- •Диплом жұмысы
- •Диплом жұмысы
- •Мазмұны
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •2.Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
- •2.1 Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
- •2009-2011 Жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өзгеру серпіні
- •Арал ауданының әкімшілік аймақтарының жалпы сипаты
- •3.Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен тәуекелділіктері
- •3.1 Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұсыныстар
- •2.3 Арал өңірі аудандарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігі, қауіп катерлердің кешенді сипаттамасы
- •3.1 Арал өңірі аудандарының болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қиындықтары
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •1.2.Арал өңірі халқының денсаулығы және оны әлеуметтік қорғау
- •1.3.Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды оңалту мәселелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
2.1 Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
Арал ауданы солтүстік және солтүстік-батыс жағынан алсақ Ақтөбе облысы Шалқар ауданымен шекаралас болса, солтүстік-шығыс пен оңтүстіктен Қазалы ауданымен, оңтүстік-батыс жағынан Қарақалпақстанмен шекаралас. Арал ауданының орталығы–Арал қаласы ескі қалалардың бірі. Аудан халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына) –73,7 мың адам немесе облыс халқының–10,4%.
Арал ауданы ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған өлке, бұл оған бәсекелестікте бірегей басымдықтар береді. Аудан халқының 49,0% еңбек етуге қабілетті жаста. Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі‒жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Аудан аумағында ас тұзы, кварц топырағы, мұнай-газ және құрылыс материалдары шикізатының мол қоры бар. Осы қазба байлықтарды өндіру бағытында ауданда бірнеше мекеме жұмыс атқаруда, олардың ішінде еңбек етіп жатқан шетелдік кәсіпорындар да жеткілікті.
Аудан аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді түйіспе (теміржол және автомобиль) жолдарды қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет ескерткіштер бар.
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы–Арал қаласы. Жер аумағы 55,1 мың км². Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,2 адамнан келеді (2006). Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері–Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.
Халқы. Ауданның халқы көпұлтты. Мұнда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының 99%-ын қазақтар құрайды. Одан басқа мұнда орыс, украин, кәріс, өзбек, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың басым бөлігі Сыр өзеннің атырауында және Орынбор-Ташкент темір жол. бойында қоныстанған. Тұрғындарының 1 км²-ге шаққандағы орташа тығызд. 6,2 адамнан келеді.
Кен байлықтар. Кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай және кварц құмдары мен құрылыстық тастар бар.
Климаты. Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда -13-15°С, шілдеде 24-35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400ӘС, оңтүстігінде 3800ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солтүстіктен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4-4,5 м/с.
Шаруашылығы. Аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Аудан арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы, Қызылорда-Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді. Арал ауданы елімізге балық аулау және өңдеумен танымал. Теңіз жағалауындағы елді мекендердің негізгі кәсіпшілігі–балық аулау болып саналады. Кейінгі 20 жыл ішінде Арал теңізінің тартылуына байланысты балық шаруашылығы да біршама азайды. Ауданда өнеркәсіп біршама дамыған. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, өндіріс орындары нарық экономикасына өтуіне байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде аудан аумағында 300-ге жуық шаруашылық нысандары ұйымдастырылды (2001). Салалық қатыстығына қарай ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және аңшылық бағытында 19 нысан, балық аулау шаруашылығында 37, кен өндіруде 1, өңдеу өнеркәсібінде 13, электр энергиясын өндіру және оны тарату, газ және су мекемелерінде 7, құрылыста 11, сауда, автомобиль жөндеу және үйге пайдаланылатын бұйымдар жасау мекемелері 31, көлік және байланыс мекемелері 11, қаржылық іспен айналысатын мекемелер 2, мемлекет басқару мекемелері 39, білім саласында 36, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 27, басқа да коммунальдық, әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар саны 51 (2001). Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына «Аралтұз», АҚ, Вагон жөндеу зауыты, Сексеуілді локомотив жөндеу зауыты, «Қамыстыбас» балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина станциясы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930-40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал теңізі суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 12,93 мың км², оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аумағы 167,9 км² (Барсакелмес қорығы), орман қорының аумағы 6,37 мың км², су қоры 22,3 мың км², мемлекет жер қоры 10,86 мың км². Ауданда 2001 жылдың басында ауыл шаруашылығында 101 агроқұрылым болды. Оның ішінде 4 ЖШС, 2 АҚ, 5 ӨК, 90 шаруа қожалығы болды. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 2,03 млн.га, оның ішінде жыртылған жері 619 га, тыңайған жер 2715 га, шабындық 9442 га, жайылымы 2,02 млн.га, бау-бақша 357 га. Аудан бойында 2000 ж 930 т күріш жиналды. Ірі қара малдың саны 21,14 мың бас, қой мен ешкі 90,33 мың бас, жылқы 11,7 мың бас, түйе 13,3 мың бас болды. Шағын кәсіпкерлік саласында (жалпы саны 98) 2001 жылдың басында заңды тұлғалар бойынша өнеркәсіп саласында 5, балық шаруашылығында 31, ауыл шаруашылығында 13, құрылыста 2, көлік және байланыста 2, саудада 23, басқа шаруашылық нысандарының саны 22.
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы экономикалық тұрақты даму аймағы болып табылады. Соңғы бірнеше жылда ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен бірге өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына жол берілді.
ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы Арал ауданындағы өндірілген өнім көлемі ағымдағы бағамен 3576,1 млн.теңгені құрады.
2009 және 2011 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдерінің тұрақты өсуі байқалды. 2009-2011 жылдары ауыл шаруашылығының үлестік салмағының едәуір ұлғаюына қолайлы ауа райы мен қажетті агротехникалық шараларды сапалы жүргізу ықпал етті.
Арал ауданының экономикалық құрылымы алға басушылығы және әртараптандырылғандығымен сипатталады.
Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі‒жер қойнауы табиғи кен байлықтарына (ас тұзы, кварц топырағы, мұнай-газ, құрылыс материалдары) жер асты суларына бай. Оңтүстік Қазақстанда титан өндірумен айналысатын жалғыз кен орны Ақеспе-Солтүтік Арал маңында орналасқан. Арал маңындағы Көкарал аумағындағы мұнай-газ бассейні геологиялық зерттеу жұмыстары жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
Арал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған аудан. Соңғы үш жылда «Жан Рос XXI-ғасыр» ӨК-і (органикалық тыңайтқыш), «Жер Ана Групп» ЖШС (ас шаяны), «Аралбалық өнеркәсібі» ЖШС, «Арал» СДО» ЖШС-і (балық өңдеу), «Аралвагон» ЖШС (вагон құрастыру), «Қалует» СТК (шұбат), «Шоқ Су» ЖШС (газдалған су), кіші сыра зауыты (сыра), орталық аурухана жанынан «емдік балшық және шипалы сумен емдеу» бөлімшесі ашылды.
2009 жылы ауданның экономикалық белсенділік деңгейі 49,0%-ды құрады. 2011 жылы экономикалық белсенді халық саны 35,2 мың адамды қамтыды.
Арал ауданының 2009-2011 жылдардағы жалпы өнім көлемі көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
2009 |
2010 |
2011 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, (млн.теңге) |
1950,8 |
2693,4 |
3576,1 |
Кен өндіру өнеркәсібі (мың теңге) |
482 086 |
635 158 |
729 902 |
Өңдеу өнеркәсібі (мың теңге) |
880 474 |
1 454 552 |
2 330 366 |
Тамақ өнімдерін өндіру (мың теңге) |
267 336 |
720 823 |
908 843 |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау (мың теңге) |
305590 |
320564 |
191045 |
Сумен жабдықтау |
588 245 |
320 564 |
324755 |
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор Локомотив» ЖШС-і филиалы Сексеуіл локомотив жөндеу депосы үлесінде.
Агроөндірістік кешен. 2008-2011 жылдары ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі ауа-райы жағдайларына байланысты өзгеріп отырды. Өндіріс көлемі игерілуінің негізгі факторлары‒егістік алқаптарын кеңейту, ауыл шаруашылық жануарларының санын көбейту.
Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің құрылымы, пайызбен
Көрсеткіштің аты |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Ауыл шаруашылығы, барлығы |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100 |
соның ішінде: |
|
|
|
|
Егіншілік шаруашылығы |
2,9 |
16,9 |
17,0 |
3,1 |
Мал шаруашылығы |
97,1 |
83,1 |
83,0 |
96,9 |
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 14%-ға көбейді және 2012,8 млн.теңгені құрады, соның ішінде егіншілік шаруашылығында–61,3 млн.теңге, мал шаруашылығында–1951,5 млн.теңге.
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі
Көрсеткіштің аты |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге |
1178,6 |
1764,5 |
2007,0 |
2012,8 |
Өткен жылы, %: |
103,4 |
101,6 |
113,7 |
100,3 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
Егіншілік шаруашылығы, млн.теңге |
34,3 |
298,4 |
341,0 |
61,3 |
Өткен жылы, % |
113,7 |
70,6 |
114,3 |
80,3 |
Мал шаруашылығы, млн.теңге |
1144,3 |
1466,1 |
1666,0 |
1951,5 |
Өткен жылы, % |
103,2 |
102,4 |
113,4 |
101,0 |
Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 96,9% мал шаруашылығының үлесіне келеді. Салада ауыл шаруашылығы малының тұрақты өсу қарқыны мен өнім өндірісінің көлемі сақталып келеді.
Шаруашылықтың барлық категорияларында малдың басы көбейді. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ірі қараның басы 4,7%, қой мен ешкі 3,9%, жылқы 3,9%, түйе 3,9%, құс 2,3%, өсті.
Мал шаруашылығы саласының даму көрсеткіштері
Аты |
Өлшем бірлігі |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж |
2011 ж/ 2008ж |
Мал мен құстың басы |
||||||
Ірі қара мал |
мың бас |
37,9 |
38,1 |
39,1 |
39,9 |
104,7 |
Соның ішінде сиырлар |
мың бас |
16,5 |
15,8 |
15,8 |
15,9 |
100,6 |
Қой мен ешкі |
мың бас |
120,7 |
121,5 |
124,6 |
126,2 |
103,9 |
Жылқы |
мың бас |
15,5 |
15,5 |
15,9 |
16,1 |
103,9 |
Түйе |
мың бас |
17,8 |
18,1 |
18,5 |
18,8 |
103,9 |
Құс |
мың бас |
4,1 |
4,3 |
4,4 |
4,4 |
102,3 |
Өндірілген өнім |
||||||
Ет тапсыру (тірі салмақта) |
мың тонна |
3,6 |
3,7 |
3,7 |
3,73 |
100,8 |
Сүт |
мың тонна |
8,4 |
8,7 |
8,8 |
8,9 |
101,1 |
Жұмыртқа |
мың дана |
201,0 |
187,0 |
164,0 |
157,0 |
83,9 |
Саладағы бәсекелестікке қабілеттілікті көтеру бойынша елеулі жұмыстар асыл тұқымды мал шаруашылықтары есебінен жүргізіледі. 2011 жылы асыл тұқымды мал саны: ірі қара–729 бас, қой–741 бас, жылқы–1956 бас, түйе–1007 бас болды. Ауданда 5 асыл тұқымды субьектілер жұмыс істейді, оның ішінде ірі қара бойынша–1, қой бойынша–1, жылқы бойынша–3, түйе бойынша–1 (Құланды ЖШС-інде асыл тұқымды жылқы және түйе бар). Аудан бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара–1,8%, қой–1,0%, жылқы–12,1%, түйе–5,3%.
Аудан бойынша барлық ауыл шаруашылық малының 85,4% жеке меншікте, 2,2% мал‒ауыл шаруашылық кәсіпорындарында және 12,4%‒фермерлік шаруашылықтарда. Бұл жағдай селекция жетістіктерін, малды қоректендіру мен алдыңғы технологияларды пайдалануды қиындатады.
Егіншілік шаруашылығында картоп, көкөніс өнімдерінен гектарына алынған өнімнің өскендігі байқалады.
Егіншілік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі
Аты |
Өлшем бірлігі |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
Жалпы өнім жинау |
|||||
Бақша |
тонна |
886 |
1065 |
1326,5 |
1134,0 |
Картоп |
тонна |
149 |
190 |
234 |
141,6 |
Көкөністер |
тонна |
106 |
213 |
275,5 |
211,7 |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі |
|||||
Бақша |
центнер/гектар |
104,2 |
106,5 |
107 |
107 |
Картоп |
центнер/гектар |
74,5 |
77,3 |
78 |
78,7 |
Көкөністер |
центнер/гектар |
70,8 |
72,2 |
72,5 |
73 |
Соңғы жылдарда Арал ауданына тартылған инвестиция көлемі жақсы қарқында ( -кесте).
Инвестициялық жұмыстың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштің аты |
2008ж. |
2009ж. |
2010 ж. |
2011 ж |
Негізгі капиталға инвестициялар, млн.тенге |
15999,7 |
10139,3 |
4923,1 |
5361,3 |
Өткен жылмен салыстырғанда, % |
9,7 есе |
56,6 |
48,6 |
108,9 |
2011 жылы ауданда негізгі капиталына 5,4 млрд.теңге инвестицияланды. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында, бұрынғыша шетел қаражаты басым.
Инвестицияның салалық құрылымында үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары ең жоғары–82,4%, машиналар, жабдықтар, аспаптар, мүкәммалдар үлесі 1,5%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар үлесі 16,1%.
Инвестиция құрылымын бөліп талдағанда, оның елеулі үлесі Арал қаласына келеді. 2008-2011 жылдары үлкен инвестициялар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға бағытталды.
2011 жылы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға 5000,0 мың теңге республикалық бюджеттен және аудандық бюджеттен 45000,0 мың теңге қаржы қаралып, 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысына бөлінген инвестиция көлемі бойынша қарқынды өсу байқалады: 2008 жылы–302,1 млн.теңге, 2009 жылы–329,0 млн.теңге, 2010 жылы 420,6 млн.теңге, 2011 жылы 459,4 млн.теңге.
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала болып бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының, тауар мен қызметтің кең профилінің қалыптасуының, салықтың елеулі үлесінің бюджетке түсуінің едәуір пайызын қамтамасыз етеді.
Ауданда 2012 жылдың 1 қаңтарына барлығы 2215 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар 180, жеке кәсіпкерлер–1718, шаруа қожалығы–17 бірлік.
