Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_1_2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4 Сурет - Дайындама беттері және кесілетін қабат қимасының элементтері

Өңдеу процесінде, дайындама n (айн/мин) жиілігімен айналғанда, кесуші жүздің әрбір нүктелерінің кесу жылдамдығы (м/мин) әртүрлі болады. Есептеуге оның ең үлкен мәні алынады.

V=πDn/1000 м/мин

мұндағы D – кесу бетінің ең үлкен диаметрі, мм.

Бойлық өтпелі өңдеуде кесу жылдамдығы бір қалыпты болады, ал бүйіршектеуде, немесе қиғаш кескенде (көлденең), айналу жиілігі бір қалыпты болса да, кесу жылдамдығы ауытпалы болады, оның ең көп мағынасы дайындаманың сыртқы аумағында болады.

Беріс S - кесуші жүзінің өңделген бетке қатынасты бағытында бір мезеттегі ауысу шамасы. Беріс келесі түрде болады: дайындаманың бір айналуының берісі S (мм/айн) және минуттық беріс S =S∙n (мм/мин). Токарлық өңдеуде беріс көлденең және бойлық болуы мүмкін.

Кесу тереңдігі t – бір өтпелде кесілетін қабаттың мәні, кесу тереңдігі (t) өңделген бетке тік бағытта өлшенеді. Кесу тереңдігі беріс бағытына тік болады (4-суретті қара).

Бойлық өңдегенде

t=(D – d)/2, мм

мұндағы D – дайындама диаметрі; d – өңделген беттің диаметрі.

Дайындаманы қиған кезде кесу тереңдігі қиғаш кескіштің еніне В тең.

Кесу тереңдігі және беріс кесу процесін технологиялық жағынан сипаттайды: аспаптың орны және қозғалысы, кесу процесін қамтамасыз ету жағынан қарағанда. Бірақта кесу тереңдігі мен берістің тұрақтылығына қарамай кесу жүзінің пішініне және оның орналасуына (пландағы бұрыштар) тәуелді алынатын қабаттың қимасының ені және қалыңдығы ауыспалы болады. Қиманың ені мен қалыңдығы пластикалық және серпімді деформацияға, металдың деформацияға кедергісіне, пайда болған жылу санына және жылулықты алып кету шартына әсері тиеді.

Кесіктің ені b (мм) – кесу жазықтығында өлшенетін, кесілетін қабаттың қимасының ұзындығы (4 сурет).

Кесіктің қалыңдығы а (мм) – кесілген қабат қимасымен шектелген, кесуші жүздің белгілі нүктесі арқылы кесу бетіне жүргізілген нормальдың ұзындығы. Кесіктің ені және оның қалыңдығы жоңқаның ені мен қалыңдығына сәйкес келмейді, олардың айырмашылығы бар. Жоңқаның өлшемдерінің кесіктің өлшемдерінен айырмашылығы кесу процесінде пайда болатын пластикалық деформацияланудан туады (жоңқаның шөгуі). Кесу тереңдігі және беріс пен кесік ені және қалыңдығы арасында келесі тәуелділіктер бар:

a=S∙sinφ; b=t/sinφ

Кесу тереңдігінің беріске көбейтіндісі немесе кесік енінің оның қалыңдығына көбейтіндісі кесіктің номиналды немесе есептелген аумағын f (мм2) көрсетеді, еркінді кескенде кесік қимасының аумағы мынаған тең болады:

f = tS=ab (мм )

Еркінді емес кесу жағдайында кесік ақиқат аумағы оның нақтылы аумағынан өңделген бетте қалатын кедір-бұдырлықтың өлшемдік шамасымен айырымды болады. Кескіштің пландағы бұрыштарымен (φ, φ ), оның ұшында жұмырлану болғандықтан өңделген бетте кішкене тарақтың ұштары сияқты қалдық қалады.

Бір минутта кесілетін қабаттың көлемі (см /мин), кесіп алынған жоңқаның көлеміне тең болады:

W = VtS (см /мин)

Кескіштің бөліктері мен элементтері. Кескіш жұмыс бөлігі және бекітетін бөліктен тұрады – тікбұрышты, шаршы және шеңбер қима-сырықтан тұрады, олар негізінен кескішті білдектің ұстағышына орнатуға арналған. Жұмыс бөлігі сына түрінде болады. Оның көмегімен дайындамадан кесілетін қабат алынады. Осы қабат кесу процесінде жоңқаға айналады.Кескіштің жұмыс бөлігінде алдыңғы бетті 1 қайрайды, ол кесу процесі кезінде жоңқамен түйіседі; басты артқы бет 5 кесу бетімен түйіседі, көмекші артқы беті 3, ал өңделген бетке қаралған.Кескіштің алдыңғы және артқы беттері жазық болып келеді.

Кескіштің жұмыс бөлігінде осы беттердің қиылысуынан кескіштің жиектері пайда болады. Алдыңғы және артқы беттердің қиылысуымен – басты (6) және көмекші (2) кесу жиектері пайда болады. Көмекші кесу жиегі екеу болуы мүмкін. Басты кесу жиегі кесілетін қабаттың үлкен бөлігін өзгертеді, ал көмекші – кіші бөлігін пішіндейді (6 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]