6 Билет.
1. Тұрмыстық кызмет көрсету саласындағы дизайн интерьерін ұйымдастыру. қонақ үйдің ішкі көрінісіне интерьер дизайны маңызды рөл атқарады. Қонақ үйдегі ішкі көрінісін интерьер дизайны арқылы безендіреді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Қонақ үйдің ішкі көрінісі интерьер дизайнының пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика». Осыдан келіп «Дизайнер» - суретші - конструктор, «Дизайн - форма» - заттың сыртқы формасы және т.б. түсініктер пайда болды. Түрлі безендірулер, тақырыптық көрме, плакат т.б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды. Көркем безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға болады.
2. Интерьер дизайны – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды. Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен.
Композициялық ерекшелігіне сәйкес, дизайн түрлі тарихи, дәстүрлі, діни, этика немесе аса себепсіз қарапайым стандартты интерьерлік элементтер кірістіріліп, материалдар табиғи және аз, орташа, мол деңгейдегі химиялық қоспалары бар бұйымдар, сұйық және қатты, эластикалы, сұйық құрылыс материалдары пайдаланылады.
Бүгінде нарықта интерьер дизайнымен айналысатын компаниялар, дизайнерлер өте көп екен. Солардың жұмыстарынан мысал ретінде, Астана қаласындағы «Archi Graphic Studio». Интерьер дизайнерлері жұмыс жасау барысында, қарапайым дизайнерлік ережелер мен заңдылықтарды сақтай отырып, элементар дизайннан бастап күрделі жобаларға дейін, минимализмнен, максмализм, арт стильдерге дейін, стандартты дизайндардан бастап, индивидуалды дизайн жобаларына дейін әзірленетін көрінеді. Мұнда жалпыға ортақ бөлме ауданы, ұзындығы, биіктігі, жарық түсу бұрыштары, бөлме түрі, бөлмедегі элементтер мен объектілер және олардың түсі мен тапсырыс беруші қалаған түстерді ескере отырып, тақырыптық дизайн негізінде бөлмеге кірген адамның эмоциясына әсер ететін орналастыру мен түстік комбинаторика заңдылықтарын қолдана отырып, аздаған иллюзиялық көріністерге де жағдай жасайды. Мәсселен, кішкентай бөлмені үлкен етіп, аласа бөлмені биіктеу етіп көрсететін амалдар қарастырылады екен.
Уақыт өте келе адамдардың тұрмыстық, қызмет көрсету және қызметті пайдаланудағы нысан, ғимарат стильдеріне деген талғамы да дамып, қызмет көрсетушілер де өз тұтынушыларына барынша комфорт ұсыну, конкуренттерінен ерекшелену мақсатында интерьер дизайнына назар аударуда.
3. Дизайн 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс.
