Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.21 Сурет.Қазақстан Республикасының жел жылдамдығы бойынша аудандық картасы

Жел жылдамдығының әсері ілмелі талшықты – оптикалық кабелдердің орнатылған тіректер мен бағандар биіктігіне тәуелді. Желдің жылдамдығы кабельге көлденең бағытта,осіне перпендикуляр әсерін тигізеді. Егер тіректер мен бағандардың биіктігі 15 м-ге дейін болатын болса, онда нормаланған стандартпен орнатылған 1.9 кестедегі мәндерін аламыз.Жел жылдамдығының әсері кезінде кабельдің ортасындағы иілу биіктігін мына формуламен есептей аламыз:

һиб = һтб

мұндағы, һтб – ілмелі ТОК орнатылған тіректің немесе бағанның биіктігі,м; – көктайғақ кезіндегі максималды иілу биіктік,м.Осы формуладан шыққан мәнді тұрақты шамаға келтіреміз.

1.9 кесте.Жер бетінен 15 м биіктікте болатын тіректердің нормативтік жел жылдамдығы

Жел зоналары

Жел жылдамдығы қайталануымен (vmax)

10 жылда 1 рет

25 жылды 1 рет

I

40(25)

55(30)

II

40(25)

55(30)

III

50(29)

65(32)

IV

65(32)

80(36)

V

80(36)

100(40)

VI

100(40)

125(45)

VII

125(45)

150(49)

VIII

145(48)

175(53)

- Кабельдің механикалық параметріне көктайғақ кезіндігі мұздың қалыңдығын есептеу үшін, алдымен Қазақстан Республикасының көктайғақ кезінде мұздың қату қалыңдығы бойынша аудандық картасы керек.(1.22 сурет).Қазақстан Республикасында көктайғақ зонасы III, IV, V типті.Елімізде ең көп кездесетін IV типті зона.

1.22 Сурет. Қазақстан Республикасының көктайғақ кезінде мұздың қату қалыңдығы бойынша аудандық карта

Көктайғақ кезіндегі мұздың қабаты тіректер мен бағандар биіктігіне тәуелді.Егер тіректер мен бағандардың биіктігі 10 м-ге дейін болатын болса, онда нормаланған стандартпен орнатылған 1.10 кестедегі мәндерін аламыз.

Көктайғақ кезінде кабельдің бетінде мұз қатуы байқалады.Оның қабаты қалыңдаған сайын иілу биіктігі ұзарды, ал оның ұзаруы кабельдің механикалық параметріне зиян алып келеді.Мұз қалыңдаған сайын, кабельдің салмағы ауырлай бастайды.Содан кейін анкерлік қысқыштарымыз осы салмақты көтере алмай сынуы мүмкін.Кабель жерге құлап механикалық параметрлеріне қатты зақым тиеді.

1.10 кесте.Жер бетінен 10 м биіктікте тұрған тіректердің көктайғақ кезіндегі мұздың нормативті қату қалыңдығы

Көктайғақ зонасы

Көктайғақ кезіндегі мұздың нормативті қату қалыңдығы,мм

10 жылда 1 рет

25 жылды 1 рет

II

10

15

III

15

20

IV

20

25

V

25

30

Есептеу жүргізген кезде әр қыс үшін мұздың қалыңдау қабатын максимал мәнін алу керек.Метеорологиялық деректер бойынша «таза» мұз басқан қабатынның максимал салмағы 1 г/м3 болып табылады.Мұз қабатын кабельдің салмағынан, иілу биіктігінен және қабаттану көлемінен анықтауға болады.Қазақстан аймақтарында мұздың қабаттану көлемінің г/м3 салмағы орташа мынадай мәндерге ие:

- аяз кристалды – 0,07 г/м3;

- қырау түйірлі – 0,15 г/м3;

- Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – 0,30 г/м3;

- қалған аймақтарда – 0,25 г/м3;

- сулы қар кезде – 0,28 г/м3;

- көктайғақ кезінде – 0,60 г/м3.

Көктайғақ кезінде мұздың қабаты 10 және 25 жылдарында бір рет қайталанатын қабатының қалыңдығы 10 мм.Кез келген мұз қабатын есептеу кезінде осы мәнді алып есептеген дұрыс.

Ілмелі кабельдерді пайдалану, яғни бағаналарға фазалық сымдармен бірге асылатын кабельдерді пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие: ол найзағай әсерінен зақымдалмайды немесе қысқа тұйықталулар орын алмайды.Екінші жағынан кабельдің бұл түрі анағұрлым сенімді және кернеуі 150 кВ жоғары болып келетін электр желілерінде пайдаланыла алады.Кабельді фазалық және найзағай әсерінен қорғайтын қаптама ішіне салу – бүгінгі күні ең үнемді және кабельді дайын тұрған бағаналар арқылы жүргізудің ең жылдам және тиімді тәсілі болып табылады.Оптика – талшықты кабель сымдарға механикалан- дырылған құрылғылар көмегімен салынады.

Оптикалық кабільдің өзекшесінде орналасқан жарықөткізгіштер, көрші талшықтарға әсер етуі мүмкін.Оптикалық кабільдегі өзара кедергі деңгейі, кабільді өзекшенің конструкциясынан, яғни талшықтардың өзара келісімді орналасуынаобайланысты.