3 Билет
1. . Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады.Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды.
2. Интерьерлік дизайн – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды. Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен.
Композициялық ерекшелігіне сәйкес, дизайн түрлі тарихи, дәстүрлі, діни, этика немесе аса себепсіз қарапайым стандартты интерьерлік элементтер кірістіріліп, материалдар табиғи және аз, орташа, мол деңгейдегі химиялық қоспалары бар бұйымдар, сұйық және қатты, эластикалы, сұйық құрылыс материалдары пайдаланылады.
Бүгінде нарықта интерьер дизайнымен айналысатын компаниялар, дизайнерлер өте көп екен. Солардың жұмыстарынан мысал ретінде, Астана қаласындағы «Archi Graphic Studio». Интерьер дизайнерлері жұмыс жасау барысында, қарапайым дизайнерлік ережелер мен заңдылықтарды сақтай отырып, элементар дизайннан бастап күрделі жобаларға дейін, минимализмнен, максмализм, арт стильдерге дейін, стандартты дизайндардан бастап, индивидуалды дизайн жобаларына дейін әзірленетін көрінеді. Мұнда жалпыға ортақ бөлме ауданы, ұзындығы, биіктігі, жарық түсу бұрыштары, бөлме түрі, бөлмедегі элементтер мен объектілер және олардың түсі мен тапсырыс беруші қалаған түстерді ескере отырып, тақырыптық дизайн негізінде бөлмеге кірген адамның эмоциясына әсер ететін орналастыру мен түстік комбинаторика заңдылықтарын қолдана отырып, аздаған иллюзиялық көріністерге де жағдай жасайды. Мәсселен, кішкентай бөлмені үлкен етіп, аласа бөлмені биіктеу етіп көрсететін амалдар қарастырылады екен.
Уақыт өте келе адамдардың тұрмыстық, қызмет көрсету және қызметті пайдаланудағы нысан, ғимарат стильдеріне деген талғамы да дамып, қызмет көрсетушілер де өз тұтынушыларына барынша комфорт ұсыну, конкуренттерінен ерекшелену мақсатында интерьер дизайнына назар аударуда.
3.Экстерье́р (фр. extérieur < лат. exterior –сыртқы, антоним — интерьер) көркем немесе сәулеттік келбеті , ғимараттың жобалау, жануарлардың шанақ құрылымы ( жылқы , иттер ) [ және . т.б тұлға қолайлы эстетикалық қабылдау қамтамасыз ету.Сыртқы дизайн тұтас эстетикалық идеалды түрінде адамзаттың жағдайын жақсартуға прагматикалық және көркем идеялар мен шешімдерді синтездеу негізделген. Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік.
