың бірі. Әрине, егіншіліктің жалпы заңдарынан туындайтын агротехникалық әдістері нақтылы аймаққа қарай қолданған жөн.
Егістік алқаптардағы топырақтарда судың, қоректік заттардың әр түрлі элементтердің тапшылығы, ал кейде топырақтың құрдымсыз ауыр немесе тығыздалған болуынан онда ауаның жетіспеуі жиі кездеседі. Адам табиғат заңдарын танып-білуге, оларды дұрыс, әрі орынды пайдалануға қабілетті.
В.Р.Вильямс (1863-1939) топырақтың құнарлылығын сақтау және оны одан әрі жетілдіру жөніндегі агрономиялық шараларды белгілеп, оларды жүзеге асырудың ғылыми негізін қалады.
Топырақ құралу процесін биологиялық процестер айқындайды. Биологиялық процестер неғурлым жедел жүрсе, топырақ құнарлылығының да соғұрлым қарқынды артатыны зерттеулерден белгілі. Сондықтан да егіншілік саласында топырақ қабатындағы тиімді биологиялық процестердің белсенділігін күшейтетін шаралар қолданылады. Ғылымға негізделген мұндай шаралар бар. Мәселен, химиялық жолмен топырақтың қоректік режимін жақсарту. Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесіне сүйене отырып, топырақты кез келген климат жағдайында мәдени дақылдарды өсіруге қажетті су және ауа режимімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.
2. Өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын міндетті түрде бағдарлау жолымен реттеу керек.
Интенсивті егіншіліктің негізгі мақсаты топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы арттыру. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін топырақтың табиғи қорын сарқа жұмылдыруға да, оны шектеуге де болмайды. Сонымен қатар топырақ құнарлылығын төмендетуге бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны, қуаңшылықты, гумус пен қоректік заттар қорының кемуін жою,топырақты мелиорациялауды енгізу, қолайлы физика-химиялық ортаны жасау, құнарлылықты және ауыл шаруашылық дақылдар өнімдерін арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштеріне көптеген факторлардың тигізетін әсерінің нәтижесінде сүйене отырыа, оның құнарлылық дәрежесін болжауға мүмкіндік туады. Ол өте құнарлы топырақтың болжау үлгісін атқарады.
Топырақ құнарлылығын арттыру үшін топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және биологиялық қасиеттерін үйлестіру керек. Республикада 1988 жылғы жүргізілген зерттеу бойынша 31,6 миллион га аңыздың 36,4 процентінде қарашірік құрамы тым мардымсыз (екі процентке дейін) деңгейде болып шықты. Егістіктің тек 4,5 процентінде ғана жеткілікті мөлшерде екен. Олардың дені Қостанай облысының солтүстігі мен Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Бақылау сұрақтар:
1.Топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың, гербицидтердің, улы химикаттардан, дефоляттардың, маңызы
2.Тыңайтқыштардың классификациясы
Лекция 23. Минералды тыңайтқыштар.Азотты тыңайтқыш.
Жоспар:
Минералды тыңайтқыштар
Азотты тыңайтқыштар,өсiмдiктердiң қоректенуiне азоттың ролi
Азоттың және азотты тыңайтқыштардың формалары
1. Қазіргі уақытта егіншілікте пайдалынатын тыңайтқыштар бірнеше топқа бөлінеді. Олар: минералды, органикалық, микротыңайтқыштар, жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар.
Өнімнің мөлшері мен сапасын арттыру үшін, өсімдіктер өсіп дамуының әр кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, оларды қажетті қоректік заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Біздің республикада минералды тыңайтқыштарды өндіру және оны пайдалану кейінгі жылдары зор қарқынмен қолға алына бастады. Қазақстанда, әсіресе, фосфор тыңайтқыштарды өндіру Жамбыл, Ақтөбе суперфосфатзаводтары іске қосылысымен едәуір көбейді. Соңғы жылдары тыңайтқыштарды өндірітін заводтар Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.
Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштарды пайдаланбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ, бірақ көп жағдайларда оларды пайдаланудан айтарлықтай пайда алынбайды. Оның басты себебі – минералды тыңайтқыштардың негізгі қасиетін, қолдану ерекшілектерін жетік білмеуден және оны дұрыс сақтамаудан болады.
2. Азот- бұл аса маңызды қоректік зат ретінде өсімдіктер тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ол өсімдіктің күрделі органикалық затты-белоктың, нуклеин қышқылдарының, нуклепротеидтың, алкалоидтардың және фосфатидтердің құрамына кіреді. Азот сонымен қатар, өсімдіктер жапырағының хлорофилінің құрамына да кіреді, азот жоқ жерде хлорофил түзілмейді. Өсімдіктер құрамындағы азот мөлшері өсімдіктердің қандай жағдайда өскеніне, олардың сорттарының ерекшеліктеріне, қолданылған агротехникалық шаралар өзгешеліктеріне қарай біраз өзгеріп отырады.
Өсімдік үшін азоттың негізгі пайдалы қоры топырақ қара шірігінде кездеседі. Қара шірік құрамында азоттың көпшілігі күрделі қосылыстар түрінде болады да, сондықтан өсімдіктер оны сіңіре алмайды. Мұндай күрделі азот топырақтағы микробиологиялық әрекеттердің әсерінен сіңімді күәге келтіріледі.
Топырақ қабатынан өсімдіктер азоттың нитратты және аммиакты түрлерін пайдаланады.
3. Азотты минералдық тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар.
Аммиак селитрасы-жоғарғы концентрациялы азот тыңайтқышы. Ақ түсті, құрамында 35% азот бар. Ол суда жақсы еритін болғандықтан, өсімдіктер оларды бойына жақсы сіңіреді. Қазақстан топырағы үшін аммиак селитрасы-ең жақсы азотты тыңайтқыштардың бірі.
Аммиак сульфаты немесе күкірт қышқылды аммоний –құрамында 20% азот бар, ақ немесе сұр түсті, кристалды ұнтақ. Суда тез ериді, топыраққа сіңгіш келеді және топырақты аз жылжиды. Жауын суына шайылмайды. Бұл тыңайтқыштың осы қасиеттеріне байланысты негізгі тыңайтқыш ретінде сүдігерге сіңіруге болады.
Мочевина немесе карбамид-кристалды ақ ұнтақ, құрамында 46% азот бар, суда тез ериді. Мочевинаның физикалық қасиеттері жақсы, ол ылғалды аз тартады, көп жабыспайды, сондықтан да егіске механикаландыру арқылы қолдануға болады.
Азотты сұйық тыңайтқыштарға аммиак пен аммиакаттар жатады, ал аммиактың құрамында 82 % азот бар. , аммакатта 30-45 % азот бар. Сұйық азот тыңайтқыштың топырақпен жақсы араласуын қадағалайды, өйткені олардың азоты ауаға ұшқыш келеді.
Бақылау сұрақтар:
1.Минералды тынайтқыштар
2.Азотты тыңайтқыштар
3.Өсiмдiктердiң қоректенуiне азоттың ролi
4.Топыраққа азотты тыңайтқыштарды беру мерзiмi, әдiстерi
