Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_1_2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

18 Сурет - Универсал бұрышөлшеуіш ун көмегімен γ бұрышын өлшеу

19 Сурет - ун-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу

Кескіштің пландағы бұрыштарын универсал бұрышөлшеуіш УМ-ның көмегімен анықтауға болады. Оның бір сызғышы кескіш денесіне қойылады, ал екіншісі – негізгі және көмекші кесуші жиекке. Бұрышөлшеуіштің шкаласы бойынша φ және φ1 бұрыштары өлшенеді. (20 сурет).

20 Сурет – Универсал бұрышөлшеуіш ум-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу

Ж ұ м ы с т ы р ә с і м д е у г е қ о й ы л ғ а н ш а р т т а р

Жұмыс рәсімдеуінде керекті кескіштің типтік бейнелеуін, сипаттамасы және керекті қималарында габариттік өлшеулерімен бұрыштары (әріптермен) белгіленген нобайын беру керек; нобайында тетіктен алынатын қабаттың қимасы мен кесу режимінің элементтерін көрсету керек; кескіштің бұрыштарының санды мәнімен кестені толтыру.

1 Зертханалық жұмыстың хаттамасы

Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы 1 кестеде берілген

1 кесте – Кескіштің бұрыштары

Кескіштің аттары

Кескіштің бұрыштары, град.

Алдыңғы

Негізгі артқы

Кесу

Ұштау

Көлбеулік

Көмекші пландағы

Басты пландағы

Шыңдағы пландағы

Көмекші артқы

γ

α

δ

β

λ

φ

φ

ε

α1

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №2

Бұрамалы бунақты бұрғының геометриясы

Жұмыс мақсаты. Бұрғылау кезіндегі кесілетін қабат пен кесу режимінің элементтері жайлы, бұрғының құрылымдық элементтері мен геометриялық параметрлері жөніндегі мәліметтерді бекіту. Бұрғыларды өлшеу әдістерімен және осы бағытта қолданылатын құралдармен танысу; бұрғыларды нобайлауды үйрену.

Өзіндік бақылау сұрақтары .

  1. Бұрғылаудағы кесу режимі мен кесінді қабатының элементтері .

  2. Бұрғы бөлшектері мен элементтері, олардың тағайындалуы.

  3. Бұрғының геометриялық параметрлері қай жазықтықтарда өлшенеді?

  4. Бұрғының планындағы бұрыштарына анықтама беру.

  5. Бұрғының бұрама бунағының көлбеу бұрышының кесу жүзінің әр нүктесіндегі ерекшеліктері жөнінде баяндау.

  6. Бұрғының кесу жүзінің кез-келген нүктесіндегі алдыңғы бұрыш неге тең?

  7. Бұрғының артқы бұрышын қалай анықтайды? Қай жазықтықта және неліктен оны өлшейді? Кесу жүзінің кез-келген нүктесі үшін бұрғының керекті артқы бұрышын қалай анықтау керек?

  8. Бұрғының көмекші артқы бұрышына α1, далдашаның көлбеу бұрышына φ, бұрғының кесу жүзінің көлбеу бұрышына λ анықтама беру.

  9. Бұрғының көлденең жүзінің (далдашалық) бұрышы қалай пайда болады?

  10. Бұрғы бұрыштарын өлшеудегі бар (қолданылатын) әдістері.

Қ ы с қ а ш а т е о р и я л ы қ м ә л і м е т т е р

Бұрғылау – бұл тұтас материалда өтпелі және тұйық тесіктерді алуды қамтамасыз ететін кесумен өңдеу әдісі, ал сонымен қатар бұрғыланған тесіктерді кеулей бұрғылауға қолданылады.

Кесу режимі мен кесілетін қабат элементтері. Өңдеу барысында бұрғы өз өсі қатынасты айналмалы (кесу жылдамдығын қамтамасыз ететін басты қозғалыс) және өс бойымен (беріс) тік қозғалыс жасайды. Кей жағдайларда айналмалы қозғалысты бұрғы емес дайындама жасалуы мүмкін. Кесу жүзінің түрлі нүктесіндегі кесу жылдамдығы әртүрлі. Бұрғы центрінде V=0. Бұрғылауда кесу жылдамдығына кесу қырының шектігінде жатқан нүктенің шеңберлік жылдамдығы қабылданады. Ол мына формула бойынша есептеледі:

V=πDn/1000 м/мин,

мұндағы D – бұрғы диаметрі, мм; n – бұрғының айналу жиілігі, айн/мин.

Беріс – бұрғының немесе дайындаманың тесік өсі бойымен бір айналымда So ( мм/айн ) жасаған қозғалу көлемі. Бұрғының екі тісі (қанаты) болғандықтан және бір мезгілде екі кесу жүзімен кеседі, сондықтан әр жүзге (бір тіс) Sz = So/z = So/2 (мм/тіс) берістен келеді. 1 минуттік беріс мынаған тең: Sm=Son=Szzn (мм/айн).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]