5 Билет.
1. .Мейрамхананың интерьерін жоспарлау мен жобаның дизайнын құрастыру үшін ең алдымен болашақ мейрамхананың атауын анықтап алу керек. Мейрамхана интерьерінің сәтті болуы мейрамхананың мәзірінде қандай ас үй қызмет көрсетуімен байланысты.Ең негізгі кезеңі мейрамхананың интерьерінің жобасын жасау 250 дизайн студиялары бар.Жалпы компанилардың 60 пайызы Алматыда шоғырланған. Себебі шаһарда суретшілерге сұраныс жоғары.Сонымен қатар халықтың әл ауқатының өсімі компаниялар санының артуы жылжымайтын мүлік нарығының өсімі құрылыс материалдар саласы және интерьер құрылымының көптігі.Мейрамхананың сауда залдарын рәсімдеу кезінде түрлі материалдар қолданылады. Жалпы қонақ бөлмелерде айқай шу сезілмес үшін шуды басып тұратын плиталар қолданылады,мейрамхананың жабындысына және едендеріне айрықша талап қойылады.Ол тайғақ болмауы және берік ,ылғалға шыдамды болуы керек. Ондағы үстелдер төртбұрыш болып келеді. Ыңғайлырақ жалпы жобалау шешімін өңдеу құрылғы 2001 ж.қыркүйекайының 4 күні бекітілген.
2. Тұрмыстық кызмет көрсету саласындағы дизайн интерьерін ұйымдастыру. қонақ үйдің ішкі көрінісіне интерьер дизайны маңызды рөл атқарады. Қонақ үйдегі ішкі көрінісін интерьер дизайны арқылы безендіреді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Қонақ үйдің ішкі көрінісі интерьер дизайнының пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика». Осыдан келіп «Дизайнер» - суретші - конструктор, «Дизайн - форма» - заттың сыртқы формасы және т.б. түсініктер пайда болды. Түрлі безендірулер, тақырыптық көрме, плакат т.б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды. Көркем безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға болады.
3. Авангард- бұл стильдің отаны 20-ғасырда Жапония болған.Негізгі рөлді түс атқарады.Бұнда барлық түсті пайдалануға болады. Европада 1930-1935 жж қалыптасты.Бұл сөздің мағынасы (фр. avant — алдында, garde — күзет) — негізгі әскери күшті қорғау мақсатында жорықта алдыңғы шепте жүретін әскери бөлімше дегенді білдіреді.[1] Алғашында "Авангард" стилі архитектурада және мәдениетте қолданылған болатын. Біртіндей келе ол сән әлеміне де жол аша бастады. Бұл сән үлгісі басқа стильдерден өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мысалы, бояудың және сызықтың оғаш уйлесуі, киімге көлемді алқалар мен бажыр аксесуарларды пайдалануымен ерекшеленеді. Бұл күнделікті киюге арналмаған стиль. Көпшілікті жерде бұл үлгідегі киім арқылы тез-ақ көзге түсіп, ерекшеленуге болады. "Авангард" стилінің шыққан уақыты белгісіз, әтсе де кейбір деректерге қарасақ, бұл стильдің фэйшн-индустрияға кірген уақыты 20-ғасырдың 60-жылдары деп болжап айтуға болады. Бұл стильдің дүниеге шығуы ең бірінші француз дизайнері Пьер Карденменбайланысты. Карден көптеген сән әлемінде эксперименттер жасағанды ұнататын. Ол өзінің киімдерді оғаш әрі ерекше уйлесулерімен дүйім жұртты таң қалдыратын.
