Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айгерим.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.1 Арал өңірі аудандарының болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қиындықтары

Соңғы жылдардағы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына жасалған сараптамаға сай ауданға инвестициялар салу үшін белгілі бәсекелестік артықшылықтары бар деген қорытынды жасауға болады.

Ауданда пайдалы қазбалар кен орны бар: шыны өнеркәсібі үшін жоғары саналы кварцты құмдар. Арал ауданында бірегей жоғары сапалы кварц кен орындарын негізге ала отырып (түрлі бағалау бойынша баланстың қор көлемі 7,5-20 млн.тоннаны құрайды) аймақта жоғары дамыған шыны өндірісін дамытуға болады. Осы саланы дамытқан жағдайда аудан елімізді шынымен 100% қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, шыны өнеркәсібі мультипликативті жер жасайды, яғни, қосымша өндіріс салалары ашылады (шыны өнімдері, изоляторлар және т.б.). Сала тиімділігін арттыру үшін кварцты құмды байытатын, байыту фабрикаларын салу керек.

Кеңінен тараған металл емес пайдалы қазбалар негізінде: кірпішті саздар, құрылыс тастары, әк және т.б. негізінде ауданда құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту пайдалы, ол осы өнімдерге деген ауданның тұтыну талаптарын қамтамасыз етеді.

Ауданның минералды және аграрлық ресурстарын игеру базасында өңдеу өнеркәсібін көтеру, АӨК өнімдерінің бәсекеге қабілетті түрлерін дамыту, тамақ өнеркәсібін, құрылыс материалдары және шыны өнімдерін шығару, сонымен бірге ауданның транзиттік потенциалын жүзеге асыру. Бұл аудан экономикасының секторға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындары ашылады және жергілікті бюджетке қосымша салықтық түсімдер түседі.

Аудандағы өндіріс құрылымында елеулі дисбаланс байқалады‒өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібінен басым түсуде.

Жақын онжылдықта мұнай-газ өнеркәсібі елімізде экономикалық өсуді басты жылжытушы болып қалады. Болашақтағы аймақтың басты міндеті жетекші салалардағы дамудың индустриалдық және инновациалық импульстерін экономиканың басқа салаларына және әлеуметтік өміріне тиімді трансляциалау, жергілікті тауарлар мен қызметтерді тұтынудағы олардың ролін арттыру, халықты жұмыспен қамту мәселесі болып табылады.

Осыған байланысты мұнай және газ өндіруді көбейту үшін ауданда масштабты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа кен орындарында көмірсутекті шикізатты өндіруді бастау мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Өсімдік шаруашылығы дақылдарын өсіруге негізгі су ресурсының жетіспеушілігіне қарамастан ауданда мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер және перспективалар бар.

Агроөндірістік кешеннің дамуы қой және ешкі мал басын қайта қалпына келтіруге бағыттауы тиіс. Бұдан басқа, АӨК дамуы түйе шаруашылығына басты назар аударады, осы шаруашылықтан алынатын өнімдерді (жүн, шұбат және т.б.) өндіруге бағытталады.

Мал шаруашылығы сапасын тиімді дамыту мақсатындағы жұмыстар:

        • тұқымдық базаны дамыту, ғылыми жетекшілік жолымен және мал шаруашылығындағы ірі масштабты селекцияны іске асыру арқалы малдың және құстың генетикалық потенциялын жоғарылату;

        • тұрақты жем базасын жасау, малды толық бағалы және баланс жасалған жеммен тамақтандыру, ол үшін мал азықтық егіс алқаптарын көбейту, мал азақтық тұқым себу айналымын еңгізу, жайылымдарды және шөп шабуды рационалды түрде пайдалану;

        • мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру процестерін қолдау, оны өнеркәсіптік негізге айналдыру;

        • жаңасын салу және қолда бар мал өндірістерінің қуатын қазіргі технологияларға негіздей отырып өсіру.

        • мал өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіру.

Осыған байланысты, бұрын ауданда болған мал азықтық заттарды, макарон өнімдерін өндіруді қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру дұрыс болады.

Өсімдік шаруашылығы шығыны жоғары жер өңдеу аймағында тұрғанымен, өсімдік шаруашылығындағы артықшылық суармалы жер өңдеуді қайта қалпына келтіру болып табылады.

Қазіргі уақытта, Аралдың Қазақстандық бөлігінде Сырдария өзенінің ағысын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау, «Фаза-1» жобасын жүзеге асыру аяқталды, жобаның екінші фазасын жүзеге асыру басталды. Осы жобаны іске асыру Арал ауданында балық кластерін жасауға мүмкіндік берді, оның компоненттері төмендегідей:

        • көлдер жүйесін суландыру, балық қорларын қорғау және тиімді пайдалану, балық питомниктерін;

  • көбейту;

        • өнеркәсіптік аулау және балық өнімдерін қайта өңдеу, дайын өнімді сату бөлімдерін ашу;

        • шыны пластикалық қайықтар жасау;

        • ғылыми потенциалды кадрларды дайындау.

Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет аудан территориясы арқылы өтетін автомобиль және теміржол жол торабтарын дамыту, тасымалдың инфраструктурасын дамыту. Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар, осы бағдарлама соларды шешуге бағытталған. Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық-техникалық базаның әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс, оны дамытуға, жетілдіруге және нығайтуға, жаңа обьектілер салуға бюджеттік қаржыландыру көлемі қысқартылған. Балалар үшін әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер торабы дамытылмаған.

Жыл сайын аудан тұрғындарының мәдени және ақпараттық талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсіп келеді. Мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Ауыл клубтарының басым бөлігі жаңадан салуды және күрделі жөндеуді қажет етеді. Кейбір ауылдарда клубтар жоқ. Ауданның коммуналдық шаруашылығындағы мәселелер шиеленісе түсуде.

Тұрғындар есебінен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлем ақы төлеу осы саладағы құрылымдық өзгерістерге жалғасып жатқан жоқ, көрсетілетін қызмет сапасы төмен, негізгі қорлар маңызды түрде жаңартылмайды. Салада ресурстарды тұтыну және баға құрудың механизмдік шығындары жалғасуда, энергиялық тиімді ресурстарды қорғаушы моделдер өте жәй еңгізілуде.

Ауданның еңбек рыногы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыногындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның кәсіптік-техникалық мектептеріндегі материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы. Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары.

Болашақта жұмысшы күші тапшылығы туындайды деген болжам бар, әсіресе техникалық мамандар сұранысына байланысты. Ірі экономикалық міндеттерді шешуге және ауданда инновациялық процестерді дамытуға ғылыми потенциал толық шамада қатыспайды. Нақты өнім шығаруға экономиканың бағытталуы өте әлсіз. Аудан экономикасы құрылымдарының жоғары диверсификациялануына қарамастан өнеркәсіпте шикізат салалары басымды роль атқарады, олар аралық өнімдерді шығарады. Электроэнергетика үлесі өте жоғары, оның өнімдері шикізат және тұтыну тауарлары арасындағы аралық жағдайда.

Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі өте аз. Ауданның қалаласы және елді мекендеріндегі 1000 адамға кіші кәсіпорындардың саны бойынша және жергілікті бюджеттен түсетін салық түсімдері үлесіндегі үлкен дифференциация сақталуда.

Көліктік қызметтерге, электроэнергияға, жер және үй арендасына тарифтерді өсіру жағымсыз жағдайларды туындатады. Банктердің несие ресурстарын көптеген кіші кәсіпорындар ала алмайды.

Ауданда автожолдардың қанағаттанғысыз жағдайда. Автомобиль жолдары бойынша аудан орталықтарымен байланысы жоқ ауылдық елді мекендер бар. Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады. Ауданның оқу орындарында еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды жеке кәсіп бойынша дайындау жеткіліксіз немесе мүлдем жоқтығына байланысты қиындықтар бар. Негізінен бұл ауылшаруашылық мамандары.

Ауданның туризм қарымының қолайлы факторларының болуына қарамастан Арал ауданының туристік рекреациондық кешенінің бірегей мүмкіндіктері жеткілікті шамада пайдаланылмай отыр.

Туризм құралдарының материалдық базасын орналастыру және басқа инфрақұрылымдары жетілдіру мен дамытуды қажет етеді. Сыртқы және ішкі туризм әлсіз дамыған. Ақылы қызметтің жалпы көлеміндегі туристік-саяхат қызмет үлесі жоқтың қасы.

Арал өңірінде шешілмеген экологиялық қиындықтар жеткілікті: Арал теңізінің кебуі, топырақтың эррозияға ұшырауы, жердің шөлейттенуі мен азуы, судағы минералды тұздар мазмұнының жоғарылылығы, су ресурстарының ластануы және тартылуы т.б. Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі, Арал теңізінің кебуі, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағармай сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.

Аудандар дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы оның дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуындағы шектеулер мен мүмкіндіктерді анықтайтын SWOT талдауда көрінеді.

Күшті жақтары:

  1. Ауыл шаруашылығын дамытуда қолайлы-климаттық жағдай жасау;

  2. Азия өңірі, Таяу және Орта Шығыс пен Еуропа мемлекеттері арасын байланыстыратын транзитті теміржол және автомобиль көлігі бағыттары үшін тиімді географиялық орналасуы;

  3. Пайдалы құрылыс материалдары өндірісін, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін пайдалы қазба және минералдық ресурстар, жергілікті шикізаттық кен орындарының байлығы;

  4. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің сансалалығының жоғары жеткілікті дәрежеде дамуы;

  5. Экспорттық бағдарланған өндірістің болуы;

  6. Еңбек ресурстары, өнеркәсіп, құрылыс инженерлік-техникалық саласы мамандарын және т.б. көпсалалы мамандарын дайындау бойынша жоғары оқу орындарының барлығы;

  7. Назар аударарлық тарихи және мәдени құндылықтардың бар болуы, флора және фауна байлығы;

  8. Кіші және орта бизнес секторын дамыту;

  9. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы;

  10. Қолайлы инвестициялық климат;

  11. Өндіріліп жатқан өнімнің техникалық қауіпсіздігін реттеуді талап ету;

  12. Электр энергиясына деген сұраныстың тұрақтылығы;

  13. Қайта жаңғырған электр энергиясы әлеуетінің артуы;

  14. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрақты түрде республикалық, облыстық және аудан бюджеттерінен қаржыландыру;

  15. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің артуы және жандануы;

  16. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсететін түрлі қызмет орындарының жұмысын ретке келтіру;

  17. Бос жұмыс орындарын жәрмеңке өткізу.

Әлсіз жақтары:

  1. Халықтың әлеуметтік-маңызды ауру түрлерімен жоғары деңгейде сырқатануы;

  2. Сапалы ауыз сумен аз қамтылуы: Арал ауданында–27 (47,4% жалпы елді мекен саны);

  3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін төмендету;

  4. Төмен деңгейлі инфрақұрылым саласы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, трактор паркі мәшинелерінің тозуы;

  5. Жоғары қарқынды ана мен бала өлімі, кәсіби біліктілігі бар кадрлар және медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігінен, әсіресе ауылдық жерлерде;

  6. Шет қалған аймақтардың жүйелі түрде дамуының тұрақсыздығы;

  7. Аудандағы энергоресурстар тапшылығы;

  8. Су құбырларының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жылу тораптарының мерзімді пайдалану және капитал салымының жетіспеушілігі;

  9. Әлеуметтік сала көрсеткішнің төмендігі, жекелеп айтар болсақ: аурухана, балабақшалар, мектептер, спорт клубтары, санаторийлер жетіспеушілігі;

  10. Аграрлық сектордағы ұсақ тауар өнімдерінің басымдығы;

  11. Арал қаласында бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейде болуы;

  12. Туристік инфрақұрылымның дамымағандығы;

  13. Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейлілігі;

  14. Жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  15. Монополияландыру;

  16. Ескірген және тозған технологиялар;

  17. Анти-бәсекелестікте келісілген әрекеттің болуы;

  18. Желілік шаруашылық дамуының жеткіліксіздігі, электр беру желілерінің өткізгіштік қабілетінің шектеулігі;

  19. Генерациялау жабдықтарының тозуы;

  20. Капитал сыйымдылығы;

  21. Электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының жоқтығы;

  22. Жастар саясатын дамыту бойынша жастардың өзінің тарапынан бастамалар деңгейінің төмендігі;

  23. Жастар қоғамдық ұйымдарының арнаулы ғимараттарының жоқтығы;

  24. Жастар қоғамдық ұйымдарының техникалық базаларының әлсіздігі;

  25. Жастарды дайындау біліктілігі мен кәсібиліктің төмен деңгейлігі;

  26. Қала және ауылдық жерде жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатер:

    1. Көрші мемлекеттер мен басқа өңірлерден қуат көзі мен су жабдықтарына тәуелділіктің күшеюі;

    2. Ішкі және сыртқы нарықты импорттық тауарлар пайдасына жоғалту, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

    3. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша заманауи қуаттылықтың жоқтығына, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгуге, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің төменгі деңгейіне байланысты экологиялық жағдайдың нашарлауы;

    4. Арал теңізінің құрғауы, кәсіпорындар қалдықтары мен көлік құралдарынан атмосфераға бөлінген ластаушы заттар салдарынан эпидемиялық жағдай нашарлап, экологиялық қауіп-қатер туындауда;

    5. Ауданның минералды-шикізат қорын үнемді пайдаланбағандықтан, таусылуы қауіпі туындауда;

    6. Энергия тапшылығы;

    7. Жастардың енжарлығы;

    8. Бағдарламалардың жеткілікті қаржыландырылмауы, мамандар тапшылығы;

    9. Жастар саясаты саласында уәкілетті органның болмауы.

Мүмкіндіктер:

  1. Ауданның энергетикалық тәуелсіздігіне энергияның балама көздерінің (жел, күн) жаңа энергетикалық қуаттылықтарын құру жолымен көз жеткізу;

  2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлік-логистикалық терминал құру;

  3. Кластер қалыптастыру және дамытуға жағдай жасау, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;

  4. Ауданның жоғары транзиттік потенциялын, теміржол, автомобилді көліктері арқылы халықаралық көлік дәлізіне ену мүмкіндіктерін пайдалану;

  5. «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ базасында ауданның экономикалық және экологиялық қиындықтарын шешуге ықпал ететін техно парк, бизнес-инкубатор жасау жолдарымен инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;

  6. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғатты дұрыс қолдана білу әдістерінде, табиғи кешендерді қалпына келтіру және алдын-алуда жаңа технологияларды қолдану;

  7. Туристік инфрақұрылымның дамуы, соның ішінде экотуризм саласы, зиярат және аңшылық туризмі салалары;

  8. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің, құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігін артыру;

  9. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту;

  10. Электр энергиясының генерациясы саласында баға құрылымының жаңа механизмін ендіру;

  11. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

  12. Жастар қоғамдық ұйымдары жайлы Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау;

  13. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесе әрекет ету;

  14. Жас азаматтардың өмірлік мәселелерді шешуде әлеуметтік-құқықтық қорғау және жанұя институтын нығайту,

  15. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.