- •Тарихи-танымдық зерттеулер
- •Isbn 5-7667-4642-3 © Әнет баба, 1997
- •Шежіре баян.
- •Еңлік-кебек
- •Әнет баба әңгімелері
- •Әнет бабадан қазыбектің ақыл сұрауы
- •Абайдың іңісі
- •(Қараңыз: ііІәкәрім. Жолсыз жаза. А., Жалын, 1988.16- 17-б. ).
- •Қожырау кезең
- •Әнет баба
- •Ескі би сөзі — байшөгел
- •Құнанбай қажы
- •Абайдың “құдасы” әнет әнияр кім?
- •Әнет бабадан әнуарға дейін
- •Әнет баба (1628-1725)
- •Тобықты шежіресінен
- •Мазмұны
- •«Қағанат — қс» Ғылыми-мәдени орталығының президенті Бейбіт қажы Сапаралы
Шежіре баян.
Тобықтының үлкен баласы Расыптіктің үш баласы — Мұсабай, Көкше, Дадан және Мұсабайдың Үйсінге берген қызынан туған жиені: Құлық. Және жоғарғы Жуантаяқ атанған Дәулеттік осы бесеуін — бес атаның ұлы Тобықты — бес жан Мұсабай дейді. Көкшенің екі баласы Топыш, Томан. Топыштың екі баласы — Башы, Шобан. Томанның екі баласы — Қаракөшек, Балтай. Шобанның алты баласы — Надир, Берет, Әлім, Жасыбай, Қарабақан, Торабай.
Даданың үш баласы — Есенбакты, Дәулетбақты, Ақсақ. Есенбақтының екі баласы — Манас, Танас. Манастың үш баласы — Базарқұл, Кенжебарақ, Тоқал. Дөулетбақтың екі
баласы — Айбескі, Қалдау. Бұл Дадан Тобықты. Қарқаралы
уезінде екі болыс ел, өзге тобықты Семейполат уезінде бес болыс ел.
Жоғарғы Мүсабай бидің екі баласы — Толон қожа,
Сүйір бас. Бұл Толон қожаны Арғынның бір жақсы кісісі мына бір жаман Тобықты дегендіктен, өзі де, тұқымы да Жаман Тобықты атанды. Сол Толон қожаның екі баласы —
Биянай, Шегір. Биянайдың екі баласы Еспентай, Елібай,
Еспентайдың екі баласы — Текебай, Елібай. Елібайдың баласы — Мұғал. Мұғалдың баласы — Жөкнек. Мұның төрт баласы — Наз, Нұрке, Берке, Ожар.
Жоғарғы Шегірдің баласы Бейбол және Шегірдің қыпшакқа берген қызынан туған жиені Жүзбейнет.
Байболдың баласы Бораншы. Оның төрт баласы — Есболат,
Алмамбет, Айғана, Абыл және асыранды баласы Есім.
Есболаттың асырап алған баласы Қайыпберді. Оның төрт баласы Қошқар, Сеңгір, Бегей, Тегзан. Алмамбеттің екі баласы — Қадір, Топик. Айғанның екі баласы Игілік, Ораз...
Жоғарғы Мұсабай бидің бір баласы Сүйірбастың үш баласы Орыс, Қаржау, Сарының бәйбішесінен екі баласы Мәмбетай, Үмбетай және Тұрсын ханның қызы Коңырбикеден туған екі баласы: Мәмбетсопы, Кішік, Мұны тілі келмей Көшек дейді. Қожабергеннің екі баласы Бөкпембет, Жапал, Мәмбетайдың үш баласы Тәңірберді, Тасболат, Байғазы. Тәңірбердінің бәйбішесінен Базар, Сағындық, бір қатынынан Шақар. Ең кіші қатынынан — Тосбай, Төлек.
Жоғарғы Мәмбет сопының екі баласы Боранбай, Қабас. Боранбайдың екі баласы Жұмағүл, Қожан. Жұмағүлдың алты баласы — Мамай, Мырза, Баян, Беген, Ырысбай, Мамай. Тобықтыны Ордың қара ағашынан осы жерге шейін бастап келген Мамай батыр еді.Жоғарғы Кішіктің бәйбішесінің екі баласы — Сәнкімұрын, Бәйімбет. Тоқалынан екі баласы Әнет, Әйтек. Әнет бабаң атанып “Жеті жарғы” деген бидің бірі болған және Сырдан ауғанда “Ақтабан шұбырындыда” 97 жасында жүре алмай қалған осы Әнет бабаң еді. Сөңкімүрынның үш баласы — Байғара, Құлғара, Атығай. Байғараның үш баласы Қонысбай, Кенбай, Аршабай. Құлғараның баласы Жанбай.
Атығайдың баласы Бұғыбай. Оның екі баласы Байтөбет, Соқырша. Жоғарғы Бәйімбеттің баласы Таңатар, оның үш баласы Сақ, Тоғалақ, Сақұлы. Сақтың бес баласы Әлімбет, Жолымбет, Есенкелді, Жарқын, Сазан және қызынан туған керей жиені Шикі. Тоғалақтың алты баласы - Есенаман, Еңсе, Балта, Тойте, Қойкелді, Тайсоймас, асырандысы Серкебай, Ойсын, Ойсынның баласы Бұлақбай.
Жоғарғы Әнет бабаның бәйбішесінің, баласы “Ақтабан шұбырынды” болатұғында калмақтың оғынан өліпті. Соның өзгесінен ол жақта нәсіл калғаны мағұлым емес. Мұнда сол бәйбіше баласы Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен.
Соның Балуанынан тұқым жок. Бақайдың үш баласы Құрманбай, Жарылқап, Таққожа. Құрманбайдын баласы Бәйімбет. Оның баласы Тулақбай. Жарылғаптың екі баласы Шағырбай, Сасықбай. Сасықбайдың екі баласы Отыншы, Керейбай. Шағырбайдың екі баласы Қарабас, Жұртбай, Таққожаның баласы Көбеген. Оның баласы Дүйсембай осында. Өзгесі түгел Белағаш елінде. Әнет Бабаның бір қатынынан Жаубасар. Оның екі баласы Өтеғұл, Маң. Өтеғұлдың үш баласы Жұрынбай, Тоқпан, Сыдық. Маңның екі баласы Ақбай, Түяқ және Әнет Бабаның кіші қатынынан Есболат, Шақа. Есболаттың екі баласы Байгел, ІІІабан, Шақаның үш баласы Айтуар, Тәуке, Бостан.
Жоғарғы Әйтектің бәйбішесінен — Олжай. Тоқалдан Байбөрі, Қалқаман, Мәмбетайлардан бір Мамыр деген қызды алып қашып алып, сол тақырыпты садақпен атуға бұйырылып, садақ қара санына тиіп өлмей калған Әнет Бабаңа өкпелеп Бұхара маңындағы елге барыпты. Тұқымы бар деп естиміз. Мұныменен туысқан Байбөрі-Бәкең атанып, оның нәсілі мұнда жүз үйдей бар. Байбөрінің төрт баласы Шотқара, Досақ, Өтеген, Байдәулет. Шотқараның үш баласы Байсары, Маңғыт, Байша және жиендері Тағыбай, Жаңабай, асыранды Жамбы, Досақтың екі баласы Татыш, Сандық. Өтегеннің екі баласы Күнтұған, Сары жөне жиені Байғұтты, Байдәулеттің нағыз екі баласы Бақтыбай, Тоғұлы. Асыранды екеуі Мұрасыл, Есенбек.
Жоғарғы Олжайдың үш баласы Айдос, Қайдос, Жігітек, Қайдостың баласы Бөкенші, Борсақ. Бөкеншінің алты
баласы Байгөбек, Жангөбек, Жанғабыл, Жанақ, Тұмарбай, Куандық. Борсақтың бес баласы Егізбай, Сегізбай, Жазыбай, Қазыбай, Алма. Жігітектің бәйбішесінен Кеңгірбай би, Сеңкібай. Қабекең атанған осы Кеңгірбай еді. Жігітектің тоқалдарынан Түлкібай, Қарсақбай, Күзенбай, Жолымбет.
Жоғарғы Айдостың төрт баласы Ырғызбай, Торғай, Топай, Көтібақ. Торғайдың бәйбішесінен Жабағы, Құлыншақ, бір қатынынан Мендібай, және бір қатынынан Серік. Асырандылары Құттығұл, Самылтыр. Топайдың балалары Бүркіт, Жанболат, Бекболат, Бектас, Жантас, Бабын, Тасболат Нашын атанды және Қуат Көтібақтың бір қатынынан Әйти, Қодас, бір қатынынан Шығанбай, Әуек, Үрпек, бір қатынынан Боранбай және кіші қатынынан Тоқсанбай, Сексенбай, Алпысбай және жиені Қуат.
Жоғарғы Ырғызбай біздің төртінші атамыз һәм Абылай ханмен жолдас болған кісі оның төрт баласы — Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар. Жоғарғы Кеңгірбай бидің орнына Өскенбай би болган. Оның бәйбішесінен біздің үлкен атамыз Құнанбай қажы марқүм жалғыз. Оның үлкен қатынынан менің әкем Құдайберді марқұм жалғыз еді.
(Шаһкәрім қажы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. “Жұлдыз”, 1991 ж. N1, 89-90-б. ).
Мұхтар ӘУЕЗОВ
