Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ КАЗ ЯЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

12. «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Қандай да бір мамандықтың шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол жеке адамның мамандыққа деген әуестігін, жан-тәнімен сүйсінуін қажет етеді. Жас мамандар, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашуы қажет.

Жас маманның тиісті өзіне тән сыпайы мәдениетінсіз білікті маман болуы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес.

Жас маман алғашқы еңбек жолын бастағанда, әрине, қиындықтарға кездеседі. Сол қиындықтарға мойымай, еңбек жолында табыстарға жетуге тырысуы қажет. Жас маман білікті, білімді болуы үшін төмендегілерді ескеруі қажет. Білікті маман болу үшін ең алдымен адам білімді болу керек. «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей, сабырлық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан жақсы маман болу үшін білімді болу қажет.

Білікті маман болу үшін адам еңбекқор болу қажет. Тырмысып істеген еңбектің әрқашан жемісі мол болады.

Білікті маман үшін ғана емес, әрбір адам үшін әділетті болу ең басты міндет. «Тура биде, туған жоқ» демекші, әр уақытта әділеттіліктен таймау қажет. Білімді, еңбекқор, әділетті маман үшін тағы бір ескеретін жәйт: ұжыммен тіл табысушылық. Ұжым ішінде өзіңнің жақсы қабілеттеріңді көрсете отырып, барлығымен бірдей тіл табыса алуың қажет. Ұжымға алғашқы келгенде өз мамандығыңа сәйкес, өзіңнен, өз образыңды жаса. Өзіңнің белгілі бір маман қызметін атқарып отырғаныңды ескере отырып, әрқашан, әр істі жауапкершілікпен атқаруға тырысу қажет. Білмегеніңді сұрауға ешқашан ұялмау керек.

14. «Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан - ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен беріп отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, капшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Бүгінде 1 килловтт электроэнергия 15 теңге тұрады. Бақытжан Әлментаевтің қондырғысын іске қосса, бұл баға 2-3 теңгеден аспайды. Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет көрсету түрлері, коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60 теңге емес, 15-20 теңгеге дейін төмендейді. Бақытжан Әлменов өзінің өнертабысын 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-ға қоюға лайық деп отыр. Өйткені EXPO-ның тақырыбы – «Болашақ энергиясы».

◊ Көлікке арналған жапсырма

Дамир Аралов көліктердегі жапсырманың үстіне жабыстырылатын нөмір белгісінің класын, техникалық байқаудан өткендігін, айып пұлдың бар-жоғын айқындап тұратын жапсырма ойлап тапты. 70×35 мм болатын жапсырма көліктің артқы не алдындағы нөмірінің оң жақ бөлігіне орналасатын болады. МАИ қызметкерлері осылайша көлік туралы бар мәліметті көзбен-ақ көріп біле алмақ.

◊ Қазақтың мәңгілік күнтізбесі

Өнертапқыш Сайдыбай Бекболатов "Қазақтың мәңгілік күнтізбесін" ойлап тапты. Өнертапқыш Григориан күнтізбесін қате деп есептейді. Оның айтуынша, 12 емес, 13 ай бар, ал әр айда 28 күн бар. Жыл наурыз айынан басталады, ал наурыз айының өзі 1-інен емес, 0-ден басталады. Ал қосымша айды өнертапқыш шаян мен мергеннің ортасына қойған.

◊ Көлікке арналған құлып

Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.

◊ Нұротанк

Қарағандылық өнертапқыш Сәнтай Жетесов танкіні қайта жасап шықты. Танк орыстардың Т-90 және Т-72 танкілерінің жаңартылған нұсқасы. «Нұротанк» деген атау алған өнертабыстың Т-90-нан негізгі айырмашылығы – оғында. Жаңартылған нұсқа диск тәріздес оқтармен атады. Оқ зақымдауы жағынан мықты, себебі оқ қабырғаны ғана емес, танктерді де тесіп өтеді.

◊ SmartBesik

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.