- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •Киімнің қызметі.
- •Киімдi топтастыру.
- •Киімнiң сапасы және оған қойылатын талаптар.
- •1 Сұрақ. Антропометриялық нүктелер.
- •Негізгі өлшемдер
- •1.Сурет Антропометриялық нүктелер
- •2 Сұрақ. Өлшеу аспаптары.
- •3Сұрақ. Негізгі өлшем нышандары.
- •21. Бiлезiк айналымы о.Зап.
- •2Сұрақ. Кендікке берілетін қосымшалар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •1.1 Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер. Өлшемі 164-96-104
- •1.2 Цниишп әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
- •1.3 Конусты белдемше негізінің сызбалық тұрғызылуы
- •1.4 Цниишп әдісі бойынша әйел шалбарының конструкция сызбасының тұрғызылуы
- •2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы
- •2.3 Силуэті жартылай қынамалы әйел көйлегінің сызбасын тұрғызуға арналған есептелу мысалы (2 сурет)
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •3.1 Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы
- •3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.
- •Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
- •Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
- •Жағаларды құрастыру.
- •Түймелігі жоғарыға дейін қайырмалы жағалар
- •Жанап тұратын тік жаға
- •Алшап тұратын тік жаға
- •Т ұтас пішілген тік жаға
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •К апюшондарды құрастыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •1Сұрақ. Бастапқы үлгі конструкциясының бейне пішінін өзгертпей және өзгертіп конструктивті үлгілеудің негізгі түрлері.
- •Бақылау сұрақтары:
Киімнiң сапасы және оған қойылатын талаптар.
Тұрмыстық киімге қойылатын барлық бар талаптар тұтынушылық және өндірістік талаптардың жиынтығынан тұрады.
Киімнің тұтынушылық талаптары социалды, функционалды, эргономикалық, эстетикалық және эксплуатациялық талаптаға бөлінеді.
Социалды талаптар берілген ассортимент бойынша киімді шығаруда сатып алушылардың сұранысына байланысты анықталады.
Функционалды талаптар киімнің белгілі бір тағайындалуға сәйкестілігімен (композициялық тұрғызылу, конструкцияға және мата, жастық ерекшеліктері, сыртқы келбеті және психологиялық даму бойынша) сипатталады.
Эргономикалық талаптар антропометриялық, гигиеналық және психофизиоогиялық талаптар кешенінен тұрады.
Антропометриялық талаптар киімнің өлшемге, дене формасына, әр түрлі жастық топтарға байланысты фигураның тұрғызыу ерекшеліктеріне, атқаратын қозғалыс мінездемесі бойынша сәйкес келуімен бекітіледі. Киім конструкциясы қозғалыстың максималды еркіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Гигиеналық талаптар ағзадағы қажетті жылуды және климаттың жағымсыз әсерлерінен, ластанудан және жарақаттардан денені қорғайтын оған оптималды микроклимат жасау жолымен қамтамасыз етіеді.
Психофизиологиялық талаптар адамның сезімі арқылы қасиеттерінен байқалады. Киім теріс реакция мен жағымсыз белгілерді шақырмауы тиіс. Ағзаға және денеген тиетін теріс әсер бұйымның артық салмағының, матаның тікенектігі, тігістердің дөрекі өңделуі, сонымен қатар кию және шешу кезіндегі ыңғайлылық және жеке элементтерін қолданудағы ыңғайлылық болып табылады.
Эстетикалық талаптар модельдердің композициялық және түстік шешімімен, гармониялылығымен, бүтін және бөлшектердің өлшемдестігімен, форманың пластикалылығының анықтылығымен, оның тектоникасымен, заттық әлемнің стилистикалық байланысымен, модельдің және конструкциясының жаңалығымен, тауарлық түрінің жетіктілігімен анықталады.
Эксплуатациялық талаптар киімге өте маңызды және киімнің үйкелуге, мыжылуға, үзілуге, иілуге, сәулелік ауа-райының әсеріне, химиялық тазалауға және жууға төзімдіігімен сипатталады.
Өндірістік талаптарды конструкторлы-технологиялық және экономикалық деп бөледі.
Конструкторлы-технологиялық талаптар тігін бұйымының конструкциясының технологиялылығымен, еңбек шығыны және моделдің дайындалу уақытымен анықталады.
Экономикалық талаптарда өндірістің үнемділігінің (киім моделін дайындаудағы шығындар) және бұйымды эксплуатациялаудағы өндірістік шығындар (химиялық тазалауға, жууға және қалпына келтіруге кететін шығындар) көрсеткіштерін есепке алады.
№2 дәріс.
Тақырыбы: Киімді құрастыру мақсаттары үшін бастапқы деректерлер.
1. Антропометриялық нүктелер.
2. Өлшеу аспаптары.
3.Негізгі өлшем нышандары.
4. Кендікке берілетін қосымшалар.
1 Сұрақ. Антропометриялық нүктелер.
Киiм конструкциясын кез-келген есеп әдiсiмен құру үшiн ең алдымен ол туралы бастапқы деректердi бiлу керек. Осы бастапқы деректердің ішіне бiрiншi және негiзгi бөлiгi болып өлшемдiк белгiлер кіреді. Олар адам денебiтiмiн көлемi мен формасына қарай сипатталады, яғни оның өлшемдiк сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесi мен оның (антропометриялық) бөлiктерiн өлшеудiн үш тәсiлi бар:
бiрiншi тәсiл арқылы тiк немесе көлденен жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының ара қашықтық проекциясын өлшейдi;
екiншi тәсiл арқылы екi нүкте аралығының ең қысқа ара қашықтығын өлшейдi;
үшiншi тәсiл арқылы дене бiтiмiнiң үстiн өлшейдi.
Антропометриялық өлшем бағдарламасы киiмдi конструкциялау мақсатына арналған (60-70) сандарына өлшемдiк белгiлердiң үлкен сандар қамтиды.
Адам денесiнiң үстiн өлшеудi доғалық деп атайды (бойлай-ұзындық, дененiң бөлек-бөлiктерiнiң ұзындығын биiктiгiн анықтайтын ұзындық қамықтық және доғалар, бөлек бiр бөлiктерiн анықтайтын айналымдар, ендер және доғалар).
Екi нүкте ара қашықтық өлшемiн бiрақ дене үстiнен өлшенетiн емес, сызықтық (проекциялық-биiктiк, тереңдiк, проекциялық диаметрлерi, алдыңғы, артқы диаметрi; түзулер киiмдi конструкциялауда сирек қолданады) деп атайды.
Дәл мәлiметтер алу үшiн барлық өлшемдердi белгiлi бiр шарттарды қатаң сақтау негiзiнде жүргiзедi:
а) өлшеметiн адам түзу, күштеусiз, бiрқалыпты дем алып қалыпты деңгейде тұрады;
бас биiктiгiнiң барлық өлшемдердi өлшеуде өлшенетiн адам көздiк-құлақтық көлденен жағдайда, яғни бұл қалыпта көздiң төменгi шарасы және жоғары сыртқы есту жолының ортасы бiр көлденеңдiк жазықтықта орналасуы тиiс;
қолдың дененi бойлай түзу түсуi, аяқ түзу ұстауға тиiс, өкшенi бiрге, аяқтың бас жағы ашық тұруы керек;
б) ерлер мен балалар аяқ киiмсiз iш-киiм киген, әйелдер iш-киiм мен көкiрекше киген;
в) барлық өлшеулер денеге белгiлi нүктелер арқылы немесе терi қатарлары және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргiзiледi.
Бұл нүктелер антропометриялық деп аталып денеге құрылымымен жеңiл мәнерленетiн және жеңiл байқалатын (кедiр бұдырлық, адырлар, сүйектер ығыңқылығы, өсiндi ұшы) және жұмсақ маталар немесе спецификалық терi қалыптасуын шегараларымен анық сызылады. Өлшеу барысында конструкциялау үшiн 16 антропометриялық нүктелер қолданылады (1 кесте).
г) ұзындық және айналымдары өлшеу 1 мм дейiн дәл өлшеудi талап етедi.
Кесте 2 Антропометриялық нүктелер сипаттамасы
Шартты белгiлер |
Атаулар |
Орналасуы |
А |
Жоғары тұсы |
Көздiк–құлақтық көлденең жағдайдағы басты өлшеудiң жоғары нүктесi |
Б |
Мойын |
Жетiншi мойын омыртқа остi өсiндiнiң төбесi |
В |
Мойынның негiзделу нүктесi |
Мойын айналымының иық ылди сызығымен қиылысуы |
Г |
Бұғаналық |
Бұғананың төс ұшының жоғарғы нүктесi |
Д |
Жоғары төстiк |
Кеуденiң жармалық сызығында бөлiндiнiң орталығы |
Е |
Орта кеуделiк |
Кеудемен бiрге төртiншi қабырға шемiршегiнiң жоғарғы шетiнен жiктелу деңгейiндегi кеуденiң орта сызығында |
Ж |
Акромиальдық иықтық |
Жауырынның акромиальды өсiндiсi жанғы шетi жағындағы бiраз шығыңқылық нүктесi |
З |
Иықтық |
Иықтық буындарды теңдей бөлетiн тiк жазықтықты жауырыннын акромиальдық өсiндiсiнiң жоғарғы сыртқы шетiнiң қиылысындағы |
И |
Кәрi жiлiктiк |
Кәрi жiлiк басының жоғарғы нүктесi |
К |
Емiзiктiк |
Емiзiк орталығында |
Л |
Остисттiк – мықын алды |
Мықын сүйегiнiң жоғарғы алдыңғы бiраз шығыңқы түскен нүкте алды |
М |
Тiзе |
Тiзе тостағаншасының орталығы |
Н |
Қолтық астының орта бұрышы |
Қолдың қалпындағы қолтық ойындысының алдыңғы шетпен қалыптасқан доғаның жорғарғы нүктесi. Доға биiктiгiн дәл анықтау үшiн түзеуге қажеттi, қалыңырақ ет астында жасырын жатқан нүкте |
О |
Қолтық астының артқы бұрышы |
Қол түсiру қалпында қолтық ойындының артқы шетпен қалыптасқан доғасының жоғары нүкте |
П |
Жамбасты |
Жамбастың көбiрек шығыңқы нүктесi |
Р |
Бел сызығының биiктiк нүктесi |
Тұлғаның көбiрек жаншылған бөлiмiнде төменгi қабырға мен мықын сүйегiнiң арақашықтығының ортасында |
