- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «мирас» университеті
- •«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»
- •050113-Биология мамандығының студенттеріне арналған
- •Шымкент-2011
- •Лекция № 1 Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi
- •Лекция № 2 в.В. Докучаев және т.Б. Ғалымдардардың еңбектері
- •Ірілігіне қарай топырақ бөлшектерін топтарға бөлу
- •Топырақтарды механикалық құрамына қарай топқа бөлу
- •4 Апта: Лекция 7. Топырақтың химиялық құрамы
- •11 Апта: Лекция 21. Топырақ және оның құнарлылығы
- •Лекция 24. Фосфорлы, калий тыңайтқыштар
- •13 Апта: Лекция 25. Микротыңайтқыштар, аралас, органикалық
- •Лекция 26. Бактериалы тыңайтқыштар
- •Лекция 27. Егістік дақылдардың классификациясы
- •Лекция 28. Дәнді бұршақты дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 29. Майлы дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 30. Мал шаруашылығы негiздерi
- •Бақылау сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Лекция 24. Фосфорлы, калий тыңайтқыштар
Жоспар:
Фосфорлы тыңайтқыштар, өсiмдiктердiң қоректенуiнде фосфордың ролi
Топырақтағы фосфордың формалары және түзiлiстерi
Калий тыңайтқышы
1.Дақылдардың тез өсіп жетілуіне фосфор заттары жеткілікті болса, оның өнімі артады және сапасы жақсарады. Бұл заттың әсерінен дәнді дақылдардың сабағынан да дәні көп түзіледі, өте-мөте көкөніс және техникалық дақылдардың өнім сапасы, мәселен, қызылшының қанты, картоптың крахмалы, зығыр талшығының беріктігі артады.
Фосфор өсімдік дәнінде, жемісінде, тұқымында жиналады. Көкөніс жеміс дақылдары пісуін, өсімдіктің қуаңшылыққа, жатып қалуға төзімділігін күшейтеді. Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының және биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде көмір сутегі пайда болуына қатысады. Фосфордың кейбір органикалық қосындылары өсімдік мүшесінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор ролін атқарады. Сол сияқты фосфор тыңайтқышы дәнді дақылдардың құаншылыққа төзімділігін арттырады, өсімдікке нәр болатын ылғал мөлшерін сақтауға әсер етеді.
Фосфор тыңайтқыш өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, соның арқасында олар қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады, ылғалды көбірек сіңіреді. Өсімдікке фосфор жетіспесе, оның сабағы мен жапырағының өсуі тоқтайды да тұқым салмайды.
Фосфордың негізгі қоры топырақта түрлі фосфор қышқылдарының қосындысы түрінде кездеседі. Ауспалы егіс жүйесін еңгізу, фосфор тыңайтқыштарын қолдану. Фосфордың нашар сіңетін түрлерін пайдаланатын кейбір дақылдарды егу арқылы оны дақылдарға сіңімды түрге келтіруге болады.
Өсімдіктерге фосфор қоректік заттары тапшы болса, онда сабақтары мен жапырақтарының өсуі бәсендейді де, дән түймейді, тұқым салмайды. Мұндай жағдайда өсімдікжапырағының шеткі жиектері ширатылып, күрең теңбілдер пайда болады, одан әрі жапырақ қурап қалады.
Фосфорлы тыңайтқыштардың кең тараған түрі – суперфосфат және фосфор ұны. Суда еріген, фосфорлы тыңайтқыштарға жай суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, диаммофос жатады.
2. Суперфосфат-кұрамында 14-19% фосфор бар, суда жақсы еритін сұр немесе ақшыл, сұр түсті ұнтақ. Ол аздап ылғал тартады, табиғи жағдайда оның құрамында 2-2,5 % бос фосфор қышқылы бар. Сондықтан оны көбінесе бейтарап және сілтілі топырақтарда қолданған пайдалы.
Преципитат-қурамында 25-32 % шамасында суда еритін фосфор бар, ақ немесе ақшыл сұр түсті ұнтақ. Бұл фосфор тыңайтқыштардың екінші тобына жатады, оның фосфоры көбінесе лимон қышқылды аммонийде жақсы ериді, яғни өсімдіктерге орташа сіңімді болады. Оны әсіресе қышқыл реакциялық және ылғалы мол топцырақтарда қолданғанда арта түседі.
Фторсызданған фосфат-ақшыл түсті, ұнтақ тыңайтқыш, аздан ылғал тартады, судажәне әлсіз қышқылдарда мүлдем ерімейді, өте ұнтақ болғандықтан қолданылған кезде шаңданады. Мұның құрамында 21-28 % сіңімді фосфор бар. Бұл топырақ қышқылы көп жерлерде қолданады.
Фосфорит ұны-құрамында 22-23% фосфор бар, оны кәдімгі табиғи фосфорит күйінде ұнтақтау арқылы алады. Оны ылғалы мол, қышқыл топырақтарда қолданады.
3. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдікке тез сіңеді, көбіне табиғи калий тұздарынан алынады.
Калий тыңайтқыштары ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін арттады, өсімдіктердің түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді. Картоп, көкөніс, қант қызылшасы, тамыр-түйнекті жемшөп, темекі дақылдарына калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картопта крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады.
Калий тыңайтқыштарын күзде немесе көктемде жер жырту, культивациялау кезінде қолданады. Бұл тыңайтқыштың формалары: хлорлы калий, күкірт қышқылды калий, калий селитрасы.
Бақылау сұрақтар:
1.Фосфорлы тыңайтқыштар
2.Өсiмдiктердiң қоректенуiне фосфордың ролi
3.Фосфор тыңайтқыштардың формалары
4.Калий тыңайтқыштары
