Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дизайн ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

7 Билет.

1.Қонақ үй жолаушыларының уақытша тұруына адамдарға арналған жай б.т. Кейбір жағдайларда адамдарға қонақ үй қызметіне жүгінуге тура келеді.Бұл қызмет көрсету түріне адамның өмір сүру стилі жұмыс істеу орны және басқа да себептерге байланысты тұтынушылар осы қызметті жиі,сирек қолданады. Қ.үйдің дизайнын ұйымдастыруға қиыншылық , көпшілік тұтынушыға арнала отырып әрбір тұтынушының ойынан шығып тұруға ыңғайлы болатындай дұрыс ұйымдастыру , қонақ үйдегі дизайн интерьерінің өз ерекшеліктері болады.Әрбір дизайнердің мақсаты- әмбебап , функционалдық,эстетикалық, ыңғайлы сәнді интерьер жасау.Қонақ үйлерді салу кезіндегі басты назарда болатын нәрселер мыналар: Қоршаған ортаға қала және село ландшафтарының ерекшеліктерін сақтай отырып еніп тұруы керек. Табии климаттық факторлар(температура ,ылғалдылық т.б) ескеріледі. Архитектуралық жоспарлық шешімдер өте қымбат болмауы және қонақ үйді жоспарлау оны пайдаланудың үнемділігін қамтамасыз етуі тиіс. Жобалау кезінде жарнамалық жағдай ұмытылмауы тиіс, яғни көркемдеу,өзіндік ерекшеліктерінің болуы т.б. Жобаланатын үй қызмет көрсетуді ұтымды етуі, комфорттылықты қамтып,функционалдық талаптарға жауап беруі керек. Үй эстетикалық, экологиялық,техникалық,санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.

2. . Интерьер дизайны – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды. Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен.

Композициялық ерекшелігіне сәйкес, дизайн түрлі тарихи, дәстүрлі, діни, этика немесе аса себепсіз қарапайым стандартты интерьерлік элементтер кірістіріліп, материалдар табиғи және аз, орташа, мол деңгейдегі химиялық қоспалары бар бұйымдар, сұйық және қатты, эластикалы, сұйық құрылыс материалдары пайдаланылады.

Бүгінде нарықта интерьер дизайнымен айналысатын компаниялар, дизайнерлер өте көп екен. Солардың жұмыстарынан мысал ретінде, Астана қаласындағы «Archi Graphic Studio». Интерьер дизайнерлері жұмыс жасау барысында, қарапайым дизайнерлік ережелер мен заңдылықтарды сақтай отырып, элементар дизайннан бастап күрделі жобаларға дейін, минимализмнен, максмализм, арт стильдерге дейін, стандартты дизайндардан бастап, индивидуалды дизайн жобаларына дейін әзірленетін көрінеді. Мұнда жалпыға ортақ бөлме ауданы, ұзындығы, биіктігі, жарық түсу бұрыштары, бөлме түрі, бөлмедегі элементтер мен объектілер және олардың түсі мен тапсырыс беруші қалаған түстерді ескере отырып, тақырыптық дизайн негізінде бөлмеге кірген адамның эмоциясына әсер ететін орналастыру мен түстік комбинаторика заңдылықтарын қолдана отырып, аздаған иллюзиялық көріністерге де жағдай жасайды. Мәсселен, кішкентай бөлмені үлкен етіп, аласа бөлмені биіктеу етіп көрсететін амалдар қарастырылады екен.

Уақыт өте келе адамдардың тұрмыстық, қызмет көрсету және қызметті пайдаланудағы нысан, ғимарат стильдеріне деген талғамы да дамып, қызмет көрсетушілер де өз тұтынушыларына барынша комфорт ұсыну, конкуренттерінен ерекшелену мақсатында интерьер дизайнына назар аударуда.

3.Хай-тек жоғарғы технология. Осы заманғы жастар стилі стеклопластикадан, металдан, меланиннен дайыңдалған жиһазбен, жоғарғы сортты түсті шыныдан жасалған ыдыс-аяқтармен, майшамдармен ерекшеленеді. Шығыс стилі — жоғарғы дөрежелі әсемділікті көздейтін стиль. Шығыс елдер халықтары қолданылатын күміс және қорғасын ыдыс-аяқтармен бейнеленеді. 20 ғасырдың 70 жылдарында пайда болды.