Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әнет баба шежіресі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

Абайдың іңісі

Шәкәрімнің үш поэмасы да (“Қалқаман — Мамыр”, “Еңлік — Кебек”, “Нартайлақ — Айсұлу”) ескі қазак тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих — фон ғана, автордың бас назар аударғаны — әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда, “Калқаман - Мамыр” лиро-эпикалық жырға бейім. “Еңлік - Кебек” әлеуметтік дастан, ал “Нартайлақ — Айсұлу” махаббат драмасы дер едік.

“Қалқаман — Мамыр” 1912 жылы Семейде, “Жәрдем” серіктігінің баспасында басылып шыққан. Нақты жазылған уақыты белгісіз. Өз ізбасарларының творчествосын жіті қадағалап отырған Абайдың “Калқаман Мамырды” оқығаны, пікір айтқаны турасында ешқандай дерек жоқ. Әйткенмен, поэма екі ғасыр шектескен межеде, ақын

ағаның көзі тірісінде туған сияқты. Шәкәрім шығарманың бас кейіпкерлерінің бірі — ел тұтқасы ғұлама қарт Әнет Бабаның қиыннан жол таппай, шалдыққан сәтін сипаттай отырып, оны Абай тағдырымен салыстырады: “Мәселен, көз алдында тұрған жоқ па, — Қойдындар Абайға да не қылғызбай!”. Рас, поэма алғы сөзінде Шәкәрім: “Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым”,

деп жазады. Бұл арада кітаптың басылған жылы туралы айтылып отырғаны андалады. “Еңлік—Кебек”те (“Жолсыз жаза”) сол баспадан, сол 1912 жылы жарық көреді. Бұл поэманың “Қалқаман — Мамырдан” соң туғанын автордың өзі ескертеді. Ал, “Нартайлақ — Айсұлу” аталмыш екі поэмадан соң, тіпті беріде, 1929 жылы ноябрьде жазылған. Бұл шығарма біздің заманымызға қолжазба қалпында жетгі. (Ескерте кетейік: “Нартайлақ—Айсұлу” — Шәкәрім атын ақтай алмайтын, өте әлсіз шығарма).

(Қараңыз: ііІәкәрім. Жолсыз жаза. А., Жалын, 1988.16- 17-б. ).

Мұхтар МАҒАУИН, Қазақстанның халық жазушысы.

Қожырау кезең

... Петр Бірінші патша тұсында шығыстағы жаулаушылық саясатын жаңа арнаға түсірген Ресей Әз-Тәуке хан заманында да ауыр жорық жолын емее, бөлшектеп жалмау тәсілін қолданыпты. Бірақ Қазақ Ордасы тұтас тұрғанда мұнысынан нәтиже шықпайды. “Түріктің сұлтаны мен қызылбастың шахынан менің қай жерім кем? Ешбір кемдігім жоқ!” — депті Әз-Тәуке 1694 жыл Түркістанға келген орыс елшілеріне. Ордалы жұрт ешқандай зорлыққа көнбейтінін, ешкімге бас ұрмайтынын ашып айтқан.

Әз-Тәуке ханның өз заманындағы және бұрынғы-соңғы қазақ тарихында ең үлкен еңбегі — “Жеті жарғы” аталатын заң жүйесі.

6-003

Арыда Шыңғыс ханның “Жасақ” деген үлкен үлгілі заң жинағы болды. Алтын Орда заманында, ескі негізде, жаңа жағдайға сай Өзбек ханның, Едіге бидің низам жүйелері қабылданды. Қазақ Ордасында Қасым ханның “Қасқа жол”, Есімханның “Ескі жол” деп аталатын, мемлекеттік құрылым жайы, ішкі тәртіп, дәстүр-салт, әдет-ғұрып жөне баяндалған ұлттық заң жинақтары болғаны мәлім.

Әз-Тәуке ханның “Жеті жарғысы” сол ежелгі жора тұрғысында жасалған, бірақ жаңа заман, жаңа ортаға икемделген айрықша мәнді құжат болды. “Жеті жарғы” ұлыстың береке-бірлігін сақтауға бағытталған негізгі заң ғана емес, қоғамдық топтар, жеке адамдар арасындағы қатынасты, мінез-қүлық ережелерін негіздеген бірден-бір нұсқа, ұлттық сананың, мемлекеттік сананың көрінісі болды.

Әз-Тәуке ханның ішкі саясаты тұрасында жанама дерек, мәліметтер негізінде ғана белгілі бір түсінік алуға болады. Мемлекеттік орталықтандыру ісін күшейтіп, өзінің жеке әкімін арттыру мақсатында Әз-Тәуке ақсүйек-төре әулетін саясаттан шеттеуге тырысады.

Біздің байыптауымызша, Қазақ Ордасының бұған дейінгі тарихында хан билігі қашанда күшті болған. Ұлыс біртұтас. Төре әулеті — ел ұстағандар сұлтандар бодан жұрты қаншама мол болса да, бұра тартпаған. Мәселен Қасым сұлтанның қуаты да, беделі де артық бола тұра Бұрындық ханды ұлық тұтуы, әрқайсысы елу мыңдап әскер ұстаған Жаныш, Таныш сұлтандардьң жеке хандық құруға ұмтылмауы, Хақ-Назар заманындағы Жалым сұлтан мен Шығай сұлтанның істері, Тәуекел ханға Шағым, Есім сұлтандардың бас ұруы, Есім хан болғанда, оны Көшек сұлтанның аға тұтуы — мысал көп.

Қазақ сұлтандары бет-бетіне тартты, қазақ ешқашан біртұтас ел болмады деген байлам — ғылыми зердеден ада, иман-ұяты кем, ең бастысы қазаққа жау пиғылдығы дүмшелер ойлап тапқан өтірік. Әлбетте, қай заманда да өз тұғырын биіктеткісі келген тұлгалар болған, мәселен, Қатаған Тұрсын ханның оқиғасы; бірақ бұл — бас билікке таласу емес, дербес билікке ұмтылу, әрі тарихымыздағы шетін құбылыс. Көне түрік заманынан бері калыптасқан, билік ағадан ініге көшетін хан сайлау дәстүрі бұзылмаған

кезде Қазақ Ордасында таққа таласу тумаған. Және хан билігі айрықша құрметтелген.

Осы тұрғыдан алғанда, сұлтандардың шетке қағылуы — тосын жағдай.

Әз-Тәуке хан алты алаштың тізгінін алты биге ұстатады. XVIII ғасырдың бас кезіндегі дерек бойынша Ұлы Жүзде Үйсін Төле би, Орта жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би, Қырғызда Караш би, Карақалпақта Сасық би, құрамада Мұхамед би отырады. Сырттай карағанда өте қолайлы әрі ұтымды көрінгенімен, ақыр түбінде бұл бөліс Қазақ Ордасының біржола ыдырауына жол ашты. Сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде алты ұлысқа бөлінгеннен соңғы жерде үш жүздің аражігі айқындалды, қалған үш алаш өздерін дербес ұлыс, федерация құрамындағы жат жұрт деп сезіне бастады. Уақыт оза келе, әкімшілік жөні ежелгі арнаға оралды — үш жүздің әрқайсысының билігін төре әулеті қайтадан жеңіп алды және жаңа жағдайда өздерін хан деп жариялауға тиіс болды.

Тәукеден бұрынғы кезеңде белгілі бір сұлтанның ұлысы рулық қана емес, территориялық белгі бойынша да құралған сияқты. Мұның айқын мысалы — кейінгі тарихшылар Кіші Жүз ханы деп есептейтін Әбілқайырдың қарауында Орта Жүзге тиесілі бірталай рулардың болуы, сондай-ақ Орта Жүз ханы Сәмекенің қол астына кейбір Кіші Жүз руларының енуі; тіпті, берідегі Нұралы хан тұтас Кіші Жүзге емес, соның аз ғана бөлігіне және Орта Жүз санатындағы біраз руға билік құрды. Яғни, әуел баста Жүз толық мәніндегі ұлыс емес, бір замандағы рулар бірлестігінің көлеңке-көрінісі ғана болған. Қазақ жүздерінің ұлыс ретінде іргеленуі — Тәуке заманынан бастап өріс алса керек. Кейін хан билігі кеткен заманда туыстықты білдіретін тұрақты ұғымға айналған.

Бұрынғы, сұлтандар әміріндегі үлкенді-кішілі көптеген иеліктердің ыдырап, қайта косылып, ресми түрде үлкен- үлкен алты ұлысқа жіктелуі, ең бастысы — бұл ұлыстарда сол рулардың өз ортасынан шыққан билердің өкім жүргізуі Әз-Тәукенің әмірін арттырған жоқ. Керісінше, ханның хүкімі азайды.

Бұрын қандай да бір елдің (ұлыстың, рулар бірлігінің) басында жалпы қазаққа ортақ төре тұқымы отыратын. (Бұл

жүйенің қаншалық ұтымды, әрі өміршең екендігіне кейін, Жоңғарға қоныс аударған Абақ керейлердің Әбілпейіз әулетінен әмірші шақыртып алуы, Жайықтан Ноғай тарабына қайта өткен Кіші Жүз руларының Бөкей сұлтанды хан көтеруі, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ұлы жүзде Абылай ұрпақтарының төрелік құруы айқын мысал). Әділдігі жетпесе, биліктен айрылады, қорқау, тасыр болса, “Хан талау” дейтін заңды дәстүр бойынша жазаға тартылады. Көне замандардан қалыптасқан: “Түріктің қағаны халықтың қамын ғана ойлайды”, деген үғым- түсінік қазақтың барлық төресіне қатысты болатын: әрі нұсқау, әрі аманат, міндет.

Ә

і

з-Тәуке ежелгі дәстүрді бұзды. Билікті биге берді. Нәтижесінде ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен, үлкен саяси күшке айналған билер уақыт оза келе өзі ортасынан шыққан рудың, ұлыстың мүддесін көбірек күйттейтін болды, хан жарлығын жүре тыңдайтын болды.

Жауынгер сұлтандар ұлыс тұтқасынан алыстағаннан соңғы жерде Қазақ Ордасының әскери қуаты күрт кемігені байқалады.

Әлбетте Әз-Жәнібек ханның бүкіл Қазақ Ордасын иығымен көтерген арыстан тоғыз ұлы Тоғым ханның сол Орданың болашағы жолында қаза тапқан қабылан тоғыз ұлы сияқты, ақылына қайраты мен жүрегі сай өзгеше тұлғалар сирек туады. Төренің бәрі тегіне тартпайды. Сондай-ақ қазақтағы “қарадан хан шықты” деген сөздің де өзіндік мағынасы бар. Бірақ тектінің бәрі, біліктінің бәрі мансапқа жете бермейді.

Тәуке хан Қазақ Ордасында соңғы тыныштық жылдарда калыптасқан әлеуметтк ауқымға ресми түрде рұқсат берген болуы да. Онда бұл — күрессіз, талассыз жүзеге асқан, әміршінің орталық өкіметті нығайту, сол жолда болашақ үміткерлердің алдын кесу турасындағы жаңсақ ұғымымен орайлас келген, саналы, қалаулы шешім, қапыл іс.

Қайткенде де Тәукенің жүгі ауыр еді. Орданы бұлғақ жайламаса да, ежелгі бірлік азайған, калыпты билік те кеміген. Рубасы ірі феодалдардың, мал байлығымен немесе ағайын-туыстың көптігімен үлкен қуатқа жеткен шон- жарлардың хан ықтияарына көне қоймайтыны туралы деректер сақталған. Бұл — Тәуке хандығының 15-30-жылдары; сыртқы соғыстағы ауыр жеңілістерден соң,

ұлыстағы бас қолбасы болып есептелетін ханның бар беделден айрылуының нәтижесі.

Рас, бұған керісінше, Қазақ Ордасының сырттай болса да тұтастығын жоғалтпауы — Тәукенің беделі мен білігінің арқасы деп пайымдайды көпшілік зерттеушілер. Солай дейік. Бірақ талассыз ақиқат бар: кемеңгер әмірші болмасты болдырып, қисынсызды қиыстыруы керек. Көсемге жүктелер міндет өзгеше. “Ханда қырық кісінің ақылы бар” деген ежелгі мақал — биік талаптың бір ғана көрінісі. Әмірші барды ұқсатуымен ғана бағаланбайды.

Әз-Тәуке хан тұсындағы ең үлкен ұтылыс — Қазақ Ордасының әскери құрылымы мен шаруашылық жайын төтенше ахуал, жаңа жағдайға орай жаңаша ұйымдастыру ісінің мүлде тоқырауы. Бұл жалғыз Тәукенің емес, сол замандағы бүкіл қазақ әміршілерінің бәрінің мойнындағы кінә.

Әрине, Әз-Тәуке де, ұлыста өкім жүргізген басқа шонжарлар да Жоңғар қаупін айқын сезінді, күрес қажетін, жаппай көтерілу керегін білді. Біле тұра Дүрбін-Ойратты тоқтатар ешқандай амал таппағанын көреміз.

Деректерге қарағанда, Тәуке хан сексен мың әскер шығара алады екен. Мұның өзі көтеріп айтылған сөз.

(М. Мағауин. Казақ тарихының әліппесі. А., Казақстан,

1995. 84-87-б. ).

Мерғали ЫБЫРАЙҰЛЫ,

ақын, өлкетанушы