Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.19 Сурет.Бағанға ілмелі ток бекіткен кронштейн үлгісі

1.20 Сурет.Acadss анкерлік қысқышына ілінген кабель

1.8 Кабельге сыртқы климаттық факторлардың әсері

1.8.1 Қазақстанның климатына қысқаша шолу

Қазақстанның климаты шұғыл континентті.Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді.Оларға қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды,оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан аумағын 4 климаттық зона (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала климаттық зонасы республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады.Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақтығы 1,5 ай, жазы 3 айға созылады.Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін.

Далалық климаттық зона республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты қамтиды.Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән.Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңдығы 30 см-дей.Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған.Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық зона немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр.Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі.Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады.Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады.Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 35, 45°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн.Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары.

Қаңтар айының орташа температурасы Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан, ал оңтүстік аудандарында – 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа температурасы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 –30°С-қа дейін.Қазақстанның солтүстік – шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41°С-қа жетеді.Оңтүстік аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік температура 0°С-тан жоғарырақ болады.Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді.Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін.Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ.Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғары деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі.Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30–35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады.Алматыда абсалюттік минимум –42°С-қа жеткен (26 ақпан, 1951).

Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылдамдығы 4—4,5 м/с, Каспий теңізінiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылдамдығы 70 м/с-ке жетедi.

Найзағай зор будақты-жауынды бұлттардың дамуымен тығыз байланысты, сондықтан найзағай кезінде күшті долы желдер, нөсерлі жаңбырлар жиі байқалады және бұршақ ұруы да сирек емес.Қазақстанның солт-ндегі жазық бөлігінде найзағайдың қайталанғыштығы жоғары, онда жылына орташа есеппен 20 – 25 күн найзағайлы болып келеді.Қиыр оңтүстікте найзағайлы күндердің саны жылына 8-ге дейін төмендейді.Таулы аудандарда найзағайлы күндердің саны 30 – 35 күн аралығында құбылады, кей жерлерде 55 күнге дейін жетеді.Қазақстанда найзағай көбінесе жылдың жылы мезгілінде байқалады.Қыста найзағай өте сирек кездеседі.Таулы аймақтарда жазықпен салыстырғанда, найзағайдың жиілігі айтарлықтай жоғары.Мысалы, Іле Алатауындағы найзағайлы күндердің саны жылына орта есеппен 30 – 35 күнге жетеді.

1.8.2 Кабельдің механикалық параметрлеріне сыртқы климаттық факторлардың ықпалы

Сыртқы өріс көздері шартты түрде екі топқа бөлінеді: сыртқы – энергетикалық және байланыс тізбегінімен конструктивті байланыспаған көздер; және ішкі – сол байланыс тізбегінің көршілес физикалық және жасанды тізбектері.Сыртқы факторлар келесідей түрге бөлінеді:

- климаттық факторлар – найзағай зарядтары, күн радиациясы, жел, көктайғақ, қар жамылғылары және тағы басқалар жатады;          

- адамдар арқылы құрылған - жоғары вольтты тізбектер, әртүрлі мақсаттағы радиостанциялар, электрмен жабдықталған темір жол тізбектері, метролар, трамвайлар, өнеркәсіптік кәсіпорындар электр желілері.

Климаттық факторлар – ол кабельдің механикалық параметрлеріне зор ықпалын тигізеді.Кабельді орналастыру үшін, алдымен оның орналасқан ауданының климатық картасына көңіл бөлу керек.Ілмелі талшықты – оптикалық кабельге әсер ететін климаттық фактордың екі түріне тоқталып кетейік:

- Кабельдің механикалық параметріне желдің жылдамдығының әсерін есептеу үшін, алдымен Қазақстан Республикасының жел жылдамдығы бойынша аудандық картасы керек.(1.21 сурет).Қазақстан Республикасында желдің түрлі жылдамдық зоналары беске бөлінеді.Бесінші зона тек таулы аймақтарда,еліміздің солтүстік аймақтарында ғана көп кездеседі.Ең көп таралған үшінші мен төртінші зона.Төртінші зона көл мен өзен жағаларында көп орналасқан.Ілініп тұрған ТОК-ге 90º бұрышпен жел жылдамдығын анықтаймыз.