Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.8 Сурет.Оптикалық кабельдің б

Су асты оптикалық кабель байланыс құрылым су жүйесінің түріне байланысты (өзен, көл, мұхит, аралдың төңірегінде) жəне балық байланысты бар тəуекелмен таңдалады (1.5 кесте).

1.5 кесте.Суасты кабельдерін қолданудағы қауіптілік деңгейі

Су жүйесі

Су жүйесінің

сипаттамасы

Су асты жағдайы

Қауіптілік

деңгейі

Ұзындығы

Тереңдігі

Жергілікті

жердің

профилі

Ағыс

Өзен

Қысқа

Саяз

Жұмсақ

Қатты болуы мүмкін,

бірақ

тұрақты

Кішкентай

Көл

Орташа-қысқа

Орташа-саяз

Жұмсақ

Әлсіз

Кішкентай

Фиорд

Қысқа

Орташа-терең

Жұмсақ немесе жартастар

Кішкентай

көтерілу

мен

төмендеу

Кішкентай

Су астындағы кабельдер үлкен сулы кедергілер арқылы байланысты ұйымдастыру үшін арналған.Оларда жоғарғы механикалық төзімділік және сенімді ылғалға төзімді беті болуы керек.Су астындағы байланыс үшін кіші басылуы және регерационды учаскілердің үлкен ұзындығы болу қажет.

Заманауи кабельдердің диаметрі көбінесе 69 мм, ал салмағы метрге шаққанда 10 киллограмм болып келеді.2010 жылғы ақпаратқа сәйкес Антарктидадан басқа барлық құрлықтар су асты кабельдерімен байланыстырылған.

Кабельді жер астында жүргізу монтаждауға жұмсалатын үлкен шығынды қажет етеді.Көпшілік жағдайда жер астында кабельді жүргізушілерге көріп білмейтін қиындықтарға тап болуға тура келеді. Соған қарамастан кабельдерді жүргізудің бұл түрі өте кеңінен қолданылады (көпшілік жағдайда басқа балама жолдары болмайды) және екі түрге айқын бөлінеді:

1. Топыраққа көмеу.Топырақ астына көму қала сырттарында қолданылады, негізінен тегіс жерлерде кеңінен жүзеге асырылады.Кабель мұнда арнайы соқа көмегімен 1 м тереңдікке тасталады, соқа бір өту кезінде кіші – ор қаза алады, одан ары кабель төселіп және көпшілік жағдайда артынша көміліп шығады.Сонымен қатар топырақ астына кабель көмуде қолмен қазып көму әдістері де жиі қолданылады.Топырақ астына тасталған кабель үшін едәуір шамадағы қауіптілікке барлық түрдегі және меншік формасындағы қазу жұмыстары ие.Жеке адам өз мақсатында су шығару үшін құдық қазамын деп кабель желісін зақымдауы мүмкін, және осының салдарынан бірнеше шақырымға созылған байланыс желісі жұмысы тоқтап қалу ғажап емес.Сондықтан көпшілік жағдайда кабель көмілген шұқырға ескертуші жазбаға ие ашық-сары түсті таспа тасталады.Кабельді топырақ астына төсеудің екінші бір түріне полиэтиленді құбырларды пайдалануды жатқызуға болады.Бұл технологияның маңызы бастапқыда топырақ астына кабельдің өзі емес, ұзын полиэтиленді құбыр тасталады.Осыдан кейін болашақ байланыс желісі бойынша канал құрылып болған соң, оның ішіне арнайы компрессор көмегімен оптика-талшықты кабель үрленіп енгізіледі.Кабельдің құбыр қабырғаларына үйкеліс шамасын азайту мақсатында оның ішкі бетін аралық қабырғалы етіп жасайды. Кабельді топырақ астына төсеудің бұл тәсілінің артықшылығы әрине: қажет болғанда кабельді алмастыру сол компрессор көмегімен жүзеге асырыла алады, кіргізу кезіндегі сияқты сорып алынып және үрленіп жаңа кабель салынады.Топырақ астына төселетін кабель типтеріне келетін болсақ, ол негізінен жергілікті жер сипатымен анықталады.Мұнда кабельдердің маңызды қасиеті болып герметикалылық (әдетте ол электрлік әдіс бойынша тексеріледі), әсіресе егер кабель батпақты жерге төселетін болса, немесе су астына, өзендер астынан өткізілсе бұл қасиет ерекше маңызды.Өз кезегінде мұндай кабель бірнеше қорғау қабыршағына ие болады, және ішіндегі бос кеңістік гидрофобты арнайы заттармен толтырылады.

Қазақстан Республикасында құмды және сарытопырақты жерлер көп кездеседі.Жер астына кабельді салу қолымен және механизацияланған қондырғылар көмегімен сәйкесті тереңдіктер:

- таулы – тасты топырақтарында 0,5 м;

- үймелі құмды және тау етегіндегі топырақтарында 1,2 м;

- сарытопырақтарында 1,25 м;

- егінді және суарланатын жерлерінде 1,5 м;

- аса тығыз топырақта, сондай-ақ кеуіп қалған өзен арналары жерлерінде 1,2 м.

2. Жер асты кабельдік канализация арқылы жүргізу.Жер астындағы кабельдік канализация қала ішінде кабельдерді монтаждауда қолданылады.Мұнда кабельді монтаждау кезеңді түрде жүзеге асырылады: яғни кабель канализациясы екі көршілес құдықтары арасында ең жақын люк арқылы кесінді түрде жүзеге асырылады. Бастапқыда бір құдықтан екінші бір құдыққа жеңіл сым тасталады, ал одан ары оның көмегімен кабельдің өзі тартылады.Бұл операция негізінен егер каналдар басқа коммуникациялық кабельдермен лық толы болатын болса, өте күрделі болып көрінуі мүмкін.Жер асты коммуникацияларына кабельдерді жүргізу кезінде кабельдердің өте алуан түрлері қолданылуы мүмкін. Оларға қойылатын ең маңызды талаптарға – герметикалылық және берік металдық сымнан дайындалған арнайы қабыршақтың болуы немесе жер асты кеміргіштерінен қорғайтын гофраланған қорғағыш таспаның болуы жатқызылады.

Желінің қалалық бөлігінде оптикалық кабельді орналастыру кезінде инфрақұрылым (кабельдік канализацияда) қолданылады.Орналастыру жолы мен туннельге салынатын оптикалық кабельдің өртті таратпайтын материалдан жасалған қабығы болуы керек.Ағымдағы нормативтік құжаттамаға сәйкес кабельдерді осылай орналастыру жұмысында өрттік қауіпсіздік сертификаты болуы керек, ал олардың таңбасында «Н» индексі (өртті таратпайды) болуы керек.Оптикалық кабельді осылайша орналастыру арнайы полиэтиленнен жасалған қабықшадан дайындалады, ал полиэтилен құрамында толықтырғыш ретінде алюминий тригидроксиді Al (OH)3 болады, ол тригидроксид 200 °С жоғары температура кезінде алюминий тотығына Al2O3 және суға (су буы түрінде) ыдырайды, нәтижеде оптикалық кабельдің қоршаған температурасын тұтану нкүтесінен төмен шамаға төмендетеді, су булары газдың жануы кезінде бөлінетін концентрацияның азаюына себепші болады.Кабельдік канализацияға орнату үшін оптикалық кабельді кеміргіштердің зақымдау ықтималдығын есепке ала отырып кеңірдіктелген ленталы шойыннан жасалған сауыты бар оптикалық кабельді қолданған мақсатқа лайықты болып саналады, немесе электромагниттік әсерге (мысалы, электроподстанция территориясында) төзімділігі бойынша жоғары талаптар болған жағдайда шыны пластикалық стерженнен2жасалған2сауытыбар2диэлектрлікқоптикалыққкабельдердіққолданғанқжөн.

Объектілік кабельдер объекті ішіндегі байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Оларға мекемелік байланыс, локальді есептеу желісі, кабельді теледидардың ішкі желісі және қозғаушы объектілердің борттық ақпараттық жүйесі жатады.Объектің ішінде қорғалғыштық дәрежесі аса жоғары емес кабельдерді пайдаланады.Өрт қауіпсіздігі мұнда қойылатын талаптардың бірі болып табылады.Кабельдің сыртқы қабыршағы бұл жағдайда тек жанбайтын материалдан ғана емес, сонымен бірге жану кезінде адам ағзасы үшін зиянды әсер ететін немесе жиналған жағдайда жарылыс қаупін тудыратын зиянды заттар бөлмейтін материалдан дайындалғаны дұрыс.Өрт қауіптілігіне ие кабельдер қымбат, сондықтан монтаждау жұмыстарының шығыны жоғары болмағанның өзінде кабельді желіні құру үшін жұмсалатын жалпы шығын едәуір шамада артуы мүмкін.Монтаждаудың басқа спецификасы кабель бұрылу бұрыштарының үлкен санының болуы табылады.Бұл кабельдерді монтаждау кезінде бұрылу орындарындағы иілу радиустары кабель үшін көрсетілген құжаттамадағы нұсқаланған шамадан асып кетпеуі қажет.

Монтажды оптикалық кабельдер аппаратураның ішкі және блокаралық монтаж үшін незігделген.

Ілмелі оптикалық кабельдерді созылмалы күштерге тұрақтылық (күштік элементтермен қамтамасыз етіледі) немесе температураның түсуіне (негізінен сыртқы қабықша конструкциясымен және материалдармен қамтамасыз етіледі) тұрақтылық маңызды болып табылады.