- •Диплом жұмысы
- •Диплом жұмысы
- •Мазмұны
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •2.Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
- •2.1 Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
- •2009-2011 Жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өзгеру серпіні
- •Арал ауданының әкімшілік аймақтарының жалпы сипаты
- •3.Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен тәуекелділіктері
- •3.1 Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұсыныстар
- •2.3 Арал өңірі аудандарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігі, қауіп катерлердің кешенді сипаттамасы
- •3.1 Арал өңірі аудандарының болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қиындықтары
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •1.2.Арал өңірі халқының денсаулығы және оны әлеуметтік қорғау
- •1.3.Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды оңалту мәселелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Арал өңірі аудандарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігі, қауіп катерлердің кешенді сипаттамасы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының кешенді сипаттамасы, өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT –талдауда көрсетіледі.
Күшті жақтары (S) |
Әлсіз тұстары (W) |
1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-климаттық жағдай; 2.Теміржол, және автомобиль көлігін пайдаланатын азия өңірі, Жақын және Орта Шығыс және Европа мемлекеттерін байланыстыратын транзиттік маршруттар үшін географиялық тиімді жағдай; 3. Өнеркәсіптің бірқатар салаларын дамыту үшін жергілікті шикізаттардың, минералды ресурстарға және пайдалы қазбаларға бай кең орындарының бар болуы; 4. Жергілікті дамыған ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндірістер. 5. Көңіл аударарлық тарихи және мәдени орындардың болуы, өсімдік және жануарлар дүниесінің байлығы; 6.Туристік қызметті дамытуға үлкен мүмкіндіктері, өйткені Байқоңыр кешені, Қорқыт ата және тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті; 7.Шағын және орта бизнес секторының дамуы; 8. Қолайлы инвестициялық климат; 9.Электр энергиясына тұрақты сұраныстың болуы; 10.Әлеуметтік маңызы бар жобалардың республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттер деңгейінде тұрақты қаржыландырылуы; 11. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсету бойынша әртүрлі қызмет орындарының қызметтерін ұйымдастырудың жолға қойылуы; 12. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы. |
1.Өндіріс құрылында айтарлықтай теңгерімсіздіктің болуы-тау кен өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсітінен басым болуы; 2.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, машина-трактор паркінің тозуы. 3. Ауылдық жерлерде кәсіби біліктілігі бап мамандар мен медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі; 3.Халықтың арасында әлеуметтік-маңызды аурулар деңгейінің жоғарылығы. 4. Аудандарда энергоресурстардың тапшылығы; 5. Әлеуметтік бағыттағы көрсеткіштердің төмендігі, аудан бойынша бала бақшалардың, алдын алу, сауықтыру мекемелерінің жетіспеушілігі; 6.Аграрлық секторда майда шаруашылық өндірістерінің көп болуы; 7.Мал басының едәуір бөлігінің жеке қорларда болуы, бұл саланың дамуына теріс әсерін тигізуде; 8.Бизнестің инновациялық белсенділігі деңгейініңе төмендігі; 9.Шағын бизнестің белсенділігінің және оның ауданның экономика саласына және әлеуметтік салаға қосқан үлесінің жеткіліксіздігі; 10.Техникалық маман кадрлардын және ауыл шаруашылығында жұмыс істеу үшін мамандардың жетіспеушілігі; 11.Туристік инфрақұрылымының дамымауы; 12.Электржелілік шаруашылықтардың жеткіліксіз дамуы, электр тарапынан желілердің өткізу қабілетінің шектеулігі; 13. Жастар саясатын дамыту жөнінде жастардың өзінің инициативі деңгейінің төмендігі; 14.Жастардың кәсіби деңгейі дайындығының және біліктілігінің төмендігі. 15.Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлығы. |
Мүмкіндіктер (OT) |
Қауіп-қатер (T) |
1.Жаңа энергетикалық өндірістер, энергияның балама көздерінің құрылысың салу (жел, күн) арқылы өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін алу; 2. шағын кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту үшін көліктік-логистикалық орталық құрылысын салу; 3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кластерлерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдайдын болуы. 4. Ауданның транзиттік жоғары әлеуетін, темір жол, автомобиль көлігі жолдары арқылы халықаралық көлік коридорына кіру мүмкіндігін пайдалану; 5.««Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы базасында өңірдің экологиялық және экономикалывқ мәселелерін шешуге ықпал ететін технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру арқылы инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту және қалыптастыру; 6. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғат пайдалануды басқару тәсілінде және табиғат кешеніндегі кұлдырауды болдырмау және қалпына келтіруде жаңа технологияларды пайдалану; 7. Замануи туристік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризм, мінажат ету туризмін дамыту; 8. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру; 9. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік салаларында шағын және орта бизнесті дамыту; 10. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу; 11. Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, отбасы институтын нығайту, олардың өмірдегі мәселелерін шешуге ықпал жасау; 12. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту. |
1. Аудан өңірлерінің қуат көздерін және сумен қамтамасыз етудегі байланыстылығын күшейту; 2. Импорт тауарларының пайдасына, азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп-қатеріне ішкі және сыртқы рынокты жою; 3. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша замануи қуаттылықтың болмауы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің болуы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің деңгейінің төмендігіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы; 4. Арал теңізінің құрғауы, атмосфераны ластайтын заттардың көлік құралдарымен және кәсіпорындармен залалды заттардың шығарылуы салдарынан экологиялық кауіпсіздікке қауіп-қатердің төнуі; 5.. Энергия тапшылығы; 6. Жастардың енжарлығы. 7.Жаһандық азық-тұлік қауіпсіздігіне төнетін қатер; 8.Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік; 9.Судың тым тапшылығы; 10.Табиғи ресурстардың сарқылуы; 11.Әлеуметтік тұрақсыздық;
|
Арал өңірі аудандарының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру кезенінде 10 мемлекеттік бағдарламалар қолданылады.
«Экономикалық даму» бағыты бойынша іске асырылады:
-Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған «Үддемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы .
-«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы .
«Әлеуметті даму» бағыты бойынша іске асырылады:
- «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім даму» бағдарламасы.
-«2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
- «2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы.
- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы
«Инфрақұрылым кешені» және «Ауылдық аймақты дамыту» бағыттары бойынша іске асырылады:
-«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдармасы.
-«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы .
-«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы.
Сонымен қатар бағдарламаны іске асыру мақсатында «Өңірлік дамыту» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту-2020 »,
