Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.7 Ілмелі талшықты-оптикалық кабель,ерекшеліктері

Ілмелі оптикалық кабель деректерді модуляцияланған жарық импульстер арқылы оптикалық – талшық көмегімен тасымалданады.Бұл технология 120 километр арақашықтыққа дейін сигналды жоғалтпай,күшейткіштерсіз тарата алады.Басқа кабельдері қолданған кезде осындай нәтижелерді алу қиын.

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельдерді қойылған дайын тіректер бойымен жүргізеді (1.15 сурет).Ілмелі талшықты – оптикалық кабель электромагниттік әсерлері жоғары жағдайында жұмыс істей береді.Және автокөлік трасса жолдарын мұқият алдын – ала дайындықты талап етпейді.Жер астына кабельді салу технологиясына қарағанда жеңіл болып келеді.Ілмелі талшықты – оптикалық кабель түрі басқа оптикалық кабельдің түрлеріне қарағанда, орнату уақыты мен құнын және пайдалану шығынын көлемі аз болып келеді.

Ілмелі талшықты – оптикалық кабель жер асты ОК мен су асты ОК-ге қарағанада ең тиімді әдіс болып табылады.ОК орнату үшін қазатын машиналар,кеміргіштерден қорғалатын трубалар немесе ылғалдан және судың қысымынан қорғайтын қорғағыштық трубаларды орналастыру жұмыстарын қажет етпейді.

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельді басқа оптикалық кабель түрлерімен салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар:

- Мүдделі ұйымдармен келісу және кабельге арнайы жерлерді бөліп беру қажеттілігінің жоқтығы;

- Құрылыс мерзімінің аздығы;

- Қалалық және өнеркәсіптік салаларындағы зақымдану саны аз;

- Қатты топырақ жерлерді пайдалану мен капиталдық шығынның аздығы;

- Ағып жатқан өзендерден кесіп өте алуы;

- Пайдалану шығының мөлшерінің аздығы.

1.15 сурет.Ілмелі талшықты – оптикалық кабельдің дайын тірек бойымен орнатуы

Байланыс желісінде жарық өткізгішті ілмелі кабельдерін 1978 жылы қолдана бастады.Алғашқы ілмелі кабельдің конструкциясы 1.16 суретте көрсетілген.

1-оптикалық – талшық; 2-орталық күштік элемент; 3-жылуға оқшауланған қабыршақ; 4-жылуға төзімді резеңке

1.16 Сурет.Алғашқы ілмелі оптикалық кабельдің конструкциясы

Бүгінгі таңда мұндай кабель ақпаратты тасымалдаудың сенімді және қауіпсіз түрі болып табылады.Мұнда электрлік сигнал тасымалданбайды, сондықтан басқа желілерге бөгеуілдік себебі болмайды.Ілмелі ТОК-де ақпаратты оптикалық – талшықтар бойымен берілетін ақпараттарды ұстап қалу мүмкіндіктері жоқ.Талшықты – оптикалық кабельдерді жерлендіру керек емес.

Стандартты ілмелі талшықты – оптикалық кабель шыныпластикпен қапталған, оптикалық – талшықтар (талсымнан немесе өткізгіштен) тұрады.Өткізгіш немесе талсым негізінен шыныпластиктен және арзан кабельдер болатын болса, пластиктерден жасалынады.Егер өткізгіші біреу болса онда бірмодалы, яғни бір мезгілде тек бір бағытта ғана жарық сигналын өткізе алады.Көпмодалы деп бір мезгілде екі немесе одан да көп бағытта жарық сигналдарын өткізеді.Онда бірнеше өткізгіш немесе талсым болады.

Қазіргі уақытта талшықты-оптикакалық бельдердің төрттен үші жер асты арқылы төселетіндігіне қарамастан кабельдерді тіректерде немесе бағаналарда монтаждау жарқын болашаққа ие.Ол қала ішінде және сонымен қатар қаладан тыс сәтті пайдаланыла алады, себебі оптика-талшықты кабель орнатылып қойған бағаналарға, яғни дәстүрлі коммуникациялық бағаналарға асыла салады.Бұл келесідей жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Телефондық және телеграф байланыс бағаналарына;

2. Электр сымдары бағаналарына (ЭСБ);

3. Темір жол электр желілері байланыстық бағаналарына.

Кабельді жер беті арқылы жүргізу салыстырмалы жеңіл.Кабельді монтаждау бағаналардың ұзын кесіндісінде жылдам жүзеге асырылады. Әдетте ол ілмелі кабельдің бүкіл ұзындығы бойынша жүргізіледі (3-6 шақырым) (1.6 кесте), ол үшін керу деген тәсіл қолданылады.Бағаналарға арнайы роликтер ілініп және солар бойынша бастапқыда жеңіл полимерлі трос асылады, ал одан кейін сол полимерлі тросс көмегімен кабель асылады.Арнайы машиналар мұнда кабельдің бірқалыпты керілуін қамтамасыз етеді.Осыдан кейін кабель бүкіл ұзындыққа ілінген соң, ол роликтер түсіріліп және бекіту элементтерімен бекітіледі.

1.6 кесте.Іргелес тіректері арасындағы ұсынылатын қашықтық

Серпімділік күші кН.

4

6

9

12

Тіректер арасындағы қашықтық, м.

50

70

100

150

Электр желілері бағаналарында оптикалық талшықты кабельді ілу жеке назар аударуды қажет етеді. Мұнда үш мүмкіндік қарастырылған:

1. Арнайы найзағай әсерінен қорғайтын тросс өзіне салынған оптика-талшықты кабельмен жүргізу;

2. Өздігінен ұстасатын кабельді тіректер арасына асып кою.

3. Кабельді фазалық немесе найзағайдан қорғайтын сымдар арқылы жүргізу.Кабельді найзағайдан қорғайтын қаптама ішіне салу кез келген электр тогы желісін жүргізудегі міндетті шарт болып табылады, ол бірден бір сенімді және ұзаққа жарамды шешім болып табылады (жұмыс істеу мерзімі 40-60 жыл).Бірақ мұнда найзағайдан қорғағыш қаптаманың құны да және оны монтаждау құны да жоғары болып табылады.Сондықтан оптика-талшықты сымдары бар найзағайдан қорғағыш қаптамаға ие тростарды пайдалану жаңа электр желілері құрылысын салуда тиімді тәсіл болып табылады. Оптикалық - талшықты кабельдің найзағай разрядынан шыдамдылық температурасы 200-300ºС – тан аспауы керек.

Тасушы троста ілмегі бар кабель.ТОК жерде тасушы тросқа бекітіледі немесе ілінеді.Тасушы трос тығыз созылады, ол кабельдің тым ұзаруын болдырмайды.Бұл процедура кезінде кабельді бүлдірмес үшін, ТОК-де тасушы кабельдің қатты созылуы əсерінен, белгілі бір шараларды пайдаланады.ТОК ілінбестен бұрын тасушы трос түзетілуі керек, егер тасушы трос оған ТОК–не бекіткенге дейін тіректерге ілінсе орындалады.

ОПД кабельді ғимараттар арасында ілуге, байланыс жол тіректерінде, электр сымдары бағаналарында, қалалық жарықтандыру тіректерінде және темір жол бойындағы электр желілері байланыстық бағаналарында жүргізуге арналған.«Сегіз» санына ұқсас төзімді полиэтиленнен жасалған кабельдің көлденең қимасының үлгісі берілген (1.17 сурет)

1-оптикалық талшық – жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланады; 2-оптикалық модуль немесе буфер қабықша; 3-тасымалдайтын күштік элемент - ол болаттан немесе шыныпластиктен жасалады; 4-полиэтиленнен дайындалған сыртқы қорғағыш қабықшасы; 5-гидрофобты толықтырғыш; 6-oрталық күштік элемент