Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дизайн ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

9 Билет.

1. Қазіргі заманда қызмет қызмет көрсету саласында экспозицилық залдардың дизайн интерьерін ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.Экспозициялық залдардың интерьерін ұйымдастыру тарихы: архелогиялық экспозиция тас ғасыры,қола дәуірі, ертедегі темір ғасыры, хунсармат дәуірі,орта ғасырлар бөлімдерінен тұрады.Экспонаттар залдың екі деңгейінде тақырыптық және хронологилық жүйелікпен орналасқан. Экспозицилық бастапқы бөлігінде адамның шығу тегі мен дамуы көрсетілген.Африка, Еуропа және Азия аумақтарынан қазып алынған маймылдар мен ерьедегі адамның сүйектерінің қалдықтары олардың эволюциясының негізгі кезеңдерінің жобасы жасауға мүмкіндік береді. Екінші зал экспозициясы 15ғасыр аяғында жеке мемелекет құрып,көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының дәстүрлә мәдениетінің барша этнографилық өзіндік болмыс бітімдерімен өмір салтымен таныстырады. Үшінші зал экспозицисы «Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографисы» немесе «Қазақстан Ұлы Отан жылдарындағы 1941-1945» атты екі бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта халық саны 100 мың адамнан асады. Республикада диаспоралардың 50мыңнан кемін поляктар ,индустар,еврейлер,армндар немесе т.б құрайды.Залдың экспозициясы келушілерді осы диаспоралардың тарихы мәдениеті тұрмыс тіршілігі ен таныстырады. Төртінші залдың экспозицисы «Тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған. Мұнда ҚР мемлекеттік рәміздері ,ҚР президентінің стандарты,ұлттық валюта . мемлекеттік марапаттар сондай ақ біздің мемлекетіміздің жаңа Елордасы Астана қаласының қалыптасу кезеңдерін бейнелейтн экспонаттар бар.Экспозициясының үлкен бөлігі ҚР бірінші президенті Н:Ә.Назарбаевқа арналған. Қазақстан музейінің тарихында алғаш рет ҚР орталық музейінде біздің музейіміздің білім беру және ғылыми зерттеу қызметінің жаңа түрі ретінде «Ашық қор экспозициялық кешені ұйымдастырылды.

2. Модерн , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.

Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.

Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.

Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады. Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттар тұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн XX ғасырдаархитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді. Хай-тек жоғарғы технология. Осы заманғы жастар стилі стеклопластикадан, металдан, меланиннен дайыңдалған жиһазбен, жоғарғы сортты түсті шыныдан жасалған ыдыс-аяқтармен, майшамдармен ерекшеленеді.20 ғасырдың 70 жылдарында пайда болды.

3. . Дизайн 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс.