- •(I)Өнімнің мақсатты аудиториясы
- •(III)Банк кепілдігін алу шарттары
- •Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашып көрсетіңіз
- •Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігін, ерекше белгілерін атаңыз
- •Ақша жүйесінің қағидалары және элементтерін түсіндіріңіз
- •Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын атаңыз
- •Бюджет процесінің қағидалары мен сатыларын түсіндіріңіз
- •Бюджеттерді талқылауды және бекітуді ашып көрсетіңіз
- •Республикалық және жергілікті бюжеттерді орындау реттігін атаңыз
- •Бюджеттік реттеу және оның әдістерін сипаттап жазыңыз
- •Бюджеттік бақылаудың түрлері мен қағидаларын түсіндіріңіз
- •Салықтың белгілері мен функцияларын сипаттап жазыңыз
- •Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формаларын түсіндіріңіз
- •Екінші денгейлі банктерінің құқықтық негіздерін атаңыз
- •Республикалық бюджеттердің жобаларын құрастыруды ашып көрсетіңіз
- •Жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды атаңыз
- •Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамын сипаттап жазыңыз
Салықтың белгілері мен функцияларын сипаттап жазыңыз
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындыгын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясы-ның қүрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жон.
Қазіргі кезде салықрр фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бүлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін біддіреді.
Фискалдық функция — барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның комегімен бюджеттік қор қалыптасады, мүның озі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, эко-номиканы, әлеуметтік-мөдени шараларды жүзеге асыруды қамта-масыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономика-лык қызметінің үлғаюымен байланысты пайда болады. Ол үлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бүл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олар-дың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бүл реттеуіштер қоғамдық үдайы ондірістің қүрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен түтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір болігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бүл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы үлттық онімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол үлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бүл үлес 1997 жылы — 19,7%, 1998 жылы -16,6%, 1999 жылы — 17,4%, 2000 жылы — 22,6%, 2001 жылы -22,2% болды (салыстыру үшін: Украинада — 29%, Ресейде — 33,3%).
Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формаларын түсіндіріңіз
Құнды қағаздар нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады, себебі ол қаржы-несиелік жүйенің қүрамдық бөлігі және бүкіл әлемде оның іс-әрекеті ең үлкен дәрежеде регламенттелген, әсіресе заңнамалық қамтамасыз ету жағынан. Бүл нарықты мемлекеттік реттеу келесі бағыттар бойы іске асырылады:
Ø құнды қағаздардың айналысын, эмиссиясын және оған қатысушылар іс-әрекетін реттейтін дақпыртты тәртіптер өндіру;
Ø құнды қағаздар нарығына қатысушылардың әрекеттегі нормативті-құқықтық актілерін орындалуын бақылау;
Ø құнды қағаздар нарығында іс-әрекеттің бір түрімен шұғылдану үшін қүқыққа лицензия беру;
Ø құнды қағаз нарығында және қүнды қағаздармен жүмыс іс- тейтін қызметкерлерге аттестация жүргізу;
Ø құнды қағаздар операцияларынан түскен габысқа салық салу.
Құнды қағаздар және жалпы қаржы нарығы аумағындағы реттеу мен басқа да функцияларды арнайы қүрылған қаржы үйымдары мен қаржы нарығын реттеу және бақылау жөніндегі ҚР Агентіігі атты әкішілікті орган іске асырады.
Қорлар нарығымен тығыз арақатынаста мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пайдалану мен борышы» ты мемлекеттік басқару іске асырылады. Мұндай басқаруды Үлттық банкімен бірге және бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган атқарады. Бұл органдар жыл сайын алдағы орта- ша мерзімдік дәуірге мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пайдалану мен борыштың ахуалы мен болжамының бағалауын көрсететін құжат дайындайды. Сондай-ақ осы қүжатта мемлекеттік борышты күту мен өтеу және мемлекеттік кепіл беру көлемдерін, Үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін белгілейтін көрсеткіштер анықталады.
Сонымен бірге бұл басқаруга борыш қүрылымын оптимизациялау, эмитенітің мемлекеттік эмиссиялық құнды қагаздар сатып алу мен сату, мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі борынь ты қайта құрылымдауы мен оны қайта қаржыландыру жоніыде шаралар дайындау және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алый пайдалану тәуекелдерін басқару кірістіріледі.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылғы респубдикалық бюджет жөніндегі заңда бекітілуге жататын Үкіметтік борыш пен мемлекеттік кепіл беру лимиттерін анықтайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылгы республикалық бюджет жөніндегі заңда бекітілуге жататын шеттен алып пайдаланудың колемдері, формалары және шарттары, Үкіметіік борыппың өтеуі мен күтуінің көлемдерін анықтайды және мемлекегтік заемдардың тіркеуі, оларды алу, отеу мен күтуінің және мемлекеттік борыштың мони- торингісі іске асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеггік және мемлекеттің кепіліндегі шеттен алып пайдалану мен борышқа қарасты қазіргі кезеңдегі саясаты осылардың қүрылымындагы сыртқы борыштың үлесін томендету мен жалпы ішкі өнімге шаққандағы.
