Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koldanbaly biologiya7 Lekciya.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342 Кб
Скачать
☆

Лекция 27. Егістік дақылдардың классификациясы

Жоспар:

  1. Егiстiк дақылдардың классификациясы

  2. Астық тұқымдас дақылдар

1. Егiстiк дақылдар бірнеше дақылдардан тұрады: 1. Дәнді және жармалық дақылдар – күздік бидай, күздік дәнді дақылдар, күздік қара бидай, күздік арпа; жаздық дәнді дақылдар- жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, жүгері, қара құмық, тары, қонақ жүгері, күріш. 2. Дәнді бұршақты дақылдар - ас бұршақ, май бұршақ, үрме бұршақ, мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ. 3. Тамыр жемісті дақылдар – қант қызылшасы, мал азықтық қызылша, таран, сәбіз, картоп. 4. Майлы дақылдар – күнбағыс, көкшіл сұр және ақ қыша, күздік және жаздық рапс, майекнк, зығыр. 5. Талшықты дақылдар – мақта, кенешөп немесе қара қурай, темекі. 6. Мәл азықтық шөптер- қызғылт беде, жоңышқа, эспарцет, еркешөп, т.б.

2. Астық тұқымдастарға жататын дәнді дақылдардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Өйткені олар адам өмірінде жан-жақты пайдаланылады.

Мысалы, бидай, қара бидай, күріш, қарақұмық тағамдық дақылдар ретінде пайдаланылса, сұлы, арпа, жүгері құнарлы мал азықтық дақылдар да болып табылады.

Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық, биологиялық және өсіру технологиясының тәсілдеріне қарай екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа бидай, қара бидай, арпа, сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері – дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары, 3-8 масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған, жылуды аз, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарыныың іші қуыс келеді. Бұлар – ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан алғашқы кезеңде тезірек дамып, арам шөптермен аз ластанады.

Күздік дәнді дақылдарға күздік бидай, қара бидай және күздік арпа жатады. Күздік дәнді дақылдар жазғы дәнді дақылдармен салыстырғанда өнімді артық береді.

Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Бұлардың дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекщемен толтырылған. Екінші топтың дақылдары – қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері жоқ.

Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, белок, май, крахмал, клетчатка және күл болады.

Бақылау сұрақтар:

1.Астық тұқымдастар. Негiзгi астық дақылдары. Егiлетiң аудандары

  1. 2.Бидай, оның маңызы, классификациясы

  2. 3.Қара бидай, арпа, сұлұ, маңызы, түрлерi

Лекция 28. Дәнді бұршақты дақылдар

  1. Жалпы сипаттамасы

  2. Ас бұршақ, май бұршақ, үрме бұршақ

Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ, май бұршақ, үрме бұршақ (фасоль), мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ, жасымық, ноқат, тағы басқалары жатады.

Дәнді дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады. Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол (39%). Сары бөрі бұршақ дәніңде белоктің мөлшері 36%, ал бұршақ дәніңдегі-24% тең.Тағы бір ерекшелігі-олардың белоктары тез қорытылып, организмге жақсы сіңеді. Май бұршақ дәнінің белокының сіңімділігі 89%, мал азықтық бұршақтыкі-87%. Белокпен қатар бұлардың дәнінде майлар мен А,В,Д,Е,С витаминдері бар. Осындай қасиеттерінің арқасында дәнді бұршақты дақылдар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Тіпті дәндерінде белок мөлшері көп, сіңімділігі жоғары болғандықтан бұршақ дәні етке парапар деп есептеледі. Дәнді бұршақты дәкілдар-құнды мал азығы. Олардың құрғақ шөбінде 9 ден 15 % дейін белок болады.

Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок түзіп қана қоймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.

Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг-нан 400 кг-ға дейін азот жинайды, яғни олар топырақтың құнарлылығын арттырады.

Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез пісіп, танапты ерте босатады.

Дәнді бұршақты дақылдардың бір кемшілігі-олар жатып қалуға бейім келеді, піскен кезінде жинап алмаса, егіннің шығымдылығы төмендейді.

Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.

2. Ас бұршақ- дәнді бұршақты дақылдардың ішіндегі көп тарағаны,шаруашылығында кеңінен пайдаланады. Ол бағалы тағам, оның дәнінде белок (28%), витаминдер, минералдық тұздар бар.

Жақсы мал азықтық дақыл, 15-18% протеин бар. Ас бұршақ қара топырақты жақсы көреді. Механикалық құрамы ауыр, қышқыл топырақты ас бұршақ әсті қаламайды.

Май бұршақ- дәнді бұршақты дақылдардың ішінде аса құндысы, себебі оның дәнінде 30-52 процент белок, 20 процент шамасында углеводтар, 17-27 процент майлар бар. Етпен салыстырғанда май бұршақтың белогында қышқыл екі есе, минералдық тұздар төрт есе көп. Бұл дақыл организмге сіңімді және жеңіл қорытылады.

Май бұршақтан лецитин, желатин және кондитер тағамдары дайындалады. Май бұршақтың 1 тонна дәнінен 113 кг май алуға болады.

Бұл бағалы мал азығындық дақыл, құрамында 36,4 процент шикі протеин болады. Ол жердің әр гектарына 70-80 кг сіңімді азот жинайды.

Үрме бұршақ (фасоль) көп тараған белокты дақыл. Оның дәнінде белоктың мөлшері 17-23 процентке, крахмалдың мөлшері 50-60 процентке жетеді. Сондықтан ол жұғымды және дәмді тағам. Өзінің қасиеті жағынан бұл дақылдың белогы етке бара-бар және адам организміне сіңімді (90%-ке дейін жетеді) келеді. Үрме бұршақтың сабаның мал жеуге жарамайды, сондықтан оны тек малдың астына төсейтін материал ретінде пайдаланады. Ол басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты топырақтағы азот қорын молайтуға көмектеседі, күздік бидайға жақсы алғы дақыл болып саналады.