- •5В01000 - Білім тобы мамандықтары студенттеріне арналған
- •2. Рубеждік бақылау және аралық аттестация өткізуге арналған сұрақтар (емтихан)
- •2.3 Аралық аттестацияға дайындық сұрақтары:
- •Дәрістер жинағы
- •2.Тақырып Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы
- •4.Тақырып Кемел адам –халықтық тәрбиенің мақсаты
- •Мәнжазбалық жұмыстардың тақырыптары
- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий:
- •Мазмұны
Дәрістер жинағы
Дәріс № 1
Тақырыбы: Кіріспе.Халық педагогикасы туралы түсінік.
Дәріс жоспары
1.Этнопедагогика және Қазақ этнопедагогикасы пәні, мақсат, міндеттері.
2. Этнопедагогика және Қазақ этнопедагогикасының ғылыми қалыптасып, дамуы.
3. Этнопедагогика және Қазақ этнопедагогикасының басқа ғылымдармен байланысы
Халықтық педагогика – тұнып тұрған асыл қазына, өсиет, өнеге, білім, тәрбие. Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің қажеттігі артып отыр.
М. Дулатов та мектептегі тәрбие үрдісі мен әдістері туралы жақсы ой - пікірлерді айта отырып, бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің ерекшелігін көрсетті. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытылуы қажет, осылай біліп, баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады.. мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да, қай жұртың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық көрсе де ұлт ұлы болып қалады...»,- дейді.
Профессор Қ. Қожахметова: «Әрбір мектеп адам тәрбиелеуді жалпы міндет тұтса, алдымен оны белгілі елдің азаматы қылып, сол қоғамның мінезімен жалпы бағытына тәуелді болуға тиіс» дейді.
«Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу»-деп ғалым С. Қалиев қазақ этнопедагогикасының тарихи-теориялық мақсаттарын айқын көрсетеді.
Қазақстан ғалымдары қазақ этнопедагогикасының ғылыми - теориялық негіздері оның әдебиеті мен мәдениетінде және салт - дәстүрлерінде екендігін дәлелдеп, ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасының құндылықтарын айқындап, этнопедогогикалық ғылым жасап, оны білім беруге пайдаланудың ғылыми жолдарын айқындап берді.
Қазақ этнопедагогикасы - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған тәрбие құралы екендігін дәлелдей отырып, этнопедагог ғалымдар сол, ұлттық ғылымның әр саласына талдау жүргізіп, ғылыми-теориялық тұжырымдар жасады. Мысалы: ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлердің, ұлттық өнердің, халықтық тәлімдердің этнопедагогикалық мәндері және оларды дүниетанымдық, тәрбиелік мақсатта қолдана білудің әдістемелік жүйелері т.б.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт – дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан – жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп, меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық экономикалық, мәдени, психологиялық бірлікпен бірге тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады. Белгілі бір этностық адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан ана тілінің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені іске асыратын ұлттық тіл екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана-сезімімен байланысты жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысты жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысты тұрғысынан қарастырады.
Этнопедагогика ғылымын зерттеген И.Т.Огородников «Этнопедагогика» еңбегінде бұл ғылымның негізін қалған Г.Н.Волковтың пікірін келтіреді: ”Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екі хрестоматия жасалған болса, оның біріншісіне бала тәрбиесі жөніндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтың салт-дәстүрлеріне арналған этнографиялық тәлімдік жазбалары енгізілген болар еді де, ал екіншісіне халық педагогикасы мен халықтың тәлім-тәрбиелік ойларын зерттеуге арналған педагог ғалымдардың еңбектері енген болар еді“[85]. Сөйтіп халық педагогикасын (ауыз әдебиеті мен ұлттық тәрбие, өнер және салт-дәстүрлері) және этнопедагогикалық ойларды жалпы этнопедагогика ғылымының негізгі зерттеу нысаны ретінде айқындап көрсетеді.
Халық педагогикасы, этнопедагогика туралы Г.В.Виноградовтың (“Народная педагогика” 1926ж.) [81], Г.Н.Волковтың (“Этнопедагогика”, 1974ж. ) [82], С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смайыловалардың (“Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, 1994ж.) [83], Н.Ф.Афанасьевтың (“Этнопедагогика востока и сибири”, 1996ж.) [84], С.Қалиевтың (“Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы” 2003ж.) [85], Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің (“Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы ”, 1-2-т., 1995-1998ж.) [86], К.Ж.Қожахметованың (“Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері”, 1998ж.) [23] т.б. ғылыми-теориялық еңбектерді зерттей келе этнопедагогика этносқа тәрбие беру, тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым деп тұжырымдаймыз
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
Дәріс № 2
Тақырыбы: Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы
Дәріс жоспары:
1.Халық педагогикалық көзқарас
2. Халық педагогикасындағы салт-дәстүр
3.Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды, балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі азаматтық борышын жете түсінуге, оларды өзінің ата-аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге кемектеседі. Отанға қызмет етудің тиімді жолдарының бірі – оның ұрпақ тәрбиесіне белсене араласу болуы адамзаттың қазіргі әлеуматтік дамуының ерекшеліктеріне айналып отырғандығы кездейсоқтық емес. Патриоттар мен гуманистер, ғылым мен мәдениеттік шынайы ұлы қайраткерлері тұлға қалыптастыруы саласына енжар болады. Жалпы рухани және мәдени дамудың басты белгілерінің бірі педагогикалық алға басулар болып табылатындығы кездейсоқ емес. Мақсаты мен сипаты ор кезенде, әрбір қоғамда түрліше, тіпті қарама-қарсы болғанына қарамастан, тәрбие қашанда жалпыға бірдей кұбылыс болды. Дүниежүзілік тарихи мәнге не өткен кезендер мен түрлі елдердің педагогикалық тәжірибесі педагогикалық дамудың зандылықтары жайлы жалпы белгілерінде пікір айтуға және әлемдегі мектептік-тәрбие ісі дамуы жағдайын елестете алуға мүмкіндік береді. Бұған халықтық және ұлттық тәрбие ерекшеліктерін оқып үйрену арқылы халықтық ішкі дүниесіне енуге жағдайлар туғызатын этнопсдагогикалық зерттеулер өз үлесін қосады. Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез-құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады. Педагогикалық процесс зандарының обьективті сипатын көрсету қиынырақ. Бұқаралық педагогикалық шығармашылықтан өсіп шыққан этнопедагогика педагогика ғылымының халыққа жақындатуға икемді. Сонда мектепті өмірге жақындату проблемасы ретінде жалпы нұсқада тұжырымдалатын педагогикалық міндет этнопедагогикалық түсіндіруде мектептің өмір мен идеялық, адамгершілік, рухани байланысын жан-жақты нығайту деп қисындап мазмұндалуы мүмкін. Бұл шын мәнінде мемлекеттік моральдық-саяси бірлігінің педагогикалық аспектісі. Халықтың педагогикалық процесті терең талдауға мүмкіндіктері болмады, ол жазудың болмауы оларға халықтың педагогикалық жетістіктерін жинауға, қорытындылауға және жүйелеуге жол бермеді. Соған қарамастан халық бүкіл қолайлы шаралармен жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ұнамды тәжірибені таратуға көмектесті және де сонысымен педагогикалық білімдердің дамуына ықпал етті. Сонымен этнопедагогака зерттеудің кең келеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды. Халық даналығы қамқорлығының түйірлерін жинау, халықтың тәрбиенің негізгі катеориалары мен заңдылықтарын анықтау, оларды басқаратын әлеуметтік-экономикалық факторларды белгілеу, халықтық педагогикалық дәстүрлердің өмір сүргіштігінің себептерін айқындау және олардың қоғамның қазіргі рухани өміріне енуі жүйесін белгілеу этнопедагогикалық аса маңызды міндеттері болып отыр. Тәрбие идеялары мен төжірнбесін салыстырмалы педагогикалық талдау – этнопедагогика методологиясының негізі. Халықтық педагогакалық мәдениетінің өзекші саласын өзіне зерттеу пәні етіп алған ғылымның жаңа саласы жан-жақты дами алады деп болмауға болады. Ол педагогика гмлымдары жүйесінің ажырамас белшегі бола отыра, өзінің таным обьектісін терендей зерттеуде педагогиканың бүгінгі бүкіл жетістікгерінс сүйенеді, оның материалдарымен және методтарымен пайдаланады. Этнопедагогиканың практикаға жол табуы – ол қазіргі педагогикалық теорияны жан-жақты қолданганда ғана мүмкін болады. Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланыс пен өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар. Бұл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи тәжірибесі бар ғылымдар метотарымен қаруыландырады және сонысымен де аса кең теориалық қортындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды белігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді. Мұндай бірлік осы кезге дейін көптеген зерттеушілер назарынан тыс қалып келетін тәрбиенің халықгың практикасын терең танып біліу мен обьективті бағалауға мүмкіндік береді. Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда ғана мүмкін болады. Зерттеушілер жинастырған зор көрнекті материалды халық тәрбиешілерінің шеберлігі мен өнерінің сырын ұғыну үшін пайдалану керек. Зерттеулердегі дара-дара идеялар мен халықгық жас ұрпақ тәрбиесі бойынша тұтас тәжірибесінің тоғысуы жүйелі этнопедагогикалық теория негіздеу үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек. Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Бүл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болды. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жатамды жағдайлар туғызды. Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзкараста-рын оқьш үйренуге көп көңіл бөлді. Төрбиенің халықгығы, табиғатпен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретіңде пайдаланды.
Халық педагогтары - патриоттар өрекеттерінде ортақгық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармаларының мазмұны халықтық. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады. Халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдермен кисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ: біреулері үшін халықтық педагогика бастапқы ой болса, басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеру болды. Кейбіреулерде педагогика ғылымына жуықтау процесі мерзімінен бұрын үзілсе, өзгелерінде халықтық педагогика түрғысынан келу тоқталған болып шықты. Сонымен кімдер өзіне халықтық пен ғылымилықты үйлестірсе, сол ғана ұлы педагог-демократтар болып қалыптаса алды. Этнопедагогиканың қалыптасу процесінде халықтық педагогиканың алдыңғы қатарлы өкілдері мен педагогика ғылымының аса көрнекті кайраткерлерінің қимылы жолыққан түстар баршылық. Көрнекті қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамбетұлы халықтық педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғылымды байытады, белгілі бір жағдайларда оның негізі кызметін атқара алады деп санады. Олардың айырмашылық өзгешеліктері халық өмірін, оның тілегімен қажеттілігін жетік білуі; туған халықтың рухани қазыналарын жоғары бағалауы; туған тілде оқыту мен тәрбиелеудің шешуші ролін мойындауы; тәрбие жөніндегі халықтық дәстүрлер мен тәжірибені шығармашылықпен оқып үйренуі; халықтың ауызша шығармашылығын білім беру мен тәрбие жүмысында кеңінен пайдалануды ұсынуы; халық үлгісімен балалар үшін шығармалар туғызуы. Үстіміздегі дәуірде қазақ халқы педагогикалық тәжірибесіне қатысты көлемді материалды оқып үйрену нәтижесінде өткеннің тәрбие дәстүрлері жайлы айтарлықгай ғылыми мәліметтер жинақған.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер
Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.
Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.
Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.
Дәріс № 3
Тақырыбы: Халық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.
Дәріс жоспары:
1.Педагогикалық мәдениет балалар тәрбиесінің тікелей байланысты рухани және материалдық мәдениет саласы
2. Педагогикалық мәдениет жалпы мәдениетпен байланысы
3.Халықтың педагогикалық мәдениетінің ортақтығы, жалпы адамзаттық құндылықтар халықтық психологияның негіздері гографиялық жағдайлары.
Халықтық педагогика - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан көрінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. Халықтық педагогикалық зерттеудің көзі педагогика мазмұнды және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесі т.б.
Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтыктарының ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Халықтық педагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Халықтық педагогика құндылықтары өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруға жаңа оқу-тәрбие үдерісіне бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі туралы тусінігін дамытуға көмектеседі.
Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Халықта эстетикалық тәрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.
Қазақ этнопедагогиксының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда: «адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек» .
Халықта эстетикалық тәрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Бұл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі.
Ғалымдар, ақындар, өнер иелері, философтар педагогикалық идеяларын талдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялары олардың адам тәрбиесі жайлы трактаттарында кеңінен қолданылғанын керсетеді. Абу Насыр Әл-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер ұсынылса, Әбу Райхан Бируни өз шығармаларында түрлі халықтардың дәстүрлері жайлы арнайы сөз қозғайды: Махмұд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат-түрік) атты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесінен мысалдар мол, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» (Құдатғу біліг) шығармашылығы толығымен халықтық поэтикалық шығармашылығымен үндеседі. Педагогикалық мәдениет жәйін талдағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық және адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді. Асан Кайғы өзін қазақ қоғамдық өмірінің қалың ортасына енгізген көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Оның бүкіл әрекеті өз халқына оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықталады. Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан: "Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазір де тәрбиелік маңызы үлкен. Мұнымен өте ұқсас ойларды біз Қазтуған шығармаларынан да табамыз. Тұлғаның рухани байлығындағы бастау ақын пікірінше - ол өз халқының рухани қазынасы. Отанға, жерге нәзік сүйіспеншілігін ол былай деп білдіреді:
"Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ тудырып, Қорамсамды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт".
Халықтық ақындар мен жыраулар үшін жетекші қағида болып табылады. Олар халық педагогикасын терең біледі жөне оны ардақ тұтады.
Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады, Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады, Шаршы топта сез бастаудан қиынды көргем жоқ", –
деп Бұқардың тәрбиеленушінің санасына ықпалды әсері мол сөз өнеріне ерекше мән беруі осыдан. Оның шығармаларында насихат, өсиет, ақыл айту, тілек секілді халықтық тәрбиенің құралдары жиі кездеседі. Шығармашылық қуатты халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан және онда көрініс берген педагогикалық тәжірибеден жинақтаған осындай кернекті тұлғалардың бірі - Ш.Уәлиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халықтық эпостық поэма "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу", қырғыз эпосы "Манас", халықтық әдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері, көне аңыз-әпсаналар және т.б. - бәрі Ш.Уәлиханов мұрасында көрініс тапты. Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Көрнекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау және қажырлықпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары - патриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Этнопедагогиканың мәселелерімен айналысушы ғалым А.Э. Измаилов: «Халық педагогикасы ұрпақтан – ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің мағлұматтарының жиынтығы. Халықтық педагогиканың ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы өзінің көрінісін беріп отырады» - деп орынды атап көрсеткен. Халықтық педагогиканың құрамдас бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және дәстүрлер.
Сонымен халықтық педагогиканы оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын арттыруға болады деген қорытындыға келдік.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001. 2.Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997. 3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000. 4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995
Дәріс № 4.
Тақырыбы: Кемел адам –халықтық тәрбиенің мақсаты
Дәріс жоспары:
1. Кемел адам-халықтық тәрбиенің мақсаты
2. Кемел адамның этникалық сипаты
3. Кемел адам қасиеттерінің жалпы адамзаттық сипаттамасы.
Сонау ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастаны сол кезеңде ел өмірінде маңызды орын алғаны тарихтан белгілі. Тіпті авторға осы еңбегі үшін «хас хаджиб» лауазымы берілгені анық. Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның еңбегі сан салалы зерттеу нысанасына алынды. Бұл еңбектің қанша заман, қанша дәуір өтсе де, өз құндылығын жоймайтын құнды тарихи жәдігер екені айдан анық нәрсе. ХІ ғасырда қозғалған мәселелер бүгінгі жаһандану дәуірінде де маңызды мәнге ие болып отыр. Сол дәуірде қозғалған ел басқаруда адамгершілік, имандылық, ізгілік, әделеттілік, білімділік қағидаларын тұтынудың өзектілігі арта түспесе кеміген емес. Бұл тамаша тарихи туындының қай кезеңде де мәнін жоймай отырған себебі де осында.
Дастанның басты мақсаты – бақытты қоғам құру, берекелі де құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейінгі ұстанымдарды баяндайды. Әр нәрсенің бастауы бар екені анық болса, онда ең әуелі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлсе, болашақта жақсы отбасы, мықты мемлекет, бақытты қоғам құруға болады. Ал, бақытты, ізгілікті қоғам құру жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бері келе жатқан барша адамзаттың арманы. Бұл арманға жетуге кедергі тудыратын – тәрбиенің кемшіндігі. Дастанда автор:
«Адам жайлы баяндайын енді мен,
Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен»,¬¬- дейді.
Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсы-жаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы – осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал, осы толып жатқан жақсы-жаманды құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған тәрбие мен білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен, оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады.
Дастандағы «Жаман-жақсы жараспайды ешқашан, Түзу-қисық қабыспайды ешқашан» деген жолдар жоғарыда айтылған ойымызды нақтылай түседі.
Ал, қазіргі ХХІ ғасырды табалдырығын аттап отырған адамзат баласын білімсіз, тәрбиесіз деп айту қиын. Жаман мен жақсыны ажырата алмайды деу де ақымақтық. Осы жерден сауал туындауы әбден мүмкін, адам білімді, ақылды болса неге ізгілікті қоғам құрылмай жатыр, заманымызда неге сұмдардың айы оңынан туып тұр? Бұл сұраққа да дастаннан жауап табуға болады:
Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім...
Біл, әділ заң – басқарудың тұғыры,
Бегі әділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы қысқасы.
Қоғамдағы әділдіктің жеңіліс тауып, әділетсіздіктің жеңіп кетуінің себебі елді билеп отырған азаматтардың арына байланысты. «Заң алдында бәрі бірдей мен үшін» деп отыратын бүгінгі биліктегі азаматтар, қалтаның қамын ойламай, сонау ықылым замандардан өнеге етілген адамгершілік қағидаларын, әділеттілік қағидаларын ұстануы тиіс.
Елді билеп отырған бек қандай болу керек, бойына қандай қасиеттерді сіңіру керек, ел-жұртына қандай пайда келтіру керек осы мәселелердің бәрі дастанда ол дүлміштің бектік туралы айтқан жолдарынан табуға болады. Бектің бойындағы қасиеттер: асыл текті ер, күшті, батыл, епті, қайсар, ержүрек, ақылды, пәктік, білімді, зерек, шыншыл, жұртқа сыйлы, көңілі тоқ, көзі тоқ, пейілі кең, сөзі шоқ, елін сүйер ер, ізгі құлық, сергек сезім, сабырлы, әділ, арлы, ұятты, намысты, жігерлі, сақ, сөзі берік, ісі айқын.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Жақсы атымен, дақ тигізбей намысқа.
Ұшқалақтық – бірі, екіншісі – сараңдық,
Үшінші – ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың сор, бетті жер қып жүргізер,
Бесінші – өтірік, жерге тірі кіргізер!
Бек бұлардын бойын аулақ ұстасын,
Атын сақтап, бақса сөздің нұсқасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Өзімшілдік – торланғаны бағыңның .
Жоғарыдағы айтылған жақсы қасиеттер және бес жаман қасиеттен бүгінгі ел тізгінін ұстап жүрген азаматтар өмірлік ұстаным етсе, қоғам ізгілену жолына түсер еді. Әрине қазақта «Бес саусақ бірдей емес» және «Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді» деген тағы бар. Өмір болған соң жақсы мен жаман қатар жүретіні тағы бар.
Барлық аштар жесе ақыры тояды,
Сұғанақ көз көрде ғана қояды.
Жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бергі келе жатқан ашкөздік, көреалмаушылық, қанағатсыздық т.т. осындай пенде бойындағы келеңсіз қасиеттерді данышпан дарын иесі Жүсіп Баласағұн осылай түйін жасайды. Қазақта «Өзім тойсам да, көзім тоймады» деген мақал бар. Яғни адам бойындағы қанағатсыздық та осы жерде көрініп қалатындай. Өзімде ғана болса екен, өзім ғана байысам екен, өзімнің абыройым өссе екен деген адам баласы бүгінгі қоғамда да, өткен тарихта да болғаны және бола беретіні анық. Солай бола тұрса да, адам болып туылғаннан кейін Алланың махаббатымен жаратылғаннан соң, адам – деген атқа лайық ғұмыр кешкен әлдеқайда артық, әлдеқайда жоғары. Бүгінгі адам баласы ар-ұятты, ұлттық намысты, ата-баба дәстүрін сырып тастаған қоғамда осындай «Құтты білік» туындысының маңызы арта түскені бүгін және болашақ үшін де өте-мөте маңызды. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деген мына заманда осындай туындыларды насихаттау арқылы тұтас қоғамды тәрбиелеуге әбден мүмкін.
Ұяты бар адамдар пәк, момын да,
Ұятты іске тигізбейді қолын да.
Күшті болса кімде ұят құрыштай,
Сақтар арын, арамды орып қылыштай.
Кімге тәңір берсе ұят, намысты,
Оған қоса берген құт, даңқты!
Барша арманнан сақтаса, ұят сақтайды,
Игі іске бастаса ұят бастайды.
Ұят – қасиет, нұр құяды ер өңіне,
Сүйрейді ұят ізгіліктің төріне...
Жер бетінде адам пайда болғаннан бастап, осы адамзат баласын қалай бақытты өмір кешіреміз, қалай ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, мейірбандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелейміз деген ой мазалап келе жатқаның және бүгінгі қоғам ойшылдарының да көкейкесті мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қалай шешуге болады, қандай жолмен, қандай ережемен, қандай тәрбие арқылы қоғамды ізгілендіре аламыз деген сұрақ туындайды. Әрине, Абайдың қалыптастырған «толық адам» тәрбилей алуымыз қажет. «Толық адам» тәрбиелейтін адамның өзі кемел ұстаз болуы қажет. «Толық адам» деңгейіне көтерілген адам ғана адам ұлт ұстазы деген атқа лайықты болуы керек. Бұл жөнінде жалғыз бір ұлттың ұстазы емес, барша адамзаттың ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала» еңбегінде: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет, және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек. Әртүрлі индивидтердің түрліше қасиеттерінің айтылғанынан мынадай айқын қорытынды шығады: білуі тиіс болған (нәрселер) мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кезкелген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін (екінің бірінде) ақылгөй ұстаз керек. Кейбір кісілер азын-аулақ қана басшылықты керек етеді, басқа бір адамдар – көп басшылықты қажет етеді. Бірақ басшылықтың бұл екі түрі болғанның өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші, немесе талпындырушы болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл жағдай адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Сондықтан ол осының бәрін үйрететін және тиісті амалдарды орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады, - деп жазады.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.; Ж.Баласағұн. Құтты білік/ көне тіркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: Таймас, 2007. – 536 б.
2. М. Мырзахметұлы Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. - 208бет.
3. А. Құнанбайұлы Қалың елім, қазағым. Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 б.
4. Әл-Фараби Таңдамалы трактаттары/ Құраст.: Ә.Нысанбаев, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Сандыбев. – Алматы: Арыс, 2009. – 656 б
Дәріс № 5. Кемел адамның этникалық сипаты
Дәріс жоспары:
1. Әр түрлі халықтарда идеалдар.
2.Бұл-ауызекі халықтық шығармашылықта. Мысалы, орыс халқында: сұлулық пен ақылдылық, жүректілік, батырлық, денсаулық.
3. Бақытқа талпыну (ақылмен, еңбекпен, төзімділікпен). Сұлулық пен жақсылық.
Кемел адам (араб. “инсан-и камил” – толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Кемел адам ұғымы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап cөз болып келеді. Бұл ұғымның арғы төркіні Жүсіп Баласағұнидің “Құтты білік” дастаны мен сопылық сарындағы туындылардан тамыр тартады. Сопылық сарындағы поэзияда Кемел адам ұғымы екі таным тұрғысынан бір-біріне тығыз байланыста жырланады. Бұл құбылыс, әсіресе, “Құдатғу білік” дастанында өзінің айқын белгісін аңғартып, ондағы Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет), Огдүлміш (Ақыл) үшеуі, яғни Әділет, Дәулет, Ақыл осы өмірге қызмет етуге ұмтылған кемел адамбейнесінде жырланады. Кемел адам туралы ой Абай шығармаларында толық адам, жарым адам, камили инсани, толық сөздер арқылы жүйелі түрде жауәнмәртілік (көне түрік тілінде zomard – жомарт) ілімі негізінде таратылып отырады. Абайдың адамгершілік негіздері туралы ой-пікірлері жауәнмәртіліктегі ақыл, әділет, рахым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам сипатына тән нәрсе – нұрлы ақыл, жарым адам сипатына – суық ақыл сай келеді. Нұрлы ақыл әділетсіз іске аяқ баса алмайды. Суық ақыл әділетті белден басып, ардан түсіп, өз пайдасы үшін зиянды іске көз жұмып бара береді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»,
«Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді.
«Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдындағы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер...»
Абайдың философиялық көзқарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Солай бола тұрса да ақын кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17-19 ғасырлардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың өзі де, адамды абстрактылы түрде, жай ғана биологиялық тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегімен ғана түсіндіреді.
Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
2 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
3 Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005
4 Кенжегараев Н.Д. Преемственность национального проекта «Интеллектуальная нация – 2020» и концепции А.Кунанбаева «Полноценная личность».// Молодой ученый.- 2012. – №10. – С.339-342.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Халық педагогикасының негізгі құралдары (мақал-мәтелдер, жұмбақтар)
Жоспар:
Мақал-мәтелдер және және олардың халықтық педагогикадағы рөлі
Мақал-мәтелдердегі еңбексүйгіштік тәрбие
Мақал- мәтелдердің айтылу формалары
Жұмбақтар
Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен мақал - мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл - ой тәрбиесі, өлең жыр дастандарда – әсемдік тәрбиесі, ал ертегілер – халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика - тәлім - тәрбиелік ой - пікірдің алғашқы бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой - толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Көшпелі қазақ салтында мақал - мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің қызметін алмастырады. Мақал - мәтелдер сыры мол дүние туралы білімнің жиынтығы, халықтың энциклопедиясы ғана емес, ұстаздың, тәлімгерлік рөл де атқарады. Мұндағы ақыл - кеңестер қысқа да нұсқа әрі тұжырымды болады. Мақал - мәтелдердің бала тәрбиесіндегі алатын орныда айрықша. Мұнда оқу мен еңбек, ойын мен өнер, сондай – ақ адамның жақсы - жаман қасиеттері, елін, жерін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау т. б. үлгі – өнегелер бала санасына біртіндеп құйыла береді. Сонымен мақал - мәтелдер ойға ой қосатын, тілге икемді, сөз мәйегі. Халықтың тәлім - тәрбиеде айрықша орын алатын асыл мұраның бір саласы - мақал - мәтелдер сол заманның дәуірлік сипатын, халықтың санасын, дүниеге көзқарасын, өмір тәжірибесін бейнелейді. Соған қоса мақал - мәтелдер халықтың ақыл - ойының, сөз байлығының, әрбір ойды бейнелеп - көркемдеп жеткізуінің үлгісі болып табылады. Айталық, еңбек жайындағы мақал - мәтелдерге зер салсақ балаларды еңбекке баулып, ерінбей тер төгуге тәрбиелегенін аңғару қиын емес. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Жер қазбасаң, алтын шықпас», «Бейнет түбі - зейнет», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Еңбек етсең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме» деген мақалдар жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүретін жалқауларды сынып, еңбектің құдіретін дәріптеуге бағышталған. Сондай - ақ «Абырой - ар еңбегі», «Ары таза жігіттің жаны таза», «Ашу асыққанда, ақыл басу айтар», «Анығын айту - адалдық, ала сөйлеу арамдық», «Ардан безіп, адам болам деме», деген мақал - мәтелдер адамгершілік, төзімділік, сабырлылыққа тәрбиелейді. Мақал - мәтелдердің біразы адамды жақсы қасиеттерге баулумен бірге олардың кемшіліктерін, жаман, әдет - қылықтарын сынап, оны болдырмауға үндейді. Оған «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жаман кісі кекшіл», «Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер, жаманға ақыл үшін күлкі берер», «Ақылды қасыңнан қорықпа, ақылсыз досыңнан қорық» деген мақал - мәтелдердің мәніне зейін қойып үңілетін болсақ, халқымыздың қыры - сыры туралы білімімізді молайтуға мүмкіндік зор. «Азамат – елдің ажары», «Ел намысы – ер намысы», «Елін сүйгеннің еңсесі биіктейді», «Еліңе елеулі бол, халқыңа қалаулы бол», «Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт - дәстүрімен ғұмырлы» деген мақал - мәтелдер елін, жерін сүйетін, ел намысын қорғайтын адам деген атқа кір келтірмейтін азамат тәрбиелеуге арналған. Мақал - мәтелдер арқылы қазақ халқы өз балаларын өнерлі - білімді болуға шақырған». Өнерлі өрге жүзер», «Өнерлі бала сүйкімді», «Оқу - білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар» деп те насихаттайды. «Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал», «Ананың құшағы жылы, күннің шуағы жылы», «Ағайын – алтау ана – біреу, «Әке – асқар тау» сияқты мақал - мәтелдер ата - анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді көздеген. Балалардың ана тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал - мәтел баланың тіл байлығын, сөздік қорын, ақылын, ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін дамытады. Тегінде мақал - мәтелдерде халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірлік тәжірибесі, болашаққа деген көзқарасы шеберлікпен беріліп отырады. Бүгінгі жас жеткіншек – болашақ тізгінін ұстайтын, ел мен жер қамын ойлайтын ертеңгі азамат. Ендеше, бала тәрбиелеуде халқымыздың тәлім - тәрбиесін халық мақал - мәтелдермен байланыстырып сабақтар өткізсек, бастауыш сынып оқушыларының сабаққа ынтасы артып, түсініктері молайып, танымдық белсенділіктері артар еді. Мысалы, өз сабақтарымда мақал - мәтелдерді кеңінен пайдаланамын. Атап айтар болсам, ана тілі сабағында тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер айтып, оның мағынасын ашу мақсатында оқушылардың ой - пікірлерін тыңдап және мақал - мәтелдер жинақтауға тапсырма беремін. Қазақ тілі сабағында мақал - мәтелдерді көркем жазу ретінде қолданамын. Ол үшін алдын ала тапсырма беремін, мәселен, алфавит бойынша немесе тақырып бойынша мақал - мәтелдер жаттап, жазып келуге оқушыларым мұндай шығармашылық жұмыстарды қызығушылықпен атқарады. Сынып сағаттарында мақал - мәтелдерге байланысты түрлі сайыстар ұйымдастырып отырамын. Әрбір сабақ барысында халықтық педагогиканы пайдалана отырып, сабақты қызықты, тартымды етіп өткізу оқушылардың белсенділігін арттыра түсетіні сөзсіз. Міне, осындай тәсілдерді жас мұғалімдер өз сабағында пайдаланса. Елбасымыздың жолдауында айтылған білімге қатысты мәселелер өз шешімін табар еді. Балаларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуіміз керек. Себебі, тәрбие – қалып. Егер қалып қисық болса, ол сол қалыпқа салған затың да қисық болады. Сондықтан тәрбиеде ұсақ, мағынасыз бөлшек жоқ. Әсіресе, балаларға айтқан, көрсеткен нәрсенің барлығы шындық, сұлу, әдемі, үйлесімді болуы шарт. Сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
3.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
4. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
Дәріс № 7
Тақырыбы:Ән халықтық педагогиканың құралы
Жоспар:
1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы
2.Бесік жыры
3.Жас өспірімдермен жастар әндері
4.Жоқтау және оның тәрбиелік мәні
Халықтық тәлімдік, тағылымдық тәжірибесі бүгінгі таңда да өз маңыздылығын, құндылығын жойған жоқ. Халық өнері соның ішінде ән өнері ғасырдан – ғасырға өмір шежіресі болып кетті. Оның халық өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихылылығы, ұжымдық шығармашылдық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, көп варианттылығы, сан алуан жанрлығы тыңдарманның эстетикалық идеялын, көркемдік қажеттілігі мен қабылдаушылығын қалыптастыруда ерекше жағдай жасайды.
Тұрмыс – салт әндері бесік жыры, балалар мен жастар әндері, еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік, аңшылық-саяткерлік әндері.
Қазақтың отбасылық әдет-ғұрып, тұрмыс салт әндері ұлттық өнердің бастау көзі. Музыкалық фольклор жүйесіндегі бұл байырғы жанрларда ғасырлар бойы қалыптасқан ырым ұғымдар сақталған. Қазақ халқының өмірнен үлкен орын алған ғұрыптық әндер жанрлық тақырыптар жағынан төмендегі салаларға бөлінеді: арбау-байлау әндері – «Бәдік», «Күләпсін», «Жарапазан»; үйлену тойларында айтысатын – «Жар-Жар» («Аужар», «Бике-ау», «Үкі-ау»), «Сыңсу» («Қыз сыңсуы», «Көрісу», «Қоштасу», «Сарын»), «Тойбастар», «Беташар»; нәрестенің дүниеге келуімен байланыстырылып айтылатын - «Бесік жыры» («Әлди бөпем», «Бала жұбату»); қайғы-қасрет, мұң-шер әндері – «Естірту», «Жоқтау» («Жылау», «Зарлау», «Дауыс айту», т.б.).
Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің тарихы қазақ қауымы өз алдына жекелене бастаған (б.д.д. VІІ-V ғғ.) кезінде-ақ пайда болған. Әрине, ол кезеңнің музыкалы мәселелерін зерттеудің өзіндік қиындықтары жеткілікті. Көне үлгілердегі ән-өлеңдердің ауызекі түрде таралуы себепті олардың жазбалары сақталмады.
Бәдік және бақсы сарындары ауруды емдеу кезінде ән-өлеңмен қатар, түрлі қимыл-қозғалыстармен, жора-жосық, би элементерімен қосылып, синкреттік сипатта әсер етеді. Емдік тәсілдердің қасиеті мен сиқырлы күші де осы ерекшелікте деп ойлаймыз.
«Жарапазан» әр ораза айында, «ауызашар» кезінде, сондай-ақ таңертең, кейде түн ішінде де айтылады. Жарапазанның өзін шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады. Алдымен орындаушы үй иесін мақтаудан бастайды. Одан кейін ислам дінінің негіздерін уағыздап, имандылыққа шақырады. Соңы бата берумен аяқталады. Жарапазанның негізгі мақсаты - ораза айында ислам дінін насихаттаумен бірге, халықты имандылыққа ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақыру болып саналады.
«Жарапазан» - рамазан деген сөзден шыққан. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май,бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі, жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушы болады. Мысалы:
Айтушы:
Жарапазан айтушының сауалы бар,
Отыз күн ораза жауабы бар.
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,
Боз шұбар астымдағы, шу, жануар!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, құдай би рамазан! (А.Байтұрсынов)
Жарапазанның ел арасында кең тараған нұсқасын және разы болғанда жарапазан айтушының батасымен танысыңыз:
Жарапазан:
Үйің, үйің – үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Ақ төбедей көрінген
Қандай байдың үйі екен?
Кірсін даулет,
Шықсын бейнет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Ажалға құдай сабыр ет.
Былай жүрген сайтанның
Мойнына мінсін тауқымет!
Әдет-ғұрыптық әндері орындалған кезде әсерлі бимен, көңілді ойындармен өткізілетін және соларға байланысты сенімдер өте көне замандарда, адам баласы аңшылықтан-қарабайыр жер өңдеушілкпен және мал өсірумен айналыса бастаған кезде, б.з.д. V-ІV мыңжылдықтарда, ал кейбір жерлерде одан да бұрын қалыптаса бастаған.
Жар-жар – қыздың ұзатылу тойы аяқталып, үйден аттанар алдында орындалады. Әнді екіге бөлінген қыз бен жігіт топтары диалогпен айтады. Жігіттер бастап, қызды жат-жұртқа жаралғанын, жаңа тұрмыс құруының, жарын сыйлаудың, нәресте көрудің қызығын айтып, барған жерінде «құтты келін бол» деген тіліктер білдіреді. Ол жақта ата-енесінің барын ескертіп, қызды жұбатады. Әрбір өлең жолдарынан кейін «жар-жар» деген қайырма сөздер қайталанып отырады. Қыздар тобы ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың атынан жігіттерге жауап береді. Жат-жұртқа барғанда елде қалған ата-анасын, туған жерін, туыстарын, құрбы-құрдастарын сағынатынын әнге қосады.
Қыздар айтатын «Жар-жардың» әуенінде әрқашанда мұңды сарын бірге жүреді. Өлең сөзі 11- буынды «қара өлең» үлгісімен, кейде 7-8 буынды жыр ағымымен келеді. Әуені шағын диапазонда айтылып, ырғақтық өлшемдік құрылымы қарапайым болып келеді.
«Сыңсу» - қазақтың салт-жорасы бойынша, ұзатылып бара жатырған қыздың ел-жұртымен, көрші-көлем, ағайын, туған-туыстарымен, құрбы-құрдастарымен қоштасардағы әні. Сыңсудың әуені мен өлең мазмұны жүрек тебірентерліктей мұңды сазымен, қайғылы, аянышты сезіммен әсер етеді.
«Тойбастар»- әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бойынша, қазақ халқының мәдени өмірінде ежелгі заманнан бері үлкен орын алатын той-томалақ қуанышы. Шілдехана, бесікке салу, қыз ұзату, келін түсіру жне басқа адам көңілі көтерікі кезеңдердің бәрі де той-жырымен өтеді. «Тойбастар» көбінесе қыз ұзату, келін түсіру жиындарында айтылады. Ән оның мәтініне қарай көңілді, құлпырып отырады. «Тойбастарды» әркім өз білгенінше әр түрлі әуенмен айтады, ал кейбір кезеңдерде арнайы ақын-өлеңшіні шақыртады.
«Беташар» - қазақтың ілгері заманнан келе жатқан келін түсіру тойындағы әдет-ғұрыптық әндердің бірі. Оны ақын, жырау, немесе осындайға бейімді бар ауылдың әншісі шырқатады. «Беташар» әні жоғары биік дыбыстан басталып, терме сарынында желдіртіп, қызу леппен көңілді де сергек саздармен орындалады. Өлең құрамы 7-8 буынды жыр үлгісінде дамиды. Ән үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әнші жігіт келіннің көрік-келбетін жырлай келе, оған өсиет-өнегелі сөздер айтады. Екінші бөлімде, ата-енесімен, абысын-ажындарымен, қайынсіңілі, қайын-ағаларымен жеке-жеке таныстырып, әрқайсысын сәлем жасатады. Үшіншісінде, ақын келіннің жүзін көргендер үшін үлкендерден көрімдік сұрайды.
«Бесік жыры» - «Туғанда дүние есігін ашады өлең», - деп данышпан Абай жазып кеткендей, бала шыр етіп жерге түскеннен бастап өмр бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», - бәрі де ән, өлеңсіз өтпейді. Бесік жыры барлық халықтарда бар. Оның түп тамыры тереңнен бастау алып, алғашқы қауымдық дәуірмен ұласады. Әуел баста ыңылдаған әуен ырғағында келетін бұл әннің алдымен музыкалық сазы пайда болғанда да, кейінірек мәтіндер қосылып, бас-аяғы бар шығармаға айналады. «Бесік жырлары» көбінесе 7-8 буынды, 11-буынды өлеңдермен, дыбыс қатары шағын көлемде, кейде бір, ал кейде қайырмасы бар екі бөлімнен тұратын қысқа-қысқа әуендермен қайталанады. Әуендік-интонациялық құрылымы, ырғақтық өлшемдік жағынан бесіктің тербелісіне сай бірқалыпты сарында үнделеді.
Үйлену әндері
Дәстүрлі үйлену тойы. Құда түсу, жаушы жіберу, құда түсу тойы, есік көрсету, ұрын келу, қалың мал, жасау, қыз ұзату, келін түсіру тойларының синкретті көрінісі. Үйлену дәстүрінің сахналық – драмалық сипаты. Қазіргі кездегі үйлену тойлары. Үйлену әндерінің тақырыптары мен мазмұны. Үйлену әндерінің түрлері: сыңсу, жар-жар, беташар. Үйлену әндерінің вокальдық, музыкалық ерекшеліктері.
Сыңсу – қыз атанарды қимас ата-анасы, туған туыстары, ел жұрты, құрбы-құрдастарымен, балғын жастық шағымен қоштасуы. Өткен замандағы теңіне қосыла алмаған, қалың малдың құрбаны болған қыздың мұң-зары.
Жаназалау әндері
Халық өміріндегі қайғылы тарихи оқиғаларға, адам қайтыс болғанда естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт әндерінің ел аузында сақталуы.
Жаназалау әндеріндегі ата-бабаларымыздың өмір құбылыстарына берген бағасы, тоғанысы, дүниетанымдық дәрежесі. Музыкалық-поэтикалық құрылымының өздік ерекшеліктері, өзара байланыстылығы. Жаназалау әндерінің мақсаты.
Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы. Естірту (дәстүр). «Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайд оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялқ, классикалық үлгілері бар. Мысалы: «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ған қолданылады.
Жандосұлы Келдібек Шоқан өлімін Шыңғысқа былай естіртіпті:
Ұлы өлмеген руда жоқ,
Қызы өлген Қырымда жоқ,
Қатыны өлмеген халықта жоқ,
Ағасы өлмеген аймақта жоқ,
Інісі өлмеген елде жоқ,
Әкесі өлмеген әлемде жоқ,
Шешесі өлмеген пенде жоқ,
Аққу ұшып көлге кетті,
Дуадақ ұшып шөлге кетті,
Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді,
Оны иесі өзі әкетті.
Шоқан деген балаңыз
Бәріміз баратын жерге кетті…
Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.
Жоқтау (салт). «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» (Байдалы би). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыр, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет-ғұрыпы деп ұғыну керек. «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы 1990ж.) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы. Қаз дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгілі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Ол өлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау азалы, қайғылы, зарлы үнмен жырланады.
Қиял-ғажайып әндер
Қиял-ғажайып әндердің дәстүрлі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің желісінде құрылуы. Сюжеттік мазмұнының әртүрлілігі, жедел өрістеп, дидактикалық ой-тұжырымдарды қортындылау арқылы, жылдам аяқталуы.
Ертегі әндердің қарапайым адамдардың болашаққа деген үміт-арманы, ақиқат пен шындық туралы сенімі, бақытты аңсауының жырлануы.
Өтірік әндердің мазмұнындағы алғыр ой ұшқырлығы. Қиял қанатының шарықтап, өмірде кездеспейтін ғажайып көріністерді суреттеуі. Тәрбиелік мән-мағынасы.
Әзіл-қалжың әндердегі сыншылдық, уытты тіл, халық тұрмысындағы келеңсіз, зиянды көріністерді әшкерелеу. Халық ақын-жырауларының әзіл-қалжын әндерінің идеялық мазмұнының тереңдігі.
Әжуа-мысқыл әндеріндегі ащы сарказм. Шернияз жыраудың Баймағанбет сұлтанның әйелі мен қызын мақта дегенде айтқандары. Әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл әндердің пәрменді тәрбие құралы екендігі,
Тарихи әндер
Тарихи әндер халық шежіресі. Тарихи әндерді жасаушы ұлы уақиғалардың куәгері халықтың өзі. Тарихи әндерде аса маңызды уақиғалардың көркемдік дәрежеде бейнеленуі, халақтық дәстүр негізінде құрылуы, музыкалық-поэтикалық ерекшеліктері.
1) қазақстан территориясында Александр Македонский және Шыңғыс ханның жорықтарына байланысты туындаған «Ескендір», «Ақсақ Темір» әндері.
2) 1723 жылдағы жойқын жоңғар басқыншылығы тұсындағы «Ақтабан щұбырынды» оқиғасына байланысты туындаған әндер.
3) 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасындағы Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне байланысты туындаған әндер. Махамбет Өтемісұлының жырлары.
4) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі уақиғаларын жырлайтын әндер.
5) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тұсындағы халық әндері.
Эпикалық жырлар
Эпос – замана шежіресі. Эпостық жырлардың әдебиет саласындағы жанрларға топтастырылуы (Ә.Қоңыратбаев, Н.Төрекұлов, Қ.Жұмалиев); музыкалық мақамдық ерекшеліктеріне сәйкес жанрларына бөлінуі (Б.Г.Ерзакович, Т.Бекхожина, М.М.Ахметова).
Батырлар жыры (Қобыланды, Алпамыс, Қамбар).
Лиро-эпрстық жырлар («Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш»).
Эпостық жырлардың көркемдік тілі, поэтикалық мазмұны, композициялық құрылымының күрделілігі, әсірелеу арқылы суреттеу, халықтың тарихымен тығыз байланыстылығы, халықтың отансүйгіштік рухы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, философиялық ой тереңдігі, дүниетанымдық қөзқарасы.
Эпостардың музыкалық ерекшеліктері: эпостың ащы айқайымен басталып, әуен қозғалыстарының ерекше көркемдік беретін секірмелі болып келуі, кейде жырдың уақиғаларына байланысты бірнеше әуендердің қолданылуы. Эпостарды орындаушылар: жыршы, жыраулар.
Жырау – жыр, толғау шығарушы, әрі өзі орындаушы. Жырау өз руластарының рухани тірегі, ақылшысы, көсемі, кеңесшісі.
Жыршы – жар салушы ақын, өнер шығармаларын орындаушы.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қорқыт ата кітабы. Оғыздардың батырлық жырлары: Эпос/ Орыс тілінен аударған Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1986. -128 б.
2 Аль - Фараби. Избранные трактаты. /Перевод с арабского. – Алматы: Гылым, 1994.-с.337.
3 Баласағұн Ж. Құтты білік./ Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. -613 б.
4 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. –Алматы: Ғылым, 1994.- 288 б.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Халықтық педагогикадағы ертегілер
Дәріс жоспары:
1.Ертігілердің танымдық рөлі
2.Ертегі –халық тәрбиесінің құралы
3.Ертегілердегі педагогикалық идеялар
Қазақ этнопедагогикадасындағы ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял – ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейді. Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздеді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу де қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі.
Халықтық ойындарды, әсіресе қуыршақ ойынын театрландырып, үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе, үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. Әулет дәстүрлерін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды алға аппаруды насихаттап, игілікті істерді ұйымдастырушылар да ата-аналар мен мектеп елге белгілі болып тұрған жанұялық ансамбльдер әлеуметтік дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгілері болып табылады. Үй ішінде “Туған күн”, ”ана біздің күніміз”, ”әке қорғанымыз”, ”тазалық күні”, ”меймандоспыз – бәріміз” тағы басқа тақырыптарға жанұялық, той думан, қонақ күту дәстүрлерін өткізуге де ата-ана тәлімдік басшылық жасап, өсиет айтып, өнеге көрсетуге тиіс.
Халық педагогикасын пайдалану ісі одан әрі дамытылып балалар бақшасында ”Ертегілер әлемінде” бөлмесімен қатар, ұлттық-фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тіл ширату, дәрістері ұйымдастырылады. Бәрінде де ертегілер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегілерден үзілді алынып, қызықты қойылымдарды, даярлап кезінде, өремдер кейіпкерлердің бет бейнесін, тірлік-тіршілігін орнын байқап, сол бейнесін айнытпай көрсетуге тырысады.
Балалар бақшасында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым, негіздерін өрендеуге өнеге ретінде үйретіп жаттықтырып, оны іс-жүзінде олардан талап ету керек.
Мектеп халық педагогикасының оқу-тәрбие ісіне жан-жақты пайдалану үшін, ол іс-әрекетті кеңінен жоспарлап, ол істердің игілікті болуына әсерін мол тигізетін ата-аналармен, балалар бақшасымен тығыз, байланыс жасап отыру керек. Мектепте өтілетін ”Жанұя этикасы мен психологиясы” деген пән меніңше, күрделеніп, ”Халықтың этика” деген атпен өткізіліп, оның програмасына тек жанұялық этика ғана емес, бүкіл халықтық этика мен эстетика, салт пен дәстүрлер, рәсімдер халықтық педагогика негіздері ену керек: үлкенді сыйлау, астың алдын үлкенге ұсыну дағдысы, үлкенге сәлем беру рәсімі, тіпті той өткізу, құда-жекжат сыйлау дәстүріне дейін ұлттық тәлім, сол халықтық этика пәнінде оқу тәрбиелік өзек болуы қажет.
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алган және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шыгарган күрделі шьнармасының бір түрі — ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде’ айтылатын-дықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік қүру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатын-дығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған.) (Халық шығармасының бүл түрі “ертегі” деп аталуының Ійі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын аңғартады).
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының түрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық-мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген. Бұл секілді жағдайларды қазақ ер-тегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз сткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмүны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізгс жеткен смес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ертс заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олар-дың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, башқүрт, қарақалпақ ха-лықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл-тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп снбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманга созылған экономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енгсн. Сөйтіп, қазақ халқы бұл сртегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген,.өзінің тума шығармасы стіп жібергсн. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз, қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл реттс Шоқан Уәлиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, ә. Диваевтің (бұлардың қызметін кіріспе бөлімдс айтқанбыз) басқа бірнеше адамдардың айрықша сңбек сіңіргені байқалады. Олар А. Е. Алекторов, А. Васильев, Н. Пантусов, Бибіт Дауылбаев, Ташмүхамбет Сейфуллин, 0. әлжанов, Жағыітар Айманов, Б. Досымбеков, М. Ибрагимов, т.б.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, қазанда, Астрахань мен Ташкенттс шығатын газет-журнал-дар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, нс қазақша басты-рады, кейді бір тілде ғана шығарады. Ертегілсрді қазақ тіліндс шығаратын болса (сөзі қазақша, әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материал-дары өткен ғасырдың жстпісінші жылдарынан бастап, “Дала уалаяты” газстіндс, “Торғай облыстық ведомосында”, “Ақмола облыстық всдомосында”, “Орынбор газстінде”, “Орынбор губерниялық ведомосында”, “Астрахань газетінде”, т.б. үзбей басылып тұрады. қазақ ауыз әдсбиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер — А. Алек-торов, Н. Пантусов, А. Васильев, Б. Дауылбаев, М. Досымбековтар. Бұлар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарган. Мысалы, А. Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бір ғана жерден бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған сртегілерін кітап етіп 1898 жылы “Киргизская хрестоматия” деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде ‘асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алып отырады; жинаған материалдарын орыс тілінс аударады. Оның матерңалдары, көбінесе, “Дала уалаяты” газетінде (орысша аты “Киргизская степная га-зета”) екі тілде үзбей жарияланып түрады. Кейіннен ол “қазақ-қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар” және “қазақ халық әдебиетінің үлгілері” деген атпен 1899— 1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға қазақ ертегілерінен көп материалдар сіңеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі — А. Васильев. Оның жинаған материалдары “Дала уалаячы” газеті мен “Торғай облыстық ведомосында” екі тілде үзбей басылып түрады және “қазақ ауыз әдебистінің үлгілері” деген атпен 1897 жылы “Торғай облыстық всдо-мосының” елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер ба-сылады. Васильев жинаған “Үлгілер” 1898 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы “Дала уалаяты” газетінде “Бозжігіт”, 1901 жылы “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А. Васильев болды.
Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде кеңестік дәуірде бырсыпыра жүмыстар істелді. Егер қазан революциясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, кеңестік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Мұнымен қатар, кеңестік дәуірде қазақ ертегілері жөнінде қазақстандық жа-зушы Л. В. Макеев пен ‘профессор В. М. Сиделышковтың ербектерін айрықша атауға болады.
Қазан революциясына дейін қазақ ертегілерін ел ара-сынан жинап алушылар болса да, оны гылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Дива^ев, Мелиоранский, т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
Қазақ ертегілерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кеңестік дәуірде ғана қолға алынады. Алғашқы кезде бұл мәселе га-зет-журналдық мақалалар көлемінде орта мектепке ар-налған оқулықтарда идеялық-көркемдік жағынан алып қарауға көңіл бөлінеді. қазақ ертегілерін зерттеу жайы осылай басталады да, кейіннен күрделі ғылыми еңбектер жазылады. Дегенмен, қазақ ертегілерін зерттеу жолында қате-кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Мұның ең бастысы — ертегілердің барлығын халықтық деп бағалау, таптық жігін, қоғамдық сырын ашпау, қай ертегі, қай таптың идеясын көрсететіндігін анықтамау негізіндс болып келеді. Осының нәтижесінде екі мәдениет туралы лениндік ілім бұрмаланды. Бүл қате-кемшіліктерді тузете отырып, халық ертегілерін бағалау, зерттеу жайында қазақ фольклористері жаңа еңбектер, зерттеулер жазды. Бұл жөнінде академик М.әуезовтің еңбегін атауға болады . М. әуезов қазақ ер-тегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды. Кейіннен ол қазақ ертегілерін зерттеу ісіне қайта оралады да, “Ертегілер” атты ғылыми еңбегін жазады . Онда қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерек-шеліктерін анықтайды.
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танымы мен көзқарасы, т.б. көрініп отырады. Сондықтан да Белин-ский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс күйін, мінез-әрекеттерін білу үшін аса керекті материал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.
Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мы-салға қазақ халқының түрмыс-салтына байланысты туған ертегілерін алайық. Бұл тақырыптағы ертегілерде үшан-теңіз мәселелер көтеріледі; үй ішіндік әңгімелерден бастап, қоғамдық мәні бар жайларды баяндауға дейін барады. Со-лардың бәрінде халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да, т.б. айтыладьг. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, ел арасын бүлдіріп жүрген ала аяқ қулар, т.б. халық ертегілерінде-жиренішті түрде орын алады. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. Мүндай адамдардың атқарған қызметіне, ерлік ісіне сүйсінетіндігін аңғартады.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика:методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. 2. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы:Рауан, 1998.
3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.
4. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995.
Дәріс №9
Тақырыбы: Халықтық тәрбиенің факторлары
Дәріс жоспары:
Табиғат- халықтық тәрбиенің факторлары
Халықтық тәрбиедегі ойындар мен сөздер.
Еңбек және өнер-халықтық тәрбиенің факторлары
Халықтық тәрбиедегі дәстүрлер.
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады.
Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал. Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да жоғалта қойған жоқ.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі.Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара көмек көмек салтын қалыптастырады. Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер, дағдылар мен тәсілдер.Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету, сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту, көндіру, ант беру, жазалау және т. б.
Халықтық педагогиканың халықтық сана ретінде дамуы, тәжірибелер мен дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері әлі өмірге келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек – халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті. Табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік, бүкіл әсемдік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық шығармаларынан көрініп тұр.
Осылайша, тәрбиенің мақсаты айқындалып, әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылыұтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту құралы ретінде дәстүрлер алға шықты. Жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық, әсерлі тартымдылық – дәстүрлерге тән сипат болып сипатталады. Олардың мәні – мұраланған әдет түрлерін өзгеріссіз сақтауы, бұрыннан қалыптасқан өмір салтына өткеннің мәдени мұрасы ретінде ұқыпты қатынас таныту.Дәстүрлердің күші – ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен тәртіп жолдрын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге итермелегендіктен, түсініктер мен тәртіп қалыптары қарсылықсыз қабылданады.
Тәрбие дәстүрлерін талдауда халық тәрбиенің барлық салалары қатарласа жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды оның барлық құрамдарымен жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде жүзеге асырды деп тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі. Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал-мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі. Халықтың жекелеген ауызша шығарма жанрларының қызметін анықтап қана қоймай, оларды тәрбие мен өзін-өзі тәрбилеудің нақты міндеттеріне сай жекелеген үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтар арасына бөліп орналастыру атап көрсетуге тұрарлық. Жаңа жұмбақтарды балалар мен жасөспірімдерге көбіне үлкендер хабарлағанмен, жұмбақтар мен өлеңдерді, мәселен, балалар өз ортасында құмарлықпен пайдаланады. Мақалдар көбіне үлкендер арасында кеңінен тараған және балалар мен жастарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында хабарланады, үлкендер өз ортасында оларға сирек жүгінеді; әндер, атап айтқанда жастар ортасында аса кеңінен тараған, қарттар ән айтпайды десе де болады. Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның алатын орны. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасуың факторы ретінде көреді. Осыған байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан. Ойын балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогикалық тұрғыдан талдауға ұмтылған Ә. Диваевтың “Игры киргизских детей” атты мақаласы ғылыми қызығушылық туғызады. Бұнда ол ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, “Соқыр теке”, “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұнын ашады. Сондай-ақ, “Қырғыз жастарының көне ойындары” мақаласында тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ” т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Бұл ойындардың дене тәрбиесін дамытуда алатын орны еркше.
А. Диваев аталған мақаласында ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді үш топқа бөледі:
1-7 жас аралығы – нәресте |
Ежелгі қазақ ойындары |
7-10 жас аралығы – бозбала |
Қозғалмалы ойындар |
15-30 жас аралығы – жігіт |
Спорт ойындары |
А. Диваев : “Бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақ балаларының ойыншықтары мүлдем жоқ. Бірақ антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз шығармашылық қиялымен туғандықтан, құнды болып есептеледі”.
Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген, тіпті көшіп-қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған.
XXI ғасырдың бірінші жартсында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын-сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың,әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді” ,– деп таң-тамаша еткен.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
3.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
4. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
5.Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
Дәріс№10
Тақырыбы: Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі
Дәріс жоспары:
«Ұлы Жасақ» тәрбие туралы.
Я.А.Коменский және халықтық тәрбие
К.Д. Ушинский халықтық тәрбие туралы
Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi “сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi бар. Ол мәдениет сөйлеу тiлiнен, ойлау жүйесiнен айқын көрiнiс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелiк сол халықтың өмiр сүру тәсiлiнен, дiни-наным сенiмiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрiнен өзектi орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай бiлу, дарқан көңiл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейiрiмдiлiк қазақ халқының бойына туа бiткен ұлттық психологиялық ерекшелiк қасиетi, философиялық ойлау жүйесiнiң негiзi демекпiз.
Ол жөнiнде орыс офицерi А. Левшин өзiнiң “қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” (1832) атты кiтабында: “...Деспотизмдi көп көрмеген қырғыздар (қазақтар — С.Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңiл, сенгiш... қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, аксақалдарға құрмет көрсету — олардың ең жақсы қасиетi. Қырғыз үшiн меймандостық — қастерлi заң. Олар бар дәмдi асын қонақтарға тосуды заң деп санайды” (53, 69), — деп, қазақтардың кiшiпейiлдiлiгiн, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгiштiгiн сүйсiне паш етедi.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерi (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелiгiнде (этнографиясында) деп бiлемiз.
Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелiгiн сөз етсек, ол тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнерi арқылы көзге көрiну.
Тұспалдап сөйлеу өнерi, негiзiнен, билердiң шешендiк сөз өнерiнен өзектi орын алған. Сондықтан қазақ билерiнiң шешендiк сөз өнерi Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерiнiң сөз қолданыс түрлерiнен мүлде өзгеше, өзiндiк ұлттық мәнерi бар сөз қолданыстар.
Халық педагогикасының негiзгi мақсаты — өзiнiң бай тарихи тәжiрибесiне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгiштiкке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай бiлетiн, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты iске асыру жолында отбасы мүшелерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әншi, күйшi, термешi сияқты өнер адамдарының бәрi белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiн жүргiзушiлер болып келгенi көпке аян. Әсiресе, ақын, жырау, термешiлердiң өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгiртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенiң тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненiң жақсы, ненiң жаман екенiн сездiрiп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсiрудi мақсат еттi. Ал ақыл-ойға, терең тәлiмге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелiгiн, мәдени мұраның өзiндiк сипатын айқын танып бiлуге болады.
Жыраулардың поэзиясында келелi сөз болған мәселе — адам проблемасы (человечность. Қазақ ұғымындағы “Ердiң құны жүз жылқы”, “Ер елi ұшiн туады, елi үшiн өледi”, “Ердi намыс өлтiредi” деп, ерлiкке ерекше баға беру, ердiң құнын адамгершiлiкпен, ар-ожданмен өлшеу (“Жаным — арымның садағасы”, “ер жiгiттiң ары — мың жылқы”, “Жан сақтама, ар сақта” т. б.) “личность” ұғымынан көп жоғары. Сол сияқты “ақын — елдiң еркесi”, “өнерлiге өлiм жоқ”, “өнерлiнiң қолы алтын” деп қараған ата-бабамыздың өнерлi азамат, сал-серi жөнiндегi ұғымы —”рыцарь” деген ұғымнан әлдеқайда ауқымды.
Демек, дала философиясындағы кiсi, толық адам (Абайша), ер деген ұғымдар — кең тынысты философиялық категория.
Қазақтың ұлттық философиясының тағы бiр гносеологиялық танымдық ерекшелiгi — атамекен, ел-жұрт мәселесi жөнiндегi көзқарасы.
Мәдениеттi деп саналатын кейбiр жұрт өкiлдерi туған жерiн отаным деп есептемейдi. Өскен, кәсiп еткен жерiне отаным деп қарайды. Ал қазақ жұрты кiндiк қаны тамған жерiн, ата-баба әулетiнiң мәйiтi жатқан жердi ерекше қадiрлейдi. Оны тастап кетудi өлiм санайды. Ақындардың “Кiндiк қаным тамған жерiм — ауылым” деп әндетуiнде, “Отан — оттан ыстық”, “Отансыз ер — бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр. Туған елiнiң табысына масаттанған, елiн сүйген ердi мадақтап “Басқа елде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол” деуiнде де терең патриоттық сарын бар.
Қазақ философиясының өзiндiк үшiншi ерекшелiгi — ана тiлiне, сөз өнерiне ерекше ден қойып, жоғары баға беруiнде. “Өнер алды қызыл тiл” деп ұққан ата-бабамыз “От тiлдi, орақ ауызды” дiлмәр шешендердiң өсиет сөздерiн, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел, афоризм сөздерi мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында бiздiң дәуiрiмiзге жеткiзген. Оның себебi — аталы сөздердiң өмiршеңдiгiнде, халықтың тiл құдiретiн бағалай бiлуiнде жатыр. Асыл сөздiң қоғамдағы тәрбиелiк мәнiне ертеден ерекше назар аударып, “Ақылдың көзi — аталы сөз” деп ұққан бабаларымыз сөйлей бiлудi өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пiкiрдi “Сөз тапқанға қолқа жоқ”, “Шешеннiң сөзi мерген, шебердiң көзi мерген”, “Сөз сүйектен өтедi”, “Жақсы сөз жарым ырыс”, “Жақсы сөз жан семiртедi” т.б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Кешегi жоңғар қалмақтарымен кескiлескен ұрыс кезiнде Қоңтажыда кеткен ел кегiн алмас қылыштың ұшымен емес, сөз құдiретiнiң күшiмен қайтарған қаз дауысты Қазыбек бидiң ақылды, тапқырлығын мадақтаған “Жарақты жауды жайратқан сөз”, “Тiл қылыштан өткiр” деген мәтелдердiң шығуы да тегiн емес.
Ақылдың көзi логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай бiлу — дұрыс жүйелеп сөйлей бiлуге жетектейтiн жол, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы баспалдағы.
“Тiл мен ойлау — еңбектiң жемiсi. Тiл ойдың сыртқа шыққан көрiнiсi” — деп К.Маркс текке айтпаған. Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен дәл бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсiнiксiз, күңгiрт, көлеңке болады. Дұрыс сөйлей бiлу дегенiмiз — дұрыс ойлай бiлу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бiрлiгiнен туындайды. Тiл — мәдениетпен қатар өсiп, өркендейтiн қоғамдық құбылыс.
Кемеңгер ойдың иелерi — ұлы даналар кезiнде сөз құдiретiнiң қоғамдағы тәрбиелiк мәнiне ерекше көңiл бөлiп келген болатын. Мысалы, Шығыстың классик ақыны Ә. Науаи: “Ас — тұзбен дәмдi, су — мұзбен дәмдi, ал адамзат — салиқалы, саналы сөзiмен сәндi”, — десе, француздың данышпан жазушысы 0.Бальзак: “Сөз өнерi— өнер атаулының қиыны және құдiреттiсi”, — дейдi. Осы ойды тереңдеткен ұлы ақын Абай: “Сөз өнерi дертпен тең”, — десе, Л. Н. Толстой: “Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады”,— дейдi.
Ал қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерiнен де осы идеялар өзектi орын алған, Мәселен, “Таппасаң сөздiң жүйесiн, отына өзiң күйесiң”, “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледi”, “Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле”, “Жүйелi сөз жүйесiн табар” деп, дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей бiлудiң үлкен өнер екенiн ұрпақ бiткенге үнемi ұқтырып келдi. Осыны жастардың зердесiне ұялатуды қажет деп ұққан қариялар “Көп сөз — күмiс, аз сөз — алтын”, “Ақылдының сөзi қысқа, көпке болар нұсқа”, “Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар” деп, философиялық ой топшылаған.
Сөзшең, өнерлi ақын, әншi азаматтарға жиын-тойларда төрден орын берiп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешендi қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Жастарды шешендiкке, сөз өнерiне үйрету үшiн әке-шешелерi, аталары мен әжелерi оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен. Ойын-тойда қыз бен жiгiттер бiр-екi ауыз өлеңмен қағысып, айтысуды әдетке айналдырған. Сол айтыс түрлерiнен жеңiспен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкiл ауылдың, рудың, елдiң атынан ұлы дүбiр тойларда сөз сайысына қосып, жеңген ақындарды көтермелеп, жорға мiнгiзiп, шапан жапқан. Немесе екi елдiң дау-шарларын сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгiнiп шешкiзген. Сөйтiп, тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен. “Тiлдiң майын тамызып, сөздiң балын ағызып, қас шешендер сөз айтар”, “Көп iшiнде сөйлеген — көсемдердiң белгiсi, ойға салмай сөйлеген шешендердiң белгiсi”, “Шешен сөз бастар, батыр қол бастар” т.б. деген мақал-мәтелдер осы ойды дәрiптеуден шыққан (39).
Жалпы, шешендiк қазақ халқының бойына бiткен табиғи қасиет екенiн шығысты зерттеушi ғалымдар да байқап бiлген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзiнiң “Образцы народной литературы тюркских племен” деген еңбегiнiң кiрiспесiнде ауыз әдебиетiнiң шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне терең тоқтала келе: “Қазақтар нақтылы сөйлеудi бар өнердiң алды деп бiлдi, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен” (63, 167),— десе, ал саяси сенiмсiздiгi үшiн қазақ даласына жер ауып келген поляк офицерi А.Янушкевичтiң: “Қазақтардың ойлау қабiлеттiлiгiнiң кереметтiгiне менiң барған сайын көзiм жеттi. Сөз дегенде ағып тұр. Бұл жағынан алғанда оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзiне жоғарыдан менсiнбей карайтын халықтар арасынан бұл көшпендiлердiң де құрметтi орын алатын кезi келедi” (89, 159),— деп бұдан 150 жыл бұрын асқан сәуегейлiк пiкiр айтуы бүгiнде бiздi таң қалдырды.
Қазақ ауыз әдебиетiн жасаушылар да, оны қастерлеп жадында сақтаушылар да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретiнде жұмсаушылар да ақын-жыраулар болғанын, олар өздерiнiң жыр маржанымен жастардың сана-сезiмiн тәрбиелеп жетiлдiруде қоғамдық тәрбиешiлердiң рөлiн атқарғанын аңғарамыз.
Қазақтың ұлттық философиясының төртiншi ерекшелiгi – ұлттық базисiнiң көшпелi өмiрмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тiршiлiктiң тұтқасы төрт түлiк малда деп ұққан қазақ малды жанмен бiрдей санаған. Екi қазақ кездесе кетiп амандық сұрасса, “мал-жан аман ба?”— деп сұрауы да сол пiкiрге саяды. Терiсi мен жүнiн киiм қып киiп, етi мен сүтiн азық етiп күн көрген, сауса сауын, мiнсе көлiк ретiнде пайдаланған төрт түлiктi (әсiресе, жылқы малын) қадiрлеп, қастерлеу қазақ баласы үшiн өмiр заңы болып есептелген. Өйткенi, малдан айрылу шыбын жаннан айрылумен бiрдей болған. (Бұған 1932 жылғы ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малдан айрылып, аштық-қырғынға ұшырауы айқын дәлел). “Мал ашуы — жан ашуы”, “Малдының бетi шарық, малсыздың күнi кәрiп”, “Мал баққанға бiтедi”, “Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас” деп, ерiнбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмiр жоқ, күн көрiсiң қараң деген ойды түйдiрген. Ол занды да. Себебi, тiршiлiк етудiң басқа түрi жоқ көшпелi қазақ елi үшiн мал бағып күн көру — өмiр сүрудiң негiзгi тiрегi болып саналды. Осымен байланысты — төрт түлiк малға арналған мақал-мәтел, ертегi-әңгiме, жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетiнде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, тiптi сұлу қызды “Ботакөз”, ал батыр, алғыр жiгiттi “Нар жiгiт” деп атауы, немесе баласын “қозым”, “құлыным”, “ботам” деп айналып-толғануы, бiр жағынан, ұлттық психологияның тiлдегi көрiнiсi болып саналса, екiншiден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретiнде қызмет еткенiн байқатады.
Тұрмыс-тiршiлiктiң, еңбек пен кәсiптiң өмiрдегi көрiнiсi ұлттық салт-дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал, қазақ халқының салт-дәстүрi малмен, көшiп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшiп келген ағайынға ерулiк немесе көшерде көршiлерге көшерлiк беру, бие байлау, сiрне, қымыз жинау, малдың төлдеуiмен байланысты уызға, күздiкте қарын-майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келiннiң отқа салар әкелуi т.б. ырым, жол-жоралар, тiптi қыздың қалың малын немесе ердiң құнын да мал санымен есептеу сияқты салт- дәстүрлердiң халқымыздың тұрмыс-тiршiлiгiмен байланысты туғанын дәлелдейдi. Сөйтiп, салт-дәстүрлер, бiр жағынан, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң айнасы iспеттi болса, екiншiден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершiлiкке, өнерге, өмiрге икемдеуде тәрбие құралы ретiнде пайдаланған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесi халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиетi үлгiлерiне негiзделгенiмен, оның да өзiндiк мақсат-мүдделерi, негiзгi қағидалары бар.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
3. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
4. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
Дәріс №11
Тақырыбы: Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер
Дәріс жоспары:
Қазақ педагогикасы және Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы.
Қазақ жыраулары шығармаларындағы халықтық педагогика
XIX ғасырдағы көрнекі қазақ ағартушыларды халықтық тәрбие туралы.
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII-XVIII ғасырдан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткен оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші – XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, т.б.) жолжазбалары десек, екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанов, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970–2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп атаймыз.
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында ойлардың ой-пікірлеріне арнайы толқталуды қажет демекпіз.
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының сал-дәстүрлері туралы ой-пікірлері (1835-1865)
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фальклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуды ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов болды.
Шоқан қазақ арасындағы наным сенімнің кең жайылу сыры діншілдікке байланысты екенін айта келіп, жақсы баласы, жүйрік аты, тазысы өлсе, қыран бүркіті ұшып кетсе, мылтығы бұзылса, осының бәрі біреулердің сақтауынан тіл-көз тиюінен деп қарайтынын, ал одан сақтанудың жолы бой тұмар тағып жүру, садақа беру, әулиелерге жалбарынуға байланысты деп қараған деді.
Шоқан шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін, фальклорлық шығармаларының шығу тарихымен өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге арнап «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы запискасы», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздың Манас жыры туралы», «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы» т.б. деген еңбектерін жазды.
Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары (1841-1889)
Қазақтың педагог-ағартушысы және жазушысы Ыбырай Алтынсарин өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.
Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жеті жылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге хатшы, кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін (алғашқыда Торғайда мұғалім, кейін уездік басқарманың мектеп инспекторы болып) оқу-ағарту саласында аянбай қызмет етеді.
Ауыл ақсақалдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красно-уфимскіде орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады. Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірінде қолөнер училищесін, қыздар пасионатын, мұғалімдер мектебін ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне жұмсайды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімге деп түсінген Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыруда екі бірдей кертартпа күшпен бірдей алысып бақты. Оның бірі қазақ даласындағы Ислам дініне негізделген татарша оқу болса, екіншісі патша үкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына христян дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік саясат еді.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.
Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі А.Құнанбаевтың көзқарастары (1845-1904)
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың ең алғаш нәр алған бастау бұлағы, бірінші-қазақтың бай қазынасы – ауыз әдебиетінің асыл үлгілері болса, екіншісі- Физули, Фердауси, Низами, Науай, Сағди, Қожа Хафиз сияқты Шығыс классиктерінің шығармалары болды, үшінші-орыстың Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер сияқты классик жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақтың салт-дәстүрлерін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген. Дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айтып отырған. Абай қазақтың ескі салт-дәстүрі атаулыны тегіс таңдамай, талғамай ала беруге қарсы. Әсіресе, ол адамның арын ақшамен, мал-мүлікпен өлшейтін, әйелді малға сатып алу сияқты ескі салт-дәстүрге, қалыңмалға қарсы шығады.
Кешегі Абай өмір сүрген өткен ғасырда ескі салт-дәстүр атаулының қаймағы бұзылмай тұрған қазақ ауылының өзінде де бірлі-жарым жастардың тарапынан үлкеннің, әкенің, құда-құдағи, жекжаттың сөзін елемей кетуі кездесіп қала беретін болған.
Абай шығыс халқының әңгіме, аңыз, ертегілерін шығарма арқауы еткенде, біріншіден, өнер мен ғылымды, адамгершілікті, достықты паш етсе, екіншіден, халық қамын ойлайтын парасатты азаматтар қай елде болмасын бар, ұлтына, дініне қарамай, солардан үлгі алу, өнеге тұту, дос ету, сөйтіп «адам баласының бәрін бауыр тұту» гуманисттік ұлы қасиет, сол қасиет жас ұрпақтың бойынан табылса екен деген ақынның аңсау арманы көрініс беріп отыр.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
2. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
3. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
4. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.-Алматы., 2003.-216б.;
5. Жұмабаев М. Педагогика.-3-ші бас.-Алматы: Ана тілі,1992-160б.;
Дәріс №12
Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі
Дәріс жоспары:
1. Қазақ этнопедагогикасы ғылым ретінде
2. Қазақ этнопедагогикасының атқаратын қызметтері
3. Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары.
4. Қазақ этнопедагогикасының заңдары мен заңдылықтары.
Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi “сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi бар. Ол мәдениет сөйлеу тiлiнен, ойлау жүйесiнен айқын көрiнiс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелiк сол халықтың өмiр сүру тәсiлiнен, дiни-наным сенiмiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрiнен өзектi орын алады.Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай бiлу, дарқан көңiл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейiрiмдiлiк қазақ халқының бойына туа бiткен ұлттық психологиялық ерекшелiк қасиетi, философиялық ойлау жүйесiнiң негiзi демекпiз.
Ол жөнiнде орыс офицерi А. Левшин өзiнiң “қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” (1832) атты кiтабында: “...Деспотизмдi көп көрмеген қырғыздар (қазақтар — С.Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңiл, сенгiш... қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, аксақалдарға құрмет көрсету — олардың ең жақсы қасиетi. Қырғыз үшiн меймандостық — қастерлi заң. Олар бар дәмдi асын қонақтарға тосуды заң деп санайды” (53, 69), — деп, қазақтардың кiшiпейiлдiлiгiн, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгiштiгiн сүйсiне паш етедi.Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерi (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелiгiнде (этнографиясында) деп бiлемiз.Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелiгiн сөз етсек, ол тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнерi арқылы көзге көрiну.Тұспалдап сөйлеу өнерi, негiзiнен, билердiң шешендiк сөз өнерiнен өзектi орын алған. Сондықтан қазақ билерiнiң шешендiк сөз өнерi Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерiнiң сөз қолданыс түрлерiнен мүлде өзгеше, өзiндiк ұлттық мәнерi бар сөз қолданыстар. Халық педагогикасының негiзгi мақсаты — өзiнiң бай тарихи тәжiрибесiне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгiштiкке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай бiлетiн, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты iске асыру жолында отбасы мүшелерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әншi, күйшi, термешi сияқты өнер адамдарының бәрi белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiн жүргiзушiлер болып келгенi көпке аян. Әсiресе, ақын, жырау, термешiлердiң өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгiртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенiң тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненiң жақсы, ненiң жаман екенiн сездiрiп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсiрудi мақсат еттi. Ал ақыл-ойға, терең тәлiмге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелiгiн, мәдени мұраның өзiндiк сипатын айқын танып бiлуге болады.Жыраулардың поэзиясында келелi сөз болған мәселе — адам проблемасы (человечность. Қазақ ұғымындағы “Ердiң құны жүз жылқы”, “Ер елi ұшiн туады, елi үшiн өледi”, “Ердi намыс өлтiредi” деп, ерлiкке ерекше баға беру, ердiң құнын адамгершiлiкпен, ар-ожданмен өлшеу (“Жаным — арымның садағасы”, “ер жiгiттiң ары — мың жылқы”, “Жан сақтама, ар сақта” т. б.) “личность” ұғымынан көп жоғары. Сол сияқты “ақын — елдiң еркесi”, “өнерлiге өлiм жоқ”, “өнерлiнiң қолы алтын” деп қараған ата-бабамыздың өнерлi азамат, сал-серi жөнiндегi ұғымы —”рыцарь” деген ұғымнан әлдеқайда ауқымды.Демек, дала философиясындағы кiсi, толық адам (Абайша), ер деген ұғымдар — кең тынысты философиялық категория.Қазақтың ұлттық философиясының тағы бiр гносеологиялық танымдық ерекшелiгi — атамекен, ел-жұрт мәселесi жөнiндегi көзқарасы.
Мәдениеттi деп саналатын кейбiр жұрт өкiлдерi туған жерiн отаным деп есептемейдi. Өскен, кәсiп еткен жерiне отаным деп қарайды. Ал қазақ жұрты кiндiк қаны тамған жерiн, ата-баба әулетiнiң мәйiтi жатқан жердi ерекше қадiрлейдi. Оны тастап кетудi өлiм санайды. Ақындардың “Кiндiк қаным тамған жерiм — ауылым” деп әндетуiнде, “Отан — оттан ыстық”, “Отансыз ер — бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр. Туған елiнiң табысына масаттанған, елiн сүйген ердi мадақтап “Басқа елде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол” деуiнде де терең патриоттық сарын бар.Қазақ философиясының өзiндiк үшiншi ерекшелiгi — ана тiлiне, сөз өнерiне ерекше ден қойып, жоғары баға беруiнде. “Өнер алды қызыл тiл” деп ұққан ата-бабамыз “От тiлдi, орақ ауызды” дiлмәр шешендердiң өсиет сөздерiн, табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел, афоризм сөздерi мен ақындардың терме, толғауларын жазу-сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында бiздiң дәуiрiмiзге жеткiзген. Оның себебi — аталы сөздердiң өмiршеңдiгiнде, халықтың тiл құдiретiн бағалай бiлуiнде жатыр. Асыл сөздiң қоғамдағы тәрбиелiк мәнiне ертеден ерекше назар аударып, “Ақылдың көзi — аталы сөз” деп ұққан бабаларымыз сөйлей бiлудi өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пiкiрдi “Сөз тапқанға қолқа жоқ”, “Шешеннiң сөзi мерген, шебердiң көзi мерген”, “Сөз сүйектен өтедi”, “Жақсы сөз жарым ырыс”, “Жақсы сөз жан семiртедi” т.б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.Кешегi жоңғар қалмақтарымен кескiлескен ұрыс кезiнде Қоңтажыда кеткен ел кегiн алмас қылыштың ұшымен емес, сөз құдiретiнiң күшiмен қайтарған қаз дауысты Қазыбек бидiң ақылды, тапқырлығын мадақтаған “Жарақты жауды жайратқан сөз”, “Тiл қылыштан өткiр” деген мәтелдердiң шығуы да тегiн емес.Ақылдың көзi логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай бiлу — дұрыс жүйелеп сөйлей бiлуге жетектейтiн жол, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы баспалдағы.“Тiл мен ойлау — еңбектiң жемiсi. Тiл ойдың сыртқа шыққан көрiнiсi” — деп К.Маркс текке айтпаған. Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен дәл бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсiнiксiз, күңгiрт, көлеңке болады. Дұрыс сөйлей бiлу дегенiмiз — дұрыс ойлай бiлу, ал ол логика мен этнолингвистиканың бiрлiгiнен туындайды. Тiл — мәдениетпен қатар өсiп, өркендейтiн қоғамдық құбылыс.Кемеңгер ойдың иелерi — ұлы даналар кезiнде сөз құдiретiнiң қоғамдағы тәрбиелiк мәнiне ерекше көңiл бөлiп келген болатын. Мысалы, Шығыстың классик ақыны Ә. Науаи: “Ас — тұзбен дәмдi, су — мұзбен дәмдi, ал адамзат — салиқалы, саналы сөзiмен сәндi”, — десе, француздың данышпан жазушысы 0.Бальзак: “Сөз өнерi— өнер атаулының қиыны және құдiреттiсi”, — дейдi. Осы ойды тереңдеткен ұлы ақын Абай: “Сөз өнерi дертпен тең”, — десе, Л. Н. Толстой: “Сөз ұлы нәрсе. Сөзбен адамдарды достастыруға да болады, жауластыруға да болады”,— дейдi.
Ал қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерiнен де осы идеялар өзектi орын алған, Мәселен, “Таппасаң сөздiң жүйесiн, отына өзiң күйесiң”, “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледi”, “Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле”, “Жүйелi сөз жүйесiн табар” деп, дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей бiлудiң үлкен өнер екенiн ұрпақ бiткенге үнемi ұқтырып келдi. Осыны жастардың зердесiне ұялатуды қажет деп ұққан қариялар “Көп сөз — күмiс, аз сөз — алтын”, “Ақылдының сөзi қысқа, көпке болар нұсқа”, “Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар” деп, философиялық ой топшылаған.Сөзшең, өнерлi ақын, әншi азаматтарға жиын-тойларда төрден орын берiп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешендi қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Жастарды шешендiкке, сөз өнерiне үйрету үшiн әке-шешелерi, аталары мен әжелерi оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттатып үйреткен. Ойын-тойда қыз бен жiгiттер бiр-екi ауыз өлеңмен қағысып, айтысуды әдетке айналдырған. Сол айтыс түрлерiнен жеңiспен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкiл ауылдың, рудың, елдiң атынан ұлы дүбiр тойларда сөз сайысына қосып, жеңген ақындарды көтермелеп, жорға мiнгiзiп, шапан жапқан. Немесе екi елдiң дау-шарларын сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгiнiп шешкiзген. Сөйтiп, тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен. “Тiлдiң майын тамызып, сөздiң балын ағызып, қас шешендер сөз айтар”, “Көп iшiнде сөйлеген — көсемдердiң белгiсi, ойға салмай сөйлеген шешендердiң белгiсi”, “Шешен сөз бастар, батыр қол бастар” т.б. деген мақал-мәтелдер осы ойды дәрiптеуден шыққан .Жалпы, шешендiк қазақ халқының бойына бiткен табиғи қасиет екенiн шығысты зерттеушi ғалымдар да байқап бiлген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзiнiң “Образцы народной литературы тюркских племен” деген еңбегiнiң кiрiспесiнде ауыз әдебиетiнiң шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне терең тоқтала келе: “Қазақтар нақтылы сөйлеудi бар өнердiң алды деп бiлдi, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен” (63, 167),— десе, ал саяси сенiмсiздiгi үшiн қазақ даласына жер ауып келген поляк офицерi А.Янушкевичтiң: “Қазақтардың ойлау қабiлеттiлiгiнiң кереметтiгiне менiң барған сайын көзiм жеттi. Сөз дегенде ағып тұр. Бұл жағынан алғанда оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзiне жоғарыдан менсiнбей карайтын халықтар арасынан бұл көшпендiлердiң де құрметтi орын алатын кезi келедi” (89, 159),— деп бұдан 150 жыл бұрын асқан сәуегейлiк пiкiр айтуы бүгiнде бiздi таң қалдырды.Қазақ ауыз әдебиетiн жасаушылар да, оны қастерлеп жадында сақтаушылар да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретiнде жұмсаушылар да ақын-жыраулар болғанын, олар өздерiнiң жыр маржанымен жастардың сана-сезiмiн тәрбиелеп жетiлдiруде қоғамдық тәрбиешiлердiң рөлiн атқарғанын аңғарамыз.Қазақтың ұлттық философиясының төртiншi ерекшелiгi – ұлттық базисiнiң көшпелi өмiрмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тiршiлiктiң тұтқасы төрт түлiк малда деп ұққан қазақ малды жанмен бiрдей санаған. Екi қазақ кездесе кетiп амандық сұрасса, “мал-жан аман ба?”— деп сұрауы да сол пiкiрге саяды. Терiсi мен жүнiн киiм қып киiп, етi мен сүтiн азық етiп күн көрген, сауса сауын, мiнсе көлiк ретiнде пайдаланған төрт түлiктi (әсiресе, жылқы малын) қадiрлеп, қастерлеу қазақ баласы үшiн өмiр заңы болып есептелген. Өйткенi, малдан айрылу шыбын жаннан айрылумен бiрдей болған. (Бұған 1932 жылғы ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малдан айрылып, аштық-қырғынға ұшырауы айқын дәлел). “Мал ашуы — жан ашуы”, “Малдының бетi шарық, малсыздың күнi кәрiп”, “Мал баққанға бiтедi”, “Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас” деп, ерiнбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмiр жоқ, күн көрiсiң қараң деген ойды түйдiрген. Ол занды да. Себебi, тiршiлiк етудiң басқа түрi жоқ көшпелi қазақ елi үшiн мал бағып күн көру — өмiр сүрудiң негiзгi тiрегi болып саналды. Осымен байланысты — төрт түлiк малға арналған мақал-мәтел, ертегi-әңгiме, жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетiнде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, тiптi сұлу қызды “Ботакөз”, ал батыр, алғыр жiгiттi “Нар жiгiт” деп атауы, немесе баласын “қозым”, “құлыным”, “ботам” деп айналып-толғануы, бiр жағынан, ұлттық психологияның тiлдегi көрiнiсi болып саналса, екiншiден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретiнде қызмет еткенiн байқатады.Тұрмыс-тiршiлiктiң, еңбек пен кәсiптiң өмiрдегi көрiнiсi ұлттық салт-дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал, қазақ халқының салт-дәстүрi малмен, көшiп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшiп келген ағайынға ерулiк немесе көшерде көршiлерге көшерлiк беру, бие байлау, сiрне, қымыз жинау, малдың төлдеуiмен байланысты уызға, күздiкте қарын-майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келiннiң отқа салар әкелуi т.б. ырым, жол-жоралар, тiптi қыздың қалың малын немесе ердiң құнын да мал санымен есептеу сияқты салт- дәстүрлердiң халқымыздың тұрмыс-тiршiлiгiмен байланысты туғанын дәлелдейдi. Сөйтiп, салт-дәстүрлер, бiр жағынан, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң айнасы iспеттi болса, екiншiден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершiлiкке, өнерге, өмiрге икемдеуде тәрбие құралы ретiнде пайдаланған.Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесi халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиетi үлгiлерiне негiзделгенiмен, оның да өзiндiк мақсат-мүдделерi, негiзгi қағидалары бар.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
3.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
4. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
Дәріс №13
Тақырыбы: Этномәдени білім беру
Дәріс жоспары:
1. Этномәдени білім беру туралы түсінік.
2. Қазақстан халқының этномәдени қызығушылықтарын тарату
3. Этномәдени білім беруді ендірудің негізгі қағидалары.
Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық , көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды мәселелердің бірі –ұлттық білім беру. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да , салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени –ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу –қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымыздағы өзгерістер еліміздің әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды , сонымен қоса сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс жолға бағыттауда білім беру саласының ықпалы зор. «Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей , қазіргі білім ұлттық бағытта болмаса , шығар нәтиже кеңес үкіметі кезіндегі жеке бастың және ұлттық қажеттілігін емес идеологияның табынушыларын жасап шығарған машинаға айналады. Сондықтан да , этно мәдени білім бере отырып, білім саласының алдында педагогиканың жақсы үлгілерін сақтай отырып, қазіргі қоғамға қажетті , ұлттық мүддені жоғары қоя алатын, барлық құндылықтарды сақтай отырып , жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. «Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың арасында жүрсе де , сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды , қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деген Міржақып Дулатов.Көп ұлт мекендеген Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі де этникалық білім берудің қажеттігін туындатады. Кез-келген халық ғасырлар бойы жинаған қоғамдық және әлеуметтік тәжірбиесін, ата-бабалардан алмасқан тәжірбиеге өз үлестерін қосып келесі ұрпаққа мәдениетін , тарихын аманат етіп отырған. Ежелден келе жатқан тарих толқынында халық- үлкен күш, ол мәдениетті, тарихты жасаушы жалғыз таусылмас қазына , құндылықтардың қайнар бұлағы. Сол таусылмас қазына мен қайнар бұлақтан өркен алатын жас ұрпақты халық дәстүрінде білім беріп ,тәрбиелеу қазіргі білім саласының басты міндеті. Қырғыз халқының дана ұлы Шыңғыс Айтматов «.....өз халқының және басқа халықтардың тарихы, мәдениетінен, тәжірибиесінен бейхабар адамның болашағы жоқ, бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді»-дейді.Өйткені тек білімді адам ғана басқаның мәдениетін, өз төл тарихы мен мәдениетін бағалай алады, өз халқының ажырымас бөлігі екенін сезініп, сол халық мәдениетінің қажеттілігін өтей алады. Ал этномәдени білім жеке тұлғаның этномәдени ерекшеліктерінің қалыптасуына және оқу мен тәрбиенің ұлттық жүйесін дамытуға негіз болады .
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».Этномәдени білімді жолға қоюдың жолы оқу процесіне жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, авторлық бағдарламалар жасап , арнайы пән ретінде енгізу деп есептеймін . Көптеген оқу орнында этномәдени білім беру тек тәрбие жұмысының бағытында іске асырылып , кей пәндерде үстірт оқытылып , тақырыптарда элементтерін қолданып отырады. Ал біз кезінде кеңестік үкіметтің саясатының салдарынан ұлттық тамырымыздан алшақтап кеткендіктен , жоғалта жаздаған Мұхтар ағамыз айтқан «Төрт анамызды» толығымен сезіну үшін , ұрпақ тәрбиесін шынымен жан ашырлықпен қолға алу үшін этномәдени білім беруді оқу орындарында үстірт емес жауапкершілікпен қолға алуымыз керек. Арнайы пән ретінде енгізуді қолға алсақ біз ұлттық құндылықтарды бағалай алатын, құзіреттілік деңгейі жоғары , ұлттық мәдениет арқылы жаһандық мәдениеттің мәнін түсіне алатын жеке тұлғаны дайындай аламыз. Этномәдени білім беруде көп нәрсе біліктілік , ұғымдылық , танымдылық тұрғысынан берілу керек. Біз әлемдік деңгейдегі білім берудің озық үлгілерін жоққа шығармаймыз, оны зерделеу , білу қажет. Бірақ дүние жүзінің ұлттары мен ұлыстарының мәдениеттері , салт-дәстүрлері , тілдері сан түрлі болғандықтан , сусындайтын этномәдени білім мен тәрбие көздері де сан түрлі. Осы рухани көзді елемеу ұлтсыздандыруға апаратын жол.Сондықтан, әлемдік деңгейдегі білімді қажетінше пайдаланып өз этномәдени білім мен тәрбиеге негізделген ұлттық білім жүйесін дамыту қажет . Этномәдени білім беру жүйесіне көшу бір күндік нәрсе емес, әулеметтік-экономикалық және демографиялық негіздерді ескере отырып ұзақ перспективаны қамтитын ұзақ процесс .Бүгінгі жастарымызды бізден әлдеқайда сауатты болуға бағыттауымыз , бағыт-бағдар беруіміз керек.Абай атамыз айтқандай «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар , мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі ақымақтық», сондықтан да жастарымыз озық болсын десек этномәдени білім мен тәрбиені оқу орындарында басты назарда ұстау керек.Біз халықтық тәлімнің ақ уыз шырынан нәр беретін текті тәрбиеге қол жеткізетін ұлттық қазына , рухани байлық атты қасиеттерімізді үнемі назарда ұстауымыз керек.Бұлардың бәрі жас ұрпаққа үйренумен , таныммен , тағлыммен келеді.Сондықтан да, қазіргі оқуымыз да , тәрбиеміз де этномәдени тұрғыда болуы керек деп есептеймін.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында этомәдени білім беру концепциясы, 1996ж.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы .
3. Қазақстан Республикасының тұрақты білім берудің 2007-2024жылдарға арналған Концепциясы.
4. «Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы»
Дәріс №14.
Тақырыбы: Көптілді тұлғаны тәрбиелеу
Дәріс жоспары:
1. Қос тілділік. Көпмәдени тұлға-өзінің мәдени арқылы басқа ұлттың мәдениетін меңгеруге бағытталуы.
2. Көпмәдени тұлғаның негізгі көрсеткіштері:
3. Лингвистикалық тұрғыда жан-жақты дамуы. Ана тілін және мемлекеттік тілді білуі, шетел тілін үйренуі. Халықтар әдебиетін оқуы.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы және тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізуде. Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді. Бірақ қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде: К.Г. Пуастовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойына оралады. өз тілімізді құрметтеудің аса маңызды сапалардың бірі-сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгіде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ, әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да екені мәлім. Ондай құрылысты қай тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.
Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден тұрады. «Ана тілің, қайткенде де ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірден-бір француз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа», - дейді Л.Толстай Сөз жоқ, сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағана іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі. Қазақ тілі-әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогесске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Бұдан басқа, ең бастысы қазақ тілі-біздің ана тіліміз, шексіз бай көркем тіл. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық!
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіата заңмен бекітілген соң, ХХІ ғасырдағы ел болашағының жарқын болуына, жаһандану дәуірінде қоғамның барлық салаларында дамушы саяси-экономикалық факторлардың жаршысы болып өз мүмкіндігін мойындатуына байланысты. Мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналып келеді. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» — деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып қабылданғанына көп уақыт өтсе де, жұртшылық жүз пайыз қазақша сөйлеп кете қойған жоқ. Осыдан кейін, ақпарат беттерінде « әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып кетеді екен. Қазақ тілінде жоғалтып аламыз-ау , » — деп күдіктенген тіл жанашырлары арасында қызу тартыстар әлі күнге дейін жүріп келеді.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілі:
- түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;
- ежелден жазба мәдениеті бар тіл;
- әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;
- демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;
- құрылым-құрылысы кемелденген тіл;
- егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.
Радлов В.В. (Ресейлік шығыс зерттеушісі): «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі».
Мелиоранский П.М. (1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор): «Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды».
Ильинский Н.И. (1822-1892, Қазан университеті, профессор): «Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым».
Бенцинг И. (түркітанушы): «Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі.
Малов С.В. /орыс ғалымы/. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық».
Саади А. (татар ғалымы): « Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».
Янушкевич А. (поляк журналисі): «Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі».
Байтұрсынов А. « Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады».
Әуезов М. «Көген көз қазағыма қаратып мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: "Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық».
Жұмабаев М. «... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы - асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр».
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: "Өнер алды – қызыл тіл”, "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, "Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.
О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз” дейміз.
Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл оетінде кеңінен қолдануылына қажетті жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға көмек беру үшін өткізілетін мәдени – көпшілік шаралар оқырмандарға тілді оқып – үйренуге қажетті әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздіктер, өз бетімен оқып – үйренуге арналған тілашар - тілдескіш көрнекті құралдарға шолу кітапхана жұмыстары ішіндегі ең бастысы болып табылады. Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқуқұралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 440 бет
2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352 б.;
3.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
4. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
Дәріс № 15
Тақырыбы: Толымды тұлғаны тәрбиелеу
Дәріс жоспары:
Толымды тұлғаны тәрбиелеу.
Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны
Қазақтың халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру.
Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту, және соның нәтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру талпыныстары жасалуда. Бұл процесс бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, саяси жүйе туралы, саяси институттар, демократиялық тұрғыдан саяси процестерге қатысу механизмдері туралы жаңа білім жинақтау. Екіншіден, негіздік, тарихи тұрғыдан орныққан қоғамдық құндылықтарды өзгерту, олардың ішінде мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды роль атқарады.Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандырылуымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден-бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің де болуы неғайбіл.Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе, керісінше, қоғамның ыдырауы мен бөлінісіне әкеліп соғады.Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.Ұлттың тарихы туралы, оның өткен замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдары байланысты. Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындардағы ұдайы өндірісіне септеседі. Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, олардың нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы да сезінуін діттейді.
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді.Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол субъектіге өзін өз елінің «шынайы» патриоты санауға айрықша я жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ, және болуы да мүмкін емес. Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқылылығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықсыз тәуелсіздік үшін, ұлттық жаңғыру мен даму үшін күресті елестету қиын. Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Былайша аталатын, «қазақ идеясының» басқа халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен тарихи жолын құрметтеушілік идеясымен теңдестігі қазақтардың өзіндік ерекшеліктерінің өзге ұлттардың мәдени-өркениетті ерекшеліктерімен үйлестікте сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті басқа халықтармен өзара қатынастарының тиімді үлгісі болып қызмет ете алады. Бұған қоса, бұндай үйлесім ұлыстардың ұлттық ар-намысына қысымшылықсыз мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық.Патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы меныдыраушылығының ажырамас сипаты..Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде; Адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар-намысын, адамға лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде; мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу негізінде қалыптастырылады. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, айқан болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім талассыз бола бермейді. Соның нәтижесінде патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі – Отаншылдық сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады.Іс-жүзінде қоғамның, ұлттық-мемлекеттік құрылымның және адамның қоғаммен байланыстарын жүзеге асыру формаларының түрленуіне сәйкес, қоғамдық санада патриоттық сезім, пікір-пайым, салт-дәстүр мазмұны, «Отан», «Атамекен» ұғымдарының мағыналық мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады. Дүниетаным, идеология, мораль, адамдардың жалпы мәдениеті мен білімінің мазмұны мен деңгейі өзгеріске түсті, бұлардың жиынтығына адамның өзінің қоғаммен, мемлекетпен қатынастарын ұғынуы байланысты, сондай-ақ, адамның өз қоғамына қатысты қызмет-қайраткерлігінің барлық түрінде өзгерістер болды.Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады. Қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.Патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста алып қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді. Патриотизмді тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- Алматы: Білім, 2003.-280б.;
2. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі: Оқу құралы-Алматы: Санат, 1995-352б.;
3.Беріков Н.Б. Педагогика. Педагогика оқу құралы 383 бет, 2004 жыл;
4.Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. – 46-47 беттер.
«ЭТНОПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
КІРІСПЕ
5В01000 – «Білім» тобындағы мамандықтарға арналған. Этикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін негізгі бағыттарын, тәрбиенің халықтық құралдарын, әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ халықтық педагогика идеялдары мен тәжірибесін оқу- тәрбие процесінде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақсатн Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру
Этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін;
Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін
(педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық, педагогикалық такт, әдеп, толеранттылық және т.б.)
- Қоғамдық-саяси этнопедагогикалық әдебиеттерді талап зерттеу біліктілігін;
- Этнопедагогика саласындағы ғылыми - ізденіс, шығармашылық жұмыстарға даярлығын;
- Білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс –әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре –салыстырмалы талдау дағдыларын;
- Білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірбиесіне
- ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру.
Этнопедагогика пәнінен мемлекеттік стандартына сәйкес оқу нәтижесінде студенттер:
БІЛУІ тиіс:
Халықтық педагогика – тұнып тұрған асыл қазына, өсиет, өнеге, білім, тәрбиесін;
Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы;
Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу;
ІСТЕЙ БІЛУІ тиіс: Сыныптан тыс этнопедагогикалық жұмысты жоспарлай алу және нақты тәрбиелік міндеттерді шешу, этнопедагогикалық жұмыстың түрлі формалары мен әдістерін таңдай алу және қолдана білу.
ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАНУЫ тиіс:
«Этнопедагогика пәнінен» игеру үшін студенттердің төмендегі пәндерден теориялық және практикалық білімдері болуы қажет:
1. Этносихологиялық ерекшеліктер халықтың педагогикалық көзқарастарына, халықтық педагогика педагогиканың құралдары мен амалдарын;
2. Бесік және ойын жырларында қозғалмалы ойындар;
3. Ұлттық психологияның компоненттерін.
4. Тұлғаның тәрбиесі туралы туылған сәтінен тәрбиелеу, анасының маңызы; ата-ананың рөлі, ересектерге қарам-қатынас (сыйлау) және т.б.Адамгершілік қасиеттер: шыншылдық мейірімділік, алғыс айту, кемелдену.
1-Тақырып.
Халық педагогикасы туралы түсінік
Талқылатантын сұрақтар:
1. Халық педагогикасы және этнопедагогиканың ортақ мәселелері, ерекшелігі.
2. Қазақ энопедагогикасы және қазақ халық педагогикасы, қалыптасып, дамуы.
3. Қазақ этнопедагогикасы әлеуметтік-педагогикалық проблема.
4. Этнопедагогика және Қазақ этнопедагогикасы ғылым салаларының дамуындағы басқа ғылымдар рөлі.
Әдістемелік нұсқаулар
Көрсетілген әдебиеттерге ғылыми мерзімдік басылымдарға шолу жасаған дұрыс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Анатология педагогической мысли Казахстана //Составили К.Б.Жарыкбаев,С.Калиев.-Алматы,1995-512с.
Бережнова Л.Н., Набок И.Л.ЩегловВ.И.Этнопедагогика .-М.: « Академия», 2007-240с.
Волко Г.Н.Этнопедагогика.-Чебоксары, 1974.(Москва,2000).
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразия:Эпохи и цивилизации. –М.,1993.
Измайлов А.Э. Народная педагогика: Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана.-М.,1991.
