Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТНОПЕДАГОГИКА_2014_УМК_-.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать
☆

Емтихан сұрақтарының тізімі

  1. Этнопедагогиканың тарихи даму жолы.

  2. Тәрбиедегі халықтық принципі ұғымы

  3. Ана тілі этникалық тәрбенің жүйе түзуші негізі ретінде

  4. Дәстүрлердің педагогикалық ролі.

  5. Отбасы тәрбиесі халық педагогикасының негізі

  6. Халық тәрбиешілері

  7. Мұғалімнің мектептегі этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудығы ролі

  8. Халық педагогикасы бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру жолдары.

  9. Этнопедагогиканың объектісі мен пәні

  10. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері

  11. Этнопедагогиканың зертеу әдістері

  12. Этнопедагогика тарихының негізгі кезеңдері

  13. Көрнекті педагогтардың шығармаларындағы халықтық қағида

  14. «Этнос» туралы ұғым, этностардың пайда болу заңдылықтары.

  15. «Қазақ» атауының этимологиялық мәні.

  16. Қазақ этносының пайда болу тарихы.

  17. Қазақ этносы және тарихи кезеңдер

  18. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері.

  19. Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары және ғылыми педагогикамен байланысы.

  20. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.

  21. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, тарихи даму жолы.

  22. Қазақ халқының тәрбие салсында пайдаланған педагогикалық талаптары

  23. Табиғат, ана-тілі, қарым-қатынас.

  24. Тәрбиенің халықтық әдістері

  25. Балалар фольклорының этнопедагогикалық мәні

Глоссарий:

Этно – тайпа

Этнография – тайпалар мен халықтарды зерттейтін қоғам туралы ғылымның бір саласы

Ұлт – ел, мемлекет, тілі, территориясы, экономикасы бар қауымдастық, әлуметтік – этникалық қауымдастықтың жоғары формасы

Халық – тайпалар ыдырағаннан кейін қалыптасқан адамдар қауымдастығы, мемлекет, ел тұрғындары, еңбекшілер, ұлт

Этнос – тайпа, халық

Ұлттық тәрбие – баласанасына ұлттық рухты енгізу, ұлттық болмыс, ана тілінде оқыту, ұлттық рухты жоғалтпау

Ұлыс - әлуметтік – этникалық қауымдастықтың төменгі формасы, территориялары кең, қандас туыстықтан ажыраған адамдар қауымдастығы

Этнопедагогика – тәрбие туралы халық көзқарасын, қолданатын құралдарын зерттейтін ғылым саласы

Этнопедагогиканың негізгі зерттейтін объектісі – ұрпаққа тәрбие беру үшін қолданылған әдет –ғұрыптар, салт – дәстүрлер, ұлттық ойындар, өнер, тұрмыс, өмір туралы көзқарас, тәрбие әдіс – тәсілдері

Әдет – ғұрып – қарапайым, қайталанып отыратын қоғамдық қатынас, ұлттықтың негізі

Салт – отбасы, ру, тайпаға тән, ыңғайсыз жағдайға қалмауды ойлаудан шығарылған түсінік, әдетті қалыптастыратын, сақталуына діни қағидалар әсер еткен, тыйым сөздер, қарапайым ережелер, халықтық білім

Дәстүр – өзегінде заңдар бар, отан алдындағы парызды, көршілер арасындағы қарым – қатынасты реттейтін, бір ұрпақтанекінші ұрпаққа өткен, бұрынғы ұрпақтан мұра болған идеялар, көзқарастар, тал,амдар туралы халықтық білім.

Ғұрып – белгілі бір жас кезеңінде орындалатын шаралар

Этноәлеуметтік роль – туыстық байланыс, адамның мінез- құлқының, жүріс – тұрысының нормалары

Этностық өзіндік сана – этностық сананың, салттың кемелденуі

Иррационалдық білімдер – діни түсініктер, сенімдер, қарғыс, баталар

Қазақтың отбасы тәрбиесі – құрсақ, қыз бала, ұл бала, келін, ата – ана тәрбиесі

Шариғат –ислам дінінің заңы

Халықтық тәлім – этнос қауымдастарының ұрпағына үйреткен білім, дағды, икемділіктерінің жүйесі

«Этнопедагогика» пәніне арналған тест сұрақтары

1 Этнос сөзінің ұғымы не?

а) Мемлекет, империя

в) Тайпа, халық, ұлыс

с) Өркениет, әдебиет

д) Мәдениет, тарих

2 Тайпалардың шығу тегін, салт дәстүрлік құрамын зерттейтін ?

а) Этнолингвистика

в) Этногеография

с) Этнография

д) Демография

3 Халық санын зерттейтін ғылым ?

а) Демография

в) Этнолингвистика

с) Этногеография

д) Этнография

4 Атамекен, халықтардың орналасуын зерттейтін ғылым:

а) Демография

в) Антрология

с) Этногеография

д) Этимология

5 Ұлттың жан дүниесі ерекшеліктерін зерттейтін ғылым:

а) Этнопсихология

в) Этнология

с) Этимология

д) Этнография

6 Ұлттық психология этнопедагогиканың несі ?

а) Этнопедагогика

в) Этнопедагогика объектісі

с) Этнопедагогика негізі

д) Этнопедагогика тарихы

7 «Құтадғу білік» дастанының авторы:

а) Ж. Баласағуни

в) Әл Фараби

с) Иүгінеки

д) М. Дулати

8 Мухаммед Хайдар Дулати қандай еңбек жазған ?

а) Диуани хикмет

в) Құдатғу білік

с) Ақиқат сыйы

д) Тарихи-Рашиди

9 Салт-дәстурлердің биік сатысын не деп атаймыз?

а) Салт-сана

в) Әдеп

с) Дәстүр

д) Дағды

10 Қазақтың жазу мәдениетінің басталуы:

а) Араб жазуы

в) Латын жазуы

с) Кирилица

д) Руна жазуы

11 Ұнамды, ұнасымды әсеммен, қоңыржай әуенмен баланың жан жүйесін жадыратын жыр:

а) Тұсау кесу жыры

в) Бесік жыры

с) Той жыры

д) Төрт түлік жырлары

12 Тай-тай бас, құлама, құласаң жылама - дегеннің тәрбиелік мәні:

а) Әдет-ғұрып

в) сенгіштік

с) Күштілік

д) Батылдық

13 Тілалғыш Бек – Тіл алғыш деп, мақтасақ біз, біл алғыс деп! – неге тәрбиелеу?

а) Отан сүйгішттікке

в) Табиғатқа

с) Білімділікке

д) Жаңылыспауға

14 Бір дегенім – білеу, екі дегенім – егеу...Он дегенім – оймақ атау ұйқастары балаға нені білдіреді ?

а) Ұйқас сөз табуға

в) Санды әрі зат атауларын үйренуге

с) Санды әрі жұмбақты

д) Санды әрі жүп, тақты үйренуге

15 Жұмбақ «жан жақты жымдасқан метафора» - деп айтқан:

а) Байтұрсынов

б) Алтынсарин

с) Әл-Фараби

д) Аристотель

16 Апаң, апаң-ескі шапаң, Иір қобыз, Жарық жұлдыз-не туралы жұмбақ:

а) Құрал – сайман

б) Мал

с) Техника

д) Табиғат

17 Нақыл өсиет түрінде айтылатын пәлсафалық түйін, ол-

а) Санамақ

в) Жұмбақ

с) Мәтел

д) Мақал

18 Тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылатын бұл:

а) Мәтел

в) Жұмбақ

с) Ертегі

д) Мақал

19 Баланың қажырын қайрап мінін айтып адамгершілікке тәрбиелейтін:

а) Санамақ

в) Жұмбақ

с) Мақал

д) Мазақтама

20 Сен тұр – қойына бар, Сен тұр жылқына бар! Қай ойынға жатады?

а) Шілік

в) Қуырмаш

с) Жасырынбек

д) «Ұшты-ұшты»

21 «Біз қазақ деген еліміз» Қазыбектің сөзі шешендік сөздердің қай түрі:

а) Ардауы

в) Өсиет

с) Насихат

д) Әзіл

22 Қазақ халқының әдет-ғұрнын, салт-санасын тіршілігін сипаттайтын жырлар:

а) Батырлық

в) Ғашықтық

с) Тұрмыс-салт

д) Бесік жыры

23 Ғашықтық жырларда мөлдір махаббаттың құрбаны болған қыздар бейнесі сипатталады. Махаббат үшін жанын берген кім?

а) Баян-сұлу

в) Назым

с) Қарлыға

д) Ақжүніс

24 Әлеуметтік арман талап, мұнмұқтаждың қиялдағы ғажап жақсылықтарды бейбітшілік, молшылыкты аңсау қай аңызда айтылады?

а) Жерұйық

в) Уркер

с) Домалақ ене

д) Лұқман Хаким

25 Табиғаттың сырын тануға байланысты даналық сөздерде күн жылына бастауын білдіретін:

а) Сүмбіле туса су суыр

в) Нәсер алдында найзағай ойнайды

с) Сәуір болмай, тәуір болмас

д) Жатқанша үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда, несі қалды.

26 Ұзатылатын қыздың туған елінен аттанарда айтатыны:

а) Қоштасу жыры

в) Беташар жыры

с) Жар-жар жыры

д) Ғашықтық жыр

27 Менің өзім нашармын, шеш қолымды Қарлыға, Руқсат берсең қашармын деп қорқақтық нашарлық танытқан батыр,- бұл:

а) Қараман

в) Қобыланды

с) Қамбар

д) Қодар батыр

28 «Құдыққа түкірме» - әдептіліктің мәні – бұл:

а) Экологиялық

в) Тұрмыстық

с) Отбасылық

д) Тәртіптік

29 Өзге елдің сұлтаны болганша, өз елінің ұлтаны бол дегеннің мәнісі – бұл:

а) Ұят

в) Намыс

с) Әдеп

д) Тәртіп

30 «Өтірікпен алысқа бара алмайсын» – дегеннің мәнісі – бүл:

а) Шыншылдық

в) Намыс

с) Ар

д) Ұят

31 «Артық ішкен ас арам» - дегеннің мәнісі – бұл:

а) Ар

в) Ұят

с) Салауаттылық

д) Тәртіптілік

32 «Басыңа бақ қонсын, жолың ақ болсын» - қандай бата?

а) Сапарға

в) Дастарханға

с) Жас жұбайларға

д) Дәстүрлік бата

33 «Мырза жігіт, ақын қайным» деген ат тергеудің мәнісі:

а) Киелі, қасиетті деп көтермелеу

в) Жеңгесінің ақылдылығын көрсетеді

с) Жігіттің мырзалығын білдіреді

д) Көне заманның қалған салтты дәріпттеу

34 Әр заттың құның, бағасын білмей , босқа шашуды білдіретін ұғым:

а) Сауап

в) Ысырап

с) Обал

д) Кесір

35 «Дүниеқоңыз, өзі пасық доңыз» - деген қандай қасиеттен жирендіру?

а) Өтірікшілік

в) Дуниеқорлық

с) Немқұрайдылық

д) Құмарлық

36 Зеңгі баба-қай түліктің атасы?

а) Жылқы

в) Сиыр

с) Түйе

д) Қой

37 «Шуда» қай түлікке тән атау?

а) Түйе

в) Жылқы

с) Сиыр

д) Қой

38 Қонақтың көңілін көтеру үшін, өнерін байқау үшін сұралатын не?

а) Ауылдың алты ауызы

в) Ұйана сыйлық

с) Қонақ кәде

д) Меймандастық

39 Көк байрақ туымыздың түсінің тәнісі:

а) Аспандай көк болуы шексіз кеңдік белгісі

в) Көк жасыл өсімдіктей

с) Көктемдей көгере беру белгісі

д) Үнемі көгеріп Жайнай беру белгісі

40 «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары этнопедагогикалық ой дамуының қай дәуірінде шыққан?

а) Қазақ мемлекеті қалыптасқан

в) 19ғ. аяғы мен 20ғ. басы

с) 20ғ. кеңестік дәуір

д) Ежелгі 6-9 көне түркі дәуірі

41 «Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел» - дей келе, әйелдің қоғам дамуына негіз болатының уағыздаған:

а) Құлтегін

в) Қорқыт – ата

с) Асан – қайғы

д) Тоныкөк

42 «Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса онда денді сауық тыру керек»

а) Култегін

в) Әл-Фараби

с) Қорқыт Аға

д) Асанқайғы

43 Мемлекеті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын қоғамдық – саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет ғұрыптарды қамтыған энциклопедиялық шығарма:

а) ДиуаниХикмет

в) «Құтадғу білік»

с) Диуани лұғат ат түрік

д) «Тоныкөк»

44 Үгенеки: «Әрқашанда әдетпен қысқа сөйлеп әдеттен» - дегенде неге шақырады?

а) Білімділік

в) Бөспеліктен сақтандыру

с) Әдептілікке

д) Пандықтан сақтандыру

45 Яссауидың құдайға құлшылық ету білу, алланы танып – біліп, оған табуынуды ұсынған ғақлиясы:

а) «Хақиқат»

в) «Шариғат»

с) «Мағрифат»

д) «Тариқат»

46 «Жаһаннама» дастанын жазған:

а) Ж. Баласагуни

в) А. Яссауи

с) С. Бақырғани

д) М. Дулати

47 Жаңашыл педагог, балалар әдебиетінің негізін қалаушы, жазушы, қазақ балалары үшін мектеп ашқан?

а) А. Кунанбаев

в) А. Байтұрсынов

с) Ш. Уәлиханов

д) Ы. Алтынсарин

48 «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал !»деген:

а) А.Байтурсынов

в) А.Кунанбаев

с) Ы.Алтынсарин

д) Ш.Кудайбердиев

49 Ш Уәлиханов ғылыми еңбектерінде ұлттық тәлім – тәрбие насихатталады. Олар:

а) «Қазақ хрестоматиясы», - «Мұсылмандық тұтқасы»

в) «Қазақтың көші-қоны», «Қазақтың шежіресі»

с) «Шайыр», «Көкселдір»

д) «Педагогика», «Қанағат»

50 Ауыз әдебиеті мен халықтың салт дәстүрлі – ұлттық тәрбиенің негізі – деген:

а) А. Кунанбаев

в) Ш. Уәлиханов

с) Ы. Алтынсарин

д) А. Байтурсынов

51 Қазақ тіл білімінің негізін салған алғашқы тіл туралы оқулықтар жазған:

а) М. Жумабаев

в) Х. Досмухамедұлы

с) Ж. Аймауытов

д) А. Байтурсынов

52 «Қош келдің, Наурыз» мақаласында қазақ дәстүр ерекшеліктерін баяндаған:

а) М.Жумабаев

в) Х. Досмухамедұлы

с) М. Дулатов

д) А.Байтурсынов

53 Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерін атаңыз:

а) «Тәрбиеге жетекші», «Психология»

в) «Қирағат», «Есеп»

с) «Педагогика», «Борік»

д) «Оқымысты бала», «Мұғалімдерге»

54 «Арлы ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді» - деген:

а) Ш. Құдайбердиев

в) М. Жумабаев

с) Ж. Аймауытов

д) А. Байтурсынов

55 С. Торайғыровтың ұлттық білім беру туралы, шығармасы:

а) «Қамар сұлу»

в) Оқудағы мақсат не?

с) «Кедей»

д) «Мен кіммін»

56 Қадіріңді білгенге жұмса ! – бұл :

а) Мақал

в) Мәтел

с) Санамақ

д) Жұмбақ

57 Жұмыс десе шалағай, тамақ десе қомағай мүның мәні:

а) Еңбекке үндеу

в) Білімге үндеу үндеу

с) Тамақты әдептілікпен ішу

д) Адамгершілікке үйрету

58 Ойынның өлендері жұп пен тақты ажыратып, ең соңында табушыны қалдыратын қай ойын?

а) Шілік

в) Қуырмаш

с) Кім керек

д( Жасырынбақ

59 Шешендік толғау сөзге жататындар:

а) Жер дауы, ар дауы

в) Естірту, көңіл айту

с) Өсиет насихат

д) Алғыс, бата

60 Әуелі мергендік, аңшылықта шыныққан, ел басына күн туғанда ерлік көрсеткен батырға арналған жыр?

а) Қамбар батыр

в) Абдолла

с) Төлеген Тоқтаров

д) Сұраншы батыр

61 Бөбекті күміс ыдысқа шомылдыру, суға күміс теңгелер салу ырымы қандай рәсімге тән?

а) Шілдехана

в) Кіндік кескенде

с) Қырқынан шығаруда

д) Тұсау кесуде

62 Араб, парсы тілдерінен келген адам аттарының қазақша мәні бар: «Ләззат» - нені білдіреді ?

а) Әкім

в) Тәттілік

с) Сүйкімді

д) Әдемі

63 Шілде қоныз көп шырылдаса не болады?

а) Құрғақшылық болады

в) Күн жылынады

с) Суық болады

д) Жаңбыр жауады

64 Баланың ит жидесін кигізуден бастап , оның бесігін тузеп киімнің таза болуына қамқорлық жасайтын:

а) Апасы

в) Анасы

с) Әжесі

д) Кіндік шешесі

65 «Қара қылды қақ жаратын» - идиомасының мәні – бүл:

а) Инабатылық

в) Әділдік

с) Әдептілік

д) Отансүйгіштік

66 Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы нендей мәнді білдіреді:

а) Кісілік

в) Малқұмарлық

с) Ар сақтау

д) Ұят сақтау

67 Адамға жақсылық ойлау, оған тілек айту қандай дәстүр?

а) Бата беру

в) Ұят сақтау

с) Тыйым айту

д) Намысқа шақыру

68 Дарының дами берсін, ел қызығынды көрсін, деген кімге арналған бата?

а) Жас жұбайлар

в) Өнерпаздарға

с) Сапар жегушілікке

д) Дастархан иелеріне

69 Келіннің үлкендерге екі қолын құсырып , тізесін бүгіп, басын иіп сәлем беру салты қай елдікі?

а) Қытай

в) Үнді

с) Өзбек

д) Қазақ

70 Басқаға жақсылық қылу, табиғатқа қамқорлық, нашарға көмек беру, садақа берудің ұғымы:

а) Ысырап

в) Обал

с) Кесір

д) Сауап

71 Құдаға киіт кигізу қандай рәсім?

а) Ырым

в) Жоралғы

с) Әдет

д) Кәде

72 «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жағады» - қандай тәрбиеге тән?

а) Дене тәрбиесі

в) Ерлік

с) Отансүйгіштік

д) Ақыл-ой тәрбиесі

73 «Байтал» атауы қай түлікке тән:

а) Түйе

в) Сиыр

с) Жылқы

д) Қой

74 «Көңіліңіз қош болсын ! рахмет» - дегеннің мәнісі:

а) Жақсылыққа ризашылық білдіру үшін жауап

в) Туыстарына тілек білдіру нышаны

с) Құрметтеу сезімін білдіру

д) Үлкенге кошемет айту

75 Ата-бабамыздың ит жылынан күтері:

а) Еңбек еткен адамның бақыты мол болады

в) Әрекет берекетке жетеді

с) Қиындыққа қымсынбай, оны жеңе білу

д) Арманды жыл. Әркім іс ретін тауып, арманына жетеді

76 Орхон ескерткішінің бірі «Тоныкөк жыры» - ол кім ?

а) Қаған

в) Қағанның қеңесшісі, ақыл иесі

с) Көрнекті әскери қолбасшы

д) Тарихшы

77 «Ажал уақыты жетпейінші ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан кері келмес» - нақыл сөздер кімнің осиеті ?

а) Асанқайғы

в) Құлтегін

с) Қорқыт ата

д) Тоны көк

78 «Музыканың ұлы кітабы», «Риторика», «Софистика», «Логика»-оқулықтарын жазған:

а) Әл-Фараби

в) Баласагуни

с) Қашғари

д) Игунеки

79 «Құтадғу білік» кітабындағы елге құт, ерге бақ – дәулетке жетудің үлгісі кім ?

а) Ұғділміш

в) Күнтуды

с) одгурміш

д) Айтолды

80 «Кемтарларды көңілдендіру ас берде, үлкендердің абыройын кастерле» - деп Игунеки неге шақырады:

а) Меймандостыққа

в) Білімділікке

с) Еңбекке

д) Әдептілікке

81 «Ақыр заман кітабын» жазған орта ғасырдағы сопылық әкім :

а) Яссауи

в) Баласағуни

с) Бақырғани

д) Игунеки

82 Басшы аз сөйлеп, көп тыңдасын, оның жүзі – жылы, тілі жұмсақ, ойы-байсалды болсын» - деп түйіндеген:

а) С. Бақырғани

в) М. Дулати

с) А. Яссауи

д) Ж. Баласағұни

83 Ы. Алтынсариннің діннің тәрбиелік мәні жоғары екенін, аллаға сыйыну тәрбие құралы болғаның, ұрпақты «сенім» деген құдіретті күшпен қаруландыру қажеттігін насихаттаған кітабы:

а) «Қазақ хрестомастиясы»

в) «Мұсылмандықтың тұтқасы»

с) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»

д) «Мәктубат»

84 «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы, масатыдай құлпырар жердің жүзі» - дегеннің мәнісі:

а) Экологиялық тәрбие

в) Еңбек тәрбиесі

с) Ақыл-ой тәрбиесі

д) Адамгершілік тәрбиесі

85 Баланы ерте үйлендіру, оны оқытпау – үлкен қателік-деген:

а) Абай

в) Ыбырай

с) Шоқан

д) Ахмет

86 М.Дулатовтың қазақ халқының салт – дәстүрлеріндегі этностық ерекшіліктерді суреттеген еңбегі –

а) «Бахытсыз Жамал»

в) «Есеп құралы»

с) «Қирағат»

д) «Оқымысты бала»

87 Жумабаевтың тәрбие жөніндегі айтқан пікірі :

а) Қазір біздің қазақ халқында оқудың жаңа дәуірі басталған кез

в) Халық сауатын ана тілінде ашу керек

с) Әр тәрбиешінің қолданатын жолы ұлт тәрбиесі

д) Қызбалалар еркіндік сүйеді, еркін тәрбиені жақтайды

88 «Өмір бойы өз жолына түсе алмаған адам бір нұшайман сорлы жандағы, өмірде адасқандарға жол нұсқау керек» - деген:

а) А. Байтұрсынов

в) М. Жумабаев

с) Ж. Аймауытов

д) М. Әуезов

89 Қырғыз халқының «Манас» эпосын қазақ эпосымен салыстырып қазақ этнопедагогикасының кеңдігін зерттеушілерге айкындап берген:

а) М. Әуезов

в) М. Жумабаев

с) Ж. Аймауытов

д) Х. Досмухамедұлы

90 «Баланың ең бірінші еститің үні анасы айтқан бесік жырының әуені» - деп этнопедагогиканың бастауы бесік жыры деп дәлелдеген:

а) А. Байтурсынов

в) Х. Досмухамедұлы

с) М. Әуезов

д) Ж. Аймауытов

91 Жері байдың – елі бай - Мағынасы:

а) Білім

в)Табиғат

с) Ерлік

д) Егіншілік

92 Білекті бірді жығар білімді мыңды нар. Мағынасы:

а) Елдік

в) Адамгершілік

с) Білім

д) Отансүйгіштік

93 «Дүниеде болады екен қоян мықты жабылып он бес жігіт зорға жықты» - бұл қандай жанрға жатады ?

а) Өтірік өлең

в) Бесік жыры

с) Ертегі

д) Тұсау кесу жыры

94 Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын кадірлеген ерлердің таңғажайып іс әрекеттерін баяндайды - ол ?

а) «Ер Тостік»

в) Ұшқыш кілем

с) Зымыран

д) Балықшы мен балық

95 Өзін Қартқожаққа таныстырып, тақпақтап суырылып сөйлеген қыз кім ?

а) Назым

в) Қаракөзайым

с) Ақжүніс

д) Қарлыға

96 Қазақта Мәншук, Әлия деген аттарды қыздарға қояды. Ол нені кастерлеу ?

а) Ерлікті

в) Сұлулықты

с) Ырымшылдық

д) Ұлағаттылықты

97 Араб есімі: «Ахмет» қазақша баламасы:

а) Әкім

в) Тыныштық

с) Мейірман

д) Мақталуы

98 Жас жұбайлардың алдына ізгі ниетті тілек қоятын жыр:

а) Бесік жыры

в) Ғашықтық жыр

с) Беташар жыры

д) Жар-Жар жыры

99 Өзі алты жасында, Кәмшат бөркі басында. Қобыландыны Естемес ерің баулиды. Күнде киік аулайды – қаңдай тәрбиеге уйрету.

а) Қол өнері

в) Зергерлік

с) Мейірмандылық

д) Мергеншілік

100 «Ұятсыз, арсыз салтынан, қалғып кетер артынан» - деп адамдығы мәкурім айтқан ақын:

а) Абай

в) Ыбырай

с) Шәкәрім

д) Баласағұни

101 Қосағыңмен қоса ағар – мәні бұл:

а) Дастарқан батасы

в) Сапарға шеккенде

с) Жас жұбайлар батасы

д) Сый батасы

102 Ат тергеу дәстурінің мәнісі:

а) Ұрпақтың ата салтын бұзбауы

в) Жанашырлық танытуы

с) Ризашылдық білдіруі

д) Инабаттылық қалыптастыру

103 Амандасушы оң қолымен сол жақ төсін (жүрек тұсын) басып, бас иеді, бұл қай діннің өкілі:

а) Ислам

в) Христиан

с) Буддизм

д) Котолик

104 «Тізеңді құшақтама» - мәнісі, бұл:

а) Ырым

в) Обал

с) Сауап

д) Кесір

105 Ақын – жазушылардың қолтаңбасын алу, ұлы адамдар отырған орындыққа отыру-кандай рәсім ?

а) Жөн жорағы

в) Ырым

с) Әдет

д) Кәде

106 Алқа, сырға білезік, шолпы жасау өнердің қай түрі ?

а) Саяткерлік

в) Көлөнер

с) Сәулет

д) Зергелік

107 Жігіттін жігерлігін, батылдығын атбегілігін махаббаттық сынайтын дәстүрлік ойын ?-

а)Көкпар

в) Ат жарыс

с) Күрес

д) Қыз қуу

108 «Аққуды атпа», «Үкіні үркітпе», «Көк қарғаның ұясын бұзба» - деген тыйым сөздерді жастарға - өнеге ұсынған:

а) А. Байтұрсынов

в) Ы. Алтынсарин

с) А. Құнанбаев

д) Ш. Уәлиханов

109 «Ісек» қай түлікке тән атау ?

а) Түйе

в) Жылқы

с) Сиыр

д) Қой

110 «Нағашысына тартып нағыз домбырашы болыпты» дегеннің мәнісі:

а) Нағашыны сыйлау

в) Тұқымқуалау

с) Дәстүр салт

д) Туыстық білдіру

111 «Рұқсат етіңіз», «Мархабат етіңіз» - идномасының мәнісі:

а) Әдептілік білдіру, балама сөздер

в) Ардақтау құрметтеу сөздер

с) Үлкенге қызмет етуге арналған сөздер

д) Жанашыр аянышті сөздер

112 Тыныштық жарасым, келісім татулық халықты қуанышқа бөлейді. Бұл қай жылдық ырымы ?

а) Мешін

в) Барыс

с) Қоян

д) Доңыз

113»Өлімнен халықты тірілтті, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым» - қай жырда айтылады ?

а) «Білге қаған» жыры

в) «Тоныкөк» жыры

с) Қорқыт Аға

д) «Култегін» жырында

114 «Қайырлы қала адамдарының көз қарастары» ең бегінде қала басшыларының қасиеттерін ашқан :

а) Әл Фараби

в) Асанқайғы

с) Қорқыт ата

д) Баласагуни

115 Түркі тарихында тұнғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихы диалектологиясының негізін салған, тіл маманы, этнограф ретінде танылған:

а) Баласағұни

в) Әл Фараби

с) Дулати

д) Қашғари

116 «Тілінді бақ, басың аман болады, Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады» -деп тіл мәдениетіне шақырған:

а) Баласағұни

в) Кашғари

с) Яссауи

д) Дулати

117 Ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарынан негіздері яғни мусылмандық жолын қастерлейтін, соны – тәлім тәрбиеге үлгі-өнеге ететін А. Яссауидың:

а) Тариқат

в) Мағрифат

с) Хақиқат

д) Шариғат

118 «Иманыңның шамын жандыр, Рухынды суға қаңдыр» - деп Бақырғани неге тәрбиелегісі келеді:

а) Еңбекке

в) Имандылыққа

с) Білімге

д) Адалдыққа

119 Әз Жәнібек ханның тапсырмасылымен «Шипагерлік баян» кітабын жазған:

а) Ж. Баласағұни

в) М. Қашғари

с) М. Дулати

д) Өтебойдақ Тілеуқабылұлы

120 Қазақ ауыз әдебиетінен сусындаған,Шығыс мәдениетінен ақындық пен мұсылмандық ғақлиярын таныған, Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін үйренуді уағыздаған:

а) А. Байтұрсынов

в) Ы. Алтынсарин

с) Ш. Уәлиханов

д) А. Құнанбаев

121 Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін жан-жақты зерттеп ұлттық ағарту ісіңің негіздеріне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан 19 ғасырдың ғұламасы ?

а) Ш. Уәлиханов

в) Ы. Алтынсарин

с) А. Кунанабаев

д) С. Көбеев

122 «Асыл сөздін асыл заңдары болатын, шарттарын танытатын ғылым» - Байтұрсыновтын қай еңбегіне айтылған:

а) «Әдебиет танытқыш»

в) «Баяншы»

с) «Қазақша әліппе»

д) «Тіл жұмсар»

123 Өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, кисынды, қасиетті сөздер:

а) Ертегі

в) Өсиет

с) Шешендік

д) Өтірік өлен

124 Әрі батыр, әрі би болған шешен:

а) Сырым

в) Әйтеке

с) Қазыбек

д) Төле би

125 Ыбырайым аты Абай болып өзгергені неліктен ?

а) Әдептілік

в) Дуалы ауыздан шыққан

с) Ырымшылдық

д) Ұлағаттылық

126 «Баба» - қандай туыс ?

а) Ананың әкесі

в) Атаның әкесі

с) Әкесінің әкесі

д) Атаның ағасы

127 «Отбасының пірі, қара шаңырықтың қожасы» - деп қазақ кімді атаған ?

а) Шеше

в) Әже

с) Ата

д) Әке

128 Денешынықтыру көңіл көтеру, сауық ойыны ?

а) Тоғызқұмалақ

в) Күрес

с) Көкпар

д) Алтыбақан

Кафедра Әдістемелік Факультет Әдістемелік

кеңесінде қаралды кеңесінде қаралды

Хаттама № _ Хаттама № ____

«Этнопедагогика» пәнінен оқу-әдістемелік кешен «Білім» тобы мамандықтарына арналған.

Құрастырушылар: Демеуов А.Ш., Раушанова И.М.