Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әнет баба шежіресі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

Ескі би сөзі — байшөгел

Әнет баба — Әнет би заманы қадым заман. Кеңгірбай би Би Ата заманы қария заман. ЬІрғызбай би заманы өткен дәуір. Өскенбай би заманы көзден бұлбұл ұшып кеткен дәуір. Құнанбай би заманы одан беріде болған заман. Хан мен би қазақ елін билеуден мүлдем дерлік қалған заман. Би мен билер билігі шартты түрде сақталғанмен, билер соты аясы тарылған үстіне тарылып, орыс әкімшілігі соты үсті-үстіне бел алған заман. Аға сұлтан, бай-болыстар жандаралға жалтақтан, не елін дұрыс билеп-төстей алмай, не отаршыл

8-003

патша әкімшілігіне ісі мен сөзі өтпей, бүғалықта, байлауда, басыбайлықта барлыққан күй кешкен заман.

Ибраһим мырза заманы одан да өткен сорақы. Ақ патшаның билеуі мен илеуіне қазақ жері мен елі тұтастай кеткен заман. Бодандықта бұлқынған мұсылманды кәпір басқан. Бас көтерер елағалары, санасында сәулесі әшлеген ел зиялылары осы кеткен мол кеткен, үш ғасыр болмай отарлық, бес-он ғасырға ен жеткен деп қатты сасқан.

Ибраһим Құнанбайұлы бабалар жолын ұстанып би де, болыс та, бай-бағлан да болып көрген. Еш қайла, еш дауа таппаған. Көкше бетте Шоқан да ел басқарсам деп талап қылған. Зар заманның зарын шегіп көп ұзамай ол ойынталақ қылған. Торғай бетте Ыбырай да өзінше өрнек, жол іздеген. Миссионерлер уысынан он бұлқынып шыға алмастан, жастай солған ол қазақтың бет-жүзін де топырақ басқан. Шыңгыстауда Ибраһим ше?

Ибраһим би айтқан екен:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалап айтады екен сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең кыпты жоқтан қармап.

  • деп.

Ибраһим мырза тағы айтыпты:

Ескі бише отырамын бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап,

  • деп.

Ибраһим мырза алты алаштын сөзін салмақтап, тілін түзейді. Ой-зердесін жаңаша қалыптап тура жолға бағдар салады. Сөйте тұра: “Мен ескінің арты едім”, — деді. Ескіні қимағандықтан емес. Ескімен бірге болсам исі түркі тарихында атым өлмейді, сөзім өшпейді дегендіктен де емес. Ескінің ортасында туып-өсіп, есіл ескінің көл-көсір казынасына суғарылып, ескінің тілін ұстартып, ділін бекемдеп, дінін байытып ертелі-кеш еңбектенумен жаңаға жол ашқандығынан да шығар-ау?!

Ескінің көзі, ескінің арты, ескінің асыл тұяғы Ибраһим Хакім заманынан қалған сөз бар. Қазір өлі сөз, архаизм. Бірақ осыдан бір ғасыр бұрын ол сөзді шегелеп айтусыз қазақтың ешбір дау дамайы дұрыс шешілмейтін, би мен би, ру мен ру, тайпа мен тайпа, ұлыс пен жүз еш келісімге оңай мойынсұнбайтын. Ол сөз — байшөгел!

Байшөгел — ескі билер сөзі, көненің көзі. Байшөгел XX ғасырға дейінгі көшпелі қазақ халқының қадірлеп сақтап келген, кәдуілгі халықтық правода, әдет-ғадет пен ғүрып- салтта діңгекті қызмет атқарған құдіретті сөз.

Байшөгел — ғасырлар қойнауынан жеткен, сыны мен сырын сары алтындай сақтаған сөз.

Байшөгел — мағыналық қасиетімен тыңнан түрленіп, қазіргі заң мен хұқықта лайықты қолданысына ие бола алатын қайтадан тірілтуге тіленігі тұрған байырғы бабалар сөзі.

Өкініштісі сол, қанша ізденіп қарасаңыз да Қазақ энциклоиедиясы мен Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен, өзге де әдебиеттерден “Байшөгел” сөзіне түсініктемені таба алмайсыз. Казақ тілінің түсіндірме сөздігінде “Шөгел” сөзін жеке-даралан бөліп алыпты да, “он бір жыл жасаған бүркіт‑шөгел” деп аңықтама мағына беріпті (А., Ғылым, 1986. 10-том, 264-б. ).

Байшөгел сөзінің мазмұн-мағынасын жан-жақты ашып беретін қолжазбаны Ахат Шәкәрімұлының жеке архивіндегі N 20 қаттаманың 58-63 беттерінен кездестірдік. Онда Құнанбай қажы, Ибраһим Хакім, Шаһкәрімқажы заманы­нан аңыз боп сақталып кеткен атақты Әнет баба мен Кеңгірбай би, Қараменде билер жайлы мынадай хикая қысқаша баян болады.

“Баяғыда Тобықтының атақты биі ом ғұламасы — Әнет Бабаң деген кісі екен. Бұқарадан оқып, он екі фән ғылымын бітіріп келді деп Арғын Қазыбек би жастау кезінде естіп, Әнет Бабаңнан әрі қазақтың ескі жолын, шариғат жолын үйренемін деп, көшіп келіп, бір жаз қоныстас болып, ескі жол мен шариғатты үйреніп күз еліне кетерде Бабаңмен қош айтыса келіп, мына сөзді сұрапты:

  • Баба! Дүниені не бұзады? Адамшылық арды не бұзады? Күнә неден шығады?

Сонда Бабаң көп ойланып отырып айтыпты:

  • Шырағым, “АКМ” деген сөз арабша үш әріп, соны екі рет айтса алты әріп (акм-акм) болады. Сол алты әріп алты ауыз сөздің бас әріптері. Олар мыналар: айел, алтын, кек, кежір (жалқау), мақтан, мансап. Сенің сұраған үш сөзіңнің түбі “акм” деген бір-ақ сөз. Осы “акм” дегенді жаттап ал, балам! Адам осы алтауына қызығып дүниені де бұзады, ардан да, адамшылықтан да айрылады. Күнә да қылады, — депті.

— БАЙШӨГЕЛІ жоқ, “Қасаң” дауға неге бұрынғылар бір түйін шешім айтпаған? — деп Казыбек би Бабаңнан сұрағанда, Бабаң оған енді мынадай тоқтам айтылсын деген:

  • Қазақ жолы канағат. О да жолдан адаспас. “Қасаң” дау емі — шариғат. Бұған ешкім таласпас.

* * *

Дадан Қараменде би Қабекеңе (Кеңгірбайға) өкпелеп ауған себебі: Даданның Боқты деген тәуір адамының ағайыны, бір байдың қысырағын Мырза ұрлап қырып, соны сұраса тамып, әлденеше жерде сөз болып, аяғы Қабекең менн Қарамендеге барып, екеуі біріне-бірі сөзін айтып, арасында қайта-қайта кісі жүріпті. Нағыз жарыққа түсетін екі куә табылмай, ішек-қарын аршыған қатыннан шыққан деп, күмәнға салайық десе, Боқты көнбей әбден “ысқаяқ дау” болыпты. Сол тақырыпты Қабекең Байғара Кембайды Қарамендеге жұмсапты. Караменде:

  • Шын болса, желдеген тай шығар, өтірік болса, баяғы қазақтың жала жапқан жайы шығар. Батыр айғақ, бай-шоғалы болмаған даудың калай болатыны жайын Қараменде өзі айтсын, — де. Сонда Қараменде айтар;

  • Бұл Қабекеңнің күмән ал дегені ме? Не басқа жүзден келген дау емес, тым болмаса, өзге Орта жүз дауы емес, Қараменде мен Кеңгірбай Тобықтының бес тайын кағып таба алмай, күмәнға салыпты дегенге жанның бәрі күлмей ме? Онан да Қабекем өзі қақсын да, не мал, не жоқ қылсын, мен сөзді сол кісіге билеттім, — дер. Сонда сен ойланғансып отыр да:

  • Апыр-ай, би-ай! Бұрында шатасқан, антұрған дау еді. Енді екеуіңнің аранда жүріп, осы бес тай үшін өміріміз өте ме? Бұл сөзіңді айтқанда, Қабекең: “Қараменденің мұнысына рахмет, берді деп мен жұта салғаным лайық емес қой, мен өзіне бергенім берген” — десе, тағы қайта келем бе? Онандағы бітімін айтып жібрсеңіз болмай ма? Қабекем сізге берді ғой, — де. Сонда Қараменде айтар:

  • Кеңгірбай бұл сөзді маған біржола беріп отырған жоқ, оны сөз қосып, құйрығын ұстай беріп отырғанын білмеймісің, оның қасында көп жүріп, сырлас болып едің ғой? “Құйрығын ұстап мал берсе, қолыма тиді демеңіз. Алақан ашпай ас берсе, асатты ғой демеңіз” — деп, Құттыбай би айтқан жоқпа? Бұл сөзді мені сынамай-ақ өзі айтсын. Бірақ, “Қоңырды қағу кімге жөн, Өмірді қағу кімге жөн, осынымды айт”, — дер (“Өмip” — Даданның шын аты екен, оны Орманбет айтты). Сонда сен:

  • Бұл соңғы сөзіңді Қабекеме айтып бармаймын. Мұныңыз Қабекемнің өзін күмәнға ұстаған болмай ма? — де де, ол қайта сөз айтқанша, — Айтқандайын, баяғыда Қазыбек би Әнет Бабаңнан шариғат пен ескі қазақ жолын үйренем деп, көшіп келіп, біраз үйреніп, күз қайта көшерінде: “Баба, ақылынды айт, баға бер!” дегенде, “Бабаң не деп еді? Соны сұрап кел, ұмытып қалыппын, осы сөзге не айтса да мұтпай кел” деп еді-ау, — де.

Кембай Карамендеге келіп, Қабекең сөзін айтса, дәл Қабекеңнің айтады дегенін айтыпты. Үйретінді сөзге де дәл айтқанындай шығыпты да, “Соңғы сөзді айтпаймын. Бабаң Қазыбекке не депті?” — дегенде Қараменде:

— Ә, — деп тұра қалып, — Мен адасып отыр екем ғой. Бұл сөз Кембайшаның сөзі емес, Кеңгірбай сөзі екен ғой. Жауласқан жатқа айтатын бітімсіз сөзін маған айтқаны екен ғой. Көбік ауыз Боқты көнбес, көк ауыз Мырза бермес. Кеңгірбай сөзі бұл болса бұл ара қоныс болмас. Кеңгірбайға сәлем де, бұл сөзді маған берсе, мен бес тайды салауат қылдым. Ол үлкен болып қоныс алсын. Мен отау болып өріс алайын. Күндердің күнінде, көрісерге күн жақсы болсын. Алыстан іздемесін, кезең астындағы кең қақтан табар! — депті (Кең қағы — Балқаш көлі болса керек).

Бабаң: “Қазақ жолы — қанағат, о да жолдан адаспас, Қасаң дау емі — шариғат, бұған да ешкім таласпас” — деген екен. Қабекең бұл сөзді мұтқан жок, әдейі айтып отыр.

Себебі шариғатта ұрлық сияқты ауыр жазалы іске екі таза куә керек. Әйтпесе, салауат болады.

“Батыр айғақ, байшоғал” құры ғана айқын айтқан емес. Шоғалы — шөгел, шөгелі — табанды, сенімді кісі деп Абай айтқан. Боқтының күмән алмаймын дейтін себебі: ішек- карын аршыған қатынның байы — Жұмағұл, айтқан айтушым да Жұмағұл, ұрым да Жұмағұл. Айтушым айғаққа жарамаса, аузын тазалап, сөзін өтірік деп мойнына алсын. Әйтпесе, күмән алмаймын депті. Сірә, ескі жолда осындай жол болса керек-ау... “

Міне, байшөгел сөзінің бірнеше қатпарлы мән-мағынасы ой-санада жамырап көрініс беріп шыға келді. Байшөгел дегенде Ибраһим Хакім үғындырғандай Шоғал — шөгел, демек табанды, сенімді кісі. Табанды сенімді куәгер. “ Батыр айғак, байшоғал” тіркесі де тілтанушылар тарапынан тарата талдауды қажет етіп тұр-ақ.

Сонымен қатар, байшөгел — заттай айғақ, бұлтартпас белгі, тапжылтпас куә, дәйекті дәлел деген де мағынаны білдіреді. Мәселен, жер дауы бола қалған жағдайда дауласушы екі жақтың билері бір-бірімен сөз салмақтап сынасады, ұтқыр оймен, қия бастырмас қисынмен өз пайдасына мәселені шешуге тырысады. Осы кезде дау- жанжал соңы бірнеше сағат, күн, айға созылып кетіп, еш бітімі таптырмағандай болса, Төбе би, өзге билер алдында бір-бірлерінен байшөгелін сұрасады. Осындайда, қадымдағы ата-бабалар зираты, ондағы белгітас, кұлпытас, болмаса жерленген кезде қатар көмілген бір уыс садақтың оғы, киім-кешек, ру таңбасы бар басқалай да заттар, сол сияқты қазылған арық, егілген егіннің аңыз жаптары, орнатылған шығырдың орны, қыршылған қырманның ізі, соғылған бөгет, қазылған құдықтың орны, малдың қысқы көні, қойдың күзгі түнегі, тұрғызылған қарақшы, үйілген омақа белгі, отырғызылған ағаш, егілген бау-бақша, салынған үй, соғылған қыстау-қора, салынған шеген, казылған ошақтың орны, бәрі-бәрі де байшөгелге- жарайды. Байшөгелі бұлтарт-пастай болса, ауыл аралық, ру аралық, ұлыс-жүз аралық қоныс дауы, жер-су дауы, жайлау-қыстау, көші-қонға байланысты күрмеуі көп күрделі даулар өз шешуін тапты деп Төбе би тарапынан кесіле айтылады.

Әнет Баба Тәуке ханның “Жеті жарғысын” түзуге атсалысқан XVII ғасырдың соңы, XVIII ғасырдың бастапқы шенінен бері тартып, 1885 жылы мамыр айында Қарамолада бес дуан елінің билері мен құрметті адамдары, өңшең ығайлар мен сығайлар бас қосқан съезде Төбе би сайланған Ибраһим Құнанбайұлы 73 баптан (статьядан) тұратын “Ереже” деп аталатын Заң нұсқасын жазғанға дейінгі аралықта қолданыстан түспеген “Байшөгел” сөзі, орыс патшасы әкімшілік-территориялық жағынан қазақ даласын өз иелігіне толықтай қаратқаннан кейін қажеттігі болмай калып, ел жадында ұмыт сөзге айналады. Сөйтіп, байшөгел сөзімен бірге тұтастай танымдық ұғым, көшпелі халық мәдениетінің сүбелі бір қазынасы сыпырылып түсіп, өзгермелі дүниенің құрдымына біржолата сіңіп кете барады...

Дербестік алдық. Отанымыздағы саяси-экономикалық әл-ахуалды өз бетімізше сауықтыруға бет койдық. Мемлекеттік меншік жеке меншікпен белдесіп, біріне-бірі көшірілу үрдісі жалғасуда. Жалған байлар, жартыкеш мырзалар, үкімет қазынасы мен халық дәулетінен қалауынша қымқырып аяқ асты, шыт жаңа бай-бағлан, миллионер миллиардер болып шыға келгендер тексіздігін тағы танытып Жер сату мәселесіне арпалыса ауыз салуда. Сонда бабалар қаны тамған, әр уысының құрамынан жарты уыс уатылған сүйек шығар бұл қазақ халқының Жері кімге сатылмақ, кім оны меншіктемек? Бірыңғай қазақ сатып алады деген күннің өзінде оларға сеніп Жер сатуға бола ма? Тіпті толық қалыптасып үлгермеген шала байлар табының бөлендей Жерді сатып алуға, оны үрім-бұтағына мирастыққа меншіктеп қалдыруына БАЙШӨГЕЛІ қайсы?

Байшөгел бар казақтан сұралады. Байшөгел дау- жанжалға емес, бәтуалы бітім-келісімге, негізді, дәлелді кесім айтуға бастайды.

Отандық, ұлттық, ұлыстық татриоттық сезім көкіректерде мүлдем өшіп кетуге шақ тұрған мынадай сын заманда Байшөгел сөзі тірілсе, қазақ санасына сыналап сәуле түсірер ой-мүң пайда болар еді деп пайымдаймыз.

(Б. Сапаралы. Байшөгел. А., Ер-Дәулет, 1995. 3-11-б.).

Бейбіт САПAPAЛЫ, абайтанушы