- •1. Қазақстан қорықтары мен саябақтары туралы әңгімелеңіз.
- •2. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •3. «Ж.Аймауытов шығармалары» тақырыбы туралы әңгімелеңіз
- •4. «Қазақстандағы білім жүйесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •5. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •6. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •7. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •10. «Қазақстанның экологиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •8. «М.Әуезов -cуреткер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •9. «Адам және табиғат егіз» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •12. «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •14. «Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •15. «Университет - білім ордасы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •16. «Қазақстанның басты байлығы – дарынды жастар» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •17. «Кемел көшбасшы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. (5 вопрос)
- •18. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(6 вопрос)
- •19. «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •21. «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •22. «Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •23 «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(12 вопрос)
- •24 «Ғылым – инновациялық экономиканың негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •25 «Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
23 «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(12 вопрос)
Қандай да бір мамандықтың шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол жеке адамның мамандыққа деген әуестігін, жан-тәнімен сүйсінуін қажет етеді. Жас мамандар, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашуы қажет.
Жас маманның тиісті өзіне тән сыпайы мәдениетінсіз білікті маман болуы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жас маман алғашқы еңбек жолын бастағанда, әрине, қиындықтарға кездеседі. Сол қиындықтарға мойымай, еңбек жолында табыстарға жетуге тырысуы қажет. Жас маман білікті, білімді болуы үшін төмендегілерді ескеруі қажет. Білікті маман болу үшін ең алдымен адам білімді болу керек. «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей, сабырлық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан жақсы маман болу үшін білімді болу қажет.
Білікті маман болу үшін адам еңбекқор болу қажет. Тырмысып істеген еңбектің әрқашан жемісі мол болады.
Білікті маман үшін ғана емес, әрбір адам үшін әділетті болу ең басты міндет. «Тура биде, туған жоқ» демекші, әр уақытта әділеттіліктен таймау қажет. Білімді, еңбекқор, әділетті маман үшін тағы бір ескеретін жәйт: ұжыммен тіл табысушылық. Ұжым ішінде өзіңнің жақсы қабілеттеріңді көрсете отырып, барлығымен бірдей тіл табыса алуың қажет. Ұжымға алғашқы келгенде өз мамандығыңа сәйкес, өзіңнен, өз образыңды жаса. Өзіңнің белгілі бір маман қызметін атқарып отырғаныңды ескере отырып, әрқашан, әр істі жауапкершілікпен атқаруға тырысу қажет. Білмегеніңді сұрауға ешқашан ұялмау керек.
24 «Ғылым – инновациялық экономиканың негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
ХХI ғасыр ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу - хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85 % беріп отыр. Инновациялық саланың белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылуына кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан әрі дамыту болып табылады.
Инновацияны түсіндіруде мынандай көзқарастар бар:
Бірінші, инновацияны жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық, экономикалық үрдіс ретінде қарастырған. (Б.Твис, Ф.Никсон, Б.Сантон т.б.)
Екінші, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. (И.Шумпетер)
Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Қорыта айтсақ, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Жаңа тауарлардың түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған кезде, шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту аса тиімді саналады. Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту - басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.
