Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_1_2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

14 Сурет - Кескіштің төбесі центрлердің өсіне байланысты орналасатын кескіштің геометриялық параметрлеріне әсері

Ж ұ м ы с т ы о р ы н д а у т ә с і л і

Зертханалық жабдықтар: кескіштің әртүрлі түрлері 3 дана, бұрышөлшеуіш – 2 дана, штангенциркуль, сызғыш, шаблондар.

Жұмыс істеу негізінде әр кескішке сипаттама беріп, олардың нобайларын салу керек.

Нобайларда кескіштің габариттік өлшемдерін және бұрыштарын әріптермен белгілеп көрсету керек. Бұрышөлшеуіш және шаблондардың көмегімен бұрыштарды өлшеу керек. Өлшенген бұрыш өлшемдерін алып кестеге енгізу керек. Штангенциркуль және сызғыштың көмегімен кескіштің габариттік өлшемдерін 1мм дәлдікпен өлшеу керек.

Кескіштің бұрыштарын МИЗ және әмбебап УН бұрышөлшеуіштерінің көмегімен өлшеу керек.

Кескіштің α, γ, β, δ, λ бұрыштарын 1 дәлдікпен өлшеу керек; φ, ε, φ - бұрыштарын 2 дәлдікпен; ал кесім кескіштерде 30/ дәлдігімен.

Кейбір бұрышөлшеуіштердің құрылымдарын қарастырайық.

15 Сурет - α және γ бұрыштарын миз бұрышөлшеушінде өлшеу

Столдық бұрышөлшеуіш МИЗ

Бұрышөлшеуіш МИЗ аспабы төрт бұрышты тақта (1) мен тік тіреуден тұрады(2), тақтаға кескіш орнатылады (15 сурет). Осы тіреуштің шпонкалы соңылауы бойымен сырғақ (3) жылжиды, сырғақ қалпақшамен (5) бір болады және олар 4 бұрамамен бекітіледі. Өлшеу қалпақша шкаласы – градуспен межеленген, қалпақшаның өлшеу сызғышы иінтірек (6) болады.

Аспаптардың бұрыштарын өлшегенде сызғыш көрсеткішінің штрихі шкаланың нөл сызығына келсе, өлшеу сызғыштың иінтірегі столдың жұмыс жазықтығына паралелль болады, ал басқасы оған тік болады. Алдыңғы бұрышты өлшегенде иінтіректің горизонталь өлшеу жағы аспаптың алдыңғы бетімен жанасады, ол иінтіректің жоғары көрсеткіш сызғышының штрихі қалпақшадағы градусты көрсетеді. Бұл градус алдыңғы бұрыштын мәні, негізгі артқы бұрышты өлшегенде тік өлшеу иегі кескіштің негізгі артқы бетіне қосылғанға дейін бұрылады және қалпақша шкаласында градуспен мәліметтер беріледі.

Негізгі қима жазықтықтағы басқа бұрыштар төменгі формуламен есептеледі: кескіш бұрышы – δ=90 –γ; үшкірлеу бұрышы – β=90 –α–γ;

Көмекші артқы бұрыш алдыңғы және артқы бұрыштары секілді өлшенеді, бірақ ол көмекші қима жазықтығында өлшенеді.

Негізгі кесу жиегінің көлбеу бұрышын λ өлшеу үшін кескіштің негізгі кесу жиегі арқылы өтетін жазықтықта аспапты қояды және де горизонталь өлшеу шет толық түйіскенге шейін кесуші жиекке түседі.

Бұрыш өлшемі қалпақша шкалада өлшенеді (16 сурет).

16 Сурет - миз бұрышөлшеуішімен λ бұрышын өлшеу

Универсал бұрышөлшеуіш УН. Өлшеу нәтижесін градустық шкала және конуспен есептеп (санап) түйіспе әдісімен жұмыс істейді (17-20 суреттер).

17 Сурет - ун бұрышөлшеуішімен α бұрышын өлшеу

1 доғада негізгі градустық шкала 2 берілген, ол 0-ден 1300 дейін белгіленген. 1 доға бойымен тілімше қозғалады – конусты сектор 3. Секторда 4 ұстағыштың көмегімен 5 бұрыштық бекітіледі (18 сурет), ол алынып-салынатын лекалды 6 сызғышпен байланысты.

Өлшеу құралдарын ыңғайына қойып бұрыш өлшеуді 0-3200 градус шегіне дейін өлшеуге болады.

Өлшенетін бет 1 доғаның жылжымалы сызғышымен жылжымалы лекалды 6 сызғыштың арасында керекті түйіспе мен қондырылады, яғни көрінбейтін немесе көрінетін біркелкі саңылау мен қондырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]