- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •Киімнің қызметі.
- •Киімдi топтастыру.
- •Киімнiң сапасы және оған қойылатын талаптар.
- •1 Сұрақ. Антропометриялық нүктелер.
- •Негізгі өлшемдер
- •1.Сурет Антропометриялық нүктелер
- •2 Сұрақ. Өлшеу аспаптары.
- •3Сұрақ. Негізгі өлшем нышандары.
- •21. Бiлезiк айналымы о.Зап.
- •2Сұрақ. Кендікке берілетін қосымшалар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •1.1 Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер. Өлшемі 164-96-104
- •1.2 Цниишп әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
- •1.3 Конусты белдемше негізінің сызбалық тұрғызылуы
- •1.4 Цниишп әдісі бойынша әйел шалбарының конструкция сызбасының тұрғызылуы
- •2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы
- •2.3 Силуэті жартылай қынамалы әйел көйлегінің сызбасын тұрғызуға арналған есептелу мысалы (2 сурет)
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •3.1 Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы
- •3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.
- •Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
- •Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
- •Жағаларды құрастыру.
- •Түймелігі жоғарыға дейін қайырмалы жағалар
- •Жанап тұратын тік жаға
- •Алшап тұратын тік жаға
- •Т ұтас пішілген тік жаға
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •К апюшондарды құрастыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •1Сұрақ. Бастапқы үлгі конструкциясының бейне пішінін өзгертпей және өзгертіп конструктивті үлгілеудің негізгі түрлері.
- •Бақылау сұрақтары:
1.Сурет Антропометриялық нүктелер
2 Сұрақ. Өлшеу аспаптары.
Антропометриялық аспаптары өте көп. Еденнен өлшейтін биіктіктерге темірден жасалған ықшам Мартин антропометрі пайдаланылады. (сурет 2).
Түзу диаметрді үлкен циркульмен өлшейді (сурет 3), проекциялық диаметрді – Мартин антропометрдің жоғарғы штангісімен өлшейді. (сурет 4)
Доғалық, айналым, көлденең өлшемдер дене бітім үстінен сантиметрлік таспамен өлшенеді.
Өлшемдік белгілер 1 мм-ге дейін дәлдігімен өлшенеді. Сантиметрлік таспа созылмаған болуы керек. (сурет 5)
Сурет 2. темірден жасалған ықшам Мартин антропометрі: а — алынатын штангі; б - антропометрдің жоғарғы штангасы
Сурет 3. Үлкен циркуль Сурет 4 Мартин антропометрдің жоғарғы
штангісі
Сурет 5. Сантиметрлік таспамен өлшеу.
3Сұрақ. Негізгі өлшем нышандары.
Антропометриялық өлшеуді денеде негізгі антропометриялық нүктелерді белгілеуден бастайды. Негізгі нүктелер ол: мойындық, мойының негізгі нүктесі, иықтық, қолтық ойындысының артқы бұрышы, бел нүктелері.
Бел сызығын созылмалы таспамен беліне байлап белгілейді. Бұл таспа еденге көлденең болуы керек.
Негізгі нүктелерді белгілеп болғаннан кейін өлшенетін адам түзу тұрады. Өлшеуді жоғарғы жағынан бастайды. Жұп өлшемдерді адам денесінің оң жағынан өлшенеді. Антропометр тік орналасуын қадағалайды.
Сантиметр таспасын денеге тығыз тақап өлшейді, бірақ таспаны созбау қажет.
Құрастыру кезiнде кездесетiн белгілеулер
Н - биiктiк (высота)
Т – тереңдiк (глубина)
Ұ – ұзындық (длина)
О - айналым (обхват)
С – жарты айналым (полуобхват)
Б – бой (рост)
Ц – ортасы (расстояние м/д центрами)
Е – енi (ширина)
Негізгі өлшемдер
1— Бой Б. Өңiрдiң жоғарғы тұсы нүктеге дейiнгi тiк ара қашықтықты өлшейдi.
2- Мойынның жарты айналымы Сш. Мойынның толық айналымын өлшейдi. Сантиментрлiк таспаның төменгi шетiн мойын нүктесi үстiнен орналастырады (жетiншi мойын омыртқасының остистiк өсiндiсiнiң биiгi), ол таспаны жанынан және алдынан бұғана нүктесiнiң төменгi шетiн жанай мойының басталу негiзiмен орналастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.
Өлшеу барысында мойын формасына, орналасуына және ерекшелiктерiне: қысқа, ұзын, цилиндрлiк, бүйiрiнан майыстыра немесе алды және арты майысуына, жетiншi мойын омыртқасы төңiрегiн май басуына, алға немесе артқа еңкеюiне назар аудару қажет. Жаға фасонын таңдау барысында, мойын ұзындығы ескерiледi, ал конструкциялау барысында мойын ойындысының енi мен тереңдiгiн анықтауда мойын формасы мен май басу сипаты ескерiледi. Мойын негiзiмен түскен мойын ойындысы ойығы бар бұйымдардағы мойын ойындысының төменгi бөлiгiне мойын орналасуы әсер етедi.
3 - Бiрiншi кеуде жартылай айналымы Сг1. Бiрiншi кеуденiң айналамын толық (әйелдерде) өлшейдi. Арқаға сантиметрлiк таспаны көлденеңiнен жайғастырады, өлшеу көлемiнiң жартысы қолтық асты ойындысының жоғарғы шетiн жанай өтуi тиiс. Жартысын жазып алады.
4 - Екiншi кеуде жартылай айналымы Сг2. Екiншi кеуде айналымын толық өлшейдi. Арқаға сантиметрлiк таспаны көлденеңiнен қолтық асты ойындысының артқы бұрышына тиетiндей, қолтық асты ойындысымен қисық қиылысты тегiстiктен өтетiндей етiп жайғастырады. Еркектерде сантимертлiк таспаны емiзiктi нүктелер арқылы, ал әйелдерде кеуде бездерiнiн шығыңқы нүктелерiмен жүргiзедi. Соған орай бiрiншi, екiншi кеуде айналамын сантиметрлiк таспаны арқада жылжытпай бiрiнен кейiн бiрiн өлшейдi. Бюстi төмен түскен әйелдер денебiтiмiн сантиметрлiк таспаны кеуде шығыңқысына қосымша берудi ескере отырып алдынан қатаң қолденеңдiкте жайғастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.
5 – Кеуденiң үшiншi жартылай айналымы Сг3. Кеуденiң толық үшiншi айналымын өлшейдi. Сантиметрлiк таспаны еркектерде тұлғаны айналдыра емiзiктiк нүктелерi арқылы, әйелдерде кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арқылы көлденеңiнен орналастрады. Таспаны алдынан кеуденiң оң жағына қарай аяқтайды. Өлшемнiң жартысын жазып алады.
6 – Жартылай бел айналымы Ст. Белдiң толық айналымын өлшейдi. Таспаны тұлғаны айналдыра бел сызық деңгейiнде жайғастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.
Өлшеу барысында бел формасына көңiл аударады және паспортқа оның ерекшелiктерiн жазып отырады: мәнерленбеген, цилиндрлiк, бiрден мәнерленген, арқа тұстан өте майысқан, қарны шығыңқы.
Жартылай бөксе айналымы Сб. Бөксенің толық айналымын өлшейдi. Таспаны тұлғаны айналдыра шығыңқы нүктелерге: артынан –жамбастарға, алдынан – қарынға жайғастырады. Өлшеу жартысын жазып алады.
Өлшеу барасында бөксе формасын және орналасу деңгейiн жазып алады: сопақ, дөңгелек, арқа жағынан тегiс, жамбастардың өте шығыңқылығы, бүйiрлер шұңқырларын, сандардың сырт жағына май басуын, жоғары, төмен орналасуы.
Кеуде енi Шг. Еркектерде қолтық ойындысының ара қашықтығы алдыңғы бұрышы өлшенедi. Таспа өзiнiң төменгi шетiмен қолтық ойындысын жанап өтуi тиiс.
Әйелдерде кеуде бездерiнiң негiздерінің үстiмен қолтық ойындысының алдыңғы бұрыштарынан биiкке дейiн көлденеңiнен ойша өткiзiлген өлшейдi.Жарты өлшеудi жазып алады.
Өлшеу барысында кеуде клеткасының формасына және иық қалпының бұрылысына көңiл бөледi. Кеуденi шығыңқы, түсiңкi, өте шығыңқы бұғаналарымен белгiлейдi.
Иық бұрылысының жайылғанын немесе тарылғанын анықтайды. Жiңiшке қапсырма сызығының жоғарғы бөлiгiн құру барысында кеуде клеткасының және иық қалпы құрылымы ескерiледi.
9 Артқы бел сызығынан мойын негiзделуiндегi жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiне дейiнгi ара қашықтық Дтс 2. Артқы бел сызығынан мойын негiзделуiндегi жобаланатын иықтық тiгiстiң жоғарғы нүктесiне негiзгi қашықтықты омыртқаға параллель өлшейдi. Иық жапсырмасы бар болған жағдайда иық жапсырмасы иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен омыртқаға параллель белдегi көлдеңеңдiкке дейiн өлшейдi.
10 және 11 мойын негiзіндегi жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен алдыңғы бел сызығына Дтп2 және кеуде биiктiгiне Вг2 дейінгі ара қашықтық (әйелдер үшiн). Ерлерде – мойын негiзiндегi жобаланатын иық тiгiстiң жоғарғы нүктесiнен иық жапсырмасының жобаланатын иық тiгiсiнен емiзiктер арқылы белдiң көлдененiне дейiнгi арақашықтықты, әйелдерде – оның жайласуын белгiлеумен уақытша кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арқылы өлшейдi.
Өлшеу барысында мойынның пiшiнiне назар аудару қажет. Мойынның иықтың белдiкке өтуi оның байқалмайтын дене бiтiмдерде сантиметрлiк таспа мойын негiзiнде жатуы тиiс.
12 – Мойын негiзiнен жобаланатын иық тiгiсінiң жоғарғы нүктесiнен қолтық артқы бұрышына дейiнгi Впрз2 ара қашықтық. Көлденең жағдай екi тәсiлмен қолданылады: өлшенетiн жағындағы қолтық ойындысының артқы бұрышына тиiп өтетiндей сантиметрлiк таспа арқылы немесе дөңгелек резеңкенi бойымен қолтық ойындысына тиiп өтетiндей және артынан колденең бойымен жабатындай орналастыруы арқылы өлшенеді.
13 – Қиғаш иықтың биiктiгi Впк2. Өмыртқаның бел сызығының нүктесiнен жобаланатын иық тiгiсінiң соңғы нүктесiне дейiн (сантиметрлiк таспаны соза түседi) ара қашықтықта өлшенедi.
Өлшеу барысында иық деңгейiн анықтайды, биiк немесе құлама.
14 – Арқа енi Шс жауырын бойымен қолтық ойындысының артқы бұрыштары арасындағы ара-қашықтықты өлшейдi. Өлшеудiң жартысын жазып алады. Өлшеу барысында жауырынның шығыңқылығы мен арқаның қисаюына назар аударылады.
15 – Бұйым ұзындығы Ди. Шартты қабылданған типтiк қалыптағы денебiтiмдегi жағаны қондырып тiгу сызығынан қалаған ұзындығына дейiнгi ара қашықты арқа ортасымен өлшейдi.
16. Иық енi Шп. Мойын негiзде жобаланатын иықтың тиiстi нүктесiнен оның соңғы нүктесiне дейiнгi ара қашықтық. Тар иықты және үлкен май басуынан дене бiтiмiнiң қолдың жоғарғы бөлiгiнiң сыртқы үстiнiң өлшемiн алу барысында дене бiтiмiнiң пропорциялығын көзбен қабылдау үшiн Шп өлшемiн көбейтедi және керiсiнше кең иықты тар арқаны және нормалды қол айналымы бар дене киiм үлгiде өлшеудi қысқартады.
17. Жең ұзындығы Др. Иықтың және иық алды үстiнiң бойлай түсiп жобалайтын иықтың тiгiсiнiң соңғы нүктесiнен бос түсiрiлген қол жеңiнiң қалаған ұзындығы денгейiне дейiнгi ара қашықтық.
Өлшемдi бiр уақытта иық ылдиынiң енiн өлшеу және сантиметрмен таспаны сол қолдың саусағымен иықтың тiгiстiң соңғы нүктесiне бекiту арқылы өлшейдi.
18. Иық айналымы Оп. Айналымды иық осiне перпендикуляр өлшейдi. Сантиметрмен таспа қолтық астының артқы бұрышын жанап өтіп қолдың сыртқы бетiне тұйықталуы тиiс.
Егер қол өте толық болса, оның толықтығын, тегiстiгiн немесе қолдың жоғарғы бөлiгiнiң май басу дәрежесiн анықтау қажет. Осындай ерекшклiктер жеңнiң конструктивтiк иiлiмдерiн таңдау және оның қонымдылығын тарату барысында ескерiледi.
19.20 – Бел сызығының жанынан еденге дейiн Дсб, жанғы тiзесiне дейiн Дт.к.б және шалбар ұзындығына Дб дейiнгi ара қашықтық. Ара қашықтықты иықтың ең шығыңқы бөлiгi арқылы жанғы иықты бетiмен бел сызығынан және әрi қарай тiк түсiре қалаған ұзындық денгейiнен және тiзе денгейiнен еденге дейiн өлшейдi.
Қосымша өлшемдер.
8а – Екiншi кеуде енi Шг2. Әйелдерде ойша қолтықтың алдыңғы бұрышына төменгі өткiзiлген кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктесi бойымен көлденеңнен тiгiне дейiн өлшейдi.
Өлшеу көлемiнiң жартысын жазып алады. Өлшеу иықтың белдiктi иiлген дене бiтiмiн бұрылысты және кеуде бездерiнiң үлкен шығыңқылығы бар толық дене бiтiмдерiне бұйымдарды құрастыру барысында бүкпе ерiтiндiсiн және кеуде енiн өлшеу деңгейiндегi конструкция белгiлерiнiң көлемiн анықтауға қызмет етедi.
9а – Мойын негiзiндегi жобаланатын иық тiгiстiң жоғарғы нүктесiнен артқы тiк бойымен бел сызығы деңгейiне дейiнгi ара қашықтық.
Ара қашықтықты мойын негiзiндегi иық жапсырмасының жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен паралель омыртқаға жауырынның көбiрек шығыңқы нүктесi арқылы әрi қарай тiгiнен төменге қарай бел сызығына дейiн өлшенедi. Осындай өлшеу бел деңгейiндегi арқасы үлкен тiгiстi дене бiтiмге түзу силуэттi бұйымдарды конструкциялау үшiн қажет.
13а – Алдынан қиғаш иық биiктiгi Вп.к.п.2.
Ерлерде - иық тiгiстiң соңғы нүктесiнен алдыңғы орташа датальды сызықты бел сызығының қиылысына дейiнгi әйелдерде – кеуде безiнiң шығыңқы нүктесiнен жобаланатын иық тiгiстiң соңғы нүктесiне дейiнгi қысқа қашықтық өлшенедi.
Өлшеу иiлген ең кiшi дене бiтiмiне киiм конструкциялау барысында қолтық ойындысының алдыңғы бөлiгiнiң биiктiгiн анықтау үшiн қызмет етедi.
13б – Емшек нүктелерi арасындағы ара қашықтықтың Цг. кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арасындағы ара қашықтықты көлденеңнен тек қана әйелдерде өлшенедi.
15а – Бел сызығынан алдыңғы жағынан еденге дейнгi ара қашықтық Дс.п. Әйелдерде – бел сызығынан қарынның ең шығыңқы нүктесi арқылы және әрi қарай тiгiнен еденге дейiнгi арақашықтық өлшенедi.
Iшкi бетiмен аяқ ұзындығы Д.н (сурутте берiлмеген).
Аяқтарды жеңiн алып тұрған қалпында оның iшкi бетiмен еденге дейiнгi аралық өлшенедi.
Қарын шығынқысы деңгейiндегi алдыңғы енi Ш.к. (сурет). Қарынның көбiрек шығыңқы нүктесi деңгейiндегi доғамен көлденең қолтық астының жоғарғы бұрыштарынан жүргiзiлген вертикальдар арасындағы ара қашықтық. Өлшеудiң жарты өлшемдерiн жазып алады. Вертикальдарды анықтау үшiн жүк – салбырауын оны қолтық астының алдынғы бұрыштарынан түсiре отырып пайдалануы мүмкiн.
Өлшеу барысында қарынның формасына қарай аудару қажет: тегiс iсiңкi, тегiс, орташа сызық деңгейiндегi қалыптасқан ең шығынқы нүктесі.
Iштiң (қарынның) шығыңқы деңгейi Ув.ж. Бел сызығынан iштiң көбiрек шығыңқы нүктесiне дейiнгi ара қашықтықтың тiгiнен өлшенедi. «+» және «-» белгiлерi бел сызығына қатысты iштiң ең шығыңқы нүктелерiнiң жағдайын көрсетедi: Ув.ж. «+» белгiсiмен ең шығыңқы нүктенiң бел сызығымен жоғары, «-» белгiсiмен бел сызығынан төмен орналасатындығын көрсетедi.
Тiзе деңгейiндегi аяқтың қыйсықтығы К н.к. Тізе деңгейiндегi ара қашықтық денгейiндегi аяқтар аралығындағы қашықтықта өлшенедi. Өлшем – бейнесiндегi формалы аяқтары бар дене бiтiмдер үшiн шалбардың бүгiлу сызықтарын жүргiзу орындарын анықтауға арналып пайдаланылады.
Толарсақ деңгейiндегi аяқтың қисықтығы Кн.ш.
Толарсақ деңгейiндегi аяқтар арасының ара қашықтығын өлшеу. Осы кесiндідегi формалы өлшем X- бейнесiндегi формалы аяқты дене бiтiмдер үшiн шалбардың бүгiлу сызығын жүргiзу орнын анықтауға арналып қолданылады.
