- •Зертханалық жұмыс №1
- •Жұмысты орындауға әзірлік
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3. Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№4. Қатты денелердің тығыздығын анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бакылау сурактары:
- •№5. Резеңкенің серпімділік модулін (Юнг модулін) өлшеу.
- •Жұмысты орындау тәртібі:
- •№7. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау.
- •№8. Өткізгіштерді параллель және тізбектей қосу.
- •№6. Электр энергиясының ішкі кедергісін анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •№9. Шам қуатының оның ұштарындағы кернеуге тәуелділігін зерттеу.
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№10. Математикалық маятник арқылы еркін түсу үдеуін анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрал-жабдықтар:
- •Жұмыстың барысы:
- •№12. Линзаның аралығын және оптикалық күшін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
Шардың орнына жіпке құмға толы воронка байланған. Егер тербеліс процесінде воронкадан құм төгіліп тұрса бұл құлау үдеуі өзгеріске ұшырайды ма?
Маятниктің сағаты салмақсыздыққа қолдануға болады ма?
Қай жағдайда шарға әсер ететін қайтымды күш максималды болады? Нөлге тең болады ма?
Моментте жылдамдық ең үкен болады? Модулі және бағытты бойынша бұл моментте маятниктің үдеуі қандай болады?
Маятник қозғалысын тең үдеулі деп есептеуге бола ма? Біркелкі деп ше?
№11.
Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель
пластинаның көмегімен
анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар:
Жазық параллель шыны пластина
Ағылшын түйреуіші – 4 шт.
Өлшеуіш сызғыш
Ақ қағаз
Шам
Аккумулятор батареясы
Кілт
Жалғағыш сымдар
Саңылау бар экран
Транспортир
Теориясы: Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы бақыланады. мұның себебі әр-түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:
n=
Мұндағы n екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші. Егер бірінші орта ауа болса, абсолют сыну көрсеткіші l, онда екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші абсолют сыну көрсеткішіне тең.
Жұмыстың барысы:
Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.
Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.
Жарық жолағына кез-келген бұрышпен шыны пластина қойыңдар.
Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.
Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.
А және В, В және F нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.
Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.
Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.
Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар. (тәжірибені 3 рет жүргізіңдер).
Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіш пайдаланып жасаңдар.
Бақылау сұрақтары:
Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңдар. Осы тәуелділіктің графигін сызыңдар.
Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?
Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?
Сыну көрсеткішінің ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?
