- •Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы
- •1 Сурет - Кескіштердің білдектер түріне қарай бөлінуі
- •2 Сурет - Кескіштердің өңдеу түріне байланысты бөлінуі
- •3 Сурет – Кескіштердің жұмыс бөлігінің конструкцияларына байланысты бөлінуі
- •4 Сурет - Дайындама беттері және кесілетін қабат қимасының элементтері
- •9 Сурет - Кескіштің геометриялық параметрлері
- •10 Сурет – Кескіштің пландағы бұрыштары
- •5 Сурет – Жұмыс бөліктері және кескіштің кесу жиектері
- •6 Сурет – Бас және көмекші жиектердің жұмыстары
- •7 Сурет – Басты және көмекші жиектерінің түйісу түрлері
- •8 Сурет - Кескіштің координаттық кесу жазықтықтары
- •11 Сурет - Кескіштің негізгі кесу жиегінің көлбеулік бұрышы
- •12 Сурет - Жұмыс кезіндегі кескіш бұрыштарының өзгеруі
- •13 Сурет - кескіштің кесуші жиегінің траекториясының жайылуы
- •14 Сурет - Кескіштің төбесі центрлердің өсіне байланысты орналасатын кескіштің геометриялық параметрлеріне әсері
- •15 Сурет - α және γ бұрыштарын миз бұрышөлшеушінде өлшеу
- •16 Сурет - миз бұрышөлшеуішімен λ бұрышын өлшеу
- •17 Сурет - ун бұрышөлшеуішімен α бұрышын өлшеу
- •18 Сурет - Универсал бұрышөлшеуіш ун көмегімен γ бұрышын өлшеу
- •19 Сурет - ун-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу
- •20 Сурет – Универсал бұрышөлшеуіш ум-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу
- •1 Зертханалық жұмыстың хаттамасы
- •Бұрамалы бунақты бұрғының геометриясы
- •1 Сурет - а – бұрғылау; б – кеулей бұрғылау кезіндегі кесілетін қабат пен кесу режимінің элементтері
- •2 Сурет - Бұрғы бөлшектері мен элементтері
- •3 Сурет - Бұрғылау кезіндегі беттер.
- •4 Сурет - Бұрғының гоеметриалық параметрлері
- •5 Сурет - Кесу жиегінің әртүрлі нүктедегі бұрғының алдыңғы және артқы бұрыштары
- •6 Сурет - Цилиндрлік қималарда артқы бұрыштың цилиндрлік қималарда бұрғының жиегінде пайда болуы
- •7 Сурет - Кесу процесі кезіндегі бұрғының алдыңғы және артқы бұрыштары: 1 – жазылған бұралма сызық; 2- жазылған шеңбер
- •13 Сурет - Бұрғының артқы бұрышын координаттық әдіспен өлшеу сұлбасы
- •15 Сурет - кесу жиегінің түрлі нүктесіндегі бұрғының қайралған артқы беттерінің қисықтары
- •2 Зертханалық жұмыс хаттамасы Бұралмалы бунақтары бар бұрғы геометриясы
- •1 Кесте – Бұрғыны өлшеу нәтижелері
- •2 Кесте – Артқы бұрышты өлшеудің нәтижелері
- •Фрезалардың жұмыс бөлігінің геометриясы
- •1 Сурет – Фрезалардың түрлері
- •2 Сурет – Фрезерлеу түрлері
- •3 Сурет - Фрезерлеудегі түйіспе бұрыштар
- •4 Сурет – Кесілетін қабаттың қалыңдығы және қиықтың көлденең қимасының қосынды ауданын анықтау есептеу сұлбасы
- •5 Сурет - Фрезерлеудегі кесілетін қабаттың қимасы
- •6 Сурет – Фреза тістерінің пішіндері
- •7 Сурет – Цилиндрлік фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметрлері
- •8 Сурет – Түпбетті фрезаның пландағы бұрыштары
- •9 Сурет – Түпбетті фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметірлері
- •11 Сурет – Фрезаның бұрама бунағының көлбеу бұрышын әмбебап және маятникті бұрышөлшегіштермен өлшеу
- •1 Кесте – Фрезаның конструкторлық параметрлері
3 Сурет - Бұрғылау кезіндегі беттер.
Бұрғының гоеметриалық параметрлері. Бұрғылау және кеулей бұрғы-лауда өңделген бет ретінде өңделген тесік беті саналады. Кесу беті – бұл кесу жүзінің кесу процесінде қозғалысы нәтижесінде құралатын бет (3 сурет).
Бұрғының гоеметриалық параметрлері әртүрлі жазықтықтарда қарасты-рылады (4 сурет ).
Пландағы басты бұрыш φ дегеніміз кесу жазықтығы мен жұмыс жазық-тығы арасындағы негізгі жазықтықтағы бұрыш. φ бұрышына кесілетін қабат ені мен қалыңдығы, жылу шеттету жағдайлары, бұрғының кесу бөлігінің беріктігі тәуелді. φ бұрышының көлемі (мәні) өңделудегі материал қасиеттеріне байла-нысты тағайындалады. Практикада қайралған бұрғы қандай жағдайларға арнал-ғанын тез анықтау керек. Бұл үшін, бұрғының өсімен кесу жүздеріне параллель өтетін жазықтықтағы, негізгі кесу жүздерінің проекцияларының арасындағы бұрыш – пландағы екілік бұрышы 2φ өлшенеді. Ол кесу жүздері паралель бұрғы өсі арқылы өтетін – пландағы қос бұрыш 2φ (4 сурет). 2φ бұрышын қарапайым бұрыш өлшегіштер көмегімен өлшеуге болады. Бірақ кесілген қабаттың ені мен қалыңдығына 2φ бұрышы әсер етпейді, оған бұрғының әр қанатындағы φ бұрышы әсер етеді. Қайрауда 2φ бұрышының нақты өлшемін алуға болады, бірақ бұрғы қанаттарында әртүрлі φ бұрыштары алынады. Бұл жағдайда бұрғының әр қанатындағы жұмыс жағдайлары әртүрлі. Сондықтан кесу жағдайлары нашарлайды, дәлдігі және тесік сапасы төмендейді. Міне сондықтан да-йындау мен бұрғыны қайрау сапасын бағалау үшін әрбір қанаттық φ бұрышын өлшеу қажет.
4 Сурет - Бұрғының гоеметриалық параметрлері
Негізгі жазықтықта планындағы көмекші бұрыштар φ1 қарастырылады (4 сурет). Бұрғыланған тесікте бұрғының қысылып қалуынан сақтандыру үшін бұрғының жұмысшы бөлігінің диаметрін сағасына қарай азайтады, яғни кері конустылықты жасайды. Қайрау әрекеттерінен соң бұрғы диаметрі шамалы ғана өзгеруі үшін, кері конустылықты – 100мм бұрғы ұзындығына 0,03...0,15мм деп алады.
Планындағы көмекші бұрыш φ1 деп көмекші кесу жүзінің (таспаша жүзінің) негізгі жазықтыққа түсірілген проекциясы мен жұмыс жазықтығының арасындағы бұрышты атайды. Оның мәні 10'-тан аспайды. Оны мына формула бойынша анықтауға болады.
tg φ1=(D – D1)/2ℓ,
мұндағы D және D1 бұрғының бағыттаушы бөлігінің басы мен соңының диа-метрлері; ℓ- бағыттаушы бөлік ұзындығы.
Бұрғының алдыңғы беті бұранда сызықтар тобында тұратын бұранда бет болып табылады. Олардың қадамдары бірдей, ал диаметрі түрлі болады. Сондықтан бұл бұранда сызықтардың көлбеулік бұрышы әртүрлі.
Бұранда бунақтың көлбеулік бұрышы ω деп, осы бунақты құрушы бұрама сызыққа жүргізілген жанама мен бұрғы өсіне параллель сызық арасындағы бұрышты айтамыз. Кесу жүзінің әртүрлі нүктесінде ол бірдей емес. Негізгі кесу жүзінің шеттік нүктесінде, яғни таспаша жиегі бойында ол максималды.
ω бұрышы өңделетін материялға, бұрғыланушы тесік тереңдігіне және тғаы басқа факторларға тәуелді. Дайындалатын бұрғылардың бұрыштары ω=15…600 болады.
Кесу жиегі басқа нүктелеріне бұрама бунақтың көлбеулік бұрышы бұл нүкте бұрғы өсіне жақын болған сайын аз болады. Бұрғының өсімен өсі дәл келмейтін, цилиндрлік беттерінің диаметрлері әртүрлі, бұрама бунақтың қада-мының ұзындығында, бұрғының жайылма қимасын қарайық. Салыстыру үшін бұл қималарды бір-біріне беттестіреміз (5 сурет ). 5- сурет-тен көрініп тұр,
tg ω=πD/H; tg ω1=πD1/H; tg ω2=πD2/H, tg ω3=πD3/H,
яғни кез – келген нүкте үшін
tg ωх=πDх/H,
мұндағы D – шеттік бұрғы диаметрі ; D1,D2,Dx- қималар жүргізілген әртүрлі ке-су жиектеріне сәйкес келетін бұрғы диаметрлері.
Осыдан:
tg ωх=(Dх/D)tg ω .
Бұралма жоңқалық бунақтың көлбеулігі – бұл бұрғының алдыңғы бетінің бойлық бағытта көлбейеді.
Сондықтан, бұл бұрғының бойлық алдыңғы бұрышы, яғни γбой= ω. Бұл бұрыш rx радиусты цилиндрге жанама жазықтықта және бұрғы өсімен сәйкес келетін өс арасында өлшенеді. Бірақ бұрғылау процесін сипаттау үшін кесу шарттарын анықтайтын басты қима жазықтығындағы басты алдыңғы бұрышты білу қажет.Басты қима жазықтығы басты кесу жиегіне нормаль келеді (5 сурет).
Басты алдыңғы бұрыш γ - кесу жиегіндегі қарастырылушы нүктеден ал-дыңғы бетке жүргізілген жанама мен сол нүкте арқылы кесу бетіне жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш. Алдыңғы беттің орналасуы мен пішінін бұрама бунақтың көлбеулік бұрышы анықтайтын болғандықтан сызбаларда бұрғы-ның алдыңғы бұрышын белгілемейді. Бұрғының алдыңғы беті болатын винттік ойықтың көлбеулік бұрышы шеттіктен бұрғы өсіне жақындаған сайын азаятын-дықтан, кесу жиегінің әртүрлі нүктесі үшін алдыңғы бұрыш та әртүрлі болады. Қарастырылушы нүкте бұрғы өсіне жақын болған сайын бұл бұрыш аз болады. Сыртқы диаметрде алдыңғы бұрыш γ=25…300 аралығында. Басты қиюшы жа-зықтық пен бойлық қимада өлшенген, бұрғының алдыңғы бұрыштар қатынасы кескіштердегідей:
tg γ=tg γбойл/sinφ,
мұндағы γбойл=ω
Сәйкесінше, бұрғының шеттігінде tg γ=tg ω /sinφ, ал кесу жиегінің кез – келген нүктесі үшін:
tg γх=tg ωх /sinφ= Dхtg ω /D sinφ.
Егер алдыңғы бұрыш бұрғыны дайындау кезінде пайда болса, онда артқы бұрышты қайрағанда аламыз.
