Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қаржы ответ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356 Кб
Скачать
☆
  1. Бюджет процесінің қағидалары мен сатыларын түсіндіріңіз

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлігі қагидаты бюджет жүйесін ұйымдық эко-номикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюд­жет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қагидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.

Бюджеттің толықтыгы (толымдыгы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде болып көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.

Реалистік қагидаты—параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезендегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең ал-дымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.

Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.

Транспаренттілік қагг/до/тш—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.

Дәйектілік қагидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.

Тиімдік пен нәтижелік қагидаты—бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.

Басымдык, —бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.

Жауапкершілік қагидаты—бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.

Бюджеттердің жариялығы қагидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезендегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.