Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қаржы ответ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356 Кб
Скачать
☆
  1. Бюджеттік реттеу және оның әдістерін сипаттап жазыңыз

Бюджеттік реттеу -жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе-тең ұстау үшін бөлінетін қаражат; реттеуші кірісті бөлу және салық әлеуеті жетіспеген кезде қаражатты түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында қайта бөлу (жәрдемқаражат, трансферттер беру, т. б.)- Шын мәнінде бюджеттік реттеу жоғары тұрған мемлекеттік билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында объективті себептермен артта қалып отырған аумақтық құрылымдарының кірісін теңестіру мақсатында жүзеге асыратын бюджет аралық реттеу болып табылады

  1. Бюджеттік бақылаудың түрлері мен қағидаларын түсіндіріңіз

Бюджеттік бақылау / Бюджетті бақылау — мемлекеттік қаржы бақылауының құрамдас белігі, ол арқылы бюджет жобасын әзірлеу, оны қарау және оның орындалуы туралы есеп беру барысында бюджеттік қаражаттың құралуы, бөлінуі және орындалуы тексеріледі. Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бюджетті бақылау кезінде зандар мен заңнан туындайтын актілердің сақталуы, салықтар мен бюджетке басқа да төлемдердің дүрыс есептелуі және уақытылы түсуі, бюджеттік қаражаттың жұмсалуында қаржы төртібі мен үнемдеу режимінің сақталуы тексеріледі. Бюджетті бақылауды мемлекеттік биліктің тиісті республикалық және аймақтық органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың бақылау-есеп органдары, республикалық қазынашылық органдары, аймақтық және жергілікті қазынашылар, салық және кеден органдары, қаржы-банк жүйесінің органдары, даралық бақылау органдары жүзеге асырады. Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың ақшалай қаражаты ғана емес, сонымен бірге материалдық және еңбек ресурстары да Бюджетті бақылау нысандары болып табылады.

  1. Бюджеттерді талқылауды және бекітуді ашып көрсетіңіз

  1. Республикалық және жергілікті бюжеттерді орындау реттігін атаңыз

Республикалык, бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалык, мақызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекетгік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстык, маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.