Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_1_2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

11 Сурет - Кескіштің негізгі кесу жиегінің көлбеулік бұрышы

Негізгі кесу жиегінің көлбеу бұрышы λ – кесуші жиекпен негізгі жазықтық арасындағы бұрыш.

Егер кескіш шыңы – ең төменгі нүкте болса, онда λ бұрышы оң болады, егер ең жоғарғы болса – теріс болады. Егерде кесуші жиек негізгі жазықтыққа параллель болса, λ бұрыш нөлге тең болады,

α және γ бұрыштарды бұрыш өлшеуіштерімен анықталғанда кесу беті негізгі жазықтыққа тік болып алынады. Мұндай шарт беріс жылдамдығы жоқ кезінде, кескіш ұшы дайындаманың кіндік сызығының деңгей биіктігіне орнатылған да және де кесуші жиектің көлбеу бұрышы нөлге тең болғанда (λ=0) туады (кесуші жүз толық ұзындығымен деңгей сызығында жатады). Дайындама айналғанда кесуші жиектің нүктелері шеңбер сызықты траекторияны сызып шығаруы мүмкін және кесу беті қисық кесілген шомаққа ұқсап шыға келеді. Егерде кескішке беріс қозғалысы берілсе, кесу беті қадамы беріске тең бұрама бет, және оған жанама кесу жазықтығы бұрама беттің еңкею бұрышына сәйкес орналасады. Бұл жағдайда кинематикалық бұрыш статистикалық бұрыштан кем болады.

12 суретте φ=90 және λ=0 кезіндегі өтпелі өңдеу жұмысының оңайтылган түрі көрсетілген. Кескіштің кесуші жиегі дайындама өсінің деңгейінде орналасқан: В–В – кесуші жазықтың дайындаманың беріссіз айналуындағы жағдайы кесуші жиектің нүктелері шеңберлерді суреттейді және оларға жанама тік жағдайда болады.

А–А – кесу жазықтығының, беріспен жұмыс істеудегі, бұрама кесу бетіне жанамалы жағдайы.

Кесу жазықтығының жағдайы өзгеруі нәтижесінде артқы бұрыш кемиді және α =α-η шамаға тең болады, мұнда η кесу жиегінің нүктесінің бұрама траекториясының еңшікті бұрышы; α -кинематикалық артқы бұрыш(кесу бетімен кескіштің артқы бетінің арасындағы бұрыштық саңылау); α-беріс жоқтағы статикалық артқы бұрыш. Бұл уақытта кесу жазықтығы тік жағдайда болады.

а – өтпелі жону

б – көлденең жону

12 Сурет - Жұмыс кезіндегі кескіш бұрыштарының өзгеруі

13 Сурет - кескіштің кесуші жиегінің траекториясының жайылуы

Егерде кесу жиектік нүктесінің шеңберлік айналуымен және бұрама траекториясын жазықтыққа айналдырсақ, онда біз үшбұрыш аламыз (13 сурет). Бұл үшбұрыштың катеттері беріс және айналу шеңбері болады, ал бұрама траектория – гипотенуза. Осыдан λ бұрышы анықталады:

η=arctg(S/ )

Берісті жоғарлатқан сайын кесуші жиектің нүктесінің бұралма траекториясының көлбеуі артады (бұл траекториялар кесу бетінің пайда болуына себебкер), ал кинематикалық артқы бұрышы кішірейеді. Кесу жиегінің әр нүктесі дайындаманың әртүрлі диаметрлерінде болу байланысына келе, олардың бұралма траекториясының көлбеуі әртүрлі болады.

Неғұрлым дайындаманың диаметрі кіші болса,соғұрлым жұмыс кезінде артқы бұрыш кішірейеді, өйткені бұралма траекторияның көлбеулігі үлкенірек.

Егер кескіш φ=90 тік бұрышқа ие болса, онда беріс және, λ бұрыштық өлшенетін, қима жазықтықтың бағыттары сәйкес келеді. Егер бұрыш φ 90 тең болмаса, онда, негізгі қима жазықтығында өлшенетін, кесу жазықтықтары арасындығы бұрышты ηφ мына формула бойынша анықтауға болады.

tg ηφ=tg η sinφ

Негізгі қима жазықтықтағы кинематикалық артқы бұрыш тең болады

α =α-ηφ

Көлденең жонғанда, тетікті қиғаштағанда кесуші жиектің нүктелері Архимед спиралын суреттейді. Осыдан келе, кесу бетіне жанама және кесуші жазықтығы айналма шеңбердің жанамасынан аутқалы болады, және кинематикалық артқы бұрышы кішірек болады.

Неғұрлым беріс үлкен болған сайын және,кесуші жиегінің нүктесі орналасқан диаметр кішірек болса, соғұрлым кесуші жазықтықтар арасындағы бұрыш үлкен болады. Осыдан келе, көлденең жону кезіндегі кинематикалық артқы бұрыш тең:

α =α-ηφ

мұндағы, tg ηφ = tg η - sin φ

Жонуда жай кезде қолданылатын берістерде η бұрышы өте аз болады,сондықтан жұмыс кезіндегі артқы бұрыштын өзгеруіне мән бермеуге болады.Үлкен берістермен жұмыс істеу кезінде ,желкелеу жұмыстары кезінде,жүрісті бұрама өңдеген кезде кескіштің артқы бұрышның өзгеруін ескере отырып оны қайрауда оның мәнін ηφ өлшемін үлкейту керек.

Бұл кезде кескіштің алдындағы бұрышы η көлеміне үлкейтіледі (алдындағы бұрышты анықтау 13- суретті қара). Ұшталу бұрышы β өз өлшемін сақтайды.

Сонымен жұмыс кезінде кескіш негізгі қима жазықтықта кинематикалық алдындағы бұрышты алады, ол мынаған тең:

γ =γ+ηφ

Жұмыс кезінде артқы бұрыштың оптимальдық өлшемін қамтамасыз ету үшін, оны кішірею өлшеміне қарай үлкендеу қайрайды. Бұл үшкірлеу β бұрышын кішірейтеді, ал ол жылуды алып кетуді азайтып кескіштің беріктігін кемітеді. Аспаптың жұмыс кезіндегі оптимальдығын сақтау үшін, алдыңғы бұрышты қайрағанда оны осы көлемге азайту керек.

Мынандай жағдайлар болады, кесуші жиекті дайындаманың өсінен жоғары не төмен орналасуы мүмкін және де кесуші жиегінің көлбеу бұрышының оң немесе теріс болуына байланысты кесуші жиегінің нүктелері дайындаманың өсінен жоғары не төмен болады. Сонымен бірге кесу бетінің жанамасында орналасу жағдайы өзгереді (кесу бетінің шығынқы және кіріңкі болуына байланысты).

Алдыңғы және артқы бұрыштарының өлшемі тең болады (14 сурет):

γ =γ τφ ; α =α τφ

Егер φ=0 болса,онда τ = arc sin h/R

Егер φ 0 болмаса онда tgτφ= tg τ cosφ

Осыдан келе, жұмыс кезінде негізгі қима жазықтықтағы кескіштің кинематикалық бұрыштары тең: α =α-ηφ τφ; γ =γ+ηφ τ .

а, б, в – сыртқы бетін жону; г, д, е – кеулей жону.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]