- •Тарихи-танымдық зерттеулер
- •Isbn 5-7667-4642-3 © Әнет баба, 1997
- •Шежіре баян.
- •Еңлік-кебек
- •Әнет баба әңгімелері
- •Әнет бабадан қазыбектің ақыл сұрауы
- •Абайдың іңісі
- •(Қараңыз: ііІәкәрім. Жолсыз жаза. А., Жалын, 1988.16- 17-б. ).
- •Қожырау кезең
- •Әнет баба
- •Ескі би сөзі — байшөгел
- •Құнанбай қажы
- •Абайдың “құдасы” әнет әнияр кім?
- •Әнет бабадан әнуарға дейін
- •Әнет баба (1628-1725)
- •Тобықты шежіресінен
- •Мазмұны
- •«Қағанат — қс» Ғылыми-мәдени орталығының президенті Бейбіт қажы Сапаралы
Құнанбай қажы
... Шәкәрім қажының ғұмырбаяндық естелігінен Ахат Шәкәрімұлының айтып-әңгімелеуі бойынша, мынадай рухтағы ғажайып сырлы үзінділерді назарға тарталық.
Құнанбай елді старшын-старшынға бөлгенде, Құдайбердіге басқа баскаларынан бөлек екі дәрежелі старшын бол деп, оның теліміне 50 үй Әнет тобын, 20 үй Қарабатыр тобын бөліп берген. Бүл Әнет пен Қарабатыр топтары кедей, әл-ауқаты төмен ел болган. Бұларды Қүнанбай: “Менің іш көйлегім, шын тілектес адамдарым”,
деп қатты аяп, жақсы қоныс беріп, Құдайбердіге: “Сен осыларға басшы боласың, ренжітпейсің, бұларды мен өлген соң ренжітсең, менің әруағым күңіренеді!” — деп тапсырған. Сондықтан бұлар бізге туысқаннан артық болып кетті. Құдайберді жасынан өкпе науқасына шалдығып, сырқат болады. Балалары жас, өзі сырқат Құдайбердінің барлық шаруашылығын Әнет, Қарабатырлардың білікті, баскөтерерлері баскарады екен. Сол себепті аталған екі ата елдің жасы үлкені Құдайбердінің ағасындай, кішісі туған інісіндей күн кешіп, сый-кұрмет көрген. Құдайберді өзі өле-өлгенше бұл топтарға артық шығын тарттырған емес.
Құдайберді барлық шаруа қам-қарекетін есті әйелі Төлебикеге билетіп қоя берген. Төлебике Әнет, Қарабатырлардың нашар, жетім-жесірлеріне қатты қарайласқан. Қи оярда, соғым соярда олардың әйел-еркектерін шақыртып алып, жұмыс істетіп, қайтарында қап-кап ет, керек-жарақтарын арқалатып жібереді екен. Әрине, олар келген соң бос кайтпайтындарын біледі. Қайсысы келсе де, бірдеме дәметіп келеді. Олардан сұрағанын алып қайтады. Төлебикені Дәметкен атандырған да осы шағың қауым ғой.
... Шәкәрім: “Мені адалдық жағына тәрбиелеп, ақыл берген үлкен әкем Құнанбай!” — деп отырғанын сан естігем. Құнанбай Шәкәрімнің 27 жасында қайтыс болған.
Шәкәрім: “Мен тәтеме сәлем беріп тұратын едім. Бірақ жиі барып, қасында отыруға мүмкіндік болмады. Тәтемнің ауылы біздің ауылдан шалғай болатын. Жылына 5-6 рет барғанымның өзінде көп әңгіме айтып, ақыл беретін. Маған өз өмірінің түрлі жайттарын айтатын. Әсіресе, адалдық жағын баса үйрететін. Елге адал еңбек сіңірсең, адал болсаң, абыройлы боласың. “Елге жақсаң, қүдайға да жағасың!”, “Көпті сыйласаң — өзің сыйлы боласың!”, “Көпсіз қол жоқ”, “Көпсіз — көмусіз қалады”, “Көп тілегі — көл”, “Көпке сенген көгереді, көпті жамандаған — көміледі’’, “Адам көппен көркейеді”, — деген сияқты нақыл сөздерді айтып, “Мені екі ажалдан, екі айдаудан елім алып қалды. Елімнің сол еңбегін өтей алмай кеттім. Адал бол, Шәкәрімі Сенің екі нағашың да адал болған. “Ер тағайына тартты” — деген мәтел шын. Мен олардың адамгершілігіне, адалдығына ырза болып, құда болғам. Сенің адал болатын жөнің бар”, — дейтін. (Екі нағышы деп отырғаны — Құдайбердінің нағашысы Найман Ағанас би; екінші нағашың дегені Алдаберген — Шәкәрімнің шешесінің әкесі). Тәтем: “Көпке жақпай, адал болмай, абырой-атақ алмайсың”, — дейтін.
Тәтем өз жайын айтып, былай дейтін: “Мен абырой, атақ алу үшін — ең алдымен адалдық керек, ешкімді ала кермей, адалына болысу, кемтарға жәрдемдесу керек дегенді ертеден ойыма бекіттім. Мен жасымда Алладан былай тіледім: “Өзіме бақ бер! Бақ берсең, дәулет бер! Әкімшілікті бер! Бірақ елді өзіме қаратып алғанша, істеген жаман қылықтарымды кеш! Сол тілектерімді беріп, кемелі келтеннен кейін, ол берген бағыңды, дәулетінді, әкімшілігінді орнына жұмсай алмайтын болсам, екі аяқтың ең қоры, ең сорлысы қыл!” — дедім. Бірақ балаларымды, туысқандарымды тату-тәтті қыл деп тілемедім. Оны да тілесем, беретін еді. Сол үшін тілегімді алдым. Мен елді қаратып, ел басшысы болғаннан кейін, қате кетпесе, біле тұра қиянат жасап, арамды қолдаған, момын, жетім- жесірді жылатқан жерім болған жоқ...“
(Б.Сапаралы. Құнанбай қажы. А., Ер-Дәулет, 1995. 44- 45-б, ).
9-003
Бейбіт САПАРАЛЫ, абайтанушы
