- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •Киімнің қызметі.
- •Киімдi топтастыру.
- •Киімнiң сапасы және оған қойылатын талаптар.
- •1 Сұрақ. Антропометриялық нүктелер.
- •Негізгі өлшемдер
- •1.Сурет Антропометриялық нүктелер
- •2 Сұрақ. Өлшеу аспаптары.
- •3Сұрақ. Негізгі өлшем нышандары.
- •21. Бiлезiк айналымы о.Зап.
- •2Сұрақ. Кендікке берілетін қосымшалар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •1.1 Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер. Өлшемі 164-96-104
- •1.2 Цниишп әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
- •1.3 Конусты белдемше негізінің сызбалық тұрғызылуы
- •1.4 Цниишп әдісі бойынша әйел шалбарының конструкция сызбасының тұрғызылуы
- •2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы
- •2.3 Силуэті жартылай қынамалы әйел көйлегінің сызбасын тұрғызуға арналған есептелу мысалы (2 сурет)
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •3.1 Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы
- •3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.
- •Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
- •Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
- •Жағаларды құрастыру.
- •Түймелігі жоғарыға дейін қайырмалы жағалар
- •Жанап тұратын тік жаға
- •Алшап тұратын тік жаға
- •Т ұтас пішілген тік жаға
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •К апюшондарды құрастыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •1Сұрақ. Бастапқы үлгі конструкциясының бейне пішінін өзгертпей және өзгертіп конструктивті үлгілеудің негізгі түрлері.
- •Бақылау сұрақтары:
1.3 Конусты белдемше негізінің сызбалық тұрғызылуы
Сыртқы пішіні қиылған конусқа ұқсаған белдемшені конусты деп атайды. Сондықтан конусты белдемше негізінің сызбасын қиылмалы конустың жазылған сызбасы бойынша тұрғызады. Оның жоғарғы доғасы бел сызығына сәйкес келсе, төменгі доғасы етек сызығына сәйкес келеді, ал жоғарғы және төменгі доғалар арасындағы радиустар бөліктері алдыңғы және артқы бойының ортаңғы сызықтары болып табылады.
Сызбаны тұрғызуға арналған барлық есептеулер арқылы центрі ортақ болатын екі радиусты анықтауға болады О: RT — жоғарғы доғаның радиусы және Rн — төменгі доғаның радиусы.
Негізгі мәліметтер
Конусты белдемше негізінің сызбасын тұрғызу үшін келесі өлшемдер мен қосымшалар қажет:
Ст — белдің жарты айналымы;
Сб — бөксенің жарты айналымы;
Дтс — артқы бел сызығы;
Дтк — бел сызығынан тізеге дейінгі арақашықтық;
Пт — белдің жарты айналымына арналған қосымша;
Пб — бөксенің жарты айналымына арналған қосымша;
Пдк — бұйым етегіне арналған қосымша.
Есептеу мысалына размері 164-96-100 болатын фигураның өлшемдері қолданылады:
Ст = 37,0 см; Сб = 50,0 см; Дтс = 40,4 см; Дтк = 57,6 см; Пт = 1,0 см; П6 =5 см; Пдтк = -7,6 см.
Сызбаның тұрғызылуының алдында конусты белдемшенің бел сызығы мен етегіне арналған радиустары есептелінеді.
Бел сызығын тұрғызуға арналған радиусы есептелінеді:
RT=K (Cr + n,), мұндағы К— белдемшенің кеңею деңгейіне байланысты болатын коэффициент.
К = 0,32 — «солнце» атты белдемшелерге арналған (белдемшенің сызбасы толық шеңбердей болады);
К = 0,64 — «полусолнце» атты белдемшелерге арналған (белдемшенің сызбасы жартылай шеңбер түрін береді);
К= 1,2 — «колокол» атты белдемшелерге (белдемшенің сызбасы шеңбердің 1/4 бөлігіндей болады);
К= 1,4 — «клещ» атты белдемшелерге (белдемшенің сызбасы шеңбердің ¼ бөлігінің секторын құрайды).
Етек сызығын тұрғызуға арналған радиусты анықтайды:
RH = Rт + (Дтк + Пдтк).
О нүктесінен төменге қарай ОТ, ОБ, ОН қиындыларын қалдыратын тік сызықты жүргізеді:
ОТ= RT;
ОН= RH;
ТБ = 0,5ДТС.
ТН қиығы — белдемшенің артқы бөлігінің орта сызығы.
Т, Б, Н нүктелері арқылы О нүктесі ортасы болатын шеңбердің доғаларын жүргізеді.
ОТ радиусының доғасында ТТ1 өлшемін белгілейді.
ТТ1 = Ст + Пт.
ТТ1 қисығы — бел сызығы.
O және T1 нүктелері арқылы Н1 нүктесінде етек сызығымен қиылысқынға шейін түзу сызықты жүргізеді. Бұл түзудің бөксе сызығымен қиылысуын Б1 нүктесімен белгілейді, НН1 — етек сызығы; ББ1 — бөксе сызығы; Т1Н1 — белдемшенің алдыңғы бойының орта сызығы.
Бөксе сызығы бойынша елдемшенің енін тексерген кезінде ББ1 қисығының ұзындығын өлшейді. ББ1 қисығының ұзындығы мына өлшемнен кем болмауы керек (Сб + П6) : ББ{ >(Сб. +Пб).
Егер ББ1 < (Сб. + П6),онда бөксе сызығы бойынша белдемше енін (Сб. + Пб) мөлшеріне дейін ұзартып Б10 нүктесін белгілейді:
ББ10 = Сб. + Пб.
О және Б10 нүктелері арқылы белдемшенің алдыңғы бой ортасының жаңа нақтыланған түзуі жүргізеді. Бұл түзудің етек пен бел сызығымен қиылысуын Т10 және Н10 нүктелермен белгілейді. Т1Т10 бел сызығы бойынша пайда болған артықтарды жан бүкпесіне қосады. Басқаша айтқанда, жан бүкпесінің қосымшасы Т1Т10 қиығына тең болады. Жан бүкпесі жан сызығында орналасады, оның орналасуын доғада орналасқан ББ2 мөлшері анықтайды.
ББ2=0,5ББ10- 1,0.
Б2 нүктесін О нүктесімен бірге түзумен қосады. Бұл белдемшенің жан сызығы болып табылады. Бел сызығының оң және сол жағына жан сызығынан бүкпенің жартысын қосады.
Бүкпенің ұзындығы 17,0...20,0 см. егер бел сызығы бойынша артылғаны T1TIQ > 3,5см болса, онда жан бүкпесіне қосымша ретінде артқы бүкпесін тұрғызады. Артқы бүкпені Б3О түзуінде орналастырады, ол О және Б3 нүктелерін қосады. Б3 нүктесінің орналасуы мына қатынастан анықталынады ББ3 = 0,4ББ2.
Т1Т10 артықтарын былай жіктейді:
2/3 бөлігі жан бүкпесіне жіберіледі, 1/3 — артықысына. Артқы бүкпенің ұзындығы мынаған тең 15,0... 17,0см.
