Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кши лекц. - для УМКД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Антропометриялық нүктелер дегеніміз не? Олардың түрлері?

  2. Өлшеу аспаптарыдың түрлері?

  3. Негізгі өлшем нышандары ?

  4. Негізгі және қосымша нүктелер қалай түсіріледі?

  5. Қосымша туралы не білесіз? Ол не үшін қажет?

№3 дәріс

Тақырыбы: Киімді құрастыру әдістерінің қысқаша сипаттамасы.

Бүгінгі күні тігін бұйымдарын құрастыру үшін көптеген әдістерді қолданады: СЭВ (ЕМКО СЭВ) одақ-елдердің киімді құрастырудың бірыңғай әдістемесі, жеке Орталық тәжірибелі-техникалық тігін лабороториясының (ЕМКО ЦОТШЛ) мамандарымен дайындалған тапсырыстар бойынша киім құрастырудың бірыңғай әдістемесі, Мәскеу технология және дизайн университетінің (МГУДТ) әдістемесі, «Мюллер и сын» әдістемесі, ЦНИИШП әдістемесі және т.б.

Әр түрлі әдістемелердегі артқы және алдыңғы бойдың БОК сызбаның базалық торының тұрғызылу есебі мен тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болады.

Фигураның сырты туралы бастапқы ақпарат есебінде аталған құрастыру әдістемелері өлшем белгілерінің әр түрлі сандары қолданылады.

Конструкция параметрлерін анықтау үшін әдістемелердегі өлшемдік белгілерден басқа негізгі учаске арасында әр түрлі бөлу арқылы кеуде еніне Пг (артқы бой еніне Пшс, қолтық ойындысының еніне Пшпр, алдыңғы бой еніне Пшп), қолтық ойындысының тереңдігіне Пспр, иық айналымына Поп конструкторлық қосымшалар қолданылады.

Еуропалық мектептің тігін ісінің негізі, шет елде бастапқы орынды сақтап тұрған «М.Мюллер и сын» әдістемесі. «М.Мюллер и сын» әдістемесінде шартты-прапорционалдықтан ауытқулары бар фигураларға жеке тапсырыс бойынша үлгілеу және құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

ЕМКО СЭВ жүйесі типтік фигураларға массалы өндіріске есептелеген. Ол киім конструкциясының барлық түрлерінде қайталанып отыратын конструкторлық кесіктерден тұрады. Басқалардан айырмашылығы ЕМКО СЭВ и «М. Мюллер и сын» әдістемесінде толық айналым мен ендердің мағынасын қолданады.

МГУДТ әдістемесі аралас түрге жатады, өйткені антропологиялық өлшем белгілердің сандық мағынасына ғана негізделмей, чебышев торында киім бөлшектерінің разверткаларының инжинерлі құрастыру әдістерін қолдану арқылы алынған типтік дене бітім фигураларының макет сыртынан жабынды бөлшектерінің разверткаларын және типтік төсеумен де қолданылады.

БОК тұрғызу үшін практикалық қолданысты ЦОТШЛ әдісі тапты. Бұл әдіс кәсіпорындарда 1975 жылдан бастап қолданылып келеді,өзінің қарапайымдылығымен және әсерлігінің арқасында, қазіргі уақытта да өз үстемділігін сақтап отыр. Әдістеме жеке тапсырыс бойынша құрастыруда да, типтік фигураларда массалы өндірісте де қолданылуы мүмкін. Бұйым конструкциясын тұрғызу үшін 19 өлшемдік белгі қолданылады. ЦОТШЛда құрастыру сызбасын дайындау құрылымы жаңа пішімді игеруге кететін жаңа сәннің ұсыныстарына қосымша шығынсыз жылдам қозғалуға, модельдік ерекшеліктерді, пішім формасын жасаумен байланысты өзінің бірыңғай шешімінде кез келген бұйымды тұрғызу үшін конструкция негізін бөлуге мүмкіндік береді.

Бұйым бөлшектерінің сызбаларын тұрғызу тәсілі киім құрастырудың есептік-аналитикалық әдісінде негізделеді. Ол жерде қолданылатын есептік формулалар киім формасы, адам фигурасының құрылысы туралы антропометриялық мәліметтердің математикалық анализ нәтижесінде бекітілген. Бөлшектер сызбасының тұрғызылуы декоративті безендіруге және еркін қынамаға қажетті қосымшаларды есепке ала отырып фигура контурының графикалық разверткалар жолымен жүзеге асырылады.

Әдістемедегі ыңғайлы және ең дұрысы кеуде бүкпесінің (мойын ойындысының жоғарғы бөлігі) орны болып отыр, өйткені ол қосымша иық, бүйір және басқа қиықтарда оның орналасу орнын анықтау үшін қосымша тұрғызуларды қажет етпейді.

Қарастырып отырған әдістеменің артықшылығы әр түрлі пішімдердің және формалардың әр түрлі тағайындалған және барлық түрдегі киім конструкциясының негізінің сызбасын тұрғызудың құрылымдық схемасы әмбебап және тұрғызуда графикалық тәсілдер мен есептік формулалардың түгелдей өзгеруін қажет етпейді.

Бірақ авторлар ұсынған барлық әдістемелер әр қайсысы өз елдерінің (Ресей Федерациясы, Германия) халқының фигура прапорцияларының, дене бітім туралы мәліметтерді қолдануға негізделеді. Осы орайда әр елдің халқының прапорциялары, дене бітім ерекшеліктері бар екендігін айта кеткен жөн.

Әйелдер, ерлер және бабалар ассортиментінің киімдерін құрастырудың көп жылдық практикасы бізге этнотерриториалды факторларды ескере отырып, шартты-прапорционалдық конструкция тұрғызғанда да, тапсырыс бойынша жеке фигураға да тиімді болатын өзіндік есептеу жүйемізді шығаруға мүмкіндік берді.

Киім бөлшектерінің конструкция сызбасын тұрғызуды әрқашан артқы және алдыңғы бойдың конструкциясынан бастайды. Жеңнің және жағаның сызбаларын олардың артқы және алдыңғы бой бөліктеріне сәйкес келетін өлшемдері мен формасын көрсете отырып кейінірек тұрғызады.

БОК сызбасы кең қынамаға кеңдікпен сипатталатын адамның дене бітімін есепке ал отырып, киім формасының және фигураның өзгерістерімен анықталатын, сонымен қатар технологиялық өңдеу ерекшеліктерімен (бөлшектердің формасының көлемді-кеңістікті тәсілдердің пайда болуы) тұрғызылады.

Қазіргі бар құрастыру әдістерінің негізделуі және дәлдігіне байланысты алынатын нәтижелеріне байланысты жақындатылған және инжинерлі деп бөледі (олардың дәлдігі бастапқы өлшемдердің дәлдігінен жоғары болмайтынын түсінген жөн. Осылайша, конструкторда адам фигурасы туралы мәліметтер неғұрлым көбірек болса, көңілге қонымды тұрғызуларға мүмкіндік соғұрлым көбірек болады). Тұрғызудың жақындатылған әдістеріне муляжды, есептік-графикалық және геометриялық әдістер жатады. Триангуляция, жазықтықта кесілген, конструкторлық жолақтардың, белдіктердің және геодезикалық сызықтар әдістері— бұл киімді құрастырудың инжинерлік әдістері.

Әр әдістің мазмұнын толық айтып шығудың қажеттілігі жоқ. Жасалған зерттеулердің ғылымилығын, күрделілігі мен көлемін көрсету үшін кейбір иллюстрациялар мен толық аталмаған атауларымен ғана шектелеміз.

№4 дәріс

Тақырыбы: Әйелдер бұйымдарының құрастырылуы.

1. Әйелдердің бел бұйымдар конструкциясының сипаттамасы.

1.1 Белдемшені тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

1.2 ЦНИИШП әдісі бойынша түзу белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.

1.3 Конусты белдемшенің негізгі сызбасының тұрғызылады.

1.4 ЦНИИШП әдісі бойынша әйелдер шалбарының конструкциялық сызбасының тұрғызылуы.