Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛБ с рамкой каз 2015.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

№ 3. Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.

Жұмыс максаты:Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтауды үйрену.

Теория:Сұйықтың ішіндегі молекулалар энергиясымен салыстырғанда сұйықтықтың беттік қабат молекулалары потенциалдар энергияның артықшылығымен иеленеді. Сұйыктыктың беттік қабаты потенциал энергиясы азайту мақсатында қыскартады, осы кезде A=σ *∆Sжұмысы орындалады. (σ =A*∆Sнемесе σ =Ғ/l) мүнда σ- сұйықтықтың беттік керілу коэффициенті [Дж/м2 немесе Н/м]; F- беттік керілу күші, l- сүйықтықтың беттік кабатының ұзындығы.

Тамшшылардың үзілу тәсілі.

Тәжірибе дицилир суы бар пипетка арқылы жүзеге асырлады. Тамшының үзілер алдында оның ауырлық күші беттік күшке тең болады.σ=A/ΔS σ=F/l →F=m*g дененің еркін түсу үдеуі →g= 9.8 м/с → l=0,9*N*Dm

l -сұйықтың беттік қабатының ұзындығы.

Құрал - жабдықтар:

Таразылар, суы бар ыдыс, бос ыдыс, пипетка, сызғыш.

Жұмыс істеу тәртібі:

  1. Тамшыларды жинау үшін бос ыдыстың массасын анықтау, оны өлшеу.

  2. Суы бар ыдысты түтікшенің астына қою және түтікшені ақырын қысу арқылы тамшылардың ақырын үзілуіне көз жеткізу (тамшылар бірінен кейін бірі 1-2с аралығында түседі)

  3. 25, 50, 100 тамшыларын санау.

  4. Тамшылары бар ыдыстың салмағын өлшеу,тамшылардың массасын анықтау.

  5. Есептелген сан мәндерін кестеге жазу.

  6. σ =F/l формула арқылы беттік керілу коэффицентін анықтау.

  7. 3 рет тәжірибе жасау.

  1. Группа 215 σ орт= σ1+ σ2+ σ3/3 орташа мәнін табу оны кестедегі σ мәнімен салыстыру.

  2. Салыстырмалы қателікті есептеу

  3. Қорытынды жасау.

№

t, 0C

V, м3

N

D, м

σ, Н/м

‹σ›, Н/м

Δσ, Н/м

ɛ, %

Бақылау сұрақтары:

1. Сұйықтықтың беттік керілу дегеніміз не?

2. Тамшылау және дымқылдату дегеніміз не?

3. Егер трубка каналының диаметрі кіші болса, онда есептеудің нәтижесі өзгере ме?

4. Сүйықтықтын беттік керілуі неліктен сүйықтыктың түріне тәуелді?

5. Қорытындыны дәлелдеу.

Группа 235

№4. Қатты денелердің тығыздығын анықтау.

Жұмыс мақсаты:Қатты денелердің тығыздығын анықтауды үйрену.

Теория:Бір дененің тығыздығы оның массасының көлеміне қатынасына тең.

ρ =m/V ,

Заттың тығыздығын тәжірибе жүзінде анықтауға болады.

Құрал - жабдықтар: Таразы, динамометр, сызғыш немесе мензурка, денелер жиынтығы.