Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қаржы ответ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356 Кб
Скачать
☆
  1. Республикалық бюджеттердің жобаларын құрастыруды ашып көрсетіңіз

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:

  • Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;

  • әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

  • салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;

  • бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

  • бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

  • республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;

  • жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

  • мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;

Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі. Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган ол Экономика және бюджеттік жоспрлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады. Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді.

  1. Жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды атаңыз

Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:

  1. Бюджет жобасын құрастыру;

  2. Бюджетті қарау және бекіту;

  3. Бюджетті атқару;

  4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі.