Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қаржы ответ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356 Кб
Скачать
☆
  1. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашып көрсетіңіз

Қазакстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық қызмегі мемлекетгік ақшалай қорларды қалыптастыру, мемлекеггік-ақшалай қорларды бөлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі әрі қайтарымсыз түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі бірақ қайтарымды түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту;

- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту;

- мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;

- мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру;

- ақша және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы жатады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу әдістері:

- мемлекетгің ақша қаражаттарын бюджеттен біржола — қайтарымсыз әрі ақысыз түрде беру арқылы қаржыландыру;

- мемлекеттің ақша қаражаттарын қайтарымды әрі ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға кредит ретіндеберу;

- мемлекеттің өз кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен іске асырылады.

- ақшалай қорларды пайдалану басымдығын және бағыттарын белгілеу;

- мемлекеттің ақшалай қорларынан алдаған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу;

- мемлекеттің ақша қаражаттарьга пайдалануды жоспарлау;

- мемлекеттің ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтерін және шекті мөлшерін белгілеу;

- мемлекеттік кәсшорындардың пайдаларын бөлудің нормативтерін жөн? төртібін белгілеу;

- ақшалай қорларды пайдалану процесіне мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.

  1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігін, ерекше белгілерін атаңыз

Қаржы-құқық нормалары міндетгеуші, тыйым салушы, өкілеттік беруші нормаларға бөлінеді, яғни қаржы-қатынастарына қатысушылардың белгілі бір іс-қимыл жасауға қүқықтарын бекітіп береді.

Сөйтіп, базистік қатынастар болып табылатын қаржы-қатынастары қаржы-қүқық нормаларын пайдалану барысының қаржылық құқық қатынастарына айналады. Оған қатысушылар субъективті заң қүқылары мен міндеттері арқылы өзара байланыста болады, ал қатынастары мемлекеттің күшімен сақталады. Қаржы қызметін қүқықтық қатынастардан тыс жүзеге асыру мүмкін емес. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары кепілдік беретін өзара байланысты зандық қүқықтары мен міндеттер болған жағдайда, жоспарлаған кірістердің түсуі, олардың белгіленген мақсаттарға сәйкес бөлініп, пайдаланылуы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қаржы қүқығы қатынастары қатысушылары кәсіпорындар, үйымдар, мекемелер,

азаматтар орындауға міндетті окілеттіктерді иеленеді. Мемлекеттің қаржы қүқығы қатынастарын жүргізетін органдар басқа қаржы қатынастарына қатысушыларға қатысты тек екім ғана жүргізіп қоймай, белгілі бір міндеттерді де өз мойвіндарына алады. Оларға қатысушылардың қүқықтары мен міндеттері мемлекеттің қамқорлығына алынып, күштеу арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы-қүқықтық актілері мемлекеттік басқару органдарының қаржы қызметі мәселелері бойынша алдын ала қарастырылған формада қабылданған және заң сипаты бар шешімдері. Олар қаржы-құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді, жояды немесе нақты құқықтық қатынастарының туындауына, доғарылуына, езгеруіне негіз болады. Қаржы-кұқық актілерінің жиынтығы қаржы заңдарын құрайды.

Қаржы қызметінің белгілі бір құқықтық формаларын қолдану реттелетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заң ұзақ мерзімге созылған қаржы қатынастарын бейнелейтіндіктен, оны

Парламент бекітеді, қысқа мерзімділерін, мысалы, мемлекеттік бюджет туралы заңды да (республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін маңызды болғандықтан) сол орган бекітеді. Ағымдағы қаржы қызметінде заңдық сипаты жоқ қаржы нормалары жұмыс істейді, оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдары аппаратында мәжілістер өткізу, кәсіпорындардың қаржы қызметтеріне нұсқау беру, жергілікті өкілетті органдардың бюджет комиссияларының мәжілістерін өткізу.

Қаржы-құқық актілері заң негіздеріне қарай нормативтік, жеке, заңдық және заңға қосымша актілер болып бөлінеді.

Біртекті қаржы қатынастарын реттейтін актілер нормативтік, актілер деп аталады. Олар оған қатысушылардың жалпы ережесін құрайды. Яғни құқықтық нормалар ұзақ уақыт жұмыс істейді. Бұл актілер кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің түрлерін белгілейді. Белгіленген төлемдердің төртібін, төлемшілердің тұрпатын жөне басқа шарттарды айқындайды.